БОТАНИКАНЫҢ НЕІЗГІ МƏСЕЛЕЛЕРІ


Ботаниканы оқып білудің осы уақыттағы негізгі мəселелерінің бірі — биосфера өнімдерін анықтау, оны дұрыс пайдалану, жаңа биологиялық активті заттарды іздеу, таза су мəселесімен қатар азық-түлік проблемаларын шешумен тығыз байланысты.
Қазіргі уақытта ботаника мен агрономияның алдында тұрған аса бір күрделі мəселелердің бірі — тез өсіп келе жатқан əлем халықтарын тамақпен қаматамасыз ету. Ол үшін жаңа, мол өнім беретін өсімдіктерді іздестіру, молекулярлық биологияның кейінгі жетістіктерін пайдалану арқылы бір өсімдік гендерін екінші бір өсімдікке ауыстыру арқылы тек құнарлы топырақта ғана емес, сонымен қатар сортаң, құнарсыз, суармалы емес жерлерде мол өнім алу бағытында жұмыстар жүргізу.
Азық-түлік проблемасы экономикалық, саяси жене əлеуметтік мəселе болып отыр. Соған байланысты белок, май, көмірсутегі, витаминдер, ферментгер жене баска физиологиялық активті заттарды бүрынғы əдет бойынша күнделікті өсірілетін мəдени өсімдіктерден ғана алу емес, сонымен қатар өзінің құндылығы, калориясы, сіңімділігі жағынан кем түспейтін, кей жағынан, олардан артық, мол өнім беретін өсімдік — балдырларды пайдалану тəсілдерін игеру. Балдырлар құндылық қасиеті жағынан мəдени өсімдіктерден асып та түседі. Кейбір балдыр құрғақ күйінде 70 %-ке дейін белок, 85 %-ке дейін май береді. Осыған орай ботаниканың бір саласы альгология жетістіктерін пайдалана отырып, таза су проблемасын шешуге қатысуға болады, сонымен қатар микробалдырлар орта есеппен алғанда басқа өсімдіктерге қарағанда күн энергиясын 3—5 есе артық жасырын энергияға айналдырады. Өсімдік — болашағы мол адам баласы үшін аса қажетті энергия көзі. Алғашқы фотосинтез құрушы организм болғандықтан тірі экосистема ретінде жан-жануарларды, адам баласын оттегімен, қуатпен жəне басқа тіршілікке қажетті заттармен қамтамасыз ететіңдіктен табиғатта ерекше орын алады.
Ғалымдардың есебі бойынша, жер жүзі кемелері күн тəулігінде 14 мың тонна əр түрлі жану қалдықтары мен мұнайды шығару арқылы суды ластап отырады екен. Алайда су беттерін мұндай қалдықтардың қаптап кетпеуі микроорганизмдердің əрекетіне байланысты болатын көрінеді. Осындай организмдерді табиғи жағдайда дүрыс пайдалану арқылы біраз экологиялық жағдайларды шешуге болатындығын тəжірибелер дəлелдеп жүр.
Бүгінгі таңдағы күрделі мəселенің бірі — СПИД. Кейінгі кезде қызыл балдырдан алынатын карраген заты спид вирусының өсуін тежейтіндігі анықталды. Олай болса ерте уақыттан бері адамзат баласы əр түрлі ауруларға шипа ретінде өсімдіктерді пайдаланып келді. Соған орай спидке қарсы дəрілік өсімдіктерден іздеген жөн шығар.
Жоғарыдағы мөселелермен қатар ботаниканьң басты мəселесінің бірі — өсімдіктердің бүгінгі талапқа сай филогенетикалық системасын құру. Ол үшін олардың шығу тегін анықтау, физиологиялық байланыстарын зерттеп, əр өсімдіктің бір-бірімен туыстық қатынастары мен айырмашылықтарын анықтау қажет.
a. Ботаниканы білу арқылы осы уақыттағы басты экологиялық проблемалардың бірі, планетамыздың болашағы таза əлем дүниесін жасауға болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *