Жердегі тіршіліктің дамуы

Жердегі тіршіліктің дамуы.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Өсімдіктердің жер бетіне шығуына жағдай жасаған ароморфоз:
а) репродуктивті мүшелердің пайда болуы; в) спораның пайда болуы;
с) вегетативті мүшелердің пайда болуы. д) жапырақтың пайда болуы.
2. Мезозой заманының периодтары:
а) ордовик,силур, девон; в) палеоген, неоген, антропоген;
с) мел, юра, триас; д)пермь,карбон, девон.
3. Палеозой заманының ұзақтығы:
а) 570 млн жыл: в) 165 млн жыл: с) 340 млн жыл: д) 2 млрд жыл.
4. Трилобиттер қандай жануарлардың арғы тегі:
а) былқылдақденелілердің; в) буынаяқтылардың;
с) инфузориялардың; д) шаянтәріздестердің.
5. Алғашқы желілі жануарлар қандай периодта пайда болды?
а) силур; в) ордовик; с) кембрий; д) пермь.
6. Протерозойдың ортасы мен аяғында көп тараған таралған жануарлар:
а) балықтар; в) ішекқуыстылар; с) былқылдақденелілер; д) буынаяқтылар.
7. Саусақ қанатты балықтар пайда болды:
а) кембрий; в) ордовик; с) силур; д) карбон.
Екінші бөлім В деңгейі: В1
1. Архей заманында ауада …. болмаған.
2. Тау жынстарының құрамында … көп болған.
3. Миллиондаған жылдан соң, суда қабығы мен ядросы жоқ тірі … түйірлері, іркілдек …. пайда болған.
4. Олар суда еріген …. заттарды сіңірген.
5. Архейде алғаш пайда болған тірі организмдер…
6. Ең алғаш фотосинтездеуші организмдер…
7. Протерозойда организмдердің көпшілігі теңіз ішекқуыстылары,…, ….
8. Протерозойда … …. жасыл балдырлар шықты.
9. …. … … ауа қабатына көп мөлшерде оттегі бөлді.
10. Өсімдіктер құрлыққа …. периодта …. заманында шықты.
В2 . Сәйкестікті анықта. 1.
Маңызды ароморфоздар Заман атауы
1. Ми қыртысының дамуы, тік жүру.
2. Иық белдеуі мен жақ сүйектерінің пайда болуы.
3. Желілі жануарлардың омыртқасының пайда болуы.
4. Өсімдіктерде гүлі мен жемісінің, жануарлардың жатырының пайда болуы. А) протерозой
Ә) палеозой
Б) мезозой
В) кайназой
В2 . Сәйкестікті анықта. 1. Организмдерді палеозойдың кезеңдерінде пайда болуына байланысты орналастыр: 1) трилобиттер: 2) шаянтәрізді скорпиондар:
3) шеміршекті және сүйекті балықтар; 4) стегоцефалдар; 5) сауытты балықтар;
6) жасыл, диатом балдырлары; 7) псилофиттер; 8) споралы қырықбуындар;
9) ағаштектесплаундар.
кембрий ордовик силур девон карбон пермь

В4 Жануарлардың араморфозын пайда болу ретіне байланысты жаз.
1) Жатыр; 2) іштей ұрықтану; 3) Иық белдеуі мен жақ сүйектерінің пайда болуы ; 4) ауада тыныс алу мүшелері; 5) Желілі жануарлардың омыртқасының пайда болуы; 6) төрт қуысты жүрек.

Үшінші бөлім. С1.
1. Жер бетінде биологиялық зат айналымы процесі қалай пайда болды?
2. Жер бетінде тіршілік ететін жануарлардың тіршілігі неліктен түнгі және күндізгі болып бөлінді?
3. Палеозой және мезозой заманындағы ароморфоздардың пайда болу ретімен жазып шық.
4. Қысқаша сипаттаманы оқып, қай кезеңдегі, замандағы өзгеріс екнін анықта. « Климат жылы және ылғал. Орал мен Тянь-Шань тауының түзілуі. Балықтар, амниоттар, былқылдақденелілер, тікентерілер, кораллдар, қосмекенділер. Плаундар мен папоротниктер».
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.
1) Өсімдіктер палеозой заманында, девон кезеңінде құрлыққа шығады; 2) Кайназой заманының ұзақтығы 165 млн жыл: 3) Мезозой заманы бауырыменжорғалаушылар дәуірі деп аталады; 4) Мезозой дәуірінде гүлді өсімдіктер көптеп таралған; 5) Сауытты балықтар пермь кезеңінде палеозой дәуірінде пайда болды; 6) Жер бетінде тіршілік үш жарым жыл бұрын пайда болды; 7) Адам триаста пайда болды.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Жердің жасын анықтайды:
а) уран изотопының ыдырауы уақыты бойынша;
в) ерте түзілген пластардың жасын қорғасын -кобальт әдісімен, ал жас пластарды көміртек әдісімен;
с) ерте түзілген пластардың жасын көміртек әдісімен, ал жас пластарды қорғасын -кобальт әдісімен;
д) ерте түзілген пластардың жасын уран әдісімен, ал жас пластарды қорғасын -кобальт әдісімен.
2. Пермьдегі тас көмір ормандарының жойылуы неге байланысты:
а) күннің суытуы мен құрғақшылыққа байланысты;
в) тау түзілу процесіне байланысты;
с) жер беті көлемінің азаюнан;
д) күннің ылғалдануы мен жылынуына байланысты.
3. Триастың маңызды оиғасы:
а) бауырымен жорғалаушылардың пайда болуы;
в) ашықтұқымды өсімдіктердің пайда болуы;
с) алғашқы сүтқоректілердің пайда болуы; д) адамның пайда болуы.
4. Ұшатын жорғалаушыларға жатады:
а) ихтиозавр; в) плеозавр; с) бронтазавр; д) птериозавр.
5. Сүтқоректілердің прогреске көтерілуіне себеп араморфоздар:
а) иық белдеуі мен жақ сүйектерінің пайда болуы; в) тік жүру;
с) төрт қуысты жүректің пайда болуы; д) ми қыртысының, көлемінің ұлғаюы.
6. Жорғалаушылардың жойылуы:
а) климаттың суытуы; в) ылғалдықтың артуы;
с) климаттың жылуы; д) құрғақшылдықтың артуы.
7. Сауытты балықтар қашан тіршілік етті:
а) силурда; в) ордовикте; с) карбонда; д) пермьде.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Ежелгі қосмекенді …
2. Қылқан жапырақты өсімдіктер көп тараған заман…
3. Кайназой заманының периодтары…
4. Мезозой заманының ұзақтығы …
5. Фотосинтезге қабілетті алғашқы организмдер…
6. Протерозой заманында көп тараған организмдер…
7. Таскөмір дәірі …
8. Екі жақты симметрия мен үш қабаттылық қашан пайда болды …
9. Алғашқы өсімдіктер …
10. Ежелгі құс археоптерикс қашан пайда болды…
В2 . Сәйкестікті анықта және организмдерді пайда болу ретімен орналастыр. 1.
Заман атаулары Ароморфоздар
1. Архей
2. Протерозой А) фотосинтездің пайда болуы.
Ә) көпжасушалы жануарлардың пайда болуы.
Б) прокариоттардың пайда болуы.
В) буынаяқтылардың пайда болуы.
Г) бос оттегінің пайда болуы.
Ғ) буылтық құрттардың пайда болуы.
Ж) былқылдақденелілердің пайда болуы.
В2 . Сәйкестікті анықта. 1. Организмдерді палеозойдың кезеңдерінде пайда болуына байланысты орналастыр: 1) саусаққанатты балықтар; 2) өрмекшітіріздестер; 3) бақа, құрбақа, тритондар; 4) бауырыменжорғалаушылар; 5) қызыл, қоңыр балдырлар; 6) ашықтұқымдастар; 7) липодендрон мен каламиттер; 8) теңіз кірпісі мен теңіз лилиясы; 9) басаяқтылар.
кембрий ордовик силур девон карбон пермь

В4 Өсімдіктердің араморфозын пайда болу ретіне байланысты жаз.
1. жапырақ;
2. жеміс;
3. хлоропласт;
4. тұқым;
5. зооспоралар;
6. эпидермис.
Үшінші бөлім. С1.
1. Өсімдіктер жер бетінде тіршілік етуге қалай бейімделді?
2. Жер бетінде тіршілік ететін жануарлардың тіршілігі неліктен түнгі және күндізгі болып бөлінді?
3. Кайназой және мезозой заманындағы ароморфоздардың пайда болу ретімен жазып шық.
4. Қысқаша сипаттаманы оқып, қай кезеңдегі, замандағы өзгеріс екнін анықта. «Бұл заманда тау түзілу процесі жүріп, теңіздер мен құрлықтар пайда болды. Теңіздерде әртүрлі балдырлар қаулап өсті. Соңына таман көп жасушалы жануарлар ішекқуыстылар мен буылтық құрттар пайда болып, олар былқылдақденелілер мен буынаяқтыларға бастама берді. Желілердің қарапайым өкілі қандауырша тіршілік етті».
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.
1) Жануарлар палеозой заманында, пермь кезеңінде құрлыққа шығады; 2) Протерозой заманының ұзақтығы 165 млн жыл: 3) Кайназой заманы бауырыменжорғалаушылар дәуірі деп аталады; 4) Кайназой дәуірінде гүлді өсімдіктер көптеп таралған; 5) Трилобиттер қазіргі буынаяқтылардың арғы тегі триас кезеңінде палеозой дәуірінде пайда болды; 6) Жер бетінде тіршілік алты жарым мың жыл бұрын пайда болды; 7) Адам палеоген кезеңінде кайназой заманында пайда болды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *