Кунондар қатары, олардан пайда болғандар

Кунондар қатары, олардан пайда болғандар. Сабынкөктер жəне шытыргүлдер тұқымдасы
Шатыргүлдер, немесе сельдерейлер тұқымдасы -Umbelliferae, Apiaceae
Тұқымдасқа 3 мыңнан аса түр (300 туыс) жатады. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 800-дей түрі, ал Қазақстанда флорасында 230 түрі кездеседі. Олар жер шарының барлық жерінде, негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай жəне құрғақ климатты зоналарында, сонымен бірге тропикалық елдердің тауларынада кеңінен таралған. Өмірлік формалары: негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар немесе жартылай бұталар. Сабағының іші қуыс, биіктігі 4 м., ал диаметрі 6 см. дейін барады. Жапыраққары көп жағдайда кезектесіп орналасады, жапырақ қынапшасы жəне тілімделген тақтасы болады. Гүлшоғыры күрделі шатыр, сиректеу қарапайым шатыр немесе шоқпарбас түрінде болады. Гүлдері актиноморфты бір гүлшоғының деңгейінде аздап зигоморфты, 5 мүшелі. Тостағанша жапырақшалары редукцияға ұшыраған жəне 5 тіс немесе көмкерме түрінде болады. Күлтесі үстіңгі жағында аздаған ойығы бар 5 жеке жапырақшалардан тұрады. Аталығының саны 5, олардың жіпшелері аталықтың ішкі шеңберінен түзілетін нектарниктің дискісіне бекініп тұрады. Гинецейі ценокарпты, 2 жеміс жапырақшасынан тұрады, гүлтүйіні төменгі 2 ұялы.
Гүлінің формуласы мынадай: * Са(5-0)Co5 A5G(2). Жемісті тұқымша.
Көптеген түрлері ертеден овощтық, жем шөптік жəне қош иісті өсімдіктер ретінде өсіріледі. Олардың кейбіреулерінде, организмге қатты əсер ететін, улы алколоидтар болады. Олар мал шаруашылығына үнемі қауіп туғызады.
Сəбіз туысы (морковь — Daucus). Сөбіздің 60-тай түрі бар. Көпжылдык, екіжылдық жəне біржылдық шөптесін өсімдік.
Европада, алдынғы Азияда (Жерорта теңізі облысы), Африкада, Австралияда, Жаңа Зеландияда, солтүстік жəне оңтүстік Америкада кеңінен таралған. БОР-дың флорасында жабайы сəбіз (дикая морковь — D.carota) деген бір ғана түр кездеседі. БОР территориясында ол Запорожьеге дейін барады. Тамаққа пайдаланатын сортарының ұзын, сиректеу қысқа, ашық сары немесе қызғыш-сары түсті тамыржемістері болады. Талға беретін сорттарының тамыржемістерінің түсі ақ немесе сары болып келеді жəне салмағы 2кг.-ға дейін барады.
Одан басқа сəбіз, витамин өндірісінде, аса қажетті шикізат болып табылады. Тамыржемісінде каротин (провитамин А) жəне С, Bl, B2 витаминдері жиналады.
Петрушка туысы (Petrosetinum). Онын 6-түрі бар. БОР-ның флорасында, оның ішінде Қазақстанда да кəдімгі петрушка (петрушка обыкновенная немесе п. кудрявая — P. crispum) деген жалғыз түр бар. Табиғи жағдайда дүниежүзінің барлық құрлықтарында кездеседі; БОР-дың территориясының арктикалық жəне субарктикалық аудандарынан басқа жерлердің барлығында өседі. Тамырлары мен жапырактары отырғызады.
Борщевик туысы (Heracleum). Дүниежүзі бойынша 70-тей түрі бар, БОР-дың флорасында 36 түрі, ал Қазақстанда 2 кездеседі. Табиғи жағдайда қоңыржай климатты облыстарда Европаның, Азияның, Африканың, солтүстік Американың тауларында өседі. Мал азығы ретінде перспективті өсімдік, көп мөлшерде көк балауса береді. БОР-дың көптеген жерлерінде себіледі, кейбір түрлері улы өсімдіктердің қатарына жатады.
Сібір борщевигі (борщевик сибирский — Н.sibiricum) — биіктігі 1м-ден асатын өсімдік, жапырақтары үлкен қауырсынды тілімделген болып келеді. Кəдімгі борщевик (борщевик обыкновенный — Н.sphondytium) — биіктігі 1м-гe дейін баратын көпжылдық шөптесін өсімдік. Жапырағы үшқұлақ болып келеді жəне улы өсімдіктердің қатарына жатады.
Утамыр туысы (вех — Cicuta). Бұл туыстың 20-дай түрі бар, олар негізінен солтүстік Америкадан кеңінен таралған өсімдіктер. БОР-дың флорасында кəдімгі утамыр (вех ядовитый — Cicuta virosa) деген жалғыз түрі бар, ол сабағының биіктігі 50-80 (150) см жететін, жоғарғы жағы бұтақтанып келетін өсімдік. Жапырақтары 2 рет қауырсынды тілімделген, ұзын сағақты болады, тамырсабағы жекелеген камераларға бөлінген, улы алколоидтар (цикутотоксин, цикутин). Осы өсімдіктен ауылшаруашылық жануарларының улануы жиі кездесіп отырады.
Бақылау сұрақтары:
1. Кунондар тұқымдасына ғана тəн қандай айрықша белгілер бар?
2. Сабынкөк тұқымдасына қандай туыстар жатады? Табиғатта ең көп таралған өкілдері.
3. Шатыргүлдердің қандай практикалық маңызы бар? Қолданылған əдебиеттер:
1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
6. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *