БАЗИДИОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ. САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ

БАЗИДИОМИЦЕТТЕР КЛАСЫ. САҢЫРАУҚҰЛАҚТАРДЫҢ ПРАКТИКАЛЫҚ МАҢЫЗЫ.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Аскомицеттер мен базидиомицеттердің ұқсастығы мен айырмашылығы
2. Жеуге жарамды жəне улы саңырауқұлақтар
3. Олардың шаруашылық маңызы
Дəрістің мақсаты: Базидиальды саңырауқұлақтар, спора түзуші – базидия. Класс асты: холобазидиальды саңырауқұлақтар: экзобазидиальды саңырауқұлақтар, гименомицеттер. Плектаскалар тұқымдасы: түлкіжем, рыжиктер, грузд, волнушкалар; трутовиктер: трутовик, ақ саңырауқұлақ, аққайың саңырауқұлағы. Гастромицеттер қатары.
Базидиомицеттер класына жалпы сипаттама. Таралуы, экологиясы. Морфологиялық ерекшеліктері, көбеюі жəне дамуы. Классификациялау принциптері. Холобазидиомицеттер класс тармағын ажыратуға болатын ерекшеліктері. Гименомицеттер қатарындағы топтың жалпы белгілері. Гименофора мен жемістік денелер құрылысының қарапайым жəне жетілдірілген белгілері. Гетеробазидиялар класс тармағына тəн белгілер мен қатарлар. Қара күйелер — жоғары маманданған өсімдіктер паразиті. Қара күйелердің паразитттік тіршілікке бейімделу белгілері жəне олардың келтіретін зияны. Тат саңырауқұлақтарының морфологиялық ерекшеліктері. Саңырауқұлақтардың практикалық маңызы.
БАЗИДИОМИЦЕТТЕР — BASIDIOMYCETES КЛАСЫ
Бүл кластың 30 мындай түрі бар. Жынысты спора түзу органы базидий. Арнаулы жыныс органы түзілмейді. Базидиомицетгер, аско-мицеттер сияқты көп клеткалы бұтақталған мицелийлерден түрады. Бұл екі класқа жататын саңырауқүлақ түрлері де екі ядролы клеткалардан бастап бір-бірімен параллель дамиды.
Базидиомицеттерде жыныс процесінің нөтижесінде түзілген кариогамия редукциялы жолмен екі рет бөлініп, 4 гаплоидты ядро түзеді.
Клетканьщ жоғарғы үшынан стеригма деп аталатын ерекше өсіңділер өседі. Олардьщ ісінген ұштарына цитоплазма мен гаплоидты ядролар өтіп, базидиоспора түзіледі. Піскен споралар төңірегіне шашылады. Ең көп тараған төрт гаплоидты базидиоспоралары бар саңырауқүлақтардың, екі кейде алты спорасы барлары да кездеседі. Базидиоспоралары сырт қарағанда өзара ұқсас болып көрінгенімен, оларда жыныс айъірмашылығы бар. Бір споралардан — аналық, екіншілерінен ата-лық жынысты мицелийлер өсіп жетіледі. Көптеген базидийлі саңы-рауқүлақтарда гаплоидты базидиоспорадан бір ядролы гаплоидты мицелий өседі. Мүны алғашқы (бірінші ретті) мицелий дейді, ол біраз уақыт өткен соң соңғы (екінші ретгі) мицелиймен алмасады. Бүл клеткалардың анастомозы (клеткалардың дөнекерленуі, қосылуы, бас-қаша жағдайда цитоплазма жіпшелерінщ клетка қабығыньщ спорала-ры арқылы қосылып араласуы) жөне бір клетка ішіндегі затының екіншіге ауысуы арқылы жүреді, бірақ ядро қосылмайды. Сөйтіп, дикарионды мицелий еседі. Көбінесе гаплоидты гетеро-тадды мицелийлердің гифалары даму процесінде өзара кездесіп, одан екі ядролы екінші ретті мицелийлер түзіледі. Кейде гомоталды түрлерінде бір мицелийдің клеткалары анастомозаланып, екінші ретті мицелийге ауысады. Дикарионды клеткалардан гифалар өседі, оның екі ядросы қатарынан белініп, гифаларға етеді. Сөйтіп, екі ядролы (дикарионды) мицелий дамиды. Аскомицеттерде дикариондардьщ син-хроңды (бірден) кебеюі жемісті денеде бірнеше рет болса, базидио-мицеттердің онтогенездік дамуьшда бірақ рет болады. Дикарионды мицелий кейде кеп жылдық та болады, ал гаплоидты мицелий кешікпей солып қалады.
Базидиомицетгердің дикариондық мицелийлерінің екі ядросы бір мезгілде қатар бөлінеді. Олардың біреулерінде бөлінуядросы параллель жатады жөне пайда болган екі жүп ядролардың аралығында пер-де қүралады. Базидиомицеттердің екінші біреулерінде дикарионды мицелийлер күрделі жолмен кебейеді. Дикарион белінер алдында оған қарамақарсы бүйірінен базальды бөліміне қарай иілген бүйір өсінді шығады. Бөлінетін ядролар өсіңдіге қарай сөл көлбей орналасады да, бөлінген кезде оньщ біреуі сол өсіндіге өтеді. Екі қарама-қарсы жынысты бір жүп ядро гифаның жоғарғы (дистальды) жағына, ал қалған бір жүп ядроның бір сыңары гифаның төменгі (базальды) жағына қарай ауысады. Содан кейін гифа бүйір өсіндінің тұсынан пердемен бөлінеді, бүл кезде өсіндінің өзі де дистальды жағынан пер-демен белініп қалады. Бұдан соң бүйір өсінді гифаньщ базальды клеткасына қарай иіліп, шеттерімен түйіседі. Түйіскен жерінде тесік пайда болып, өсіндінің ядросы базальды клеткаға өтеді. Сөйтіп, базальды клеткада қарама-қарсы жынысты ядролар түзіледі. Бүл бүйір осіндісінің гифамен бірігіп, қосылып кетуін «қапсырма» (тага) деп атайды. Морфологиялық жағынан алғанда қапсырманың түзілуі қалталы саңырауқұлақтардың аскогендік гифаларының ілгектеріне сəйкес келеді. Мүндай осінділер базидийлердің дамуында да болады. Бұл базидий мен қалтаның шығуы бір тектес екендігін көрсетеді.
Аздаған базидиомицеттерде (экзобазидийлерде) дикарионды мицелийден бірден базидий мен базидиоспоралар өседі. Қаракүйе жəне тат саңырауқүлақтарында тъшышталған споралар түзіяеді, кейін одан базидийлер дамиды. Кеп базидиомицеттерде дикарионды мицелийден жемісті денелер пайда болды, олардың ішінде немесе үстінде базидий мен базидиоспоралар өседі. Жемісті денелердің пішіні мен мөлшері əр түрлі. Олар өрмекті шүбатылған бос, тығыз кигізді, тері сияқты қатты, ағашты, етгі жүмсақ, қабыршақты қатты, таға пішіндес немесе түбірлі қалпашықты келеді. Спора өсетін қабатьш гимений, ал гимений өсетін жемісті дененің жоғарғы қабатьш гаменофор деп атайды. Қарапайым базидиомицеттерде гименофор қабаты тегіс, ол жеміс денесінің жоғарғы жағында орналасады. Ал күрделі қүрылысты түрлерінде пластинка, түтік, иректелген тіс пішіндес болып, жеміс денесінің төменгі жағында орналасады. Базидий күрылысына қарай бір клеткалы холобазидий. Оның төменті кеңейген белімін гипобазидий, ал жоғарғы гипобазидийдің өсіндісін эпибазидий деп атайды.
Ол 2 не 4 бөліктен түрады. Кейбір базидиомицеттерде эпибазидий гипобазидийден перделер арқылы бөлініп түрады. Ондай күрделі базидийді гетеробазидий деп атайды. Мүнда базидий бойлай бөлшеді. Ал базидий көдденең 4 клеткаға бөлінсе, оны фрагаобазидий не склеробазидий деп атайды. Осы белгілеріне қарай базидиомицетгерді: холобазидиомицетер — Holobasidiomycetidae, гетеробазидиомицеттер Heterobasidiomycetidae, телиобазидиомицеттер — Teliobasidiomycetidae немесе телиоспоромицеттер — Teliosporomycetidae деп үш класс тармағына бөледі.

Бақылау сұрақтары:
1. Базидиомицеттер класының қандай өкілдерін білесің? Олардың ерекшелігі неде?
2. Холобазидиомицеттерді қалай ажыратуға болады? Гименофора дегеніміз не? Оның ерекшелігі неде?
3. Гетеробазидиялар класс тармағына тəн қандай белгілерді білесің? Қаракүйе саңырауқұлақтары мен тат саңырауқұлақтарының паразиттік тіршіліктерінің қандай айырмашлығы мен ұқсастығы бар?
4. Саңырауқұлақтардың қандай практикалық маңызы бар? Саңырауқұлақтардың тигізетін зияны бар ма?
Қолданылған əдебиеттер:
1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
6. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж. Дəріс №9,10

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *