Антропосоциогенез

Антропосоциогенез
1-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Құлақ маңындағы бұлшықеттер, терідегі түктер, омыртқа жотасының құйымшақ бөлімі, соқырішек қандай белгілерге жатады:
а) рудимент; в) аналогия; с) атавизм; д) гомология.
2. Антропология терминін алғаш ғылымға енгізген ғалым:
а) Ж.Б.Ламарк; в) Аристотель; с) К.Линней; д)Ч.Дарвин.
3. 14-8 млн. Жыл бұрын өмір сүрген адамтектес маймылдардың тобы қалай аталады?
а) рамапитектер; в) аустралопитектер; дриопитектер; д) архантроптар.
4. Адамның әлеуметтік эволюциясы неше кезеңге бөлінеді?
а) үш; в) екі; с) бес; д) төрт.
5. Кромоньеондықтар қай жылы қайдан табылды:
а) 1859ж. Германия; в) 1938 ж.Қытай; с)1865 ж.Ява аралы; д) 1868ж Франция.
6. Питекантроптардың миының салмағы: а) 900гр; в)750гр; с) 1000гр: д) 450 гр.
7. Антропогенездің биологиялық факторларына жататындар:
а) тұқымқуалау, өзгергіштік, тіршілік үшін күрес;
в) қоғамдық қарым –қатынас, тіршілік үшін күрес, табиғи сұрыпталу;
с) еңбек әрекеті,сөз,сөйлеу; д) табиғи сұрыпталу,еңбек әрекеті, тұқым қуалау.
8. Ұрпақтарына қамқорлық, қарттарды қадірлеу және олармен санасу дәстүрін ұстағандар:
а) палеонтроптар; в) неонтроптар; с) неандертальдар; д) Кромоньеон адамы.
9. Ертедегі адамдардың мекен жайлары, пайдаланған еңбек құралдары Қазақстанның қандай аймақтарынан табылды?
а) Орталық Қазақстан,Бетпақдала; в) Батыс Қазақстан өңірі;
с) Шығыс Қазақстан (Алтай өңірі); д) барлық жауап дұрыс.
10. «Маймыладам» деген ат кімге берілді?
а) Питекантроптарға; в) синантроптарға;
с) аустралопитектерге; д) дриопитектерге.
Екінші бөлім В деңгейі: В1
1. Адамда және адамтектес маймылдарда қанша хромосомадан бар… және…
2. 1891 жылы Ява аралынан тасқа айналған ежелгі адамның қазба қалдықтарын тапқан недерландық ғалым …
3. Архантроптар тіршілік еткен кезең …
4. Нәсілдер бір жерден пайда болып, кейін басқа жерлерге тараған деген тұжырым…
5. Антропогенездің әлеуметтік басты қозғаушы күші …
6. Негізгі нәсілдер…, …, ….
7. Аустралопитек сөзінің аудармасы…
8. Адамның тік жүруі неге әкеп соқты….
9. Қазіргі заманның қазба адамдары…
10. Ең алғаш отты пайдаланғандар …
В2 . Сәйкестікті анықта.
Қазіргі адамдар Ертедегі адамдар Ежелгі адамдар

1) Жақсы дамыған тіл мен иек: 2) отты қолдана білу; 3) қарапайым еңбек құралдарын дайындай алу; 4) табындасып өмір сүру; 5) от тұтата білу; 6) питекантроптар; 7) неандертальдықтар; 8) қарапайым ымдау арқылы, дыбыс шығару арқылы араласу; 9) тасқа суреттер салу; 10) үңгірлерде өмір сүру; 11) аң терілерінен киім тіге білу; 12) алғашқы әдет — ғұрыптың пайда бола бастауы; 13) егіншілікпен айналысу; 14) жоғарғы деңгейдегі ақыл- ой; 15) баспаналар салу; 16) жеміс -жидектер жинау; 17) мидың көлемі 1600 см3; 18) синантроптар; 19) крамоньеондық адамдар; 20) тар және тайқы маңдай; 21) абстрактлы ойлаудың дамуы.
В4 Адам эволюциясын арғы тегі қолданған еңбек құралдарын қолдану мысалдары арқылы дұрыс ретін анықта.
1) Еңбек құралдарын таспен сүйектен жасау; 2) әртүрлі таспен, сүйекпен, ағашпен құралдар жасау; 3) таяқтар, тастар, жануарлар сүйектерін қолдану; 4) баспаналар салу, жануарлар терісін жамылған, еңбек құралдарын мүйізден, сүйектен, кремнийден жасаған; 5) малтатастан жасаған қарапайым құралдар.

Үшінші бөлім. С1.
1. Адам мен адамтәріздес маймылдардың ұқастығын жаз.
2. Адам эволюциясының сызбасын жаз
3. Тік жүрудің кемшілігі.
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.
1) Адамның даму тарихы үш кезеңге бөлінеді: ежелгі адамдар, ертедегі адамдар және қазіргі адамдар; 2) Ежелгі адамдарға неандертальдықтарды жатқызуға болады; 3) Адамның арғы тегі аустралопитектер осыдан 3-5 млн жыл бұрын Европада тіршілік еткен; 4) Гейделберг адамы малтатастардан әртүрлі құралдар жасай білгендіктен епті адам аталған; 5) Неандертальдықтар осыдан қырық мың жыл бұрын Еуропа,Африка және Азияның оңтүстік аймақтарында өмір сүрген; 6) Кромоньеондықтардың иегі жақсы дамыған, айқын сөйлеген, маңдайы тайқы, бойының ұзындығы 170-180 см болған; 7) Синантроп Ява аралынан табылған, ол қазіргі адамдарға жатады.
2-нұсқа
Бірінші бөлім А деңгейі.
1. Денені қалың түк басуы, көп емшекті болу қандай белгі:
а) рудимент; в) аналогия; с) атавизм; д) гомология
2. Архантроптардың бойының ұзындығы:
а) 150-160 см; в) 165-170 см; с) 155-165 см; д) 170-180 см.
3. Неандерталдықтардың миының көлемі қанша болған?
а) 1400 см3; в) 800-1000 см3; с) 1600 см3; д) 500-600 см3.
4. Ежелгі адамдар осыдан қанша жыл бұрын пайда болған?
А) 1млн жыл бұрын; в) 200 мың жыл бқрын;
с) 40 мың жыл бұрын; д) 2-3 млн млн жыл бұрын.
5. Саналы адамның арғы тегі:
а) аустралопитек; в) питекантроп; с) неандерталь; д) кромоньеон.
6. Тік жүретін адам латынша:
а) Homo sapiens; в) Homo habilis; с) Homo erectus; д) Australopitecus africanus.
7. Алғашқы аустралопитектер қайдан табылған:
а) Оңтүстік Америка; в) Оңтүстік Африка; с) Батыс Африка; д) Греландияда.
8. Қайсысы артық:
а) Питекантроп; в) синантроп; с) неандерталь адамы; д) гейдельберг адамы.
9. Синантроптардың белгілері:
а) еңбек құралдарын жасамаған; в) миының көлемі 950см3;
с) 600-400мың жыл тіршілік еткен, миының көлемі -1200см3, отты қолданған;
д) қас үсті доғасы және иегі дамыған.
10. Мына сипаттама қай адамға тән: «Қас үсті доғасы қалың және алдыңа қарай шығыңқы, маңдайы тайқы,жақ сүйектері ірі, ал иегі шығыңқы емес. Миының көлемі 800-1000 см3 шамасында, бойының биіктігі 160-170 см. Топтасып аң аулап, тастан және сүйектен үшкірлеп құралдар жасаған». А) аустроалопитектер; в) неандертальдықтар; с) питекантроптар; д) Кроманьеондықтар.
Екінші бөлім В деңгейі: В1
1. Еңбек ету нәтижесінде, біздің ежелгі маймылға ұқсас ата тектерімізде морфологиялық физиологиялық өзгерістердің пайда болуы …
2. Антропогенездің биологиялық қозғаушы күштері …
3. Монголоидтық нәсілдердің тараған жерлері …
4. Осы тұжырым бойынша нәсілдер әрбір аймақта жекелей пайда болған деп түсіндіреді …
5. Нәсілдердің пайда болуы неге байланысты…
6. Саналы адам қашан пайда болды ?
7. Кромоньондықтардың миының көлемі ….
8. Епті адам қай жерде табылған?…
9. Аустралопитек сөзі қалай аударылады? …
10. Питекантроптың табылған жері ….
В2 . Сәйкестікті анықта.
Негроидтар европоидтықтар монголоидтар

1) Қатты тік шаш: 2) қара, бұйра шаш; 3) жұмсақ бұйра немесе тік шаш; 4) терінің түгі орташа; 5) жалпақ бет, көз қиығы қиғаш, қысыңқы; 6) терісінің түсі сары және қоңыр; 7) терісінің түсі ақ; 8) терісінің түсі қара; 9) мұрыны жалпақ;
10) маңдайы кең және тік; 11) ерні қалың; 12) ерні жұқа.
В4 Адам эволюциясын арғы тегінің тіршілігі арқылы дұрыс ретін анықта.
1. Топ болып қауымдасып тіршілік еткен, еңбек құралдары мен баспаналар жасаған, сөйлеу арқылы қарым- қатынас жасаған;
2. Топ болып үңгірлерде тіршілік еткен, отты қолданған;
3. Өте үлкен топтармен тіршілік еткен, отты жағуды білген, ыммен және жай сөйлеу болған;
4. Ашық жерлерде тіршілік еткен, жартылай тік екі аяқпен жүрген;
5. Топ болып тіршілік еткен, қарапайым құрылыстар салған, жабайы аңдардың терісін киім ретінде жамылған, отты пайдаланған.


Үшінші бөлім. С1.
1. Адам мен адамтәріздес маймылдардың айырмашылығын жаз.
2. Адамның жануарларжүйеде алатын орнын жаз
3. Тік жүрудің артықшылығы. Нәсілшілдікке қарсы өз ойыңды жаз
С2. Мәтіндегі қателерді тауып, түзет.
1) Адамның даму тарихы үш кезеңге бөлінеді: ежелгі адамдар, ертедегі адамдар және қазіргі адамдар; 2) Ертедегі адамдарға кромоньеондықтарды жатқызуға болады; 3) Адамның арғы тегі аустралопитектер осыдан отты пайдалана алған; 4) Гейделберг адамы Ява аралынан табылған, ол ертедегі адамдарға жатады; 5) Синантроптар осыдан қырық мың жыл бұрын Еуропа,Африка және Азияның оңтүстік аймақтарында өмір сүрген; 6) Неандертальдықтардың иегі жақсы дамыған, айқын сөйлеген, маңдайы тайқы, бойының ұзындығы 170-180 см болған; 7) Синантроп Қытайда табылған, ол қазіргі адамдарға жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *