Жалаңаш тұқымдылар. Шишкалылар

Жалаңаш тұқымдылар. Шишкалылар. Пинопсмдалардың, вельвичиялардың ерекшеліктері Қарастырылатын сұрақтар:
1. Шишкалалар
2. Пинопсмдалар мен вельвичиялардың ерекшеліктері
3. Шаруашылық маңызы
4. Классификациясы Дəрістің мақсаты:
Қазіргі кездегі флорада бұл класс ашық тұқымдылардың ішіндегі түрлерінің саны жағынан ең көбі (600 дей түрі бар). Негізінен солтүстік ендікте кең таралған, бұл жерлерде бір немесе бірнеше түрлерден тұратын туыстары: қарағай, шырша, май қарағай, бал қарағай үлкен қылқанжапырақты орман түзеді. Оңтүстік ендікте қылкан жапырақтылар қоңыржай климатты орман түзеді (Огненная Земля, Патагония, Жаңа Зеландия, Тасмания). Тропикалық облыстарда олар тек таулы жерлерде өседі.
Құрылысы. Қылкан жапырақтылар негізінен ағаштар, сирекгеу бұталар. Ағаштары кейде ересен үлкен болады жөне 4 мыднан астам жыл өмір сүреді. Көп жаідайда екі түрлі сабағы болады: ұзарған жəне қыскарган. Жапырақтары көп жағдайда жіңішке, ине тəрізді (хвоя), бірақ ертеректе пайда болған туыстарында (араукария, агатис) ланцетті жəне жалпақ ланцентті болып келеді. Кейбір қылкан жапырақтылардың жапырақтары қабыршакты болып келеді (кипарис, арша). Жапырақтары көп жағдайда отырмалы, кейде олардың үстінгі ұшы ойық (май қарағай), көлденең кесіндісі жалпақ, төртқырлы, жұмыр, ұзындығы 1-2 см.- ден 30-40 см.- ге дейін барады. Қылканда бір ғана жүйке болады, ал жалпақ жапырақтарында көптеген параллель жүйкелері болады. Қылкан жапырақтылардың бал қарағай, жалған бал карағай жене метасеквойя туыстарынан басқаларының барлығы мəңгі жасыл өсімдіктер. Сүрегінің 90-95% трахеидтен тұрады, сүзгілі түтіктерінде серіктік клеткалар болмайды. Көшпілігінің қабығында, сүрегінде жəне жапырақтарында схизонгендік смола жолдары болады, оларда эфир майы, смолалар, бальзамдар жиналады.
Көбеюі. Бір үйлі, сиректеу екі үйлі өсімдіктер. Бүршіктері (шишки) дара жынысты. Аталық бүршіктері көп жағдайда топтасып, жапырактардың қолтығында, сиректеу бүйірлік өркендердің ұштарында орналасады. Микроспорофилдері редукцияға көп ұшыраған, кабыршақ тəрізді немесе қалкан тəрізді (тисс туысы). Аналық бүршіігінің (стробил, шишки) құрылысы алуан түрлі болады. Микроспорофилдерінде бірден бірнешеге тұқымбүрлері орналасады. Интегументі көп жағдайда үш қабаттан тұрады: ортаңғысы катты, ал сырткы жəне ішкісі жұмсақ. Архегониясы екеу, бірақ көпте бола береді. Гаметофиттерінің пайда болуы, тозаңдануы, ұрықтануы жəне тұқымның (дəннің) пайда болуы жоғарыда сипатгап жазған қарағайдыкімен бірдей болады.
Шаруашылықтағы маңызы. Шыршалардың, карағайлардың, бал қарағайлардың, май қарағайлардың, аршалардың табиғатта жəне адам өмірінде маңызы орасан зор. Басқа жасыл өсімдіктермен бірге олар органикалық заттар түзеді, аудан көмір қышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Қарағайлар өз бойынан ерекше буланып ұшатын заттар бөліп шығарады. Олар орманда ғана емес, сонымен бірге орманға жақын жерлердегі көптеген зиянды бактериялардың дамуын тежейді. Қылқан жапырақты ормандар, жалпақ жапырақты ормандар секілді, қардың еруін кешеуілдетеді, сөйтіп осы жердің ылғалын арттырады.
Қылқан жапырақтылар поляр шеңберіне жақын жерлердегі үлкен кеңістіктерде жəне тауларда орман түзеді. Оны тайга деп атайды. Тайга көптеген өнеркəсіпке керекті аңдардың, құстардң жəне пайдалы насекомдардың мекендейтін жері. Қылқан жапырақты ағаштар кұрылысқа жəне əртүрлі ағаш бұйымдарын жасауға керекті материалдарды береді. Қарағайдың сүрегін химиялық жолмен өңдеу арқылы, одан жібек жіптерше ұқсас жасанды талшық алады. Ашық тұқымдылардың діңі, өндірістің көптеген саласына қажетті құнды шикізат. Олардан бальзамдар, смолалар, камфора, спирт, целлюлоза, жібек жəне басқада көптееген заттар алынады. Сонымен бірге қылқан жапырақтылар медициналық препараттар алуға да қажетті шикізат есептелінеді.
Сібір қарағайын, Сібірде кедр деп атайды. Нағыз ке Солтүстік Африканьщ таулы жерлерінде, Жерорта теңізі облысының шығысында жəне Гималаи тауында өседі. Бұрынғы Одақтас республикалардың территориясында, оларды Кавказдың Каратеңіз жалғауларында жəне Қырымда қолдан өсіреді. Сібір қарағайының дəнінен (жаңғағынан) тамаққа пайдаланатын жақсы «кедр» майын алады. Сонымен бірге қылкан жапырақтылардың көпшілігі, көшеге көрік беретін сəндік өсімдіктер, сондықтанда олардың бірқатарын қазіргі кезде мəдени жағдайға ендірген. Оларды ботаникалық бақтарда, дендропарктерде, демалыс парктерінде, скверлерде жəне көшенің бойларында сəндік өсімдіктер ретінде отырғызады.
Классификациясы. Қылкан жапырақтылар класы 7 қатардан тұрады. Олар мыналар: 1) вольцилар қатары (вольциевые — Voltziales); 2) подозамиттер қатары (подозамитовые Podozamitales); 3) араукариялар қатары (араукариевые — Araucariales ); 4) қарағайлар қатары (сосновые — Рinales ); 5) кипаристар қатары (кипарисовые — Cupressales); 6) подокарпустар қатары (подокарповые — Podocarpales); 7) тиссалар қатары (тиссовые Taxales). Олардың ішінде бұрынғы одақтас республикалардың территориясында үшеуінің (қарағайлар, кипаристер жəне тиссалар қатарлары), ал Қазақстанда тек екеуінің ғана өкілдері (карағайлар жəне кипаристер қатарлары) кездеседі. Сондықтанда біздер осы Қазақстанда кездесетін қатарлармен шектелуді жөн көрдік.
Қарағайлар қатары – Finales
Қарағайлар қатары (сосновые — Finales) бір ғана қарағайлар (сосновые — Ріпасеае) тұқымдасынан тұрады. Бұл тұқымдаста 10 туыс, 250-дей түр бар. Аса кең тараған туыстарына мыналар жатады: май қарағай (пихта — Abies), шырша (ель — Рісеа), бал қарағай (лиственница — Larix), қарағай (сосна — Pinus).
Май қарағай туысы (пихта — Abies). Май қарағайдың дүние жүзі бойынша 40-тай түрі бар. Олар Солтүстік Америкада (15 түрі), Оңтүстік- Шығыс Азияда (7-8 түрі), Жерорта теңізі жағалауында, Орталық Европада, Кавказда жəне Гималай тауларында, Сібірде өседі. Май қарағайлар аса үлкен ағаштар, бұтақтары топтасып орналасады. Қылқаны жалпақ болып келеді жəне жалғыздан орналасады, оның төменгі жағында, көп жағдайда екі ақ түсті балауыздан тұратын жолағы болады. Аналық стробилі көп жағдайда тік орналасады, бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, содан соң шашылып түсіп қалып отырады.
Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында май қарағайдың (пихта — Abies) 9 түрі, ал Қазақстанда 2 түрі кездеседі. Сібір май қарағайы (пихта сибирская — A.sibirica) бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінің, солтүстік шығысында, Батыс, Орталық жəне Шығыс Сібірде, Тува автономиялы облысында жəне Монголияда өседі. Үлкен алқапты қамтып орман түзеді. Тегістікте де, таулы жерлерде де өседі. Ағашы жұмсак, құрлыс материалы ретінде де, əртүрлі бұйымдар жасауға да пайдалынады. Сонымен бірге оны қағаз өндірісінде шикізат ретінде пайдаланады. Қылқанынан лак жасауға қажетгі эфир алынады. Жас бұтақтарында борнеол (камфара) болады. Май қарағай бальзамы жараны жазуға бірдербір қажетті дəрі. Ақ май қарағай (пихта белая – A.alba) бұрынғы одақтас республикалардың батыс аудандарында, Орта Азияның, Онтүстік жəне Батыс Европаның тауларында 2 мың метр биіктікке дейін түзеді. Кавказ май қарағайы (пихта кавказская – A. nordmanniana) букпен қосылып Кавказ тауының батыс бөлігінде, тауларында 2 мың метр биіктікке дейін орман түзеді. Өте сəндік ағаш. Украина мен Белоруссияда оны қолдан өсіреді.
Шырша туысы (ель — Рісеа). Бұл туысқа Солтүстік Европада, Орталық жəне Шығыс Азияда, Солтүстік Америкада кеңінен таралған 45 түр жатады. Қабығы ақшылдау сұр түсті, бұтақтары топтасып орналасқан, биік ағаштар. Қылқаны төрт қырлы болып келеді, жалғыздан орналасады, оның əр жағында бір-бірден ақ түсті жолағы болады. Тамыр системасы, көпшілігінде терең кетпейді. Көлеңке сүйгіш өсімдіктер. Аналық стробилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі. Тұқымдары піскен кезде стробилдері төмен қарап салбырап тұрады, содан соң, түгелімен жерге үзіліп түседі.
Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі (Шренк шыршасы — ель Шренка — P.schrenkiana; сібір шыршасы — ель сибирская — P.obovata) кездеседі. Кəдімгі шырша (ель обыкновенная — P.abies). Батыс Европада жəне бұрынғы одақтас республикалардың европалық бөлігінде кеңінен таралған. Көптеген кеңістікті алқапта, таза шыршалы немесе қайыңмен жəне қарағаймен қосылып, аралас ормандар түзеді. Ағашын құрылыс материалдарына, əртүрлі бұйымдар жасауға, отынға жəне қағаз жасауға қажетті шикізат ретінде пайдаланады. Ағашынан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы смола, канифоль, вар, скипидар алады. Қабығында тері илеуге қажетті заттар (дробильные вещества) болады. Сібір шыршасы (P.obovata) бұрынғы одақтас республикалардың солтүстік-шығысынын да жəне Батыс Сібірде өседі. Кəдімгі шыршаға өте жакын. Тек аналық стробилдерінің ұсақтығымен ажыратылады. Бұлақ шыршасы (ель ключевая- P.pungens) Солтүстік Американың тауларының жартастарында өседі, қылқандары күміс түсті, өте əдемі болып келеді. Оны сəндік ағаш ретінде бұрынғы одақтас республикалардың территориясында жəне Батыс Европада мəдени жағдайда өсіреді.
Бал қарагай туысы (лиственница- Larix). Азияда, Европада, Солтүстік Америкада кең таралған, 20 шақты түрлері бар. Шыршалы ормандардың құрамына кіреді. Үлкен ағаш, бұтақтары топтасып орналасады, жарықты жақсы кореді. Өсімдік жазда көктеп, қыста қылкандарын тастап отырады. Жапырақтары ұзарған сабақтарында біреуден, ал қысқарған сабақтарында топтасып (пучками) орналасады. Тозаңдарының ауа қуыстары болмайды. Аналық стробилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, бірақ 2-3 жыл бойы, түспей ағаштың басында тұрады. Ағашы қызылдау, смолаға бай, аса берік, суда шірімей ұзақ уақыт сақталады. Сондықтанда оны шпалдар дайыңдауға, кемелер жасауға, шахтаның астына тіреу ретінде, отынға жəне қағаз алуға шикізат ретінде кеңінен пайдаланады.
Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 7 түрі, ал Қазақстан флорасында 1 түрі кездеседі. Батыс Европа бал қарағайы (лиственница заподно-европейская- L.decidua) Альпа жəне Карпат тауларында өседі. Сібір бал қарағайы (лиственница сибирская — L.sibirica) бұрынғы одақтас республикалардың (БОР) европалық бөлігінің шығыс аудандарында жəне Батыс Сібірде кең таралған. Дауыр бал қарағайы (лиственница даурская — L.dalurica) Шығыс Сібірдің жəне Қиыр Шығыстың қатал климатына тамаша бейімделген жəне Шығыс Сібір мен Якутияда діңі биік болып келетін жалғыз ағаш болып табылады.
Қарағай туысының (сосна — Pinus) 100-дей түрі бар. Олар негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарында өседі, субтропикаларда тау ормандарын тузеді, бірнеше түрлері тропикалық облыстардың тауларында кездеседі. Бұлар үлкен немесе кішілеу ағаштар болып келеді, бұтақтары топтасып орналасады. Ұзарған сабақтары, жарғақ тəрізді қабыршақты жапырақтармен жабылған, олардың қолтықтарында қысқарған сабақтары жапырақтарымен орналасады. Əдетте мұндай жапырақтар 2-5-тен топтасып орналасады. Аналық стробилдері 2-3 жылда пісіп жетіледі.
БОР флорасында 15 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі кездеседі. Кəдімгі қарағай (сосна обыкновенная — Pinus sylvestris) БОР европалық бөлігінде кеңінен таралған, Сібірде Охот теңізіне дейін; Батыс Европада Скандинава жартылай түбегінен Пиреней мен Балқанға дейін жетеді. Құмды жəне жартылай құмды топырақтарда көп жағдайда орман түзеді. Сонымен бірге шыммтезек мүктері басқан батпақтарда (аласа формалары), ал оңтүстікте — известі жəне борлы жаталарда өседі. Ағашын құрлыс жұмыстарына жəне əртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланады. Діңінен сағыз (живица) алады, одан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы (при перегонке) корабль жасауға қажетті смола, канифоль, скипидар алады. Қылқанында көп мөошерде аскорбин кислотасы (витамин С) болады. Жас өркендерін дəрі жасауға пайдаланады, ал тозаңдарын медицинада плаунның спораларының орнына қолданалады. Сібір қарағайы (сосна сибирская, или сибирская кедровая сосна — Pinus sibirica) — діңі үлкен болып келетін, Сібірдің барлық жерінде жəне Монғолияда кеңінен таралған ағаш. БОР территориясында орман түзеді (кедрачи). Қылқандары бесеуден топтасып орналасады. Аналық стробилдері тік орналасады, тұқымдары (жаңғақшалары) ұрықтанғаннан кейін, екінші жылы күзде піседі. Жаңғақшалары пісіп жетілгенмен стробилдері ашылмайды. Дəнінің қанатшасы болмайды, спермодермасы қатты болып келеді. Күнделікті өмірде дəндерін кедр жаңғакшасы деп атайды, оларды тамаққа жəне май алуға пайдаланады. Діңінен құңды ағаш, смоласынан скипидар жəне канифоль алынады. Жатаған кедр (кедровый стланник — P. рumela) жерге төселіп өтетін бұта немесе кішілеу ағаш. Шығыс Сібірде, Куриль аралдарында, Жапонияда өседі. Үлкен кеңістікті алып жататын бұталы, қалың қопа (тоғай) түзеді. Оны терісі құнды аңдар: тиіндер жəне бұлғындар мекендейді. Дəні жеуге келеді. Паллас қарағайы (сосна паласса- P.pallasiana) Кырымда, Закавказьенің батысында, кіші Азияда жəне Балканда орман түзеді. Пицунд қарағайы (сосна писундская — P.pithynsa), БОР территориясында Пицунда мысында өседі, реликті түр болып табылады.
Кипаристер қатары — Cupressales
Бұл қатар мынадай екі тұкымдастан тұрады: таксодилер (таксодовие — Taxodiaceae) жəне кипаристер (кипарисовые Cupressaceae).
Кипаристер тұқымдасы (Cupressaceae).
Бұл тұқымдаска 20 туыс, 145-тей тұр жатады. Жер бетінің барлық құрлықтарында кездеседі. Ағаштар мен бүұалар болып келеді. Жапырақтары қабыршақ тəрізді (чешуевидные), сиректеу ине тəрізді. Ағашында смола жолдары болмайды. Смола арнайы маманданған клеткаларда жиналады. Аталық стробилдері жалғыздан болады, тозаңының ауа қуыстары болмайды. Аналық стробилінің қабыршақгары сүректенген, көн тəрізді немесе шырынды болып келеді.
Арша туысы (можжевельник- Juniperus). Солтүстік ендікте Арктикадан Субарктикаға дейін аршаның 70-тей түрі өседі. Бірнеше түрі тропикалық аймақтың тауларында кездеседі. Кішілеу ағаштар немесе бұталар. Жапырақтары ине тəрізді немесе қабыршақ тəрізді (чешуевидные) болып келеді. Аналық стробилінің қабыршақгары (чешуйки) етженді, шырынды бүршік (шишкоягода) түзеді. Мұндай шырынды бүршіктер екі жылда пісіп жетіледі. Ағашын əртүрлі мақсатта пайдаланады. Өркендерінде улы болып келетін эфир майы сабиноль алады. Ол медицинада қолданылады. БОР флорасында 21 түрі, ал Қазақстан флорасыңда 10 түрі кездеседі. Кəдімгі арша (можевельник обыкновенный – L. communis) Подольскеде шыршалы жəне қарағайлы ормандарда өседі Жапырақтары ине тəрізді, үшеуден топтасып орналасады. Ұзақ жылдар бойы сақталады, тіптен 2 мың жылға дейін өмір сүреді. Қызыл арша (можжевельник красный — J.oxycedras) мен биік арша (можжевельник высокий — J.excelsa) Кырымда өседі. Орта Азияның тауларында Заравшан аршасы (можжевельник заравшвнский — J.seravschanica), сауыр аршасы (можжевельник плоушаровидный — J.semiglobosa), Түркістан аршасы (можжевельник туркестанский — J.
turkestanica) жəне басқалар орман түзеді.
ГНЕТАЛАР НЕМЕСЕ ГНЕТОПСИДТЕР КЛАСЫ — GNETOPSIDA
Гнетопсидтер класының аналық жəне аталық гаметофиттері редукцияға көп ұшыраған, жыныстық прцестері жабық түқымдылардың қосарланып ұрықтануына жақын. Тұқымбүрі біреу, ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Сүрегінде смола жолдары болмайды. Класты үш қатарға бөледі: қылшалар (Ephedrales), гнеталар (Gnetales), вельвичилар (Welwitsehiales). Олардың Қазақстанның флорасында кең таралғаны қылшалар қатары. Сондықтанда біздер осы қатарга толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.
Қылшалар қатары — Ephedrales
Бұл қатарға бір тұқымдас жəне бір ғана қылша (Ерhedra) туысы жатады. Туыста 40-тай түр бар. Олар Жеррорта теңізі жағалауында, Алдынғы жəне Орта Азияда, Индияда, Қытайда, Солгүстік жəне Оңтүстік Америкада кең таралған өсімдіктер. Негізінен шөлді, жартылай шөлді аймақтарда жəне таудың тасты жоталарында өседі. Биіктігі 5-8 м. болатын кішігірім ағаштар, көбіне бұталар немесе лианалар. Жапырақтары майда, əдетте қабыршақ тəрізді, ерте түсіп қалады. Бұтақтары қырлы-қырлы, жасыл түсті, онда фотосинтез процесі жүреді. Екі үйлі өсімдік. Аталық бүршіктері (шишки) 3-4-тен жəне оданда көптен сабақтың буындарында топтасып орналасады. Аталық бүршік (стробил) бағанадан тұрады, оның ұшында екіден сегізге дейін 2-4 ұялы микроспорангилері болады. Аналық бүршіктердің екіден төртке дейін, сабақтың буынында орналасады. Аналық бүршік (шишки) қалың қабықшамен қоршалған бір ғана тұкымбүрінен тұрады. Тозаң желмен, кейде насекомдармен тұқымбүріне жеткізіледі. Дəн пісіп жетілгенде аналық бүршіктің сыртқы қабықшалары көп жағдайда қатайып ағаштанады, ал қабыршақ тəрізді жабындық жапырақтары етженді түрге келіп, ашық түске боялады.
Бұрынғы одақтас республикардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстанда 6 түрі өседі. Олардың ең маңыздысы екі масақты қылша (эфедра двухколосковая — E.distachya). Бұл түр бұрынғы одақтас республикардың европалық бөлігінің оңтүстік-шығысында, Сібірде, Орта Азияда кеңінен таралған. Биіктігі 40 см. болатын кішілеу бұта. Қылшаның практикалық маңызы, оның бұтақтарында эфидрин алколоидының болуымен есептелінеді. Эфидриннен аса құнды дəрі алынады.
Бақылау сұрақтары:
1. Қылқан жапырақтылар мен гнеталардың көбеюі, даму процестері қалай өтеді?
2. Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
3. Ашықтұқымды өсімдіктер құрылысының ерекшелігі неде? Ашық тұқымды өсімдіктерге мысал келтіріңіз.
4. Тұқым дегеніміз не? Оның спорадан қандай айырмашылығы бар?
5. Тұқымды папоротник, саговниктер жəне беннетитттердің бір-бірінен ұқсастығы мен айырмашылығы неде?
6. Қылқан жапырақтылар мен гнеталардың көбеюі, даму процестері қалай өтеді? Қандай ұқсастықтары мен айырмашылықтары бар?
Қолданылған əдебиеттер:
1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
6. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *