Жасуша ядросының құрылысы мен функциясы (кариология)

Жасуша ядросының құрылысы мен функциясы (кариология)
Ядро – жасушаның маңызды құрамдас бөлiгi. Жасуша ядроларда гендер орналасқан ДНҚ бар. Осыған орай ядро 2 негiзгi қызмет атқарады: 1) генетикалық информацияны сақтап, ұрпақтан ұрпаққа беру; 2) заталмасу және организм дамуының процесiн реттеу.
Көптеген жасушаларда 1 ядро бар. Кейде 1 жасушаларда 2-3 ядроны байқауға болады, мысалы, бауыр жасушасында. Ондаған ядролары бар көпядролы жасушаларда белгiлi. Ядроның формасы жасуша формасына байланысты болады. Ядро қабықшасының кедiр – бұдырлы бетi ядроны үлкейтедi және ядро мен цитоплазманың құрылымдардың байланысын арттырады. Ядро шырынының құрамына ферменттер, рибосомаларды және хромосоманың құрылымдық белоктары кiредi.
Хроматин деп ядроның барлық құрылымын және гранула, дөңбектерiн айтады. (грекше chroma — түс), олар кейбiр бояғыштармен қарқынды боялады. Генетикалық белсендi емес хроматин бар – ол гетерохроматин (грекше heteros — әр түрлi) генетикалық жағынан белсендi емес, хроматиннiң әр түрлi дәрежедегi спиральданған бөлiгiнен түзiледi. Гетерохроматин және дамудағы ерте немесе өте ерте кезеңде қолданылған, немесе «жұмысқа әлi кiрiспеген» гендерден құралады. Генетикалық белсендi хроматин – эухроматин (грек eu -толық) толығымен диспиральданған және жарық микроскоппен көрiнбейдi. Хроматиннiң эухроматиндi бөлiктiң құрамына өнiмдерiне нақты жасушаның құрылысы барлық ерекшелiгi мен функциональдi белсендiлiгi кодтанған гендер кiредi.
Ядроға тән тағы бiр құрылым – ядрошық. Ол ядрошықтарына батып тұрған толық домалақ дене. Әртүрлi жасушалар ядросында, және 1 жасушаның ядросында оның функциональдi күйiне тәуелсiз ядрошық саны 1 ден 507 және одан да көп болуы мүмкiн. Бөлiнген кезде олар жойылып, бiткеннен кейiн ол қайтадан түзiледi. Диаметрі 1-3 мкм. болатын сфера тәрізді денешік. Ол негізінен белоктан және РНК-дан тұрады. РНК-ның молекуласы, ДНК-ның молекуласы секілді нуклеопротеидтердің тізбегі болып табылады. Бірақ РНК-ның нуклеотидінде дезоксирибозаның орнында рибоза, ал тиминнің орнында урацил болады. РНК-ның молекуласының, ДНК-ның молекуласынан айырмашылығы сол, ол нуклеодиттердің бір ғана тізбегінен тұрады.
Ядрошық әдетте хромосомның екінші реттік тартылған бөлігімен байланыста болады. Сондықтанда бұл бөлікті ядрошықты ұйымдастырушы (түзуші) деп атайды, онда рибосомдық РНК-ның матрицалық синтезі түзіледі. Содан соң рибосомдық РНК белокпен қосылады, нәтижесінде рибонуклеопротидтердің түйіршіктері пайда болады. Бұл түйіршіктер рибосомның бастамасы болып табылады, олар алдымен нуклеоплазмаға, содан соң ядро қабықшасының поралары арқылы цитоплазмаға өтеді, осы жерде олардың толық қалыптасуы аяқталады. Ядрода бір немесе бірнеше ядрошық болуы мүмкін.
Ядро қабықшасы ядроның ішіндегі заттарды цитоплазмадан бөліп тұрады. Ядро қабықшасы екі қабат мембранадан тұрады, олардың арасында перинуклеарлық кеңістік деп аталынатын қуыс болады. Мембрананың қалыңдығы 10 нм., ал перинуклеарлық кеңістіктің қалыңдығы тұрақты болмайды (өзгеріп отырады). Қабықшаның жалпы қалыңдығы 60-80 нм. тең. Қабықшаның ішкі мембранасы агранулярлы болып келеді, ал сыртқы мембранасына рибосомалар бекінеді. Құрылысы және химиялық құрамы жағынан ядро қабықшасы эндоплазматикалық торға (ретикулум) жақын, оның сыртқы мембранасынан, тіптен цитоплазманың торына өтетін өсінділер түзіледі. Ядро қабықшасының ядролық поралары болады. Бұл диаметрі 30-100 нм. болатын күрделі құрылым, олар арқылы макромолекулалар нуклеоплазмадан гиалоплазмаға және керісінше өтіп жатады. Ядро қабықшасы ядро мен цитоплазманың арасындағы зат алмасуды реттеп отырады және белоктар мен липидтерді синтездеуге қабілетті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *