Жүйке ұлпасы

Жүйке ұлпасы
Жүйке ұлпасы – жүйке жүйесінің негізгі құрылымдық элементі. Ол жүйке клеткалары немесе нейроннан және глиялық клеткалардан тұрады. Импульстарды орталық жүйке жүйесіне беретін нейрондарды афференттік немесе сенсорлық нейрондар дейді, ал эфференттік қозғаушы нейрон дар импульстарды орталық жүйесінен эффекторларға береді. Сезімдік, аралық және қозғаушы нейрон дар қосылып рефлекторлық доғаны құрайды.
Нейронның денесін сома деп атайды. Импульстарды клетканың денесіне өткізетін өсінділерді дендриттер деп, импульстарды клетканың денесінен басқа клеткаларға немесе шеткі органдарға өткізетін өсінділер аксондар немесе нейрит деп аталады. Синапс — нейрондардың өзара жанасқан жері.
Нейроглия – нерв ұлпасының көмекші және маңызды құрамды бөлігі. Нейроглия клеткалары нерв импульстарын өткізбейді, бірақ олар нерв ұлпасында тіректік, қорғаныс және изоляциялық фукнциялар атқарады.Нейроглия клеткаларының бірнеше типтері бар: нерв түтігінен дамитын макроглия мен мезенхимадан пайда болатын микроглия.
Нерв талшықтары – қабықшалармен қапталған нерв клеткаларының өсінділері. Қабықшаларының құрылысына қарап нерв талшықтарының екі түрін ажыратады: миелинсіз және миелинді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *