Мінездеме

Мен оны колледж қабырғасынан бері танимын. Болмысынан салмақты жан. Әр іске байыппен қарайды. Асығыс шешім шығаруға асықпайды. Сабырлығы өзіне жарасады. Сыпайлығы адамға ерекше әсер қалдырады. «Табиғатынан тәрбиелі адам» деп оған айдар тағуға әбден болады. Білімділігі іс-әрекетінен айқын байқалады. Біреудің оғаш қылығына түсіністікпен қарап, салмақтылықпен жауап береді. Маған оның осы мінезі ұнайды. Бәрінен де ұқыптылығы таңқалдырады. Әрине, қыз баласы ұқыпты болуға міндетті. Бірақ оның ұқыптылығы – жинақы адамның мінезін танытады. Берілген тапсырманы уақытылы әрі таза орындайды. Өзі де әрдайым жинақы келеді. Киген киімі мен стилі жағымды. Әсіресе, шаш өрісі әдемі-ақ. Ең маңыздысы – жан дүниесі таза! Өкпе, реніш дегенді білмейді. Ешкімге кек сақтамайды. Нағыз ибалы қыз! Ал ақыл-ойы мен санасы логикасының беріктігін көрсететіндей. Қисынды тапсырмаларды оңай шешеді. Қиын кезеңдерде шешім тауып үлгіреді. Біреуге көмектесуді ұмытпайды. Қол үшін созуға дайын тұрады. Шынымды айтсам, оның бойынан жағымсыз қасиеттерді көрмеппін. Сол үшін де бақыттымын. Бұндай адамдар өмірде санаулы-ақ…Меніңше, әр қыз одан үлгі алу керек. Ондай таныс менде ғана барына қуаныштымын.

Білім саласына арналған

Республикалық Ulagat.com порталының колумнисті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *