Папоротниктəрізділер. Клино жапырақтылар жəнетпапоротниктер

Папоротниктəрізділер. Клино жапырақтылар жəне
папоротниктер. ПЛАУН ТƏРІЗДІЛЕР БӨЛІМІ – LYCOPODIOPHYTA Қарастырылатын сұрақтар:
1. Папоротниктəрізділердің анатомиялық құрылысы
2. Классификациясы
3. Дамуындағы ерекшеліктері
4. Филогенетикалық байланысы мен олардың маңызы
Дəрістің мақсаты: Плаунтəрізді жапырақтардың шығу тегі (микрофилия). Плаундар бөлімі екі кластан тұрады: плаундар класы жəне полушниктер класы. Плаундар класының морфологиялық белгілері. Полушниктер класының ерекшелігі өсімдіктер эволюциясында үлкен рөл атқарады. Қырықбуынтəрізіділердің құрылысы жəне классификациясы.

Плаун тəрізділер өте ертеде пайда болған өсімдіктердің бірі. Олар эволюцияның ұсақ жапырақтылар линиясын түзеді. Қаіргі кездегі өкілдері көпжылдық мəңгі жасыл шөптесін өсімдіктер, ал жойылып кеткен түрлерінің ішінде ағаштарыда болған.
Құрылысы. Спорофитінің жер беті бұтақтары болады, оны ұсақ, кейде тіптен қабыршақ тəрізді жапырақтары (микропиллия) қаптап жауып тұрады. Олар нашар дифференцияланған, 1-2 тарамдалмаған жүйкелері болады. Буындары мен буынаралықтары нашар жетілген. Спорофиттің жер асты бөлігі тамырсабақ түрінде берілген, одан көптеген қосалқы (придаточные) тамырлары кетеді. Жерасты жəне жербеті өстері жоғарғы ұштары арқылы бұтақтанады. өстің жоғарғы ұшында спорангилері жиналып масақ түзеді, сиректеу олар сабаққа спора жетілетін арна түзеді. Спорангилерді жекелей алып қарар болсақ, олар жапырақтардың (спорофиллдердің) үстіңгі жағында орналасады. Споралардың мөлшері (размері) бірдей немесе əрқилы болып келеді.
Гаметофиттері жердің астында жетіледі, ұзындығы 2-20 мм-ден аспайды, сапротрофты қоректенеді. Ұрықтануы сумен байланысты.
Классификациясы. Бұл бөлім екі кластан тұрады: плаундар класы (Lycopodiopsida) полушниктер класы (Isoetopsida).
ПЛАУНДАР КЛАСЫ – Lycopodiopsida

Бұл класқа тең споралы плаун тəрізділер жатады. Плаундар класына мынадай үш қатар жатады: астероксилондар қатары (Asteroxylales), плаундар қатары (Lycopodiales), протолепидодендрондар қатары (Protolepidodendrales). Бұлардың біріншісі мен үшіншісі түгелдей жойылып кеткен өсімдіктер. Ал плаундар қатары ертеде жойылып кеткен фикустар тұқымдасынан (Drepanophycaceae) жəне осы кластың қазіргі кезге дейін жеткен плаундар тұқымдасынан (Lycopodiaceae) тұрады.
Плаундардың спорофиттері көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Сабағы мен тамырларының камбиі болмайды. Жапырақтарының тілшелері болмайды. Спораларының мөлшері бірдей. Гаметофиттері қосжынысты, 1-15 жылдың арасында пісіп жетілдеі. Көптеген түрлері жойылып кеткен. Қазіргі кездегі флорада кластың екі туысы бар. Оның ең көбі жəне кең таралғаны плаун (Lycopodium). Плаундардың шарушылықтағы маңызы шамалы. Оларды мал жемейді. Плаундардан дəрі алынады. Плаундардың спорасы ертеде медицинада қолданылып келген, оның құрамындағы май ешуақытта кеппейді (тоңбайды). Оларды жас баланың тақымына себетін ұнтақ (детская присыпка) ретінде пайдаланады. Кейде мұндай спораларды қалыпқа құйылған заттың қабырғаларын жылтырату жəне олардың сырт формасын əдемі көрсету мақсатында пайдаланады.
Шоқпарбас плаун (Lycopodium clavatum) Қылқанжапырақты ормандарда кең таралған өсімдік. Спорофиті жерге төселіп өсетін сабақтан тұрады. Оның вертикаль бағытта көтеріліп тұратын бұтақтары мен төмен қарай кететін қосалқы тамырлары болады. Сабағы мен тамырларының төбелік тармақталған бұтақтары болады. өткізгіш шоқтары сабақтың ортасында орналасады. Орталық цилиндр сабақтың аз ғана бөлігін алып жатады. Қабық қабатының жалпақ зонасына жапырақтың іздері өтіп жатыды. Камбиі жоқ. Сабағы мен жапырағының сыртын эпидермис қабаты қаптап тұрады. Онда устьице аппараттары болады. Жапырақ тақтасы таспа тəрізді тегіс, ұзын болып келетін жіңішке жіпшелермен аяқталады. Вертикаль бағытта тік көтеріліп тұратын сабақтарының ұшында, біршама ұзын аяқшаның (көтерменің) үстінде екіден спора түзетін масақтары орналасады.
Спорофилінің үстінде қысқа аяқшасы бар бүйрек тəрізді спорангиі орналасады. Оның ішінде споралар жетіледі. Споралары бірдей ұсақ, формасы тетраэдр тəрізді болып келеді. Спородермасы (спора қабықшасы) екі қабаттан тұрады: сыртқы экзиннен, жəне ішкі интиннен. Спорангилері көлденең жарықшақтары арқылы қақырап ашылады. Споралары жерге шашылып, бірнеше сантимертлік тереңдңкте жайлап өсіп гаметофитке айналады. Формасы жағынан гаметофит пияздың баданасына (луковцы) ұқсайды, кейіндеу ұлғайып өсіп оның диаметрі 2 см дейін жетеді. Бұл жағдайда оның формасы өзгеріп астау тəрізді (блюдцевидный) қалыпқа келеді. Гаметофит түссіз болып келеді, ризоидтары болады. Эпидермистің астында жатқан клеткалары саңырауқұлақтың мицелиімен симбиозда болады. Антеридийлері мен архегонийлері гаметофиттің үстінгі бетінде орналасады жəне паренхималық ұлпаға (тканьға) еніп жатады. Сперматозоидтары көп, екі талшықтары болады. Ұрықтануы сумен байланысты. Зигота тыныштық қалпына көшпей-ақ бірден өсіп спорофиттің ұрығын береді. Ол алғашқы кезде гаметофиттің ұлпасына еніп жатады жəне оның есебінен қоректенеді. Бірақ көп ұзамай ұрықтан тамыр кетіп, жерге енеді, содан соң барып спорофиттің ұзақ уақыттар бойы дербес өмір сүруі басталады.
ПОЛУШНИКТЕР КЛАСЫ – Isoetopsida
Полушниктер класы мындай үш қатардан тұрады: селагинеллалар қатары (Selaginellales), лепидодендрондар қатары (Lepidodendrales), полушниктер қатары (Isoetales).
Ең көп таралған туысына селагинелла (Selaginella) жатады. Оның аздаған түрлері ғана дəрілік жəне сəндік өсімдіктер ретінде пайдаланады.
Селаготектес селагинелла (Селагинелла селаговидная – Selaginella selaginоides). Ол бұрынғы одақтас республикалардың территориясының европалық бөлігіндегі таулардың ылғалды субальпа белдеуіндегі шалғындықтарда аздап кездеседі. Спорофитінің сыртқы құрылысы плаунның спорофитіне ұқсас. Жапырақтары формасы жəне мөлшері жағынан бірдей, тілшелері келешегінде түсіп қалып отырады. Спора түзетін масақтары сабақтарының жоғарғы ұштарында орналасады. Əрбір масақтың спорофилдерінің қолтығында қысқа аяқшаларда мега- жəне микроспорангилері орналасады. Мегаспорангиінде төрт мегаспора, ал микроспорангиінде көптеген микроспоралар жетіледі. Спорангилерден босаған, мега – жəне микроспоралар қолайлы жағдайларда өседі. Микроспораның ішінде аталық гаметофит жетіледі. Ол бір вегетативтік клеткадан жəне бір редукцияға көп ұшыраған антеридийден тұрады. Соңғысының ішінде екі талшығы бар сперматозоидтар жетіледі. Аналық гаметофитте түгелдей дерлік мегаспораның ішінде жетіледі. Гаметофит ұлғая келе мегаспораның қабықшасын жарып шығады. Үш сəулелі жарықшақ арқылы гаметофиттің денесінің бір бөлігі созылып сыртқа шығады, онда архегонилері мен резоидтары пайда болады. Ұрықтануы сумен байланысты. Зиготадан ұрық пайда болады.
Сонымен селагинелланың əртүрлі споралары оның гаметофиттерінің дара жыныстығын жəне редукцияға көп ұшырағандығын айқындайды. Бұл ерекшелігі өсімдіктердің эволюциясында үлкен роль атқарады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *