Жасушаның энергиямен қамсыздандыру жүйесі

Жасушаның энергиямен қамсыздандыру жүйесі
Митохондриялар – бiржасушалы және көпжасушалы организмнiң барлық эукариотты жасушаларында болатын органоидтар. Олардың формалары әртүрлi – дөңгелек, сопақша және цилиндрлiк дене, жiпше түрiнде де болады. Олардың мөлшерi 0,2-1,0 мкм диаметрi, және 7 мкм дейiн ұзындықта болады. Әр түрлi ұлпаларда митохондрия саны бiрдей емес және жасушаларының функциональдi белсендiлiгiне тәуелдi синтетикалық процестер қарқынды жүретiн мысалы, бауырда және энергия шығыны мол жерлерде олар көп (мыс, жақсы ұшатын құстардың көкiрек бұлшықеттерiнде). Митохондриялар эндоплазмалық тор мембранасын тығыз байланысқан, олардың каналдары митохондрияларда ашылады. Митохондриялар саны бөлiнуiмен артады. Митохондрия қабырғасы 2 мембрана – сыртқы немесе iшкi мембранадан тұрады. Сыртқы мембрана тегiс, iшкi мембранадан органоид iшiне кристалар кiредi. Криста мембранада энергия алмасуына қатысқан көптеген ферменттер орналасады. Криста саны жасушалар қызметiне байланысты. Бұлшықет митохондрияда олар өте көп, олар органоидтың iшкi қуысын толтырып тұрады. Митохондрияның негiзгi қызметi көзi – АТФ синтезi. Бастапқы субстрат ретінде әр түрлі көмірсулар май қышқылдары, аминқышқылдары қолданылады. Көмірсулардың бастапқы тотығуы гиалоплазмада оттегісіз жүреді. Сондықтан оны анаэробты тотығу немесе гликолиз деп атайды. Анаэробты тотығудың негізгі субстраты глюкоза, Кейбір бактериялар энергияны пентозаның, май қышқылдарының аминқышқылдарының тотығуы арқылы алады. Бұл процесс мына теңдеуге сәйкес келеді:
С6Н1206 + 602 -н-6Н20 + 6С02 + 680 ккал.
Жасушада энергия бірден бөлінбейді, ол сатыланып жүреді, химиялық энергия жылуға айналмайды, ол тек макроэнергиялық байланысқа АТФ-ке ауысады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *