Дилена тұқымдастарынан тараған қатарлар

Дилена тұқымдастарынан тараған қатарлар. Алаботалар, ерінгүлділер тұқымдасы Қарастырылатын сұрақтар:
1. Алаботалар мен ерінгүлдердің тұқымдастарының айырмашылығы мен ұқсастығы
2. Практикалық маңызы
Дəрістің мақсаты: Алаботалар тұқымдасына жалпы сипаттама. Географиялық таралуы. Гүлшоғыры, гүлі, жемісі. Олардың адам тіршілігіндегі маңызы. Ерінгүлділер тұқымдасының географиялық таралуы жəне экологиясы. Тіршілік формалары жəне вегетативтік органдарының негізгі ерекшелігі. Гүлшоғыры, гүлі, жемісі. Табиғат пен адам тіршілігіндегі маңызы.
Ерінгүлділер немесе тауқалақайлар тұқымдасы — Labiatae, Lamiaсеае
Тұқымдаска 4 мыңдай түр жатады (200-ден астам туыс). Көпжылдық жəне біржылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұталар, сиректеу бұталар. Антарктидадан басқа құрлықтардың барлығында өседі, бірақ түрлерінің ең көп тараған жерлері Жерорта теңізі жағалауының, Алдыңғы жəне Орта Азияның шөлді жəне шөлейт аудандары.
Сабағы 4-қырлы. Жапырақтары кезектесіп орналасады. Жапырақтары қарапайым (жай жапырақтар), қосалқы жапырақшалары болмайды. Сабақтары мен жапырақтары безді түктермен немесе қабыршақтармен жабылған, олар эфир майларын бөліп шығарады. Гүлшоғыры əртүрлі тирстен тұрады. Гүлдері зигоморфты, көп жағдайда екі ерінді, сиректеу актиноморфты гүлге өте жақын болады. Тостағанша жапырақшалары біріккен, қоңырау тəрізді, түтік тəрізді немесе екі ерінді, өдетге 5-мүшелі. Күлтесі барлық уақытта 5мүшелі. Желектердің бірігуінің нəтижесінде күлтенің төменгі жағы трубка, ал жоғарғы жағы отгиб (күлте алақаны) түзеді. Қалыпты жағдайда отгиб екі ерінді болады, жоғарғы ерін 2 желектен, ал төменгі ерін 3 желектен тұрады. Сиректеу ол 4-мүшелі немесе бір ерінді болады. Түтіктің іші жалаңаш жəне жылтыр немесе аталықтардың біріккен жерінен сəл төмендеу түктердің (үлпектердің) шеңбері болады. Осы бейімделушілікің болуы немесе болмауы — аса маңызды систематикалық белгі болып табылады. Андроцейі күлтенің трубкасына бекінген 4 аталықтан тұрады, оның 2 ұзын, 2 қыска болады. Андроцейі 2 аталықтан тұратын туыстарыда кездеседі. Гинецейі барлық уақытта 2 біріккен жеміс жапырақшаларынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, бірақ 4-ұялы (бөліп тұратын пердесінің 2жалған), əр ұяда 1-ден тұқымбүрі болады. Аналықтың мойны біршама ұзын болады жəне 2жақтаулы аналық аузымен (2-лопостным рыльцем) аяқталады. Ақ тауқалақайдың гүлінің формуласы:
↑ Са(5)Со(2+3)A2+2G(2).
Жемісі 4 жаңғакшаға бөлінеді.
Тауқалақайлар тұқымдасына жататын өсімдіктер бойында көп мөлшерде, жағымды иіс шығаратын эфир майының болуына байланысты парфюмерия өндірісінде (розмарина — Rosmarinum жəне лаванда — lavandula), тамақ өнеркəсібінде (мускат шалфейі -Salvia sclarea) жəне медицинада (бұрыш жалбызы — мята перечная — Mentha piperita, сасықшөп – пустырник — Leonurus, шалфей туысының түрлері — Salvia, насыбайгүл — базилик — Ocimum, жебір – тимьян — Thymus) кеңінен қолданылады. Кейбір өсімдіктер сəнді болып келеді, сондықтанда оларды гүл өсіру шаруашылығында пайдаланады (шалфей блестящий — Salvia splendes дəрілік, сайсағыз — иссоп лекарственный — Hyssopus officinalis). Мынаай түрлері арамшөптер болып табылады: ақ тауқалақай (Lamium album), қайызғақшөп туысының түрлері (чистец — Stachys), пикульник (Galeopsis) жəне басқалар.
Алабұталар тұқымдасы – Chenopodiaceae

Тұқымдасқа 1600-дей түр (105 туыс) жатады. БОР-дың флорасында 350 түрі, ал Қазақстанда 225 түрі кездеседі. Олар жершарының барлық кеңістіктерінде, негізінен субтропикалық климаты құрғақ жəне топырағы тұзды болып келетін елдерінде көптеп өседі (Орта Азияда, Солтүстік Американың оңтүстік-батысында, Оңтүстік Америкада, Орталық Австралияда). Гүлдері ұсақ, көріксіз, циклды немесе гемициклды, актиноморфты, 5 мүшелі (гинецейден басқасы), қосжынысты немесе даражынысты болып келеді. Соңғы жағдайда редукцияға ұшыраған не аталық, не болмаса аналық жыныс органдарының іздерін көруге болады. Гүлсерігі қарапайым, тостағанша жапырақша түрінде болады, аталық гүлдері кейде редукцияға ұшыраған. Андроцейі 5 аталықтан, гинецейі ценокарпты 2-3 (4-5) жеміс жапырақшасынан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, кейде жартылай төменгі, 1-ұялы. Жемісі 1 тұқымды-жаңғақша, тұқымша, қалған тостағаншаларымен қоршалған болып келеді.
Қызылша туысы (Beta). Туыстың құрамында 13 түрі бар, оның 5-уі БОР-дың территориясында, ал Қазақстанда 1 ғана түрі өседі. Олар жерортатеңізі жағалауында Европаның батысы мен оңтүстігінде, Алдынғы Азияда жəне Орта Азияда өседі.
Қант қызылшасы (свекла обыкновенная — B.vulgaris) — екіжылдық өсімдік. Бірінші жылы өсімдік тамыр мойнының айналасында топтасып жертаған түзетін жапырақтар береді жəне тамыр жеміс түзеді, ал екінші жылы тамыржемістен сабақ кетеді, оның басында гүлшоғыры тирс түзіледі. Қызылшаны өндірістік мақсатта қант алу үшін, көкөністік жəне малға азық болатын өсімдік ретінде көптеп себеді. Кейде олар жабайы өсімдікке айналып кетеді де, арамшөп ретінде өседі (əсіресе Закавказьеде).
Алабұта туысы (марь — Сhenopodium). Дүние жүзі бойынша 250-дей түрі бар, БОР-дың флорасында 60 түрі, ал Қазақстанда — 20 түрі кездеседі. Біржылдық, екіжыддық жəне көпжылдық шөптесін өсімдіктер, сиректеу бұталар. Олардың көптеген түрлерінің жапырағының сыртын ұн сепкендей болып тұздардың кристалдары тұтып бұрады. Ал жас сабақтарының сыртында көптеген бүртіктері, яғни түктері (пузырчатые волоски) болады. Гүлдері негізінен қосжынысты, 5-мүшелі болады Бірқатар түрлері арамшөп ретінде кең тараған: ақ алабұта (марь белая — Сh. album) жəне дуал алабұтасы (марь стенная — Ch.murale).
Ақ алабұтаның гүлінің формуласы мынадай: * Р(5) A5 G(2).
Көкпек туысы (лебеда — Atriplex). Түрлерінің жалпы саны 230-дай, БОР-дың флорасында 30 түр, ал Қазақстанда 25 түрі өседі. Боз көкпек (лебеда седая — A.cana) жартылай бұта, ол Орта Азияның жартылай шөлдерінде ландшафт түзетін өсімдік. Бақ көкпегі (лебеда садовая — A.hortensis) мен жылтыр көкпек (лебеда лоснящаяся — A.nitens) біржылдық арамшөптер болып табылады.

Бақылау сұрақтары:
1. Алаботалардың құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
2. Алаботалар тұқымдасына қандай туыстар жатады? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?
3. Ерінгүлділерге ғана тəн қандай сыртқы белгілері бар?
4. Ерінгүлділер тұқымдасының қандай практикалық маңызы бар?

Қолданылған əдебиеттер:
1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
6. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *