Жасушаның тірек-қимыл жүйесі (цитоқаңқа)

Жасушаның тірек-қимыл жүйесі (цитоқаңқа)
Жасуша өзінің өмір сүру процесінде күрделі қимылдар жасайды. Ондай қимылдарға хромосомдардың полюстерге жылжуы, жасуша органеллаларының көпіршіктерінің қозғалуы, жасушаның үстіңгі бетінің қозғалысы сияқты қимылдарды айтуға болады. Барлық қимыл қызметтерін атқаратын құрылымдардың жалпы ұқсас молекулалық механизмі болады. Цитоскелеттің құрамы жіпше тәрізді ақуыздар кешендерінен немесе филаменттерінен тұрады. Химиялық құрамы, нәзік құрылысы және қызметтері жағынан филаменттердің үш түрін атап өтуге болады. Ең жіңішке микрофиламенттер, олардың диаметрлері 6 нм шамасында, құрамы актин белогінен тұрады. Екінші түрі — диаметрі 25 нм, құрамы ақуыз тубулиннен тұратын — микротүтікшелер. Үшінші топтың құрамы — аралық филаменттерден тұрады. Олардың диаметрі 10 нм, негізінде құрамы жағынан туыстас ақуыздар болып келеді. Осы айтылған үш құрылым жасуша компоненттерінің және жасушалардың қимылдау және қаңқа қызметтерін атқаруда үлкен рөл аткарады.
Жасуша орталығы жануарлар жасушаларында, кейбір өсімдіктерде кездеседі, бірақ жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде, төменгі сатыдағы саңырауқұлақтарда және карапайымдыларда кездеспейді. Интерфазада центриольдер бір-біріне перпендикуляр орналасып дуплет немесе диплосома құрады. 2 центриольдің біреуін «аналық», екіншісі одан пайда болган жас центриоль деп анықтауға болады. Екінші центриоль біріншіге перпендикуляр эрі проксимал жағы бірінші центриольдің үстіңгі бетіне қарай орналасады. Аналық центриольдің дистальды бетінде амофорты материалдар өсінді түрінде кездеседі, екінші центриольде ондай өсінділер болмайды. Диплосомада тек «аналық» центриольдердің, қосымша құрылыстары болады. Аналық центриольдердің сыртында 9 шар тәрізді тығыз заттардан тұратын сателлиттер орналасады. Центриольдер сателлиттерімен «аяқшалары» арқылы жалғасады. Әр центриольдердің сыртында құрылымсыз немесе жұка талшықты матрикс және центросфера құратын қосымша микротүтікшелер болады.
Жасуша орталығы бөлінетін жасушаларда ұршық жіпшелерін құруда үлкен қызмет атқарады. Центриольдердің көмегімен интерфазада жасушалардың полюстерін анықтауға болады. Жасуша орталығы Гольджи аппаратына тақау орналасады және жасуша ядросымен тығыз байланыста болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *