Биология ғылым ретінде

Кіріспе. Биология ғылым ретінде. Биологиялық зерттеу әдістері. Қазақстандық биолог- ғалымдардың биологияның дамуына қосқан үлестері.
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Жалпы биология зерттейді: а) өсімдіктер мен жануарлардың жалпы құрылысын; в) тірі және өлі табиғаттың біртұтастығын; с) тірі организмдердің жалпы даму заңдылықтарын; д) түрлердің шығу тегін.
2. Тірі организмдердің бір-бірімен және қоршаған ортамен байланысын зерттейді: а) генетика в) экология; с) гигиена д) физиология
3. Тірі организмдердің туыстығын ескеріп,топтарға бөліп оқытатын ғылым: а)экология; в) морфология; с) селекция; д) систематика.
4. Қандай әдістің көмегімен тірі организмдердің өміріндегі маусымдық ауысымдарды зерттейді:
а)эксперименттік; в) бақылау; с) тәжірибе әдісі; д) палеонтологиялық.
5. Эксперимент әдісін не үшін қолданады: а) өсімдіктердің қоректік заттарға қажеттілігін анықтау үшін; в) фотосинтездің табиғаттағы ролін анықтау үшін; с)құстардың ұшып кетуі мен келуін анықтау үшін; д) тірі организмдердің жүйеде алатын орнын анықтау үшін.
6. Қазіргі биологиядағы жаңа әдістер:
а) салыстыру в) бақылау с) масс-спектрометрия д) тәжірибе.
7. Биологияның дамуына XV- XVII ғасырда үлес қосқан ғалымдар:
а) Р. Гук, М. Мальпиги, А. Левенгук в) Ж.Б. Ламарк, Ж. Кювье
с) Л. Да Винчи, А. Везалий, У. Гарвей д) Т. Шванн, М. Шлейден.
Екінші бөлім В деңгейі.
1. Биология терминің алғаш қай жылы кім ұсынды?….
2. Өндірісте тірі организмдер мен биологиялық құбылыстарды қолданатын ғылым қалай аталады?….
3. ҚР Қызыл кітабын жасаудың бастамашысы ….
4. Геоботаниканың негізін салушы ғалым …
5. «Қазақстан құстары» 5 томдық еңбегінің серіктес авторы …
6. ҚР молекулалық биологиясының негізін қалаушы ғалым …
7. Мына терминдерге анықтама бер: эмбриология, палеонтология, селекция
Үшінші бөлім С деңгейі:
1. Биология пәнінің қазіргі таңдағы маңызы
2. И.И.Мечниковтің иммунитет теориясын ашуына көмектескен әдістер
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Тірі организмдердің тіршілік әрекеттерін зерттейді:
а) генетика в) экология; с) гигиена д) физиология.
2. Тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым:
а) генетика в) экология; с) гигиена д) физиология
3. Биология ғылымы неліктен фундаментальді болып саналады
а) биология ғылымы бар адамдарға маңызды;
в) өйткені биология барлық тірі ағзаларды зерттейді;
с) адамдар тірі табиғатта ертеден зерттеп келеді;
д) өйткені бұл ғылымның қорытындылары практикалық және теориялық маңызы бар.
4. Мына әдістердің қайсысын биология пәнінде қолданбайды:
а) тәжірибе; в) өлшеу; с) сұрау: д) мониторинг.
5. Құстардың ұшу және көбею кезіндегі мінез- құлығын зерттейтін әдіс:
а) тәжірибе; в) бақылау; с) өлшеу д) салыстыру.
6. Қазақстандағы алғаш молекулалық биологияның негізін қалаушы:
а) Н.Л.Удольская в) Р.А.Уразалиев с) М.А. Айтхожин д) А.Д. Джангалиев.
7. Қазақстанның флорасын зерттеген ғалым:
а) Н.Л.Удольская в) Р.А.Уразалиев с) Н.В. Павлов; д) Т.Б. Дарканбаев.
Екінші бөлім В деңгейі.
1. Қандай ғылым өзгергіштікті молекулалық деңгейде зерттейді?…
2. Тірі организмдердің шығу тегін зерттейтін ғылым қалай аталады?…
3. ҚР вирусологиясының негізін салушы ғалым ….
4. ҚР биотехнологияны дамытушы …
5. Жоғарғы өнімді мал қолтұқымдарын шығару бойынша атқарылған жұмыстар осы ғалымның есімімен байланысты …
6. Қазақстанда саңырауқұлақтарды бірінші болып зерттеген ғалым …
7. Мына терминдерге анықтама бер: анатомия, экология, эволюция.
Үшінші бөлім С деңгейі:
1. Тәжірибе әдісін алғаш қолданған ғалым…
2. Тірі организм күрделі құрылысты екеніне дәлелдемелер келтір.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *