Жасушады заттың алмасуы мен энергияның түзілуі

Жасушады заттың алмасуы мен энергияның түзілуі
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Органикалық заттардың ыдырауы:
а) анаболизм; в) катаболизм; с) метоболизм; д) диссимиляцмя.
2. Жануарлар мен өсімдіктер сияқты қоректенетін ағзалар:
а) автотрофтар; в) гетеротрофтар; с) миксотрофтар; д) хемотрофтар.
3. Бактериялар мен саңырауқұлақтарда оттексіз кезең қалай аталады:
а) дайындық; в)гликолиз; с) аэробты; д) ашыту.
4. Энергетикалық адмасу кезінде АТФ- тің қанша молекуласы түзіледі:
а) О молекула; в) 2 молекула: с) 36 молекула: л) 38 молекула.
5. Оттекті кезең жүреді:
а) цитоплазмада; в) лизосомада; с) митохондрияда; д) вакуольде.
6. Глюкоза энергетикалық алмасудың екінші сатысында ыдырайды:
а) ацетонға; в) май қышқылдарына; с) сүт қышқылына; д) этил спиртіне.
7. Хлорофилл химиялық құрылысы бойынша:
а) спирт; в) нәруыз; с) күрделі спирт; д) күрделі көмірсу.
8. Рибосомада орналасатын нуклеотидтер саны: а) біреу; в) екеу; с) үшеу; д) алтау.
9. 1гр.көмірсу ыдырағанда түзілетін энергия:
а) көмірсу ыдырағанда түзілетін энергия: а) 38,5 кДж; в) 17,6 кДж;
с) 16,8 кДж; д) 17,8 кДж.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Нәруыздың құрылысы мен қасиеті туралы ақпарат жазылған ДНҚ ның бір бөлігі….
2. Нәруыз синтезінің бірінші сатысы …
3. Нәруыз молекуласындағы аминқышқылының орналасу реті РНҚ молекуласындағы нуклеотидтердің орналысу ретін анықтайды. …. …..
4. иРНҚ дағы триплет …
5. Нәруыздың рибосомада синтезделуі …
6. Дайын органикалық заттармен қоректенетін ағзалар …
7. Фотосинтездің қараңғы сатысында жүзеге асатын процесс …
8. Органикалық заттарды ситездеу үшін бейорганикалық заттардың химиялық энергиясын қолданады.
9. Энергетикалық алмасудың бірінші сатысы …
10. Фотоситнездің қараңғы сатысы қайда жүзеге асады…
В2 1. Сәйкестікті анықта
сипаттамасы қасиеттері
А) Барлық тірі организмдерде кадондар бірдей аминқышқылдарын кодтайды.
Ә) Бір аминқышқылына үш нуклеотид сәйкес келеді
Б) Бір аминқышқылы бірнеше нуклеотид кодтауы мүмкін.
В) Бір нуклеотид бірнеше кадонның құрамына кіре алмайды 1. триплетті
2. әмбебап
3.тұрақтылық
4. кезектілік
В2 . 2. Сәйкестікті анықта
Процесстер Сипаттамалар
1. Катаболизм
2. Фотосинтез А) Глюкоза түзіледі
Ә) Хлоропласта жүзеге асады
Б) Митохондрияда жүзеге асады.
В) Су фотолизі жүреді
Г) Оттегі жұмсалады
Ғ) Оттегі түзіледі
Д) Глюкозаның ыдырауы
В4 Нәруыз биосинтезі процесінің дұрыс ретін жаз:

1. аРНҚ ның синтезделуі;
2. ДНҚ ның ширатылуы;
3. аРНҚ ның цитоплазмаға шығуы;
4. нәруыз полипептидінің түзіліп, рибосомадан шығуы;
5. тРНҚ ның аминқышқылдарымен байланысуы;
6. тРНҚ (кадон) аРНҚ (антикадон) менбайланысуы.

Үшінші бөлім. С1.
1. Пластикалық және энергетикалық алмасудың байланысы неде?
2. Дұрыс тұжырымарды көрсет (дұрыс емес тұжырымның дұрыс нұсқасын көрсет): А) Автотрофтар Жер атмосферасын оттекпен қамтамасыз етеді. Ә) Барлық бактериялар энергия алу әдісі бойынша хемосинтетиктер болып табылады. Б) Саңырауқұлақтар энергия алу әдісі бойынша- автотрофтар. В) Фотосинтез автотрофтық қоректенуді бірден -бір әдісі. Г) Гетеротрофтар энергия алу үшін дайын органикалық заттарды қажет етеді Ғ) Глюкоза энергетикалық алмасудың екінші сатысында суға және көмір қышқылына айналады. Д) Фотосинтездің жарық сатысында оттегі және крахмал түзіледі. Е) Даярлық кезеңінде нәруыздар глицерин мен май қышқылына айналады. Ж) Фотосинтездің қараңғы сатысында көміртек айналымы болады.

2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Энергетикалық алмасудың екінші сатысы:
а) оттексіз; в) оттекті; с) даярлық; д) аралас.
2. Гетеротрофтарға жатпайды:
а) бактериялар; в) жануарлар; с) өсімдіктер; д) саңырауқұлақтар.
3. Ашытқы саңырақұлақтарында ашыту кезінде түзіледі:
а) сірке қышқылы; в) сүт қышқылы; с) этил спирті; д) ацетон.
4. АТФ -тің 1 молекуласы АДФ- қа дейін ыдырағанда түзілетін энергия:
а) 20 кДж; в) 30 кДЖ; с) 40 кДЖ; д) 80 кДЖ.
5. Фотосинтездің жарық сатысы жүзеге асады:
а) стромада; в) гранада; с) матриксте; д) сыртқы мембранада.
6. Биополимерлер мономерлерге ыдырайтын саты:
а) дайындық; в) оттексіз; с) оттекті; д) соңғы.
7. Органикалық заттардың түзілуі:
а) гликолиз; в) катаболизм; с) анаболизм; д) диссимиляция.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Фотосинтедің қараңғы сатысында қолданылатын АТФ қалай түзіледі …
2. Фотосинтездің жарық сатысында түзілетін процесс….
3. Хемотрофтарға жатады…
4. Фотосинтез жарықтың қандай түсінде қарқынды өтеді …
5. Хемосинтезді ашқан ғалым…
6. Гликолиз нәтижесінде қанша АТФ молекуласы түзіледі …
7. Генетикалық ақпараттың ДНҚ -дан РНҚ -ға көшірілуі …
8. тРНҚ-дағы триплет
9. Фотосинтездің жарық сатысында түзіледі …
10. Жай заттардан күрделі заттардың түзілуі …
В2 1. Сәйкестікті анықта
сипаттамасы Зат алмасу
А) Энергия жұмсалады.
Ә) Энергия түзіледі.
Б) Митохондрияда жүзеге асады.
В) Рибосомада жүзеге асады.
Г) жай заттардан күрделі заттар түзіледі
Ғ) Күрделі заттар ыдырайды 1. энергетикалық алмасу
2. пластикалық алмасу

В2 . 2. Сәйкестікті анықта
Фотосинтез Сипаттамалар
1. Қараңғы сатысы
2. Жарық сатысы А) глюкоза түзіледі
Ә) стромада жүзеге асады
Б) АТФ пен НАДФ.Н түзңледі.
В) су фотолизі жүреді
Г) көміртек фиксациясы болады
Ғ) оттегі түзіледі
Д) гранада жүзеге асады
В4 Энергетикалық алмасудың процесінің дұрыс ретін жаз:
1. Пирожүзім қышқылы су мен көмірқышқыл газына ыдырайды
2. Глюкоза сүт қышқылына ыдырайды
3. Полисахаридтер моносахаридтерге ыдырайды
4. Нәтижесінде 2 молекула АТФ түзіледі.
5. Нәтижесінде 36 молекула АТФ түзіледі.

Үшінші бөлім. С1.
1. Өсімдік және жануар организміндегі пластикалық алмасудың ұқсастығы неде?
2. Дұрыс тұжырымарды көрсет (дұрыс емес тұжырымның дұрыс нұсқасын көрсет): А) Қоректену әдісі бойынша жануарлар — гетеротрофтар. Ә) Фотосинтез кезінде Күн энергиясы пайдаланылады. Б) Цианабактериялар- автотрофтар. В) Эвглена, вольвокс -гетеротрофтар. Г) Хемосинтез -автортрофты қоректену әдісі. Ғ) Глюкоза энергетикалық алмасудың екінші сатысында пирожүзім қышқылына айналады. Д) Фотосинтездің қараңғы сатысында оттегі және крахмал түзіледі. Е) Даярлық кезеңінде полисахаридтер глицерин мен май қышқылына айналады. Ж) Фотосинтездің қараңғы сатысында су фотолизі болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *