Құрбыға мінездеме

Менің құрбым өте салмақты жан. Ол –  ақкөңіл. Адамға үнемі қол ұшын созып тұрады. Біреуді ренжіту дегенді білмейді. Әрдайым қиын кезде жанынан табылады. Досқа адал құрбымның мінезін бала кезден білемін. Біз бір мектепте оқып, бір сурет мектебін аяқтағанбыз. Әлі де біргеміз. Оның мінезі еш өзгермеген. Бұрынғыша мейірімді. Мінезі жайдарлы. Өзі күлімкөз. Жүзінен ешқашан күлкінің сәулесі сейілген емес. Ал білімділігіне келсек, онда ол –  өте ақылды.  Есепті шемішкеше шағады. Логикасы тығыз құрбымнан үйренерім көп-ақ. Сабағын үздік оқиды. Қосымша үйірмелерге қатысады. Өмірде де, білімде де белсенді. Мен оған дән ризамын. Және менің құрбым болғанына алғыс айтамын.

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *