Жердегі тіршіліктіктің пайда болуы

Жердегі тіршіліктіктің пайда болуы
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Абиогенезді жақтаушылар тіршілік:
а) басқа планеталардан келді деген; в) өмір бойы болды;
с) құдай жаратты д) өлі табиғаттан пайда болды.
2. «Тіршілік күші» ұғымын жақтаушылар:
а) виталистер; в) этернистер; с) оппортунитстер; д) креацеонистер.
3. Тіршіліктің биохимиялық жолмен пайда болу гипотезасын ұсынғандар:
а) С.Аррениус пен Дж. Оро; в) А.И. Опарин мен Дж. Холдейн;
с) Дж.Бернал мен С.Миллер; д) Ф.Реди мен Л.Пастер
4. Л. Пастер тәжірибесі нені дәлелдеді:
а) қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болуын;
в) тіршіліктің мәңгілік екенін;
с) қазіргі жағдайда тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын;
д) бактериялардың қолайлы жағдайда көбейетінін.
5. Опарин мен Холдейн теориясына байланысты Жердегі тіршіліктің пайда болуының үшінші сатысы:
а) биополимерлердің түзілуі; в) мембранасы бар структуралардың түзілуі;
с) коацерваттардың құрамына нуклеин қышқылдарының кіруі.
Екінші бөлім В деңгейі.
1. В1. А) А.И.Опариннің теориясы бойынша тіршілік қандай сатыда пайда болды?… Ә) Жер бетіндегі алғашқы ағзалар…. Б) Тіршіліктің белгілерін көрсететін органикалық қоймалжың тамшылар …
2. В5. Панспермия теориясына анықтама бер.
3. Сәйкестікті анықта: (В2)
Теориялар Авторлар
1. Панспермия
2. Биохимиялық эволюция гипотезасы
3. «Тіршілік жер бетінде мәңгілік» теориясы
4. Абиогенез
5. Биогенез А) А.И.Опарин
Ә) Аристотель
Б) Л.Пастер
В) Г.Рихтер
Г) Ж.В.Прейер
4. (В4 )Тіршіліктің пайда болу кезеңдерін дұрыс ретімен қой. 1)коацерваттардың түзілуі; 2) алғашқы мұхиттің түзілуі; 3) биополимерлердің түзілуі; 4) қарапайым органикалық мономерлердің түзілуі; 5) нуклеин қышқылы мен нәруыз комплексінің түзілуі; 6) биологиялық мембрананың түзілуі.

5. Сөйлемдегі жіберілген сөздерді орнына қой. (В6)
А) XVII ғасырдың ортасында италияндық дәрігер …. тәжірибе жасап,тіршілік өздігінен пайда болады деген теорияға қарсы шықты.
Ә)»Панспермия теориясын» …. жылы алғаш неміс ғалымы …. ұсынған
Б) «Тіршілік жер бетінде мәңгілік теориясын … жылы неміс ғалымы … ұсынды.
Үшінші бөлім С деңгейі.
1. Тіршілік ұғымына анықтама бер.
2. Алғаш тіршіліктің қалай пайда болғаны туралы өз көзқарасынды жаз.
3. И.С Миллер мен Г.Юри өз тәжірибелері арқылы нені дәлелдеді?
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Қандай ғалым XVII ғасырда биогенез теориясын тәжірибе жүзінде дәледеді:
а) Парацельс; в) Ж.Б.Ламарк; с) Ф.Реди; д) А.Ван Левенгук.
2. Қандай ғалымдар абиогендік жолмен органикалық заттар синтездеді:
а) С.Миллер, Г.Юри; в)Х.Оро, С.Фокс;
с)Дж.Холдейн, А.И.Опарин; д) Дж.Бернал, С.Миллер.
3. Коацерваттар дегеніміз не?
а) нуклеин қышқылдарының жиынтығы; в) нәруыздардың жиынтығы;
с) майлардың жиынтығы; д) судағы алғашқы шоғырланған нәруыздар.
4. Опарин мен Холдейн теориясына байланысты Жердегі тіршіліктің пайда болуының екіншіі сатысы:
а) биополимерлердің түзілуі в) мембранасы бар структуралардың түзілуі
с) жасуша ядросының түзілуі.
5. Креационизм жақтаушылар тіршілік:
а) құдай жаратты дейді в) өлі денелерден пайда болды дейді
с) басқа планеталардан әкелінді д) мәңгі.
Екінші бөлім В деңгейі.
1. В1.А) Алғаш экспериментті түрде аминқышқылдарын синтезген ғалым….. Ә) Тіршіліктің алғышарттары…., …, …. Б) Жердің алғашқы атмосферасында қандай бейорганикалық қосылыстар көптеп таралды?….
2. В5.Биогенез теориясына анықтама бер.
3. Сәйкестікті анықта: (В2)
Теориялар Анықтамалары
1. Панспермия
2. Этернизм
3. Витализм
4. Абиогенез А) Тіршілік мәңгі
Ә) Тіршілік бір «Тіршілік күші» әсерінен пайда болды
Б) Тіршілік өлі денеден пайда болды
В) Тіршілік космостан споралар арқылы келді.
4. (В4 ) Тіршіліктің пайда болу кезеңдерін дұрыс ретімен қой. 1) көпжасушалы аэробтар; 2) прокариоттар, анаэробтар, гетеротрофтар; 3)протобионттар; 4) фотосинтездеуші автотрофтар, прокариоттар; 5) эукариоттар, протистер, аэробтар.

5. Сөйлемдегі жіберілген сөздерді орнына қой. (В6)
А) 1862 жылы …. …… тіршіліктің өздігінен пайда болмайтынын дәлелдеді.
Ә) Ғаламшарға …. ағысы бір қалыпты түспесе, тіршіліктің пайда болуы мүмкін емес.
Б) Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы, органикалық қосылыстардың абиогендік жолмен түзілуін дәлелдеуде ….. жылы орыс ғалымы …. гипотезасының ғылыми мәні зор.
В) 1928 жылы ағылшын биологі … жер бетінде органикалық қосылыстардың түзілуіне қажетті энергия Күннің …. сәулелері деп қорытынды жасады.
Үшінші бөлім С деңгейі.
1. Тіршілік ұғымына анықтама бер.
2. Алғаш тіршіліктің қалай пайда болғаны туралы өз көзқарасынды жаз.
3. Ағылшын ғалымы Дж.Бернал ұсынған биогенездің үш сатысын ата.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *