Жасушаның құрылысы мен қызметі

Жасушаның құрылысы мен қызметі.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Өсімдік жасушасының қандай органоидында крахмал қорға жиналады:
а) хлоропласта, в) лейкопласта; с) митохондрияда; д) лизосомада.
2. Цистерналардан, түтікшелерден, көпіршектерден тұратын органоид:
а) лизосома; в) Гольджи аппараты; с) ЭПТ д)митохондрия
3. Екі центриольден тұрады, бөліну ұршығын түзеді:
а) рибосома, в) ЭПТ; с)жасуша орталығы; д) лизосома.
4. Мембранасыз органоид:
а) жасуша орталығы; в) Гольджи аппараты; с) лизосома; д)митохондрия.
5. Рибосомада жүзеге асады:
а) нәруыз түзіледі; в) майлар түзіледі; с) көмірсу түзіледі; д) дұрыс жауабы жоқ.
6. Ішінде ферменттерге толы бір мембраналы органоид:
а) рибосома, в) ЭПТ; с)жасуша орталығы; д) лизосома.
7. Домалақ пішінді екі суббірліктен тұрады:
а) рибосома, в) ЭПТ; с)жасуша орталығы; д) лизосома.
8. Жасуша мембранасы арқылы ірі нәруыз молекулалары мен заттар қалай өтеді: а) пиноцитоз; в) фагацитоз; с) экзоцитоз: д) эндоцитоз.
9. Митохондрияның ішкі мембраналарының өсінділері:
а) сторма; в) матрикс; с) криста; д) сыртық мембрана.
10. Жеміске, гүл күлтесіне түс береді:
а) хромопласт; в) лейкопласт; с)хлоропласт; мезопласт.

Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Прокариот жасшасының генетикалық материалы ….
2. Фотосинтез жүзеге асады …
3. Цитоплазмаға тұтқырлық беретін коллоидты сұйықтық …
4. Бактерияның қабырғасы …. тұрады.
5. Органоидтарды бөліп алатын әдіс …
6. Хлоропластың ішкі мембранасынан түзілген структуралар…
7. Вакуольдің қызметі…
8. Лизосома қайда түзіледі…
9. Хромосома тұрады…
10. Концентрация градиентіне қарсы энергия жұмсалатын процесс…
В2 Сәйкестікті анықта
Структура Қызметтері
1.Жасуша мембранасы А. Нәруыз синтезделеді
2.Жасуша қабырғасы Ә.Заттарды тасымалдау
3.Хлоропласт Б.Өсімдіктердің қорғаныш қабаты
4. Тегіс ЭПТ В.Фотосинтез
5.Ядро Г.Липидтерді синтездеу
6.Рибосома Е.АТФ синтездеу
7.митохондрия Ж.Генетикалық ақпарат сақтау
8.Гольджи аппараты З.Жасушаға заттардың тасымалдауын реттеу
И.Керекті заттардың жиналуы және цитоплазмаға өтуі
В4. Жаңалықтарды ретімен қойыңдар.
1. Микроскопты ашу.
2. Гольджи аппаратының ашылуы.
3. Вирховтың тұжырымының: «әрбір жасуша басқа жасушадан бөліну арқылы пайда болады» ашылуы.
4. Шлейден мен Шванн жасуша теориясын тұжырымдауы.
5. Р.Гук алғаш рет «жасуша» терминінің ұсынды.

В5. Терминдерге анықтама бер: фагацитоз, жай тасымал, осмос, плазмолиз, кристалар.
Үшінші бөлім. С1.
1. Жасушаның пішіні, көлемі, құрылысымен атқаратын қызметінің байланысына үш мысал келтіріп, түсіндір.
2. Суреттегі жасушалар қандай организмдерге тән. Оларға салыстырмалы сипаттама бер

С2. 1. Артық ұғымды көрсетіп, жауабыңды түсіндір: а) ЭПТ, Гольджи аппараты, лизосома, ядро; ә) вакуоль, пластидтер,митохондриялар, жасуша орталығы
2. Дұрыс тұжырымды көрсет:
а) хлоропластардың сыртқы мембранасы тегіс; ә) АТФ рибосомада синтезделеді; б) лизосомалар вакуольден түзіледі; в) жасуша орталығы екі центроильден тұрады.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Нәруыз бен РНҚ дан тұратын тығыз денешік:
а) ядро; в) ядрошық; с) лизосома; д) рибосома.
2. Рибосома орналасады:
а) Гольджи аппаратында; в)вакуольде; с) ЭПТ; д) хлоропласта.
3. Центроиль тұрады:
а) бес топ үш триплетті микротүтікшеден; в) екі үш топ микротүтікшеден;
с) тоғыз үш топ микротүтікшеден ; д) сегіз топ үш микротүтікшеден.
4. Жасушада тасымалдау қызметін атқарады:
а) рибосома; в) ЭПТ; с) вакуоль; д) лизосома.
5. РНҚ қайда түзіледі:
а) рибосомада; в) ЭПТ да; с) ядрода; д) ядрошықта
6. Митохондрияның пішіні мен көлемі:
а) ұзындығы-5 мкм,ені-0,5-1 мкм; в) ұзындығы-6 мкм,ені-0,7-2 мкм:
с) ұзындығы-7 мкм,ені-0,2-1 мкм: д) ұзындығы-8 мкм,ені-0,2-1,5 мкм.
7. Цитоқанқаның орналасуы мен қызметі:
а) цитоплазмада, тірек; в) цитоплазмада, қорғаныш;
с) митохондрида, тірек; д) митохондрияда, тасымалдау.
8. Плазмалық мембрана тұрады:
а) екі қабат фосфолипидпен және нәруыздан тұрады.
в) үш қабат нәруыздан және фосфолипидтен тұрады;
с) екі қабат нәруыздан және фосфолипидтен тұрады;
д) үш қабат липидтен және нәруыздан тұрады.
9. Жасушасыз тіршілік иесі:
а) бактерия в) вирус: с) цианабактерия; д) осцилатория.
10. Сферосоманың қызметі:
а) жануарлар жасушасында фосфолипидтер, нәруыздарды қорға жинау үшін және үшін;
в) өсімдіктер жасушасында фосфолипидтер, нәруыздарды қорға жинау және өсуі үшін;
с) бактериялардың жасушасында фосфолипидтер, нәруыздарды қорға жинау және өсуі үшін;
д) саңырауқұлақтардың жасушасында фосфолипидтер, нәруыздарды қорға жинау және өсуі үшін.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Ядро шырыны…
2. Прокариот жасушасының мембраналық органоидтар қызметін атқаратын құрылымы…
3. Гольджи аппаратының құрылымы…
4. Диплоидты хромосомалар жиынтығы …
5. Центромерасы ортасында болатын хромосома …
6. Тегіс ЭПТтің қызметі…
7. Ас қорыту органоиды …
8. Пили қандай организмге тән …
9. Мембранадан тұратын каналшалар, түтікшелерден тұрады…
10. Рибосома мембраналы, әлде мембранасыз органоид …
В2 Сәйкестікті анықта
Структура Қызметтері
1. вакуоль А) лизосома түзу
2. лизосома Ә) қорғаныш және қозғалу
3. ядрошық Б) цитоплазма ішінде орналасады,микротүтікшелерден тұрады.
4. цитоқаңқа В) РНҚ және рибосома суббірліктері синтезделеді
5. талшықтар мен кірпікшелер Г) жасушаның бөлінуіне қатысады
6. жасуша орталығы Ғ) рибосома орналасады
7. түйіршікті ЭПТ Д) жасушаның осмостық қысымын реттейді
8. Гольджи аппараты Е) заттарды қорытады, ерітеді
В4. Жаңалықтарды ретімен қойыңдар.
1. Неміс ғалымы К.Бэр жасуша ағзаның структуралық бірлгі ғана емес, даму бірлігі тұжырымын ұсынды
2. Ағылшын ботанигі Р.Броун ядроны ашты
3. Р.Гук жасушаны ашты.
4. Цитоплазманың ашылуы
В5. Терминдерге анықтама бер: пиноцитоз, белсенді тасымал, тургор, деплазмолиз, тилакоидтар.
Үшінші бөлім. С1.
1. «Жасуша тұтас жүйе «тұжырымды түсіндір.
2. Суреттегі қандай органоидтар берілген. Оларға қысқаша сипаттама бер. Пластидтер, ядро мен митохондриялардың үш ұқсастығын жаз.


С2. 1. Артық ұғымды көрсетіп, жауабыңды түсіндір:
а)рибосома, жасуша орталығы, лизосома, талшықтар; ә) мембрана, тилакоид, грана, строма, хлоропласт.
2. Дұрыс тұжырымды көрсет: а) Гольджи аппараты ЭПТ-дың бір бөлігі; ә) ЭПТ-да үнемі рибосома орналасады; б) Өсімдіктер жасушасында жасуша орталығы жоқ; в) Органоидтар тұрақты компоненттер.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *