Тірі және өлі клетка цитоплазмасының клетка шырынын өткізуі

Тірі және өлі клетка цитоплазмасының клетка шырынын өткізуі.
Асхана қызылшасын қабағынан аршып, оны тығын бұрғысымен ұзындығын 0.5 см етіп тесіп, ал диаметрі тығын бұрғысының диаметріндей бірдей 5 кесінді даярланады. Бұл кесінділер қолға бояуы жұқпайтындай болғанға дейін су астында жуылады.
Екінші пробиркадағы кесіндіні салқын суға салып спиртовкада 3 минут қайнатып, ол суды төгіпп қайта салқын сумен алмастырады. Пробиркалардағы ерітінділерде кесінділер бір сағаттай тұрғаннан соң әрбір пробирканың аузын жауып қатты сілкіп араластырады. Пробиркалардағы ерітінділердің түсі өзгереді. Ерітіндідегі қызыл антоцион бояуы көп болса, клетка цитоплазмалық жарғақтардың өткізгіштік қасиетін қалай өзгертетіні анықталады. Пробиркадағы кесінділер алынып,олардан жеке препараттар даярлап, микроскоппен тексеріледі. Ол үшін заттық шынының үстіндегі жұқа кесіндіге бір тамшы азот қышқыл калий (KNO3) 1М ерітінндісі тамызылып бақыланады. Егер клетка плазмолизденсе клетканың тірі қалғаны, ал плазмолизденбесе клетка тіршілігінің жойылғандығы. Жоғары температураның, наркотиттердің және улы әсер ететін қосылыстардың әсеріне қарай клетка өткізгіштігіне қорытынды жасаңыздар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *