Микроэволюция және макроэволюция

Микроэволюция және макроэволюция.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Салыстырмалы анатомия зерттейді:
а) өсімдіктер мен жануарлардың жүйелік топқа біріктіруді;
в) тірі организмдердің қалдықтары мен Жер бетінде таралуын;
с) әртүрлі жүйелік топтардың ұқсас және айырмашылық белгілерін;
д) организмдердің ұрықтық дамуын.
2. Аналогиялық мүшелер:
а) шығу тегі,құрылысы және қызметтері әртүрлі.
в) шығу тегі бір, құрылысы және қызметі ұқсас;
с) құрылысы және шығу тегі әртүрлі,бірақ атқаратын қызметі бірдей;
д) құрылысы және шығу тегі бірдей, бірақ атқаратын қызметі әртүрлі.
3. Рудименттер:
а) арғы ата тегіне тән белгілер; в) алғашқы өзіне тән қызметін жоғалтқан белгілер; с) басқы қызметін күшейтіп, даму сатысындағы белгілер;
д) алғашқы өзіне тән қызметін жоғалтқан және даму сатысындағы белгілер.
4. Түрдің қай критерийі маңызды:
а) экологиялық; в) генетикалық; с) морфологиялық; д) географиялық.
5. Қандай процесс биологиялық регресске жатады:
а) түрлер санының артуы; в) түрлердің таралу аймағының ұлғаюы; с) қоршаған ортаға бейімдеушілігінің артуы; д) қоршаған ортаға бейімдеушілігінің кемеюі.
6. Қандай процесс араморфозға жатпайды:
а) жылықандылықтың пайда болуы; в) өсімдіктерде тұқымның пайда болуы;
с) паразит құрттардың ас қорыту мүшелерінің жойылуы; д) миының пайда болуы.
7. Экологиялық түртүзіліс:
а) жыртқыштар отряды арасында; в) жұптұяқтылар отряды арасында;
с) бақалар арасында; д) паразиттік таспа құрттар арасында.
Екінші бөлім В деңгейі: В1
1. Қарақаттың дәмінің әртүрлілігін қандай критерий түсіндіреді ….
2. Негізгі түр ареалының ішіндегі биологиялық эволюция нәтижесінде пайда болатын түртүзіліс …
3. Гомологиялық мүшелер: адам қолы мен құстың …
4. Палеонтологиялық дәлелдемелерге филогенетикалық қатар және …. формалар.
5. Өтпелі қазбалы формалар: … және тұқымдық папоротниктер.
6. Дивергенция нәтижесінде … мүшелер пайда болады.
7. Бір аумақта тіршілік ететін, морфологиялық және физиологиялық ұқсастығы бар, бір- бірімен еркін шағылыса алатын даралардың тобы …


В2 . Сәйкестікті анықта. Адаптация түрлері мен мысалдарды сәйкестеңдір.
Мысалдар Адаптация түрлері
1. Жануарлардың ұрпағына қамқорлық жасауы.
2. Құстардың алдыңғы аяғының ерекше құрылысы.
3. Фотосинтез нәтижесінде глюкозаның түзілуі.
4. Рептлийлер мен құстардың артық су мен тұзды шығаруы. А) биохимиялық
Ә) физиологиялық
Б) морфологиялық
В) этологиялық
В4 Аллопатриялық түртүзілістің ретін дұрыс анықта.
1. жаңа түрлердің түзілуі;
2. популяциялар арасындағы кеңістіктік шектелу (изоляция);
3. популяция дараларының басқа аумаққа таралуы;
4. белгілердің ажырап жаңа түр тармағының түзілуі;
5. жаңа ортада жүретін табиғи сұрыпталу;
6. биологиялық изоляция.

В5. Терминдерге анықтама беріңдер: идиадаптация, конвергенция, макроэволюция, аналогиялық мүшелер, эволюция, мимикрия, популяция, атавизмдер.
Үшінші бөлім. С1.
1. Неліктен аллопатриялық түртүзіліс өте баяу жүзеге асады?
2. Қазіргі кезде биологиялық прогресс жолындағы организмдер туралы жаз. Ол неліктен жүзеге асады?
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.
1) Микроэволюция- жаңа түрлер мен түр тармақтарының түзілу процесі; 2) Эволюция нәтижесінде сыртқы орта жағдайларына жақсы бейімделген организмдер табиғи сұрыпталу нәтижесінде тіршілігін тоқтатады; 3) Генетикалық критерийдің негізінде сыртқы және ішкі құрылысының ұқсастығы жатыр; 4) Симпатрикалық түртүзілісте жаңа түрлер алғашқы ареалдың бөлінуі нәтижесінде жүзеге асады; 5) Араморфоздар идиадаптацияға қарағанда жиі жүзеге асады; 6) Өтпелі формалар дегеніміз екі систематикалық топтың белгілері бар ағзалар; 7) Ехидна мен үйректұмсық сүтқоректілер мен құстар арасындағы өтпелі формалар.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі
1. Палеонтология зерттейді:
а) өсімдіктер мен жануарлардың жүйелік топқа біріктіруді;
в) тірі ағзалардың қалдықтары мен Жер бетінде таралуын;
с) әртүрлі жүйелік топтардың ұқасас және айырмашылық белгілерін;
д) ағзалардың ұрықтық дамуын.
2. Гомологиялық мүшелер:
а) шығу тегі,құрылысы және қызметтері әртүрлі.
в) шығу тегі бір, құрылысы және қызметі ұқсас;
с) құрылысы және шығу тегі әртүрлі,бірақ атқаратын қызметі бірдей;
д) құрылысы және шығу тегі бірдей, бірақ атқаратын қызметі әртүрлі.
3. Атавизмдер:
а) арғы ата тегіне тән белгілер;
в) алғашқы өзіне тән қызметін жоғалтқан белгілер;
с) басқы қызметін күшейтіп, даму сатысындағы белгілер;
д) алғашқы өзіне тән қызметін жоғалтқан және даму сатысындағы белгілер.
4. Түрдің қай критерийі ең алғашқы:
а) экологиялық; в) генетикалық; с) морфологиялық; д) географиялық.
5. Қандай процесс биологиялық прогресске жатады:
а) түрлер санының кемуі; в) түрлердің таралу аймағының ұлғаюы;
с) қоршаған ортаға бейімдеушілігінің кемуі;
д) қоршаған ортаға бейімдеушілігінің кемеюі.
6. Қандай процесс дивергенцияға жатады:
а) жылықандылықтың пайда болуы; в) өсімдіктерде тұқымның пайда болуы;
с) паразит құрттардың ас қорыту мүшелерінің жойылуы; д) миының пайда болуы.
7. Симатрикалық түртүзіліс мысалы:
а) сары шымшықтың үш түртармағы; в) мамыр інжугүлінің бес түрі;
с) саңырауқұлақтың көктемгі, жазғы және күзгі түрлері;
д) әртүрлі тоғандарда кездесетін ұлулардың айырмашылығы.
Екінші бөлім В деңгейі: В1
1. Хромосомалар саны мен құрылысының ұқсастығына нергізделген критерий ….
2. Алғашқы түр ареалының бөлінуі нәтижесінде пайда болатын түртүзіліс …
3. Аналогиялық мүшелер: көбелектің қанаты мен құстың …
4. Палеонтологиялық дәлелдемелерге филогенетикалық қатар және …. формалар жатады.
5. Өтпелі қазбалы формалар: стегоцефал, археоптерикс және ….
6. Конвергенция нәтижесінде … мүшелер пайда болады.
7. Бір аумақта ұзақ тіршілік ететін, морфологиялық және физиологиялық ұқсастығы бар, бір бірімен еркін шағылыса алатын даралардың тобы …
В2 . Сәйкестікті анықта
Морфофизиологические эволюционные изменения Сипаттама
1. Ароморфоз
2. Идиоадаптация
3. Жалпы дегенерация А) ата тегінің құрылысының қарапайымдануымен байланысты эволюциялық өзгерістер
Ә) ұсақ эволюциялық өзгерістер, құрылым деңгейін көтермей, сыртқы орта жағдайына бейімдеушілігін қалыптастырады
Б) ірі эволюциялық өзгерістер, құрылым деңгейін көтереді.
В4 Симпатрикалық түртүзілістің ретін дұрыс анықта.
1. жаңа түр тармақтарының түзілуі;
2. жаң түрлердің түзілуі;
3. популяция дараларының сол ескі экологиялық аймақта таралуы;
4. белгілердің біртіндеп ажырауы;
5. жаңа ортада жүретін табиғи сұрыпталу;
6. биологиялық изоляция.

В5. Терминдерге анықтама беріңдер:ароморфоз, дивергенция, микроэволюция, гомологиялық мүшелер, эволюция, бүркеніш рең, түр, рудименттер.
Үшінші бөлім. С1.
3. Эволюция нәтижесі туралы жаз. Ароморфоз бен идиоадаптация нәтижелерінің эволюциялық маңызы туралы жаз.
4. Қазіргі кезде биологиялық регресс жолындағы организмдер туралы жаз. Ол неліктен жүзеге асады?
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.
1) Макроэволюция -түрден жоғары ірі жүйелік топтар: туыстар, тұқымдастар, отрядтар, кластар, типтер түзілуінің эволюциясы; 2) Биологиялық прогреске әкелетін екі жол бар; 3) Неміс ғалымдары Ф.Мюллер мен И.И.Шмальгаузен биогенетикалық заңды ашты; 4) Жылқының екінші және үшінші саусағы атавизмге жатады; 5) Биологиялық оқшаулану географиялық кедергілерге байланысты; 6) Ара, улы жыландардың түсі жасырушы реңге жатады; 7) Филогенетикалық қатарлар қазба жұмыстары барысында табылған ата тектерінің ретпен орналасуы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *