МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫ ПСИХИКАЛЫҚ ҮРДІСІНІҢ ДАМУЫНА СУРЕТСАЛУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ТЕХНИКАСЫНЫҢ ӘСЕРІ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ПСИХИКАЛЫҚ ДАМУЫ ТЕЖЕЛГЕН БАЛАЛАРДЫҢ ЖОҒАРЫ ПСИХИКАЛЫҚ ҮРДІСІНІҢ ДАМУЫНА СУРЕТ
САЛУДЫҢ ДӘСТҮРЛІ ЕМЕС ТЕХНИКАСЫНЫҢ ӘСЕРІ

Макина Л.Х. — Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Арнайы педагогика кафедрасының доценті, пихол.ғ.к.,
Жақыпбекова Н.Қ. — Абай атындағы ҚазҰПУ-ніңАрнайы педагогика кафедрасының магистр оқытушысы

Авторлардың жүргізген әр түрлі зерттеулері мен тәжірибесінің нәтижесіне негізделген бұл мақала сурет салудың дәстүрлі емес техникасының мағынасын және оның мектеп жасына дейінгі психикалық даму тежелісі бар балалардың танымдық қызметінің дамуына тигізетін әсерін ашады.
Түйін сөздер: Мектеп жасына дейінгі бала, психикалық дамудың тежелуі, психикалық үрдіс, сурет салу, бейнелеу өнері, дәстүрлі емес техника.

Қазіргі заманда өсіп жатқан баланың әлемі көптеген отбасыларға жағымсыз әсерін тигізетін қоғамдық өмірдегі ортастатистикалық экономикалық мәселелерге толы, сонымен қатар Қазақстандағы экологиялық жағдайдың нашарлауы баланың

физикалық және жүйке-психикалық денсаулығы деңгейінің едәуір төмендеуіне жағдай туғызады.
Әсіресе, психикалық дамуы тежелген балалар санының өсуі ерекше үрей туғызады. Бұл түсінік орталық жүйке жүйесі немесе оның қызметінің органикалық жетілмеуі бар балаларға қатысты қолданылады.
Мектепке дейінгі жастағы баланың дамуында қандай да бір ауытқудың табылуы жиі кездеседі. Сол себептен, мектептегі дезадаптация, оқу үлгерімінің төмендігі, социокриминалды жайттардың жиілеу қаупінің жоғары болуы зерттеушілерді мектепке дейінгі баланың дамуының барлық кезеңдерінде нәтижелі түзетушілік- дамытушылық көмекті ізденуге және жүзеге асыруға бағыттады.
Осы категориядағы балалар-яғни мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жасай отырып, педагогтар өздері үшін мақсат пен міндеттерді іске асыратын тиімді жұмыс бағыттарын анықтайды. Қазіргі таңда дамуында ауытқуы бар балалармен жұмыс жасауда кең таралған бағыт — артпедагогика.
Артпедагогика ғылыми білімнің бір бөлшегі ретінде арнайы білім беру саласында балаларды тек бейнелеуге тәрбиелеу ғана емес, түзетушілік- дамытушылық үрдістің барлық компоненттерін (даму, тәрбиелеу, оқыту және түзету) өнер әдісімен қарастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар көркемсурет мәдениетінің негіздерін қалыптастырады.
Бейнелеу өнері және изотерапия артпедагогика бағыттарының бірі болып саналады.
Сурет салу — бейнелеу іс-әрекетінің түрлері ішінен танымдық әрекетін түзету мақсатында кең қолданылады. Сурет салу көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелік ойлаумен тығыз байланысты. Суретпен жұмыс жасай отырып бала заттың ерекшелігін, сапасын, сыртқы қасиеттерін анықтауға, оның басты және қосалқы детальдарын, заттың бір бөлшегін екіншісіне дұрыс орналастыруға, детальдерінің қөлемін салыстыруға үйренеді. Сурет салу үрдісінде балалар талдауға, қорытынды жасауға дағдыланады және зейін мен есте сақтау қабілеті дамиды. Балаларда жағымды эмоциялар пайда болады, елестету қабілеті күшейеді. Сурет салу әрекетінің арқасында көру-қимыл координациясы, қол қызметінің дамуы жүреді, қол буындары мен саусақтарының ұсақ моторикасы жетілдіріледі. Бала қолын белгілі бір жағдайда ұстап тұруды, қарындашты қисайтуға, оның алымын, темпін, қысым күшін реттеуді, белгілі жоспар бойынша орындауды, жұмысты бағалауға, қателерді табуды және түзеуді, іс-әрекетті жоспарлау, басталған істі соңына дейін аяқтауға үйренеді. (Р.Г. Казакова, В.Б. Косминская және т.б.)
Мектеп және мектепке дейінгі жастағы зияты зақымдалған балаларды түзету мақсатында бейнелеу әрекетін қолдану жайлы көп зерттеу жүргізген ғалымдар: З.А.Апацкая (1985); Е.А.Екжанова, Е.А.Стребелева (1999, 2000, 2003);
О.П.Гаврилушкина (1976); О.П.Гаврилушкина, Н.Д.Соколова (1985, 1991, 2001);
Т.Н.Головина (1974); И.А.Грошенков (1985); Э.Г.Кярнер (1988); Е.А.Шилова, (1996). Интеллектуалды жетіспеушілігі бар мектеп жасына дейінгі балаларға сурет салу,
жапсыру және аппликация қажеттілігінің жоқтығы тән. Өзіндік бейнелеу қызметі түрінің қалыптасуына олардың көрсетілген іс-қимылдағы ебедейсіздігі ықпал етеді, соның ішінде ұсақ моторика және көру-қимыл координациясының бұзылуы барын айтуға болады. Талдауды мақсатты қабылдаудың, салыстырудың, систематикалық іздеудің, материалды толық түсінудің жоқтығы және іс-қимылдың сәйкес жолын

қолданбау бұл балалардың қызметін хаостық, тәртіпсіз және ойға сыйымсыз сипатта көрсетеді.
Бұл категориядағы балалардың суреттерін суреттің схемалылығын, элементтерінің қайталануы мен қағаз бетіндегі тығыздығын, «графикалық штамптардың» болуын, заттардың мәнді белгілерінің болмауы, түс қолдануда
«циклденуі» (көп түстің арасынан таңдау кезінде олар көбінде бір түсті, аз жағдайда екі түс таңдап қолданады) ажыратады.
Сурет салу техникасы да өте қарапайым. Балалар ұзақ уақыт бойы құрал- жабдықтарды (қарындаш, бояу жаққыш) жетекші қолмен дұрыс ұстай алмайды, тура, келісілген қимылдар жасап, оның күшін, жылдамдығын, ырғағын басқарып және реттей алмайды. Сәндік бұйымдар жасау кезінде мектеп жасына дейінгі балалар әшекей элементтерін жасауда қиналады, бірақ үлкен адамның көмегімен қарапайым мотивті қайталай алады. Тәжірибенің көрсетуінше, балалардың бейнелеу қызметінде дәстүрлі емес көркемдік техникаларды қолдану тек балалардың көркемдік тәжірибесін кеңейтіп және олардың жұмыстарындағы көркемдік үлгінің көрнекі болуын жақсартудың тиімді жолдарының бірі болып қана қоймай, көркемдік қызметінің ең қолжетімді тәсілі болып келе жатыр. Бейнелеудің дәстүрлі емес техникаларымен жұмыс істеу сурет салу саласында оң уәждемеге (мотивация) жағдай жасайды, балада сурет салу процесі кезінде орындап шыға алмау қорқынышы уақыт өте келе жоқ болады.
Балалар үшін сурет салудың дәстүрлі техникасы ретінде қарындаш және бояулармен сурет салу болып саналады (Комарова Т.С., Сакулина Н.П. және т.б.). Мектепке дейінгі білім беруде дәстүрлі емес техника («саусақтық сурет өнері»,
«коллаж», «оттиск» және т.б.) ретінде суретті сурет салуға тән емес заттармен (жіптер түйірімен, штамптармен, шаммен және т.б.) жасауды айтады. Сондықтан
«дәстүрлі емес» термині жаңа көпшілікпен қолданылмайтын, дәстүрлі (лат. тілінен аударғанда traditio – үйреншікті) емес материалдарды, құралдарды, сурет салу үлгісін қолдану деп білім беру мекемелеріндегі педагогикалық тәжірибеде түсіндіреді.
Комарова Т.С. жазуынша, «бейнелеу өнеріндегі сурет салу техникасының әр алуандығы мен мектеп жасына дейінгі балалардың мүмкіндіктерін қолдана отырып, баланың сурет салуының техникалық жағынан мақсатты түрде байыту. Оған тәжірибеде белгілі бояулар мен қарандаштармен жұмыс істеуді түрлендіру арқылы және жаңа материалдарды қолдану арқылы (түрлі-түсті балауыз борлар, акварель және т.б.), бір суретте әр түрлі материалдар мен техникаларды қолдану арқылы жетуге болады».
Сурет салудың дәстүрлі емес техникасын қолдану білімнің артуына және баланың заттар мен олардың қолданылуы туралы, материалдар туралы түсінігін байытады. Олар қарындаштар, бояулар, фломастерлермен қатар боялған сабын көпіршіктерімен, балауыз шаммен, клеймен де және т.б. заттармен сурет салуға болатындығын біледі. Балалар кағазды бояудың түрлі әдістерімен танысады, сонымен қатар түрлі-түсті клайстермен, бояуды шашырату әдісімен, тек қана қағазға емес арнайы шыныға да сурет салуға болатындығын біледі, бояу жаққышпен, қарандашпен жұмыс істеп үйренеді. Олар қолмен сурет салып көреді (алақанмен, саусақтармен, жұдырықпен, алақан қырымен), қол астындағы заттардың көмегімен (жіппен, арқанмен, бос түтікшемен, т.б.), табиғи материалдармен (ағаш жапырақтарымен) сурет салып үйренеді және т.с.с.

Жоғарыда айтылғандарды талдай отырып, келесідей қорытынды жасауға болады. Танылатын үрдістердің жетуінде дәстүрлі сурет салудың маңызы үлкен, бірақ тәжірибе көрсеткендей, психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалар үшін дәстүрлі емес сурет салу техникасы өз ойын, сезімін, қиялын көрсетудің қолжетімді әдісі болып табылады.
Жаңа бағыттың бейнелеу өнерінде қаншалықты тиімді екенін анықтау, яғни сурет салудың дәстүрлі емес техникалары және олардың танымдық үрдістерге әсері біздің зерттеудің мақсаты болды.
Зерттеудің келесі міндеттері қойылды: зерттелетін мәселе бойынша психологиялық, педагогикалық және арнайы әдебиеттерді оқып білу; психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс істеу ерекшелігін анықтау; сурет салудың дәстүрлі емес техникасын және түзету-дамыту бағытындағы ынталандыру материалын қолданып сабақ жүргізу үшін эксперименттік аралыққа күнтізбелік-тақырыптық жоспар жасау; психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс кезіндегі сурет салудың дәстүрлі емес техникасы әсерінің тиімділігі.
Зерттеуде барлығы 10 психикалық дамуы тежелген мектеп жасына дейінгі клиникалық көрсетілімі әр түрлі балалар қатысты. Тексерілетін балалар жасы мен даму деңгейіне байланысты екі топқа бөлінді. №1 топ экспериментальдық ретінде алынды, онда балалардың жастары бірдей және даму деңгейлері де шамамен бірдей дерлік. №2 топ бақылаулық топ ретінде алынды, бұл топта орта жасы үлкенірек және даму деңгейі де жоғарырақ.
Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыс 3 кезеңмен орындалды. 1-кезең кезінде тұрақтандыру тәжірибесі орындалды, ол жеке психологиялық-педагогикалық тексеру арқылы бірінші және екінші топтың қатысушыларының психофизикалық даму деңгейін анықтауға бағытталды.
Екінші кезең кезінде жеке бағдарлама бойынша тәжірибе қатысушыларына жеке және топпен сабақ жүргізу түріндегі түзету-дамыту үрдісіне бағытталған қалыптастыратын тәжірибе орындалды; 1) бірінші экспериментальдық топқа сурет салудың дәстүрлі емес техникасын және ынталандыратын түзету-дамыту бағытындағы материал (КРН) қолдану; 2) екінші бақылау тобына тек ынталандыратын түзету-дамыту бағытындағы (КРН) материал қолданылды.
Үшінші кезең кезінде бірінші және екінші топтағы қатысушыларға психологиялық-педагогикалық тексеру жүргізіп, тексеру нәтижелерін алуға бағытталған бақылау тәжірибесі орындалды.
Психологиялық-педагогикалық тексеруде экспериментальдық кезеңнің басындағы және аяғындағы қалыптастырылған деңгейлерінің өлшемдері: Н-төменгі деңгей, НС-орташадан төмен, С-орташа, ВС-орташадан жоғары. Есептеу кезінде нәтиже тексерілген топтың балалар санының пайыздық қатынасында шығарылған.

Кесте (1)

Бағалау өлшемдері Эксперименталь
дық кезеңнің басында Экспериментальд ық кезеңнің аяғында
1 топ 2 топ 1 топ 2 топ
Н 60% 60% 10% 40%
НС 25% 30% 50% 40%
С 15% 10% 40% 20%
ВС

Жасалған тәжірибенің нәтижесі негізінде сурет салудың дәстүрлі емес техникаларын қолдану арқылы түзету сабақтарын жүргізу тиімдірек және нәтижелі, зерттеудің басындағы және аяғындағы нәтижелерді салыстырып, қалыптастыру деңгейін көтереді деген қорытынды жасадық.
Кесте 2.
У-тұрақтылық, К- концентрация, П- ауысу деңгейі тәжірибе басы , тәжірибе аяғы 2- ші кестедегі мәліметтерге сүйене отырып бақылау тобында біршама қалыптаспағандық, психикалық тұрғыда өзін-өзі реттеудің әлсіздігі, тұрақтылықтың және назар аудару концентрациясының төмендігі байқалады, және тәжірибе басындағымен салыстырсақ аз ғана жақсаруды байқаймыз.
Психикалық дамуы тежелген балалардың назар аударуының жетіспеушілігі жұмыс істеу қабілетінің төмендігімен, жоғары әлсіздікпен біршама байланысты.
Осыдан біз келесі қорытындыға келдік. Бақылау тобының экспериментальдық топпен салыстырғанда нәтижесінің төмен болуына сурет салудың дәстүрлі емес техникасының оқу және ойын саласында мотивацияның жетіспеушілігі әсер етті.
Сурет салудың дәстүрлі емес техникасын қолдану тиімді мотивациялық компонент болып келеді, соның әсерінен оқушының сабаққа деген қызығушылығы жоғарылайды да, балалардың назар аудару қабілеті жақсарып, түзету-дамыту бағытында біршама қиындау тапсырмаларды орындау мүмкіндігі туады.
Дәстүрлі емес техникамен сурет салу сурет салудың қарапайым тәсілі сияқты сурет салу үрдісін қиындатпайды, керісінше баланы шығармашылыққа тартады, соның арқасында балада қиялдау, қоршаған орта туралы тамаша, өзінің бір үлгіге сай түсінігі пайда болады, өз ісінің нәтижелерін жаңа қырынан көреді, демек танымдық салада деңгейі көтеріледі.

Бұл зерттеуді жүргізе отырып, сурет салудың дәстүрлі емес техникасын қолдану арқылы жасалған бейнелеу ісін түсінік-үлгілері саласының дамуы жүргізілетін жоғарғы психикалық функцияның құрылуына бағытталған әдіске жатқызуға болады; ойлау ісінің құрылуы: ойлау белсенділігінің ынталандыруы, ойлау операцияларының құрылуы, ойлаудың көрнекі формаларының дамуы (көрнекі-іс қимылдық және көрнекі-үлгілік), нақты-түсініктік (сөздік-логикалық), сондай-ақ элементарлық; кеңістіктік-уақыттық түсініктердің құрылуы; шығармашылық қабілеттерді дамыту; көру-моторлы координацияны дамыту және графомоторлық икемдерді құру.


1. Казакова Р.Г. Изобразительная деятельность младщих дошкольников. –М., 1980.
2. Екжанова Е.А. Изобразительная деятельность в воспитании и обучении дошкольников с разным уровнем умственной недостаточности. – СПб.: Сотис, 2002.
3. Захарова Ю.В. Использование нетрадиционных техник рисования при обучении рисованию детей с интеллектуальной недостаточностью
//Воспитание и обучение детей с нарушениями в развитии. 2008 №3
4. Комарова Г.С. Изобразительная деятельность в детском саду. –М., 1990.
5. Лебедева Е.Н. Использование нетрадиционных техник рисования в формировании изобразительной деятельности дошкольников с задержкой психического развития. – Методическое пособие М.: Классик – Стиль 2004.
6. Захарова Ю.В. К технологии формирования изобразительной и конструктивной деятельности у детей с особенностями психофизического развития / Коррекционно-образовательные технологии: пособие для педагогов
/ А.Н.Коноплева, Е.А.Калинина, В.П. Пархоменко и др.; научн. Ред. А.Н.Коноплева. – Минск: НИО, 2004. – С.122-134.
7. Марковская И.Ф. Задержка психического развития: клиническая и нейропсихическая диагностика. – М., 1993.
Резюме
В данной статье рассматривается влияние нетрадиционных техник рисования на развитие высших психических процессов у детей с задержкой психического развития дошкольного возраста.
Summary
Given article opens nonconventional the technician of drawing and their influence on development of informative activity at children with a delay of mental development of the preschool age, based on the given various researchers and results of an experimental research of authors of article.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *