Жабық тұқымдылардың теориялары

Жабық тұқымдылардың теориялары. Магнолиялар. Бұршақ, құлқайыр, шытырша тұқымдастары
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Қос жарнақтылар класына жалпы сипаттама
2. Географиялық сипаттамасы
3. Гүлі мен жемісінің сипаттамасы
Дəрістің мақсаты: Қосжарнақтылар класына жалпы сипаттама, айрықша ерекшеліктері. Географиялық таралуы. Магнолиялар тұқымдасына жалпы сипаттама жəне географиялық таралуы. Анатомиялық жəне морфологиялық ерекшеліктері. Гүлдерінің құрылысы мен жемістерінің қарапайым белгілері. Тұңғиық тұқымдасына тəн белгілер. Гүлі мен жемісінің құрылысы. Сарғалдақтар тұқымдасына жалпы сипаттама, тіршілік формалары. Гүлдер мен жемістер, олардың алуан түрлілігі. Тұқымдастар тармағына бөлінуі.
ҚОСЖАРНАҚТЫЛАР, HEMEGE МАГНОЛИОПСИДТЕР КЛАСЫ —
DICOTYLEDONEAE, MAGNOLIOPSIDA
Түрлерінің саны 200 мыңнан астам (300 тұқымдас) болады. Олардың көбісінің практикалық маңызы зор немесе теориялық тұрғыдан назар аударарлық.
КӨП ЖЕМІСТІЛЕР, НЕМЕСЕ МАГНОЛИЯ ТƏРІЗДІЛЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ — POLYCARPICAE, MAGNOLIIDAE
Kөп жемістілерге 30-дай тұқымдас жатады, олардың біреулері негізінен ағаштар, сиректеу бұталар, ал екіншілері — суда жəне құрғақта өсетін шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар. Көп жемістілердің гүлінің сыртқы құрылысы ашық тұқымдылардың стробилдеріне (шишки) ұқсас болады. Гүл табаны ұзынша болып келеді, оған спиральдің бойымен саны жағынан аса көп болып келетін гүлдің əртүрлі мүшелері орналасады. Өмірлік формаларының басым көпшілігі ашық тұқымдылар секілді мəңгі жасыл ағаштар. Көп жемістілер Евразияның, Солтүстік жəне Оңтүстік Американың тропикалық жəне субтропикалық аймақтарында кеңінен таралған өсімдіктер.
Магнолиялар тұқымдасы – Magnoliaceae
Бұл түқымдаста 200-ден аса түр бар (20 туыс). Қазіргі кезде магнолиялардың ареалы үзік, оның өзі осы тұқымдастың бүтіндей ертеде пайда болған өсімдіктер екендігін көрсетеді. Қазіргі кездегі түрлерінің ең көп таралған Қытайдың Онтүстік-Шығысы, Индоқытай, Индияның Солтүстік-Шығысы жатады. Гүлдері үлкен, əдетте өсімдіктің сабағының жоғарғы жағында орналасады, гүл серігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді жəне шеңбердің бойымен орналасады. Аталықтары мен аналықтары жеке-жеке тұрады, олардың сан мөлшері ерекше көп жəне спиральдың бойымен орналасады. Жемістерінің дəні көп жағдайда үлкен болады. Олар таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), сиректеу жаңғақшалардың жиынтығынан тұрады.
Магнолия туысы (магнолия — Magnolia). Бұл туыста 70-тей түр бар, олардың 20-дайы сəндік өсімдіктер ретінде мəдени жағдайда өсіріледі. Солтүстік Америкада (мəңгі жасыл түрлері) жəне Азияның Оңтүстік шығысында (жапырақты түрлері) кең таралған. Гүлінің формуласы: * Са3Со∞ А∞G∞.
Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында табиғи жағдайда сібір магнолиясы (магнолия сибирская — M.obovata) деп аталынатын бір ғана түр өседі (курил аралдарында). Мəдени жағдайда ең көп отырғызылатын түріне үлкен гүлді магнолияны (магнолия крупноцветковая — M.grandiflora) жатқызуға болады. Ол Флоридадан шыққан мəңгі жасыл ағаш, гүлі үлкен, түсі балауыз (воска) тəрізді ақ жəне жағымды иісі болады. Магнолияның кесілген бөренелері əртүрлі бұйымдар жасауға қажетті аса құнды материал болып саналады. Тұңғиықтар тұқымдасы – Nymphaeaceae

Түрлерінің жалпы саны 60 (4 туыс). Шыққан жері — тропиктер. Бұлар суда жəне батпақты жерлерде өсетін көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Жапырақтары судың бетіне көтеріліп тұрады немесе судың қабаттарында жүзіп жүреді. Барлық түрлерінің жақсы жетілген тамырсабақтары болады, гүлдері аса үлкен, олардың диаметрі 35 см дейін жетеді жəне судың бетінен көтеріліп, көрініп тұрады. Гүлінің құрылысы алуан түрлі болады. Гүлсерігі қарапайым немесе қосарланған болып келеді, ал күлте жапырақшаларының саны ересен көп.
Гүлінің формуласы: * Са3-5Со3-∞A6-∞G3-∞.
Ақбоз тұңғиық (кувшинка белая, или белая водяная — Nymphaea alba) Европада, Алдыңғы Азияда таралған өсімдік. Тамырсабағы үлкен, сабағы болмайтын шөптесін өсімдік. Жапырағы суда жүзіп жүреді, тамырсабағынан кететін жапырақ сағақтары аса ұзын болып келеді. Гүлдері аса үлкен, аздаған жағымды иісі болады; тостағанша жапырақшаларының саны əдетте 4 (3-5), күлтежапырақшаларының, аталықтарының жəне жеміс жапырақшаларының саны өте көп болып келеді жəне спиральдың бойымен орналасады. Гүл түйіні төменгі болып келеді. Гүлінің формуласы: * Са4Со∞A∞G(∞).
Жемістері көп ұялы, үлкен, шар тəрізді, сыртының барлығын тігістер каптап тұрады. Олар күлтежапырақшылары мен аталықтарының іздері болып табылады. Тамырсабағында крахмал мен танидтер жиналады. Оларды қоректік жем ретінде жəне илік заттарды алуға пайдаланады. Аппақ қардай тұңғиық (кувшинка белоснежная – N.condida) осыған дейінгі сипатталып жазылған ақбоз тұңғиықка (N. alba) жақын түр. Египет лотосы (лотос египетский- N. lotos) Африкада, əсіресе Нил өзенінің саласында кеңінен таралған, тамаша сəндік өсімдік. Кəдімгі сары тұңғиық (кубышка, или кубшинка желтая — Nuphar luteum) — үлкен, жуандығы 5-6 см келетін тамырсабағынан кететін жапырақтары ұзын сағақты болып келетін су өсімдігі. Гүлдері жалғыздан орналасады, түсі сары немесе қызғылт сары түсті болып келеді. Тостағаншасы 5-6 жасыл жапырақшадан, күлтесі 13-15-сары немесе қызғылт сары жапырақшадан тұрады; гүл түйіні үстіңгі, 10-16 ұялы болып келеді.
Сарғалдақтар тұқымдасы – Ranunculaceae
Бұл тұқымдаста 2 мындай тур бар (45 туыс). Олардың көпшілігі қоңьыржай жəне салқын климатты аймақтарда кеңінен таралған өсімдіктер, кейбір түрлері тропикада өседі. Caрғалдақгүлділер көп жағдайда, əсіресе ылғалы мол шалғындарда жəне ормандарда өсімдіктер жабының негізгі компоненттерінің бірі. Негізгі өмірлік формасы — көпжылдық шөптесін өсімдіктер, олар тамырсабақ жəне түйнек түрінде жердің астында қыстап шығады, сиректеу кішігірім бұталар немесе лианалар.
Жапырактарының жапырақ cepiгi болмайды, олар қарапайым тілімделген немесе терең қалақша тəрізді тілімделген (лопастные) болып келеді, сабаққа кезектесіп немесе қарамақарсы орналасады. Гүлдері алуан түрлі — ациклді, гемициклді, циклді; актиноморфты жəне зигоморфты, гүл cepiгi қарапайым немесе қосмарланған; гинецейі апокарпты немесе ценокарпты. Гүлдерінің алуантүрлілігі осы тұқымдасқа біріктірілген туыстардың, эволюциялық дамудың əртүрлі сатысында тұрғандығымен тікелей байланысты. Сонымен бір туыстарының гүлдерінің құрылысы көпжемістілерге тəн қарапайым: гүл cepiгi қарапайым, гүлінің компоненттерінің саны өлшеусіз көп, спиральдың бойымен орналасқан, тəтті шырыны (нектарнигі) жоқ (сарғалдақ — Trollius, желайдар — Anemone, қалтагүл — Caltha); екінші біреулерінің гүлдерінің құрылысында насекомдармен тозаңдануға бейімделуіне байланысты жоғарғы деңгейде маманданғандықтың белгілері байқалады. Мысалы, гүл тепкісі бар (шпорцелері), шөмішгүл (водосбор — Aquilegia, тегеурін гүл — живокость — Delphinium), гүл cepiгi зигоморфты (у қорғасын — борец — Aconitum, тегеурінгүл — живокость — Delphinium), кейбір туыстары желмен тозаңдануға маманданған, шамасы екінші peт болса керек, — гүл cepiгi редукцияға ұшыраған (маралоты — василистник- Thalictram). Сондықтанда, туыстарды анықтағанда гүлдің құрылысының белгілері маңызды роль атқарады.
Жемістері көп жағдайда құрама — таптамалардың жиынтығынан (сборная листовка), жаңғақшалардың жиынтығы немесе қарапайым жидектəрізді болып келеді.
Сарғалдақгүлділердің бойында көп жағдайда улы алколоидтар болады, сондықтанда оларды мал жемейді. Пішенге орылатын шалғындарда жəне жайылымдарда олар қажет емес компоненттердің бірі болып табылады. Бұлар негізінен сəндік жəне дəрілік өсімдіктер.
Тегеурінгүл туысы (живокость — Delphinium) 200-дей түрі бар. Табиғатта кең таралған жерлері — жер шарының екі бөлігінің де қоңыржай климатты белдеулері болып табылады. Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 80-дей, ал Қазақстанда 28 түрі бар. Біржылдық жəне көпжылдық өсімдіктер, жапырақтары азды-көпті тілімделген болып келеді. Гүлдері зигоморфты, гүл cepiгi 5 мүшелі, тостағанша жапырақшалары күлте жапырақшаларына ұқсас, оның үстінгісі түп жағынан іші қуыс
жартылай гүл тепкісіне ұқсас созылған болып келеді. Күлте жапырақшалының саны 1-3, олар гүл шырынына аиналып кеткен. Олардың біреуі ұзарып гул тепкісіне (шпорцке) айналған жəне ол тостағанша жапырақшаның тепкісінің ішіне еніп жатады. Аталықтары көп болады, ал аналықтарының саны əртүрлі. Бір түрлерінде аналықтарының саны біреуден болса, ал екіншілерінде ол 3-5 дейін болады. Бір аналығы бар түрлері ерекше сокирки (Consolida) деп аталынатын туысқа біріктірілген. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында ең кең таралған өкілдерінің бірі дала сокиркиі (C.regalis), ол жаздық жəне күздік дақылдардың арамшөбі.
Маралоты туысы (василистник — Thalictrum). Европада, Азияда, Африкада жəне Солтүстік Америкада кең таралған 60-тай түрі бар. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 19 түрі, ал Қазақстанда 8 түрі өседі. Қазақстанда кең таралған өкілдерінің бірі шөмішгүлжапырақты маралоты (василистник водосборолистный- Тh. aquilegiafolium), ол биіктігі 1 м-дей болатын көпжылдық шөптесін өсімдік.
Сарғалдақ туысы (лютик — Ranunculus) 600-дей түрі бар. Бұлардың көпшілігі өте кең таралған жөне ылғалы мол жерлердің өсімдіктер жабынында, ылғалы мол жайылмаларда, батпақтарда жəне т.б. жерлерде доминант болып саналады. Capғалдақтың түрлері барлық континенттерде кездеседі. Бұрынғы одақтас республикалардың территориясында 180-дей, ал Қазақстанда 57 түрі бар. Олардың ішіндегі ең кең таралғандары күйдіргі сарғалдақ (лютик едкий — R.acris), сарғылт сарғалдақ (лютик золотистый — R.auricomus), улы сарғалдақ (лютик ядовитый K.sceleratus) жəне басқалар. Барлық түрлері негізінен көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу біржылдық, барлық уақытта дерлік улы деп айтуға болады. Гүлінің формуласы: *
Са5Со5 А∞G∞.
Бұршақтар тұқымдасы — Fabacеае, Рapilionaceae

Бақылау сұрақтары:
1. Қосжарнақтылардың қандай маңызы бар?
2. Магнолиялардың гүліне, жемісіне тəн қандай айрықша белгілері бар?
3. Тұңғиықтар тұқымдасына тəн қандай ерекше белгілерін білесің?
4. Сарғалдақтар тұқымдасының басқа тұқымдастардан айырмашылығы неде?
5. Бұршақ тұқымдасына ғана тəн қандай айрықша белгілер бар?
6. Бұршақ тұқымдасына қандай туыстар жатады? Табиғатта ең көп таралған өкілдері.
7. Құлқайырлар тұқымдасының қандай шаруашылық маңызы бар?
8. Шатыргүлдердің қандай практикалық маңызы бар? Қолданылған əдебиеттер:
1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
6. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *