Жасушаның бөлінуі. Митоз. Мейоз

Жасушаның бөлінуі. Митоз. Мейоз
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі:
1. Митоздың нәтижесінде неше жасуша түзіледі: а) бір; в) екі; с) үш; д) төрт.
2. Қандай ағзаларға ядро тән: а) эукариоттар; в) прокариоттар; с) екеуіне де; д) дұрыс жауабы жоқ.
3. Бөліну алдында хромосомалар қандай күйде болады: а) ширатылған, қысқарған; в) жіп тәрізді; с) екі хроматидан тұрады; д) дұрыс жауабы жоқ
4. Интерфазаның ұзақтығы: а) 10-20 сағат; в) 1-3 сағат с) 20-25 сағат д) 4-5 сағат.
5. Хромасомалар қайтадан ширатылады, ядрошық пайда болады, ядро қабығы пайда болады: а) метафаза; в) профаза; с) анафаза; д) телофаза.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Гаметалардағы хромосомалар жиынтығы …
2. Бір бөлінуден екінші бөлінуге дейінгі кезең…
3. Хромосомалар экваторда орналасады …
4. Хромосомалардың үлескілерімен алмасуы …
5. Жұмыртқа жасушаның түзілуі …
В2. Мейоз I болатын процесстерді ретімен орналастыр:
1. Биваленттердің экваторда орналасуы
2. Хроматин жіпшелерінің қысқарып, жуандауы.
3. Кроссинговер.
4. Биваленттердің түзілуі.
5. Гомологиялық хромосомалардың полюстерге ажырауы.
6. Гаплоидтық хромосомалар жиынтығының полюстерде орналасуы.
В4. Митоз процесінің дұрыс ретін анықта.

Бөлінуге дайындық профаза

Үшінші бөлім. С1.
1. Митоз бен мейозды салыстыр (кесте түрінде).
2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзету. А) Жыныс жасушаларының бөлінуі, нәтижесінде хромосомалар саны екі есе артуы мейоз деп аталады. Ә) цитоплазманың бөлінуі мейоз бен митозда бірдей жүзеге асады. б) мейоз I ден кейін түзілген екі жасушада хромосомалар саны кемімейді. В) мейоз I анафазасында гомологиялық хромосомалар арасында кроссинговер жүзеге асады. Г) мейоз II полюстерге хроматидалар ажырайды.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі
1. Мейоздың нәтижесінде неше жасуша түзіледі: а) бір; в) екі; с) үш; д) төрт.
2. Бөліну ұршығының жіпшелері қай сатыда түзіледі: а) профаза; в) метафаза;
с) анафаз; д) телофаза.
3. Қай жауапта митоз сатылары дұрыс, ретімен көрсетілген:
а) профаз телофаза анафаза метафаза;
в) метафаза профаза анафаза телофаза;
с) профаза метафаза анафаза телофаза;
д) метафаза анафаза телофаза профаза.
4. Митозға жатпайтын процесс:
а) жыныссыз көбею; в) өсу; с) жаралардың жазылуы; д) гамета түзілуі.
5. Кроссинговер жүзеге асады:
а) мейоз I анафазасында; в) мейоз I профазасында;
с) мейоз II анафазасында; д) мейоз II профазасында
Екінші бөлім В деңгейі: В1
1. Сомалық жасушалардағы хромосомалар жиынтығы …
2. Жасушаның түзілуінен кейін екінші бөлінуге дейінгі кезең…
3. Хромосомалар полюстарға ажырайды …
4. Жасушалардың тікелей бөлінуі…
5. Жұмыртқа жасушаның түзілуі
В2. Митоз сатыларында болатын процесстерді ретімен орналастыр:
1. Хромосомалар жасушаның экваторында бір сызықта орналасады;
2. Цитоплазманың бөлінуі;
3. Хромасомалардың қысқарып,шиыршықталуы;
4. Хроматидалардың жасуша полюстеріне бөлінуі;
5. Бөліну ұршығы жіпшелерінің түзілуі;
6. Хромосомалардың тарқатылуы;
7. Ядро қабықшасының еруі;
8. Ядро қабықшасының түзілуі;
9. Хроматидалардың хромасомаға айналуы;
10. Бөліну ұршығының микротүтікшілер центромераларына бекінуі;
11. Ядрошықтың түзілуі.
В4. Мейоз процесінің дұрыс ретін анықта.

Бөлінуге дайындық профаза

Үшінші бөлім. С1.
1. Митоз бен мейоздың биологиялық ролі неде?
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзету. А) Жасуша ядросы мен цитоплазмасының тікелей бөлінуі митоз деп аталады. Ә) Жасуша циклі дегеніміз жасуша пайда болғаннан бастап келесі бөлінуге дейінгі кезең. Б) Митоз өсімдіктің өсуі мен эукариотты ағзалардың жыныстық көбеюін қамтамасыз етеді. В) Метафазада хромосомалар экватордың бойына орналасады. Г) Телофазада бөліну ұршығының жіпшесінің жиырылуы арқылы хромосомалар полюстерге ажырайды.
Ғ) Митоздың нәтижесінде генетикалық ақпаратты жаңа жасушаларға береді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *