Фантастика, фэнтези жанрында жазылған қазақша кітаптар тізімі

Фантастика әлемдік әдебиетте ерекше орын алатын жанр. Не себептен ерекше? Өйткені, фантастика жанрының шашағы басқа жанрларға қарағанда дүниежүзілік әдебиеттану ғылымына әлдеқайда кеңірек тараған. Қай әдебиетті сұрыптап қарастырсақ та, біз фантастикалық нышандарды міндетті түрде байқаймыз.  Мәселен, фантастика қазақ әдебиетіне де өзінің оң ықпалын берді.

Қазақстандық әдебиет ешқашан әдеби үдерістен шет қалған емес. Сондықтан, қазақстандық әдебиетте фантастика жанрында жазылған көркем шығармалар жоқ деп қарастыру – қате концепция. Өткен ғасырда да, жаңа ғасырда да қазақстандық жазушылар фантастика жанрында қалам тартқан және әлі де тұғыры биік туындыларды жазып, еліміздің мәдениеті мен өркениетіне өзіндік үлестерін қосып келеді.

Осыған орай, мен фантастика жанрында жазылған бірқатар әдеби кітаптардың атауын синтездеп шықтым. Оларды сіздер төменде берілген тізімнен алып оқи аласыздар.

  1. Абдулхамит Мархабаев «Тосын ғарышхат»
  2. Абдулхамит Мархабаев «Ғарыштағы қымыз»
  3. Абдулхамит Мархабаев «Балалардың аман қалғанын  айт!»
  4. Абдулхамит Мархабаев «Аспанға құлады да кетті»
  5. Абдулхамит Мархабаев «Жерұйыққа саяхат»
  6. Абдулхамит Мархабаев «Шортан планетасы, сен кінәлісің!» 
  7. Абулхамит Мархабаев «Қызық қиял» 
  8. Абдулхамит Мархабаев «Қызыл сәуле»
  9. Абдулхамит Мархабаев «Байқоңыр шоқ жұлдызы»
  10. Абдулхамит Мархабаев «От-тас»
  11. Абдулхамит Мархабаев «Отанымыздың тәуелсіздігіне тарту»
  12. Совет-Хан Ғаббасов «Қан жүрісі-жүрек тынысы»
  13. Нарбей Кенжегулова «Мойылқара»
  14. Нарбей Кенжегулова «Танбалы тас»
  15. Нарбей Кенжегулова «Қиын шешім»
  16. Төлеу Шаханов пен Төлеш Шаханов «Тірі көз»
  17. Ақжан Машанов «Жер астына саяхат» 
  18. Жүніс Сахиев «Құмдағы қалалар»
  19. Дүкенбай Досжанов «Құм адамы»
  20. Дүкенбай Досжанов «Құмда қалған кемелер»
  21. Медеу Сәрсекеевтің «Ғажайып сәуле», «Көрінбестің көлеңкесі»
  22. Талап Сұлтанбековтың «Көшпелі алтын», «Лұқман Хакім»
  23. Шоқан Әлімбаевтың «Данышпандық альфасы»
  24. Төлеу Шахановтың «Көгілдір мұнаралар»
  25. Төлеш Сүлейменовтің «Жұлдыз адамы»
  26. Шәмшиден Әбдірамановтың «Әл-Фараби көпірі»
  27. Советхан Ғабб­асов­тың «Кәусар»
  28. Раушанбек Бектібаевтың «Ионес­ферадағы алаң» 
  29. Жүніс Сахиевтің «Кеңістік көшпенділері»
  30. Думан Рамазан «О дүниедегі кездесу»
  31. Думан Рамазан «Пері мен пенде»
  32. Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета»
  33. Қойшыбек Мүбарак «Құбыжық» (Әңгіме)

Жас авторлардың шығармалары:

  1. Мақсат Рамазанұлы «Үшінші әлемнің тұрғыны» (Фантастика)
  2. Мақсат Рамазанұлы «Ажалмен бетпе-бет» (Әңгіме)
  3. Зауре Наурызбаева, Лилея Клаус «В поисках золотой чаши: Приключения Бату и его друзей» кітабы (Фэнтези)
  4. Зауре Төрехан «Амина Туран в стране Номадов» (Фэнтези)
  5. Рүстем Сауытбай «Шоко әлем» туындысы (Фэнтези)
  6. Алтыншаш Курманаева «Таңғажайып автобус» (Фэнтези), «Балқаштағы су перісі» (Фэнтези), «Мәңгі жасыл бейне» (Фэнтези), «Есімнің қадірі» (Фантастика)

Құрметпен,

Алтыншаш Курманаева

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *