Астық тұқымдастары

Астық тұқымдастары. Қабыршақты гүлдер. Қияқөлеңдер тұқымдасы. Тарылар тұқымдасы.
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Астық жəне қабыршақты гүлдер тұқымдастары.
2. Олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтары
3. Қияқөлеңдер жəне тарылар тұқымдастары
4. Практикалық маңызы.
Дəрістің мақсаты: Астық тұқымдастары бір тұқымдас – поацеамен көрсетілген. Бұлар көпжылдық, екі- жəне біржылдық шөптесін өсімдіктер, бірақ ағаш тəрізді түрлері де кездеседі. Көптеген түрлерінде тамырсабақ жақсы дамыған. 500 туысы жəне 6000 астам түрлері бар. Адам өмірінде өте үлкен роль атқарады. 5600 түр қияқөлеңдер белгілі. Олардың сабағы, гүлі, гүлшоғыры, жемісі, экологиясы. Қияқөлең, өлеңшөп. Тарылардың қабыршақтарының ерекшеліктері, гүлдері. Күріш, құмай, борыққамыс өкілдері. 4 қатардан, 7 тұқымдастан тұратын арецидалар 6500 түрі белгілі. Гүлдерінің қарапайымдылығы. Олардың жапырақтары, гүлшоғырлары. Тропиктарда, субтропиктарда кездесуі. Гүлдері, жемісі.
ҚАБЫРШАҚТЫ ГҮЛДЕР ҚАТАРЛАР ТОБЫ – GLUMIFLORAE
Табиғатта жəне халық шаруашылығында маңызы аса зор, жоғары деңгейде маманданған топ. Көптеген түрлері мен түрлерінің комплекстері шөлейттің, шалғынның, батпақгы жерлердің, прерийдің, саваннаның өсімдіктерінің негізін түзеді. Өмірлік формасында көпжылдық шөптесін өсімдіктері басым болып келеді. Оларға бұтактанудың ерекше түрі, түптеніп өсу тəн. Жер беті сабақтары сирек бұтактанады. Жапырақтары кезектесіп орналасады, қынапшалы болып келеді немесе қынапшалары мүлдем болмайды. Гүлсерігі қарапайым немесе желмен тозаңдануға ауысуына байланысты редукцияға ұшыраған. Ол қабыршықтардан, тікенектерден, талшықтардан тұрады, кейде гүлдері жалаңаш болып келеді.
Қияқөлеңдер тұқымдасы — Сурегасеае
Түрлерінің жалпы саны 5600 (120 туыс). Бұлар ұзын немесе қыска, симподиальды өсіп отыратын тамырсабағы, тығыз түптер-шымдар (кусты- дернины) немесе шоқалақтар түзетін көпжылдык шөптесін өсімдіктер. Сиректеу түйнектер түзетін немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер болып келеді. Дүниежүзінің барлық құрлықтарында кең таралған. Көптеген түрлері тропикалық елдерде өседі. Қоңыржай, жəне салқын климатты белдеулерде кейбір түрлерінің особьтарының саны көп болады жəне өсімдіктер жабынының, əсіресе батпақты жерлердің, аса маңызды компоненттері болып табылады. Сабақтары үшқырлы, сиректеу цилиндр тəрізді (өлеңшеп туысы — Scirpus), ішінің қуысы болмайды буындары мен буынаралықтары нашар байқалады. Жапырақтары сабаққың жоғарғы жағында орналасады, таспалы немесе таспалы-ланцетті, көп жағдайда шеттері төмен қарай қайрылған, қынапшасы барлық уақытта жабық болып келеді, тілшесі болмайды. Гүлшоғыры жай немесе күрделі масақ немесе агрегатты, жапырақ тəрізді немесе көн тəрізді гүласты жапырақшаларының қолтығында орналасқан көпгүлді, сиректеу біргүлді масақтардан тұрады. Гүлінің гүлсерігі болмайды (сəлемшөп-сыть-Cyperus, қиякөлең-осока-Сагех туыстары) немесе ол редукцияға қатты ұшыраған жəне 6 немесе саны одан аз, жұқа пленкалардан (өлеңшөп туысы-қамыш-Scirpus), сиректеу көп мөлшерде үлпектерден тұрады (ұлпабас туысыпушица — Егіорhorum). Андроцейі əдетте, бір шеңбердің бойына орналасқан 3 аталықтан тұрады. Гинецейі 3 немесе 2 жеміс жапырақшадан тұрады. Гүлтүйіні жоғарғы, 1-ұялы, 1 тұқым бүршігі болады. Аналықтың мойны (столбик) 3 немесе 2 біршама ұзын, жіп тəрізді болып келген аналықтың аузын (рыльца) жоғары көтеріп тұрады. Гүлдері қосжынысты (сəлемшөп, өлеңшөп, ұлпабас туыстары) немесе даражынысты (қиякөлең туысы). Соңғы жағдайда өсімдік бірүйлі, сиректеу екіүйлі болып келеді. Бірүйлі қиякөлендердің аталық жəне аналық гүлдері былай орналасады: гүлшоғыры тек ататық немесе аналық гүлдерден тұрады; гүлшоғыры қосжынысты, яғни оның бір жағында тек аналық гүлдері, ал екінші жағында тек аталық гүлдері орналасады. Гүлдің түп жағында түрі өзгерген, жабындық қабықшақ деп аталынатын, гүласты жапырақшасы орналасады. Қияқөлеңнің гүлін, жабындық қабықшақтан басқа, екі гүласты жапырақшаларының бірігуінің нəтижесінде пайда болған қапшықша қорғап тұрады. Қапшықшаның формасы мен мөлшері маңызды систематикалық белгілер болып табылады. Жемісі үшқырлы, шар тəрізді немесе формасы жалпайып жаншылғандау болып келетін жаңғақша.
Қияқөлең туысы. Жабық тұқымдылардың ішіндегі өзгергіш (полиморфный) туыстардың бірі. Түрлерінің жалпы саны 1,5 мың, БОР-дың флорасында 400, ал Қазақстанда 94. Тамырсабақты көпжылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары əдетте үшқырлы, сиректеу домалақ болып келеді. Жапырақтары таспа тəрізді, қынапшасы жабық болады. Гүлдері даражынысты: аталык гүлдерінің 3 аталығы болады (сиректеу оданда аз); аналық гүлдері екі тұмсығы бар немесе тұмсығы жоқ қапшықпен қапталған, гинецейінің 2-3 ауызы болады.
Гүлдерінің формуласы: *P0A0G(3); * P0A3G0
Жемісі үшқырлы немесе жалпайып жаншылғандау болып келетін жаңғақша.
Көптеген түрлері солтүстік ендіктің, солтүстік облыстарында кең таралған, мысалы шектамырлы қиякөлең (осока плетевидная или струннокоренная C.chordorrhiza), боз қиякөлең (осока сероватая — C.canescens) жəне т.б.
Батпақты жерлердің өсімдіктер қауымдастықтарының негізгі компоненттеріне торсылдақ қияқөлең (осока пузырчатая — C.vesicaria), үрме қияқөлең (осока вздутая — C.rostrata), қос аталықты қияқөлең (осока двухтычиночная — C.diandra), жағалық қияқолең (осока береговая — C.riparia) жəне т.б.
Шалғынды жерлерде кияқөлеңдердің мына түрлері жиі өседі: үшкір қияқөлең (осока острая — C.acuta), түлкі кияқөлең (осока лисья — C.vulpina), қоян кияқөлең (осока заячья — C.leporina), қосқатар қияқөлең (осока двурядная — C.disticha), түпті қияқөлең (осока дернистая — C.caespitosa) жəне т.б.
Батпаққа ауысатын ылғадды шалғындарда тік қияқөлең (осока стройная — C.gracffis), жағалық қияқөлең (осока береговая — C.riparia), тікенше кияқөлең (осока заостренная — C.acutiformis) жəне т.б. өседі. Шөлейтті аймақтың өсімдіктер қауымдастықтарында аласа қияқөлең (осока низкая — C.hurailis), ормаңдарда — орман кияқөлеңі (осока лесная — C.sylvatica), жұлдызша қияқөлең (осока звездчатая — C.stellulata), тау кияқөлеңі (осока горная — C.montana), түкті қиякөлең (осока волосистая — C.pilosa) жəне тағы басқалар ерекше басым болып келеді.
Құрғақ жерлердің шөлейттің, шөлдің, сонымен бірге көптеген таулы аудандардың қияқөлендері жайлымдарда өзінің жұғымдылығы (нəрлігі) жəне желінуі жағьшан астық тұқымдасынан онша кем түспейтін өсімдіктер. Ылғалды жəне батпақты жерлердің киякөлендерінің жапырақтары сояуланған болып келеді, сондықтанда оларды малдар нашар жейді. Қиякөлендерді жылжымалы құмдарды бекітуге (үйінді құмдарды), циновкалар тоқуға пайдаланылады, сонымен бірге оларды сəндік өсімдіктер ретінде өсіреді.
Өлеңшеп туысы (қамыш — Scirpus). Дүниежүзінің барлық құрылықтарында, əсіресе тропикалық жəне субтропикалық зоналарда кең таралған 400-дей түрі бар. БОР-дың территориясында 19 түрі, Қазақстанда 3 түрі кездеседі. Көпжылдық тамырсабақты немесе біржылдық шөптесін өсімдіктер, көп жағдайда өзендер мен көлдердің жағалауларында, суда жəне батпақты жерлерде өседі. Өкілдеріне қара өлеңшөп (камыш озерный -S.lacustris) пен орман өлеңшөбі (камыш лесной — S.sylvaticus) жатады. Бұлардың екеуіде жемшөптік өсімдіктер.
Астық немесе қоңырбастар тұқымдасы — Gramineae, Poaceae
Астық тұқымдасы даражарнақтылар класының ішіндегі ең үлкені, оған 7,5-10 мың түр жəне 700-дей туыс жатады. Олардың ішінде космополит түрлері құрлықтардың барлығында кең таралған болып келеді. Астық тұқымдасы көп жағдайда шалғындар мен шөлейт жерлердің табиғи өсімдіктер жабынында басым болады. Тамаққа пайдаланылатын жəне малға азық болатын өсімдіктер ретінде олардың халық шаруашылығындағы маңызы аса зор. Тіршілік формалары негізінен көпжылдық жəне біржылдық шөптесін өсімдіктер. Тұқымдастың ағаш тəрізді өкілдері өсетін тропикалық жəне субтропикалық аймақтарда тіршілік формалары алуан түрлі болып келеді. Өркеннің көлбеу орналасқан бөліктерінің ұзындықтарыиа қарай өсімдікгерді тығыз түптенген, сирек түптенген жəне тамырсабақты деп бөледі. Олар негізінен шашақтамырлы, сабақтары буыннан жəне буын аралықтарынан тұрады. Астық тұқымдасының сабақтары əрбір буын аралығының түп жағындағы клеткалардың бөлінуінің нəтижесінде ұзындыққа өседі. Мұндай өсуді қыстырма (вставочная) меристемалар арқылы өсу деп атайды.
Көптеген астық тұқымдасының, мысалы бидайдың, қарабидайдың, атқонақтың, сабағының буын аралығының іші қуыс, ал буындары ұлпалармен толтырылған болып келеді.
Мұндай сабақты сабан (соломина) деп атайды. Ал кейбір астық тұқымдастарының (жүгерінің жəне борыққамыстың) буынаралықтары да ұлпалармен толтырылған болып келеді.
Жапырақтары кезектесіп орналасады жəне екі қатар түзеді. Астық тұқымдасының жапырақтары, əдетте жіңішке, ұзын, параллель жүйкеленген болып келеді жəне олардың қынапшасы болады. Қынапша дегеніміз трубка тəрізді болып келген жапырақтың кеңейген түп жағы. Қынапша сабақты оның буынынан жоғарырақ орап тұрады, одан жапырақ кетеді. Астық тұқымдасында қынапша буынаралығының түп жағында орналасқан, жəне төменгі бөлінетін клеткаларды қорғап тұрады. Астық тұқымдасы осы ерекшелігімен басқа тұқымдастарға жататын өсімдіктерден ажыратылады. Жапырақ тақтасының қынапшасынан кететін жерінде пленка тəрізді өскіні немесе тілшесі болады. Ол сабақпен қынапшаның арасына судың өтуіне мүмкіндік бермейді. Астық тұқымдасының ұсақ, көріксіз гүлдері жай гүлшоғырын — масақтарын түзеді. Олар өз кезегінде күрделі гүлшоғырын — күрделі масақ, сыпырғы түзеді. Астық тұқымдасының барлығының дерлік əрбір масағының түп жағында екі масақтың қауызы болады (чешуи). Масақтарындағы гүлдердің саны əртүрлі астық тұкымдасында бірдей емес, біреуден бірнешеуге дейін барады. Астық тұқымдасының көпшілігінде əрбір гүлдің 2-ден гүлдік қауызы, 2 гүлдік пленкасы (қабықшасы), 3 аталығы жəне бір аналығы болады. Соңғысының, яғни аналығының сыртын қалың түктер қаптаған екі отырмалы аузы болады (рыльце). Гүл түйіні жоғарғы, барлық уақытта бір ғана тұқым бүрі болады.
Бақылау сұрақтары:
1. Дара жарнақтылар класына тəн белгілерді атаңыз? Құртқашаш тұқымдасын қандай белгілеріне қарай дара жарнақтыларға жатқызады?
2. Лалагүлдер тұқымдасына қандай туыстар жатады?
3. Қияқөлеңдер тұқымдасының табиғат пен адам өміріндегі маңызы қандай?
4. Астық тұқымдасы қандай тұқымдас тармақтарынан тұрады? Олардың практикалық маңызы қандай? Тұқымдасқа тəн негізгі морфологиялық белгілерді атаңыз.
Қолданылған əдебиеттер:
1. Жуковский П.М. «Ботаника» М., 1964 жыл, 308-322 беттер.
2. Петренко А.З. «Систематика растений» электрондық нұсқасы Орал, 2004 жыл
3. Богданов «Практические занятия по систематике растений» С. 80, 41 сурет.
4. Мейер «Практический курс морфологии и систематики высших растений»
5. Тарасов А.О. «Введение в изучение систематики высших растений» Саратов., 1963 жыл
6. Ə.Ə.Əметов «Ботаника» Алматы, 2000 ж.







Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *