Өсімдіктер және жануарлар жасушалары

Өсімдіктер және жануарлар жасушаларының салыстырмалы сипаттамасы

Өсімдік жасушаларында жануарларға тән тұрақты қосындылары: эндоплазмалық тор, рибосомалар, митохондрийлер, Гольджи аппараты болады. Дегенменде ол жануарлар жасушаларынан мына белгілерімен: 1) айтарлықтай қалың берік жасуша қабырғасымен; 2) органикалық заттардың күн сәулесі тарататын минералдардан алғашқы түзілуі ерекше тұрақты қосындылары — пластидтермен; 3) жасушалардың айтарлықтай осматикалық қасиетін көрсететін дамыған вакуольдер жүйесімен ерекшеленеді.

Өсімдік жасушалары, жануарлар жасушасындай цитоплазмалық жарғақпен қоршалған, бірақ одан басқа қалың, жануарларда болмайтын жасұнықтан (целлюлоза) тұратын жасуша қабырғасымен шектелген.

Өсімдік организмінің зат алмасуында ең ерекше айырмашылықтардың бірі, ол ондағы түзілу процесі қуат шығаратын процестен басым болуында.

Ең алғаш көмірсулардың бейорганикалық заттардан түзілуі пластидада іске асады. Пластидтердің үш түрін ажыратады: 1) лейкопластар – түссіз пластидтер, онда моносахаридтер мен дисахаридтерден крахмал түзіледі (май немесе ақуыз қорын жинайтында лейкопластар болады); 2) хлоропластар – хлорофилл бояутегін сақтайтын жасыл пластидтер, онда фотосинтез жүреді; 3) хромопластар — каротиноид тобының түрлі бояутегін қосатын жасыл пластидтер, олар гүлдер, жемісұрығын ашық бояумен қамтамасыз етеді.

Пластидтердің бір түрі екіншісіне ауыса алады. Олар ДНҚ, РНҚ сақтап, екіге бөлініп, көбейеді.

Вакуольдер жарғақпен қоршалған, эндоплазмалық тор қуыстарынан (цистерна) дамиды. Оларда ертінді ретінде ақуыздар, көмірсулар, өнімдер түзілуінің төменгі молекулалары, дәуірмендер, түрлі тұздар сақталады. Олардың ертіндісіндегі заттардың осмостық қысымы арқасында жасушаға су түсе бастап, ол тургор туғызады да, жасуша қабырғасы күйін кернейді. Тургор мен қалың серпінді жасуша қабырғасы өсімдіктердің статикалық және динамикалық жүктеуліктегі орнықтылығын қамтамасыз етеді.

Үздіксіз ақпарат.

Жасушалардың тіршілік әрекеттері үш: ақпарат, қуат және заттардың үздіксіз процестерінен тұрады. Үздіксіз ақпарат арқасында жасуша көптеген ғасырлар бойы біртіндеп тарихи даму негізінде тіріге тән құрылымдарды жинап, оны әр мезгілде қолдап, келешек ұрпаққа беріп тұрады. Оған жасушаның ядросы (нақты хромосома ДНҚ-сы), цитоплазмаға ақпарат жеткізетін (мРНҚ) макромолекулалар, хабар таратушы цитоплазмалық аппарат (рибосомалар, полисомалар, тРНҚ, амин қышқылдарын қарқындататын ферменттер) жатады. Олармен бірге эукариоттыларда жасушалардың митохондриясының, ал жасыл өсімдіктерде — хлоропласт геномдары қызмет етеді.

Жасуша ішіндегі үздіксіз қуат.

Организмдердің әр түрлер өкілдерінде үздіксіз қуатты қуат жабдықтау механизмдері–ашу, фото- немесе хемотүзілу (синтез), тыныс алу қамтамасыз етеді. Жануарлар жасушаларының биологиялық энергетикасының басты рөлі тыныс алмасу болып келеді. Ол төменгі кенеулік (калория) органикалық «отын» глюкоза, май және амин қышқылдары ретінде ыдырауын, әрі бөлінген қуатты жоғары кенеулік жасуша «отыны» АТФ ретінде құру реакциясын қосады. АТФ қуаты тікелей немесе келешекте басқа макроэргиялық қосындыда (мысалы, креатинфосфат) әртүрлі процестерге айналып, қандай да бір жұмысқа – химиялық (түзілудер), осмостық (заттар қоюлығы қалпын қолдау) айналады. Макроэргиялық деп, химиялық байланыстарда қуат түріндегі қорды айтады. Олар биологиялық процесске қолдануға қол жеткізеді. Онда әмбебап қосынды АТФ болады.

Жануарлар жасушалары тұрақты қосындыларының ішінде тыныс алуда ерекше орын митохондрияларға жатады. Онда тотығу-фосфорлау қызметтері орындалады, әрі оның цитоплазмасында глюкозаның ауасыз ыдырау процесі – ауасыз гликолиз жүреді. Бұл жол жасушаға қажет қуаттың 10% береді. Әрине, ол аз. Толық тотықпаған гликолиз өнімдері (пируват) митохондрияға, оның толық тотығуына түсіп, әрі АДП АТФ-ға дейін жетуіне фосфорланып, жасушаға қажет қуатты өз байланыстарынан береді. Ол көлденең жолақты бұлшықетте жақсы зерделенген. Өсімдік жасушаларында үздіксіз қуаттың ерекшелігі фототүзілуде.

Жасушаның қуатпен қамтамасыздануы механизміндегі айырмашылығы тиімділігінде болады. Хлоропласт пен митохондрияның пайдалы әсер коэффиценті 25 және 45-60% жетеді.

Жасуша ішіндегі үздіксіз заттек алмасуы.

Тыныс алмасу реакциясы қуатты жеткізіп қана қоймай, жасуша құрылымына қажет әртүрлі молекулалардың түзілуіне құрылыс блогіменде қамтамасыз етеді. Оларға көптеген қоректік заттар өнімдері жатады. Мұнда ерекше рөл тыныс алмасу сатыларының бірі, митохондрияларда іске асатын – Кребс айналымында (циклі) болады. Сондықтан тыныс алмасуы үздіксіз заттек алмасуымен бірге, оларды біріктіріп, көмірсулар, ақуыздар, майлар және нуклеин қышқылдарын құруға қатысады.

Жасушалардың аууы.

Организмнің тіршілігінде жасушалардың үздіксіз ауысуы жүреді. Біразы өледі, басқалары шығындарды толықтыру үшін көбейеді. Адамның күн сайын 2% жуық жасушалары (500 млрд) өледі де, соншасы қайта құрылады.

Физиологиялық қалпына келуі бар ұлпаларда, жасушалардың жетілу жылдамдығының ауысуы жүреді де, демек, олардың тіршілік ұзақтығы әртүрлі болады. Кейбір жасушалар жылдам өліп, жаңа жасушалармен ауысса (ащы ішек энтероциттері 1-2 тәулік, эпидермоциттер 4-10 тәулік, гранулоциттер 3-7 тәулік, эритроциттер 3-4 ай), ал басқалары — өте баяу (көптеген үлпершекті ағзалар жасушалары) өтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *