Миксомицеттер: миксогастериялар, плазмодифоралар класы

Миксомицеттер: миксогастериялар, плазмодифоралар класы.
МИКСОМИЦЕТТЕР НЕМЕСЕ КІЛГЕЙЛІЛЕР БӨЛІМІ.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Миксомицеттер класына жалпы сипаттама
2. Аскомицеттер немесе қалталы саңырауқұлақтар
Дəрістің мақсаты: Миксомицеттер бөлімінің негізгі ерекшелігі, бұлар – жануар текті белгілері бар төменгі сатыдағы өсімдіктер. Миксомицеттер хлорофилінің болмауы жəне спора түзуі жағынан біраз саңырауқұлақтараға ұқсайды. Миксогастериялылар жəне плазмодифоралылар кластарының өкілдері табиғатта кең таралған. Миксогастериялылар класының өкілдеріне спора түзетін сапрофиттер жатады, ал плазмодифоралылар класына спора түзбейтін паразиттер жатады.
МИКСОМИЦЕТТЕР — MYXOMYCETES HEMECE КІЛЕГЕЙЛІЛЕР — MYXOMYCOTA БӨЛІМІ
Миксомицеттер жануар текгі кейбір белгілері бар төменгі сатыдағы өсімдіктердің бір тобы. Бұл типке негізінен сапрофитті жəне аздап паразита тіршілік ететін 500-ге жуық түрлері жатады. Миксомицетгер хлорофилінің болмауы жөне спора түзуі жағынан біраз саңырауқұлақтарға үқсайды. Саңырауқұлақтан негізгі ерекшелігі — вегетативтік денесі плазмодий деп аталатын жалаңаш кілегейлі массадан тұруында. Плазмодий күрделі қүрылымды. Оның қүрамында 75 % су, 30 % белок болады. Бұдан басқа оның құрамында гликоген, ашық-сары қызғылт, қызыл, күлгін, тіпті қара түске бояйтын пигменттері жөне жиырыл-ғыш вакуолясы болады. Плазмодийдің мөлшері микроскопты қүрыл-ымнан, бірнеше ондаған сантиметрге дейін барады.
Бұл бір орыннан екінші орынға амеба трізді жылжып баруға қабілетті көп ядролы организм. Қор заты ретінде май, углевод, гликоген жиналады, крахмал болмайды. Плазмодий қор заттарына қарай жылжитын трофотаксист қасиеті бар организм. Ол ылғадды сулы жаққа қарай жылжиды, яғни гидро жөне реотаксисты. Осы қасиетіне қарай оны сорғыш қағазды сулап, ағаш түбірінен шығарып алуға болады.
Миксомицеттер бөлімі 3-4 класқа бөлінеді. Бүлардың ішінде Myxogasteromycetes жөне Plasmodiophoromycetes кластарының өкілдері табиатта көп таралған. Бірінші кластың өкілдеріне спора түратын ерекше орны бар сапрофиттер жатса, екінші класқа спора тұратын орны болмайтын паразиттер жатады.

МИКСОГАСТЕРИЯЛЫЛАР — MYXOGASTEROMYCETES КЛАСЫ

Бұл класқа бөлімнің негізгі белгілерімен сипатталатын 400-ден астам түр жатады. Оларды спора түзуші органдардың пішініне, түсіне, спораның сипатына жөне капилляция деп аталатын спираль төрізді талшықтарының бар не жоқ болуларына қарай 15 түқымдасқа бөледі. Бүлардың вегетативтік денесі — плазмодий, ол тіршілігін жойған осімдікті, жерге түскен жапырақты, ағаштың қабығын мекен етеді. Плазмодий — көлемі бір миллиметрден бастап бірнеше сантиметрге дейін баратъш жалаңаш тор төрізді көп ядролы дене. Көтпілік уақытга түссіз, кейде өр түрдің ерекшеліктеріне қарай сары, ақ, қоңыр, қызғылт жөне басқа да түсті болып келеді. Плазмодийдің сырты жөне жіптері ішіндегі сұйық цитоплазмасы үсақ түйіршікті, біркелкі келеді, оньщ үзына бойына цитоплазманың қозғалысы байқалады. Қозғалысына байланысты плазмодийдің формасы озгеріп отырады. Вегетативгік күйінде плазмодий субстраттың жарық аз түсетін, ылғалды қалың қабатыңда болып, теріс фототаксис көрсетеді. Сондықтан вегетативтік күйінде шіріген тамырдардың арасында, жапырақтың астында бола-тындықтан олар байқалмайды.
Қолайсыз жағдайларда плазмодий қабыққа оранып, склероцийге айналады да, қолайлы жағдай болғанда, одан қайтадан плазмодий пай-да болады.
Біраз уақытқа созылған вегетативтік күйінен кейін спора қүруы басталады. Бүл уақытта плазмодий субстраттың қалың қабатынан жарық түскен құрғақ жеріне қарай жылжып шығады да, бүкіл денесі споронгияларға айналады. Олар кешлшік миксомицеттерде эталия деп аталатьш жастық тəрізді денеде дөңгелек, сопақ не қүмыра тəрізді болып, топталып орналасады. Спорангияның сыртын қаптаған құрылымсыз қалың қабығы болады. Ол целлюлозды реакция береді. Спорангиялардың жөне эталиялардың ішіндегі заттары бір клеткалы қалың тығыз қабығы бар кішкентай спораларға бөлінеді. Коптеген миксомицетгердің спорангиялары мен эталияларынан спо-ралардан басқа шаш тəрізді капиллицийлер де түзіледі. Капиллицийдің қүрылысы тұрақты, классификациясының негізі болады. Мысалы, трихияда — Тгісһіа ол тарамдалмаған жіп тəрізді сыртында спиральды өсінділері бар, ал стемонитиста — Stemonitis капиллиций жіптері түтас бір-бірімен байланысып жатады.
Спора түзілер алдында плазмодийдің ядролары редукциялы жолмен бөлінеді. Олар піскен кезде спорангия қабығы жыртылып капиллицийлердің кемегі арқылы шашылады. Қүрғақшылық жағдайда спора үзақ сақталып, қыстап шыға береді. Сулы, дымқыл болған кезде спора тез өсіп, бір не екі, көпшілік жағдайда терт амеба төрізді түссіз зооспораға айналады. Оның адцыңғы жағында бір не екі талшығы жөне жирылғыш вакуолясы болады. Зооспоралар өрі қарай бөліну арқылы көбейе алады. Бұдан кейін кешікпей, талшық-тарьш тастап екі-екіден қосьшады. Мұнда ядро да қосылады. Кейіннен олардың бірнешеуі қосылып, плазмодий қүрайды, бірақ мүнда ядро қосылмайды. Миксомицетгердің даму циклінде диплоидты фаза басым, ал гаплоидты фаза болып спора, зооспоралар жөне копуляциялануға дейінгі миксоамеба есептеледі. Плазмодий еріген заттармен жөне бактериялармен де қоректенеді.
Миксогастериялылардың көп тараған түріне ормандағы ағаш түбірлерінде жиі кездесетін ликоголя — Lycogala жатады. Бұл алақан-ньщ үлкеңцігіндей көп ядролы массадан құралған қызғылт, кейіннен сүр түске өзгеретін плазмодий. Ол жайшыльгқта субстраттың ішінде жатады, ылғадды уақытга кшегейлі масса түріңде сыртқа қарай шығады.
Ағаштың түбірінде сапрофитті тіршілік ететін трихияньщ споран-гиясы сары түсті, алмұрт піішнді, субстартта топталып орналасады. Оның спора түратын орны кілегейден өсіп шығады. Ол перидий деп аталатын қалыңдау қүрылымсыз қабықшамен қапталған. Перидийдің спорангия орналасатын эталиясы болады. Стемонистщ үзьш цилиндр пішінді спорангиясы қысқа сағақта орналасады.

ПЛАЗМОДИФОРАЛЫЛАР — PLASMODIOPHOROMYCETES КЛАСЫ

Плазмадиофора класына паразитгік жолмен тіршілік ететін миксомицеттер жатады. Вегетативтік денесі жалаңаш, ол иесінің клеткасының ішін толтырьш тұрады. Цитоплазмалық денесі спорангия құралмай-ақ көптеген спораларға бөлінеді. Спора иесінің клетка қабығының жыртылуы арқылы сыртқа шығады. Паразиттік тіршілігіне байланысты, спораларының қабығы иесінің клетка затынан құралады.
Бұл кластың өкіліне капустаның тамырында жөне басқа шаршы гүлділерде кил ауруын туғызатын плазмодиофора — Plasmodiophora brassicae жатады. Бұны алғаш рет XIX ғасырдың 70-жыл-дарьшда орыс микробиологы М. С. Воронин сипаттап жазды. Мүны-мен ауырған өсімдік тамырларының үстін түйе жаңғағының үлкендігіндей буылтық ісіктер басып кетеді. Бүл ісіктер біртіндеп үлкейеді. Алғашқы кезде қатты болады, кейіннен қопсып шіріп, жаман иіс шығарады. Бұл уақытта капуста тамырының ішінде миксоамебалар түзіледі. Олар клеткалардың ішінде өсіп дамып, өзімен барлық клеткаларды толтырады. Ауру клеткаларға органикалық заттар көп ағып келуіне байланысты, «амебалардың» қоректенуінің мол болуынан, капустаның өсіп дамуына нұқсан келтіреді. «Амебалар» өрбір клетканың ішінде бір кілегейлі плазмодий қүрады. Бүл кезде иесінің клеткасының ішіндегі заты жойылады.
Плазмодий соңынан қабыққа оранып, спораларға айнала бастайтын үсақ бөлшектерге бөлінеді. Капуста тамыры шірігеннен кейін споралар босайды. Оларды су жене жерді өндеу кездерінде топыраққа таратады. Споралар көктемде өне бастайды, одан шыққан амебалар жалған аяқтарының көмегімен жаңадан отырғызған капустаның тамыр түгіне немесе тамырдың эпиб-лема клеткаларына өтеді, онда буылтықтар құрап, тез өсіп көбейе бастайды. Өсімдікке плазмодиофора егістікте ғана жұқпай, сонымен қатар оның спорасы парникте де жүғады. Бүл аурумен ауырған капуста бас бермейді жөне ерте солып қалады. Олармен күресудің басты шарты — ауруға түрақты сортгарды таңдап алу, парниктерді жеддетіп отыру, ауру жүққан көшеттерді өртеп жіберу, арам шөптерді қүрту, топыраққа известь шашу шараларын қолдану арқылы ауру-дың таралмауын қамтамасыз ету.
Бақылау сұрақтары:
1. Саңырауқұлақтар қандай организмдер? Саңырауқұлақтарға тəн жалпы белгілерді атаңыз. Құрылысы мен тіршілік етуіндегі қай белгілері — өсімдіктермен, қай белгілері – жануарлармен байланыстырады? Саңырауқұлақтар бөліміне қандай кластар кіреді?
2. Хитридиомицеттер мен оомицеттер кластарына қандай белгілер тəн? Оларды бірбірінен қалай ажыратуға болады?
3. Зигимицеттерге ғана тəн қандай биологиялық белгілерді білесің? Мукорлардың ерекшелігі.
4. Аскомицеттер класы туралы не білесің? Аскомицеттерді қандай белгілеріне қарай класс тармақтарына бөледі? Жалаңаш қалталылар мен жеміс қалталылар бір-бірінен қандай белгілері бойынша ажыратылады?
5. Миксомицеттер бөлімінің ерекшелігі неде? Неліктен кілегейлілер деп деп те аталады? Плазмодий дегеніміз не?
6. Миксомицеттер бөлімі неше класқа бөлінеді? Табиғатта ең көп таралған кластарға қандай кластар жатады?
7. Миксогастериялылар класына қанша түр жатады? Ликоголя жəне трихия өкілдерінің сапрофит екендігін дəлелдеп бер.
8. Плазмодифоралылар класына қандай миксомицеттер жатады? Плазмодифоралыларды алғаш рет кім ашты? Плазмодифораның паразитті тіршілігін баяндап бер.
Қолданылған əдебиеттер:
1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
6. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *