КӨКШЕНІҢ БАЛ ТАМҒАН ӨЗЕҢІ-ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЙ

Ұлы кемеңгер тұлға – Шоқан Уәлиханов атамыз өз естеліктерінің бірінде әкесінің «Жұлдыз» туралы әңгімесін суреттеп жазады. Ұлы дарын иесінің әкесі: «Аспаннан  бір жұлдыз ағып өтсе, дүниеден бір адам жоғалады!»– деген екен. Дана қарияның сөзіне енді көзім жетті. Шынында,  дара жұлдыздың шөміш болып жоғалғанын сезбей қалыппыз! Өкінішті-ақ… 

Бірнеше ай бұрын, Көкшенің асыл тұлғасы – Төлеген Қажыбай атамыз жайлы мақала жазып едім. Ол кісіні Көкшетаудың зәмзәм болып аққан Бурабайдай киелі өзеңі дегенмін! Алайда дария өзеннің мезгілсіз тоқтайтынын кім білген?! Өзеңнің сағасына тас қонса, бұлақ сарғайып, ары ақпайтын көрінеді. Өзеннің соңғы деміне бір ғана тастың себепші болатыны сияқты, Төлеген Қажыбай атамызды санасы жоқ ажал әкетті! Дүниедегі ең суық зат – қылышын сүйреген қыс емес, ажал дер едім мен! Ақылы таяз ажал әрқашан да ең қымбат деген жандарды ұрлап әкетуге құмар болады! Бұл жолы да өзінің дегенін істеді! Дүниеден тағы да бір жұлдыз ағып өтті! Ол кісі – тума талант, жұлдызы биік, асқан дарын иесі еді! 

Төлеген Қажыбай атамыздың отбасына көңіл айта отыра, дара тұлғаның дара да сара жолы мәңгі жадымызда болады демекпіз! 

Төлеген Қажыбай атамыздың ерен еңбегін зор қайғымен еске алып, алдарыңызда «Көкшенің бал тамған өзеңі – Төлеген Қажыбай» атты мақаламды ұсынамын. 

Ұлан ғайыр қазақ елі тек жасыл кілемдей мамық жерге ғана емес, сыры мен пәлсапасы басым, ұлы кемеңгер тұлғаларға да бай. Қара халықтың ортасынан Шолпандай жарқ етіп шығып, Темірқазықтай елге жол сілтеген тұлғалардың есімі ешқашан халық жадынан өшкен емес, өшпейді де. «Отан үшін отқа түс, күймейсің!» дегендей, халықтың азаттығы  жолында жанын құрбан еткен, артынан аса бағалы рухани байлық қалдырған, ержүрек те,  намысшыл тұлғалар ұлы дала елінде аз емес. Қазақтың ділі мен тілін  келешек буынға, яки, біздерге бүтін күйінде жеткізу мақсатында  ерен еңбек еткен,  қара халықты білекпен емес, біліммен жұмылдырған ұлы да ойшыл тұлғалардың бірі  – Сарыарқаның бел ортасында дүниеге келсе, енді бірі  жердің кіндігі саналған – Бурабай өлкесінде дүниенің кең шымылдырығын ашқан.  Мәселен, Көкшенің көк серісі атанған –Төлеген Қажыбай атамыз жоғарыда сөз етілген тұлғалардың алдыңғы қатары, жұлдызы биік, тума талант иесі!  Төлеген Қажыбай атамыздың өзі ғана емес, сөзі де дара. Керегесі таудан биік болып көрінетін Көкшетау жерінде Абайдай нар тұлғаның еңбек етуі-біздер үшін зор мақтаныш! Кезінде «Мен таулықпын!» деп ұран салған Расул Ғамзатовтың сөзінен Авар халқының салты мен санасын аңғарсақ, ал, Төлеген  Қажыбай атамыздың шығармаларынан қазақ халқының тарихында болған оқиғалардың өрмегін бір уақыттта көргендей боламыз.  Төлеген Қажыбай атамыз әдебиет атаулы өнердің нағыз суреткері, шебер жазушысы, әрі көркем сөзбен елдің жанына дарытатын, дамытатын, зәмзәм суындай бал тамған  – Көкшенің өзені! Төлеген атамыздың әр шығармасынан ләззат алмау мүмкін емес. Өйткені, Төлеген Қажыбай атамыздың әрбір туындысына – шекер мен бал қосылған. Мәселен, аштықтың ащы зұлматы суреттелетін, адамды қорқыныштың қақ ортасына салатын  «Қанкешу» атты Төлеген Қажыбай атамыздың шығармасы – адамды терең ойға салатын туынды. Төлеген Қажыбай атамыздың прозасы мен поэзиясында елдің құндылығы танылатын шығармалар көп. Мен сіздерге, Төлеген Қажыбай атамыздың «Әгугай домбыра» атты тырнақалды туындысын ұсынамын.

Құрметпен,

 Ш.Уалиханов атындағы мемлекеттік университеттің  филология бөлімінің 1 курс студенті,

Курманаева Алтыншаш Жанарбековна 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *