Дәнекер ұлпасы

Дәнекер ұлпасы.
Жоғарғы сатыдағы жануарлардың организмінде дәнекер ұлпасы көп тараған. Қан тамырларының жанында орналасады, эпителиалдық ұлпаға төсекше қызметін атқарады, органдардың арасын толтырады. Дәнекер ұлпа заттар алмасуын қамтамасыз ететін орта болып есептеледі. Органдардың қабында механикалық қызмет те атқарады.
Ұлпаның гистологиялық құрылымы атқаратын қызметіне байланысты. Трофикалық маңызы бар ұлпаларда клеткалар өте көп болады, ал аралық заттың механикалық элементтері нашар жетіледі. Тіректік маңызы бар ұлпаларда, керісінше, механикалық құрылымдар көп болады да, клеткалардың саны аз болады. Осыған сәйкес дәнекер ұлпасының бірнеше түрі ажыратылады: Ретикулалық ұлпа, борпылдақ дәнекер ұлпа және тығыз дәнекер ұлпасы.
Дәнекер ұлпасы күрделі құрылым оның құрамында ұрықтың мезенхимасынан дамитын түрлі клеткалар, клеткалардың өлі өнімдері болып саналатын талшықтардың бірнеше типтері және гиалурон қышқылынан, хондротиннен, хондроитинсульфаттан және кератинсульфаттан тұратын сұйық немесе қоймалжың, аморфтық матрикс болады. Дәнекер ұлпасын құрайтын клеткалар, әдетте бір – бірінен қашық орналасады.
Тығыз дәнекер ұлпасы коллагенді (бұлшықет сіңірі, байлам) және эластинді (желке, жота өсінділері аралықбайлам) болып бөлінеді. Жасушалары– фиброциттер, жасушааралық зат–біріншілік шоғыр (фиброциттер қатарлары аралығында), екіншілік шоғыр (эндотеноний аралықтарында) т.б.
Ретикулярлы ұлпа ретикулярлы жасушалардан және ретикулярлы талшықтардан тұрады. Барлық қан түзетін мүшелердің (тимустан басқа) стромасын құрайды. Және тірек функциясынан басқа, басқа да функцияларды орындайды: гемопоэти трофикасын қамтамасыз етеді, олардың дифференциалдау бағытына әсер етеді.
Майлы ұлпа май жасушаларының жиналуынан тұрады, екі түрге бөлінеді: ақ және қоңыр май ұлпасы.
Шырышты дәнекер ұлпасы тек эмбрионалдық кезеңде -провизорлық органдарда және ең алдымен кіндік арқанның құрамында кездеседі. Ол негізінен жасушааралық заттан тұрады. Онда муцинді синтездейтін фиброобластқа ұқсас жасушалар орналасады.
Пигментті дәнекер ұлпасы меланоциттер жинақталатын учаске (көз алмасының тамырлы қабықшасы).
Қаңқалық дәнекер ұлпасына тірек, қорғаныш, механикалық қызметтер атқарып, ағзадағы минералдық заттар алмасуына қатысатын шеміршек және сүйек ұлпалары жатады.
Шеміршек ұлпасының үш түрін ажыратады: гиалиндік, серпілмелі, талшықты. Гиалинді (гректің гиалос — әйнек) шеміршек ұлпасы гиалин шеміршегін құрайды. Шеміршектердің ең қаттысы, хондриобластлар мен хондриоциттер деп аталатын клеткалардан, клеткааралық аморфты және талшықты заттан тұрады. Бұл түрінде қан тамырлары болмайды. Шеміршектің қоректенуі перихондрдың тамырлар торы арқылы қамтамасыз етіледі. Шеміршек ұлпасы склеротомның мезенхимасынан дамиды, регенерациясы перихондр арқылы жүреді.
Сүйек ұлпасы тірек функциясын атқарады, минералдық алмасуға қатысады, ал сүйектің қызыл майы қанның пішіндік элементтерінің түзілетін орны. Сүйек – клеткалар мен қатты негізгі заттан тұратын известелген дәнекер ұлпасы. Негізгі заттың 30% жуығы коллаген талшықтар түріндегі органикалық қосылыстардан, ал қалған 70 % бейорганикалық заттардан түзілген. Сүйек ұлпасының клеткалары остеобласттар, остеоциттер және остеокласттар. Остеобласт – сүйектің өсуін қамтамасыз ететін тірі клеткалар. Остеоциттер жұлдыз пішінді көп өсінділі клеткалар. Қалыптасқан ұлпада остеоциттер бөліну қабілетінен айрылған, жоғары дәрежеде мамандалған клеткалар.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *