Селекция негіздері

Селекция негіздері.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Майлылығы 50% жететін күнбағыстың іріктемелерін шығарған ғалым
а) В.Н.Мамонтов; в) И.В. Мичурин; с) В.С. Пустовойт; д) Т.Д.Лысенко.
2. Туыстық будандастыру: а) инбридинг; в) аутбридинг; с) гетерозис; д) жаппай будандастыру.
3. Туыстық емес будандастыру неге әкеп соғады: а) гомозиготалар саны артады; в) гетерозиготалардың саны артады; с) екеуіде артады; д) екеуі де кемиді.
4. Өсімдіктердің Оңтүстік Америкалық шығу орталығына жатады: а) банан, кофе, сорго; в) жүгері, темекі, какао; с) арахис, ананас, картофель; д) мақта, қарбыз, кунжут.
5. Өзгергіштіктің ұқсас қатарлар заңын ашқан ғалым: а) Н.И.Вавилов;
в) Т.Морган; с) И.В.Мичурин; д) С.С.Четвериков.
6. Жеке сұрыпталу қолданылады: а) өсімдіктер селекциясында айқас тозаңданатын өсімдіктерде; в) жануарлар селекциясында; с) микроорганизмдер селекциясында; д) өсімдіктер селекциясында өздігінен тозаңданатын өсімдіктерде және жануарлар селекциясында.
7. Тритикале гибрид: а) арпа мен сұлының; в) бидай мен тарының; с) бидай мен қарабидайдың; д) арпа,сұлы, қарабидайдың.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Өсімдіктердің жаңа іріктемелерін, жануарлардың жаңа қолтұқымдарын, микроорганизмдердің жаңа штаммаларын шығарумен айналысатын ғылым …
2. Бірінші ұрпақтың ата- аналарына қарағанда мықтырақ болуы …
3. Түраралық гибридтердің ары қарай көбеюін қамтамасыз ететін әдіс …
4. Өсімдіктер селекциясында қолданылатын сұрыптау…
5. Тірі организмдер мен оларда жүретін процестерді өндірісте қолдану.
6. Жануарлардың қолтұқымдарының сыртқы белгілері …
7. Күздік бидайдың іріктемелері…
В2 . Сәйкестікті анықта.1.
Ғалымдар Қосқан үлестері
1) Ю.Н.Барминцев,С.С.Рзабаев.
2) Д.Н.Пак
3) Н.С.Бутарин мен А.Е.Есенжолов.
4) Б.М.Галиакбаров пен Н.З.Мусин
5) В.А.Бальмонт А) қазақтың биязы жүнді қойы.
Ә) қазақтың ақбас сиыры
Б) алатау сиыры (сүтті бағыттағы)
В) жылқының көшім және мұғалжар қолтұқымы
Г) архармеринос қойы.
В2 . Сәйкестікті анықта.2.
Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары Өсімдіктер
1) Жерорта теңізі.
2) Орталық Америка.
3) Абиссиния.
4) Оңтүстік Америка А) картоп,томат.
Ә) жүгері, бұрыш.
Б) сұлы, кофе ағашы.
В) орамжапырақ, қызылша.

В4 Микрорганизмдер селекциясының дұрыс ретін анықта.
1) Индуциялық мутагенез; 2) бастапқы микроорганизмдер штаммаларын таңдап алу; 3) керек белгілері бар микрорганизмдерді сұрыптап алу; 4) зерттеудің мақсаты мен міндетін анықтау; 5) бағалы микроорганизмдерді көбейту.

Үшінші бөлім. С1.
1. Жануарларды клондау әдісі туралы жаз.
2. Өсімдік селекциясының ерекшеліктері.
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.
1) Н.И.Вавилов селекцияның дамуына орасан зор үлес қосып, мәдени өсімдіктердің бес шығу орталықтарын анықтады; 2) Оңтүстік Азиялық орталыққа жүзім, бидай, қарабидай, көптеген бұршақтұқымдастар жатады; 3) 1924 жылы орыс ғалымы Карпеченко ороамжапырақ пен шомырдың буданың полиплоидия әдісі арқылы алды; 4) Жануарлар селекциясында жеке және жаппай сұрыптау әдістері, алыстан және жақыннан будандастыру түрлері, жасанды мутагенез әдістері қолданылады; 5) Қазақстанда трансплантация әдісі арқылы алғаш қозыны алған ғалым академик М.Ә.Айтхожин.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Ұрпағын өндірушіге байланысты зерттеу қолданылады: а) өсімдіктер селекциясында; в) жануарлар селекциясында; с) микроорганизмдер селекциясында; д) үшеуінде де.
2. Туыстық емес будандастыру: а) инбридинг; в) аутбридинг; с) гетерозис;
д) жаппай будандастыру.
3. Туыстық будандастыру неге әкеп соғады: а) гомозиготалар саны артады;
в) гетерозиготалардың саны артады; с) екеуіде артады; д) екеуі де кемиді.
4. Өсімдіктердің Орталық Америкалық шығу орталығына жатады: а) банан,кофе, сорго; в) жүгері, темекі, какао; с) арахис, ананас, картофель; д) мақта, қарбыз, кунжут.
5. Өсімдіктердің шығу орталықтарын ашқан ғалым: а) Н.И.Вавилов; в) Т.Морган; с) И.В.Мичурин; д) С.С.Четвериков.
6. Жаппай сұрыпталу қолданылады: а) өсімдіктер селекциясында айқас тозаңданатын өсімдіктерде; в) жануарлар селекциясында; с) микроорганизмдер селекциясында; д) өсімдіктер селекциясында өздігінен тозаңданатын өсімдіктерде және жануарлар селекциясында.
7. Мул- гибрид: а) жылқы мен зебраның; в) жылқы мен есектің; с) бұғы мен есектің; д)бұғы мен зебраның.
Екінші бөлім В деңгейі: В1
1. Өсімдіктердің жаңа адам шығарған, керекті белгілері бар тобы…
2. Фенотипі ғана ескеілетін сұрыптау…
3. Жасанды түрде инсулинді шығару селекцияның қай саласы арқылы…
4. Жануарлар селекциясында қолданылатын сұрыптау…
5. Бір организмнен организмге гендерді орналастыру, керек емес гендер алып тастау қай салада қолданылады?….
6. Жұмыртқа жасушасының гаплоидтық ядросын сомалық жасушаның диплоидтық ядросымен алмастыру және одан әрі кез келген жануардың жатырына орналастыру әдісі…
7. Жаздық бидайдың іріктемелері…
В2 . Сәйкестікті анықта.1.
Ғалымдар Қосқан үлестері
1) П.И.Альсмик.
2) И.В. Лукьяненко
3) Н.В.Цицин.
4) М.Ф. Иванов.
5) В.В.Ремесло А) бидайдың Мироновская -264; мироновская -808 іріктемесі.
Ә) украиндық ақ шошқа
Б) бидайдың Безостая -1 іріктемесі.
В) қарабидай мен бидайдың буданы -тритикале
Г) картоптың өнімді іріктемелері -Темп,Огонек, Ласунак.
В2 . Сәйкестікті анықта.2.
Мәдени өсімдіктердің шығу орталықтары Өсімдіктер
1) Оңтүстік Азиялық.
2) Шығыс Азия.
3) Оңтүстік батыс Азия.
4) Оңтүстік Америка А) ананас, картоп
Ә) бидай, қарабидай, асбұршақ.
Б) қарақұмық,тары, соя.
В) қант қамысы, күріш, цитрус дақылдары.


В4 Өсімдік селекциясының дұрыс ретін анықта.
1) Ата-аналарын будандастыру: 2) зерттеу мақсаттары мен міндеттерін анықтау; 3) керек белгілері бар өсімдіктерді жаппай сұрыптау; 4) будандастыратын организмдерді таңдап алу; 5) бірнеше ұрпақ бойы сұрыптау жүргізу.

Үшінші бөлім. С1.
1. Гендік инженерия жетістіктері туралы жаз.
2. Жануар селекциясының ерекшеліктері.
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.
1) Биотехнологияның басты міндеті халықты азық- түлікпен қамтамасыз ету үшін мал шаруашылығы өнімдері мен мәдени өсімдіктердің өнімін арттыру, микроорганизмдерден азықтық нәруыздарды алуды жоғарлату, самотропин гормоның алу, қантты диабетпен ауыратын адамдар үшін инсулин алу болып табылады. 2) Өсімдіктер селекциясында жасанды мутагенез қолданылмайды. 3) Қазақстандық ғалымдар Н.С.Бутарин, А.Е.Есенжолов қазақтың биязы жүнді қойы, Дегерес және құйрықты Еділбай қойларын шығарды. 4) Гетерозисті ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол өнім алу үшін қолданылады. 5) Жерорта теңізі орталығына күріш, қант қамысы, темекі жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *