Биосфера және оның құрылымы мен қызметі

Биосфера және оның құрылымы мен қызметі.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Адамның іс — әрекеті көрінетін биосфераның бөлігі: а) литосфера;
в) гидросфера; с) биогеоценоз; д) ноосфера.
2. Тірі заттың негізгі салмағын құрайды: а) жануарлар; в) бактериялар;
с) өсімдіктер; д) планктон.
3. Биосфераның жоғарғы шекарасы атмосферада 20 км өтеді, өйткені: а) оттегі аз; в) жарық аз; с) температура төмен; д) озон қабаты орналасады.
4. Фотосинтезге байланысты биосфераның қызметі: а) газдық; в) тотығу- тотықсыздандыру; с) жинақтау (концентрационная); д) газдық және тотығу- тотықсыздану.
5. В.И.Вернадскийдің ғылымының негізгі идеясы: а) тірі организмдер ашық жүйе болып табылады; в) табиғатта зат айналымы жүзеге асады; с) тірі организмдер күн сәулесі энергиясын химиялық процестердің энергиясына айналдырады.
6. Теңіз щөгінділері түзілген: а) нитраттармен; в) карбонаттармен;
с) оксидтермен; д) аммоний тұздарымен.
7. Мұнай, көмір және торфтың түзілуі әсер етті: а) айналымға қатысатын оттегінің мөлшерінің азаюына; в) көмір қышқыл газының атмосферадағы мөлшерінің тұрақты болуына; с) ауадағы оттегінің мөлшерінің көбеюіне; д) айналымға қатысатын көміртегінің мөлшерінің азаюына.
8. Тірі организмдер литосферада кездеседі: а) 8-10 см; в) 8-10 м: с) 2-4 км; д) 8-10 км.
9. Биосфераның биогеохимиялық қызметіне жатпайды: а) тотығу- тотықсыздандыру; в) консументтік және репродуценттік; с) деструкциялық және жинақтау (концентрационная); д) газдық және энергиялық.
10. Гидросферада тіршілікті шектейтін факторлар: а) төмен температура, көмір қышқыл газының мөлшерінің төмен болуы; в) жоғарғы температура мен қысым; с) жарықтың жоқтығы, жоғарғы қысым, оттегінің мөлшерінің аз болуы;
д) ультрафиолет сәулелерінің шағылысуы, оттегінің аздығы.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Биосфера ғылымының негізін салған ғалым …
2. Жер геосферасы: литосфера, гидросфера және ….
3. Биосфераның негізгі заттары: тірі, …., жанама (косное) және …
4. Тіршіліктің гидросферада төменгі шегі …
5. Организмдер мен абиогендік процестердің нәтижесінде пайда болатын заттар ….
6. Атмосфералық азотты топырақ азотына айналдырады …. ….
7. Тірі организмдердің денесіне әртүрлі химиялық элементтерді сіңіріп, жинақтауы нәтижесінде …, ,..,… …. түзіледі.
8. Табиғаттағы су айналымы …. деп аталады.
9. Атмосферадағы барлық оттегі организмдер денесінен ….. жылда өтеді.
10. Органикалық заттар түзуге күн энергиясының …. % қолданылады.
В2 . Сәйкестікті анықта. Биосфера заттары мен мысалдары арасындағы байланысты анықта.
Биосфера компоненттері мысалдар
1) Боиожанама (биокосное)
2) Жанама (косное)
3) Биогендік
4) Тірі зат А) тірі ағзалар жиынтығы;
Ә) атмосфера газдары;
Б) топырақ;
В) тектоникалық өзгерістер мен метеориттерді өнімдері;
Г) мұнай мен көмір.
Үшінші бөлім. С1.
1. Биосферадағы күкірт айналымын сурет бойынша сипатта. Бұл айналымға қандай организмдер қандай процестер негізінде қатысады? Бұл айналымға адам қалай қатысады?

2. Оттегі мен көміртегінің айналымын сипатта. Бұл айналымға қандай организмдер қандай процестер негізінде қатысады? Бұл айналымға адам қалай қатысады?

2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Тропикалық ормандардың өнімділігі: а) 1-2 т\га; в) 5-6 т\га: с) 10-15 т\га:
д) 15-20 т\га.
2. Биосферадағы жыл сайын тірі заттың өнімділігі: а) 50 млрд т; в) 100 млрд т;
с) 150 млрд т; д) 200 млрд т.
3. Тіршіліктің жоғарғы шекарасы биіктікте: а) 15-20 км; в) 5-6 км; с) 9-10 км;
д) 11-12 км.
4. Атмосферада тіршілікті шектейтін факторлар: а) оттегі мен жарықтың жетіспеуі; в) төменгі температура, оттегінің жетіспеуі, космостық сәулелер;
с) жарықтың жоқтығы, көмір қышқыл газының жетіспеуі; д) температураның және қысымның жоғарлауы.
5. Бентос: а) суда еркін жүзетін жануарлар; в) теңіз толқынында еркін жүзетін организмдер; с) су ағысымен жүзетін ұсақ жәндіктер; д) теңіз түбінде жүзетін ағзалар.
6. Биосфераның тірі организмдерінің деструкциалық қызметі: а) тыныс алған кезде көміртегінің шығарылуы; в) өсімдіктердің көмір қышқыл газын көмірсуларға тотықсыздандыруы, ал көмірсуларды көмір қышқыл газына және суғы тотықтыру; с) өсімдіктердің оттегін шығаруы және көмір қышқыл газын сіңіруі; д) организмдердің минералды заттарға ыдырауы.
7. Биосфера терминін ғылымға енгізген: а) В.И.Вернадский; в) Ч.Дарвин;
с) Э.Зюсс; д) А.Н.Северцев.
8. Топырақ жатады: а) тірі затқа; в) биожана (биокосное) затқа; с) жанама (косное) затқа; д) дұрыс жауабы жоқ.
9. Биосферада тірі организмдер биомассасының ең көп шоғырланған аймағы:
а) құрлық; в) құрлық пен мұхит суының беткі қабаты; с) дүниежүзілік мұхит;
д) атмосфера.
10. Судың бір толық айналымы: а) 50000 жыл; в) 1 млн жыл; с) 2 млн жыл;
д) 200000 жыл.
Екінші бөлім В деңгейі. В1
1. Гидросферада тіршілікті шектейтін факторлар: қысым, …. …. және оттегінің жетіспеуі.
2. Тірі организмдердің денесіне әртүрлі химиялық элементтерді сіңіріп, жинақтауы биосфераның …. қызметі деп аталады.
3. Бос оттегі ауаға …. ыдырауы нәтижесінде шығады.
4. Құрлықта организмдер биомасса мөлшері полюстен экваторға дейн біртіндеп…..
5. Сулы ортаның жылуды жақсы сіңіруінің нәтижесінде мұхиттар мен теңіздердегі температура …. болады.
6. Судың ортаңғы қабатында еркін жүзетін ірі жануарлар …
7. Ультракүлгін сәулелерін сіңіретін ауа қабаты…
8. Жыл сайын өсімдіктер бөлетін оттегі мөлшері ….
9. Фофор көп мөлшерде …. организмінде жинақталады.
10. Күкірт табиғатта …., …. және … түрінде кездеседі.
В2 . Сәйкестікті анықта. Биосферадағы тірі заттардың биогеохимиялық қызметтері мен мысалдары арасындағы байланысты анықта.
биогеохимиялық қызметтері мысалдар
1) Орта түзуші;
2) Жинақтаушы (концентрационная);
3) Энергетикалық;
4) тотығу- тотықсыздандыру. А) күн сәулесін сіңіріп тізбек арқылы беру;
Ә) органикалық заттарды тыныс алу кезінде көмір қышқыл газына тотықтыру;
Б) сфагнум мүгі көп өскендіктен топрыақтың батпақтануы;
В) тірі организдерде химиялық элементтерді жинақтау және сіңіру;
Г) көмірқышқыл газын көміртегіне дейін тотықсызандыру..
Үшінші бөлім. С1.
1. Биосферадағы азот айналымын сурет бойынша сипатта. Бұл айналымға қандай организмдер қандай процестер негізінде қатысады? Бұл айналымға адам қалай қатысады?

2. Фосфордың және судың айналымын сипатта. Бұл айналымға қандай организмдер қандай процестер негізінде қатысады? Бұл айналымға адам қалай қатысады?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *