ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЫРҒАҚ ДИЗАРТРИЯСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ МОТОРИКАСЫ МЕН СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮЗЕТУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ ЫРҒАҚ ДИЗАРТРИЯСЫ БАР БАЛАЛАРДЫҢ МОТОРИКАСЫ МЕН СӨЙЛЕУ ТІЛІН ТҮЗЕТУ ТӘСІЛІ РЕТІНДЕ

Рахимова М.М. — Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Арнайы педагогика кафедрасының
магистр, аға оқытушысы.

Мақалада логопедиялық ырғақтың дизартриясы бар балалардың моторикасы мен сөйлеу тілін түзету тәсілі ретіндегі бағыты қарастырылған.
Түйін сөздер: Логопедиялық ырғақ, моториканың бұзылысы, қимыл-қозғалыс қоординациясы, қимыл-қозғалысты ұйымдастыру, тәрбиелеу-түзету үрдісі.

Қимыл-қозғалыс координациясының бұзылысы сөйлеу тіл үрдісіне үйренуде қиындықтар туындауының негізгі белгісі болып табылады. Дизартриясы бар балалардың сөзбен және музыкамен сәйкес қимыл-қозғалыстың дамуы тұтас тәрбиелі
– түзету кешенінен тұрады. Дизартрия кезіндегі сөйлеу тіл бұзылысының күрделі құрылымы түзету шараларын ұйымдастыру және өткізуде кешенді жол табуды талап етеді. Дизартрияны зерттеу медициналық, педагогикалық және лингвистикалық пәндердің обьектісі болып табылады. Бұл жалпы сонымен қатар ұсақ моторикаға да қатысты. Моторлы қызметі жақсы дамыған бала сөйлеу тілін жылдамырақ менгереді. Және керісінше, моторлы дамуы қалыптағы жас ерекшеліктен кешеуілдеп дамыған бала, сөйлеу тіл үрдісін менгеруде үлкен қиындықтарға кезігеді. Дизартрияны түзету бойынша жұмыстың жүйесін құрайтын әр-түрлі әдістемелер қатарында, логопедиялық ырғақ белгілі бір орынға ие. Қимыл-қозғалыс пен сөйлеу тіл арасында тығыз байланыс байқалады. Моториканың бұзылысы сөйлеу тілінің дыбыс айту

жағына тікелей әсер етеді, ал ол дизартриясы бар балалардың көбінде бұзылған. Сөз және әуенмен сәйкестенген қимыл-қозғалыстың дамуы тұтас тәрбиелік-түзету үрдіс болып табылады. [1]
Логопедиялық ырғақ – сөз және музыкамен сәйкестікте қимыл-қозғалыс саласын дамыту, тәрбиелеу және түзету жолы арқылы сөйлеу тілді бұзылыстарды жоюға бағытталған, кинезотерапияның бір түрі. Логопедиялық ырғақ бойынша жұмыстың жүйесін құрудың теориялық негізі болып Н.Ф.Бернштейннің қимыл-қозғалысты ұйымдастырудың денгейлік теориясы болып табылады. Берілген теория бойынша қимыл-қозғалысты ұйымдастырудың 5 денгейі бөлінеді:
A. денгейі – орталық жүйке жүйесінің руброспинальды денгейі: проприорепцепция көмегімен дене бұлшықетінің тонусын саналысыз реттелуін, статикалық шыдамдылық пен координацияны қамтамасыз етеді.
B. денгейі – таламопалмедарлы: координацияны, толық қимылдың ішкі байланысын, оның құрамдас бөліктерінің жұмыла әрекеттесуін, айқын қимылдарды, пантомимиканы, пластиканы қамтамасыз етеді.
C. денгейі – пирамидті-стриарлы: көру афферентациясы бастапқы ролге ие кезіндегі қимылды актіні сыртқы кеңістікпен келісілуін, басы және аяғы бар мақсаттылы сипаттағы қимылдарды қамтамасыз етеді.
D. денгейі – маңдай-премоторлы, кортикальды. Бастапқы афферентті жүйе зат туралы түсінік болып табылады. Афферентация затпен іс-әрекеттің мағыналық жағына сүйенеді. Кеңістіктік аумақ жаңа топологиялық сапалы сипатқа ие болады (жоғары, төмен, арасында, астында онын алдында, содан кейін). Дененің оң және сол жағын саналандыру жүреді.
Е-денгейі – қимылдарды бейнелі координациялау мен психологиялық ұйымдастырудың жоғарғы кортикальды денгейі: біреудің және өзінің сөзін түсінуді, шешілетін тапсырманың мазмұнын түсінуін, өзінің ойын жазбаша және ауызша жеткізуін; музыкалық және хореографиялық орындалуын іске асырады. Бұл денгейдің іс-әрекеттері бейнелі ойлауға негізделген.
Соған сәйкес, мектепке дейінгі жастағы балалардың логоырғақты жұмыс жүйесінде екі бағытты бөлуге болады: сөзсіз және сөйлеу тілді үрдістерге әсер ету. Логопедиялық ырғақ келесі міндеттерді шешуге мүмкіндік береді: сүйек-бұлшық ет аппаратын қатайту ағзаның ортақ реактивтілігін өзгерту, патологиялық динамикалық стериотиптерді бұзу, қимылды кинестезияның қалыптасуына жәрдемдеседі, кеңістікте ерікті түрде қимылдай алуын дамытады.
Логопедиялық ырғақ сөйлеу тілді тыныс алудың темпі және ырғақтылығының дамуына, оральды праксистің дамуына, мимикалық мускулатурасын қатайтуға, сөйлеу тілдің темпті-ырғақты және әуенді –интонациялық сипатының дамуына, фонематикалық жүйенің қалыптасуына, қимыл және сөйлеу тілді сәйкестендіре алу яғни оларды біріңғай ырғаққа келтірк алу біліктілігін дамытуға жәрдемдеседі.
Логопедиялық ырғақ сабақтарының құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
a. Кіріспе бөлім- ырғақты сергіту сәті.
b. Негізгі бөлім – бұлшық ет тонусын реттеуге арналған жаттығулар, жалпы моториканың дамуына арналған жаттығулар, — ұсақ моторикасының дамуына арналған жаттығулар (саусақ гимнастикасы), — мимикалық бұлшықетті дамытуға арналған жаттығулар, — тыныс алуды дамытуға арналған жаттығулар, — темп және ритм сезімін дамытуға арналған жаттығулар, — сөйлеу тілінің қимылмен координациясындамытуға арналған жаттығулар, — ән айту.

c. Қорытынды бөлім: — ойын.
Әр сабақ бір тақырыпқа немесе сюжетке арналған, оның барлық бөлімдері өзара байланысқан және бір –бірін толықтырады. Сабақтар сюжеті бойынша түрліше. Сабақтардың сюжетті тақырыптық ұйымдастырылуы балаларға өздерін ынғайлы, сенімді сезінуіне мүмкіндік береді, өйткені ойын кезінде балалардың потенциалды мүмкіндіктері максималды іске асырылады. Сонымен бірге сабақтардың бұлай құрылуы барлық сабақ барысында тұрақты зейінді қамтамасыз етеді.
Дизартириясы бар балалармен логопедиялық ырғақты сабақтарды өткізу кезінде, сөйлеу тілінің және моторикасының қалпы ескеріледі. Қимыл-қозғалысты сабақтар дизартриясы бар балаларда ерекше маңыздылыққа ие, өйткені қимылды жаттығулар бірінші кезекте миды, жүйке үрдістерінің қозғалғыштығын жаттықтырады. (Н.А.Бернштейн, В.М.Бехтерев, И.М.Сеченев және т.б). Сонымен қатар музыкаға сүйеніп қимылдау балаға іс-әрекеттің қызықты, ойынды түрі болып табылады. Бұнда үлкен маңыздылыққа музыкалық жетекшімен тығыз өзара байланыс ие. Балалар нақты анық ырғақты музыкалық сүйемелдеу кезінде қимыл-қозғалыстарды орындайды. Жаттығулардың амплитудасы мен ырғағы музыкалық дыбысталу динамикасымен ойластырылып құрылады.
Қимыл-қозғалысты дағдыларды менгеру қимылмен бірге орындалатын тақпақ және өлең, саусақты ойындарды жаттау, дидактикасыз, күштеусіз, ойын түрде өтілуі қажет. Деген нұсқау беріледі. [5 ].
Сөзбен және әуенмен қимыл-қозғалысты сәйкестендіре отырып дамыту тұтас тәрбиелеу-түзету үрдісі болып табылады. Бұзылған қызметтерді қайта тәрбиелеу және сақталған қызметтерді арықарата дамыту баладан жинақтылықты, зейінді, нақты түсініктерінің болуын, ойдың белсенділігін және есте сақтауды дамытуды талап етеді:
көңіл-күйлікті — егер оқыту үрдісі қызығушылықты және онымен байланысты эмоциональды жауап беруді тудырса;
бейнелілік- қимылдың көрнекі үлгісін қабылдау кезінде;
сөздік логоикалық – тапсырманы түсіну және логоырғақты тапсырманы орындаудағы кезектілікті есте сақтау кезінде; қимылды-моторлы тапсырманы тәжірибелік түрде орындаумен байланысты; ерікті түрдегі – олсыз жаттығуларды саналы, өзбеттілі орындау мүмкін емес. Түзету- дамытушылық іс-әрекеттің моделі тұтас жүйеден тұрады. Оның мақсаты диагностикалық, профилактикалық және түзету-дамыту аспектілерді қосатын тәрбиелі білім беру үрдісін ұйымдастырудан тұрады. Олар баланың жоғарғы, жақсы сөйлеу тілді, ақыл-ой және психикалық дамуын қамтамасыз етеді.
Түзету қызметтің жүйесі жекелік, топтық және жеке сабақтарда және арнайы ұйымдастырылған кеңістікті- сөйлеу тіл ортасында баланың өзбеттілі қызметін ескереді. Дизартрия кезінде логопедиялық жаттығуларды қолдана отырып жұмыс істеген мамандардың өзара әсер етулері туралы сөз етіледі. [2]. Ол бойынша барлық мамандар логопедтің басшылығымен жұмыс атқарады, ол ұйымдастырушы және барлық түзету-дамыту жұмысының координаторы болып табылады.
Тәрбиешілер менгерілген білімді бекітеді, логопедиялық мақсатын, мазмұнын, технологиясын баланың күнделікті өміріне ендіру арқылы (ойын, еңбектік және оқу) біліктілікті дағдыларды машықтандыруға дейін жеткізеді.
Музыкалық жетекші музыкалық іріктеуді жүргізеді және баланың күнделікті өміріне музыкотерапиялық туындыларды ендіреді. Логоырғақты сабақтарда жалпы және ұсақ моторика (қимыл координациясы,қолдың праксисі, артикуляциялық

бұлшық ет), мимиканың айқындылығы, қимылдардың пластикалығы, тыныс алуының, дауыстың қойылуы, сөйлеу тілінің просодикалық жағы жетілдіріле түседі.
Мамандардың өзара байланыстары, әсіресе педагогтармен логопедтердің логопедиялық ырғақ бойынша оның жалпы білім беру бағдарламаларымен сәйкес келетіндей етіп бағдарламаны таңдаудан тұрады. Мысалы, тәрбиешілер күнделікті өмірде білек және артикуляциялық аппараттың ұсақ моторикасын, сөйлеу тілдің және қимылдың координциясын жүйелі түрде дамытып отырады.
Логопедиялық ырғақ сабақтарында балалардың қимыл-қозғалыстары қалыптастырылып және түзетіліп отырылуға бағытталған әсіресе: жалпы қимылдар, қимылды ойындардағы жалпы дамытушы қимылды кешендер. Негізгі қимыл- қозғалыстар (жүру, жүгіру, тепетендікті сақтау, өрмелеу) балалардың жан-жақты физикалық дамуына жағымды әсер еткен: бұшықетті қатайтады және дамытады, жүрек қантамыр қызметінің және тыныс алу жүйксінің жұмысын жақсартқан, балалардың қимылды тәжірибесін молайтқан.
Дизартриясы бар балалармен логопедиялық ырғақты қолдану арқылы түзету жұмысының келесі бағыттарын атап өтуге болады:
— артикуляциялық аппараттың моторикасын дамыту (артикуляциялық гимнастика, вокалды артикуляциялық жаттығулар);
— ерікті мимикалық моториканы дамыту (мимикалық бұлшық етті дамытуға арналған жаттығулар);
— бір демде сөйлеу тілді ой жеткізуді ұзық айтуды дамыту (жаңылтпаштар);
— фонематикалық қабылдауды дамыту (фонопедиялық жаттығулар);
— қолдың ұсақ моторикасын, сөйлеу тілді естуін дамыту (саусақты гимнастика, қолдың сүйемелдеуімен өлеңдер мен әндер айту);
— ырғақ сезімін дамыту (музыкалық аспаптарды қолдану арқылы орындалатын музыкалы, музыкалы-ырғақты ойындар);
— күрделі буындық құрылымдағы сөздерді айта алу біліктілігін дамыту.[3]
Дизартриясы бар балаларға арналған логопедиялық ырғақ сабақтарында қолданылатын жаттығулардың негізгі түрлері, бұлшық ет тонусын реттеуге, сөйлеу тілді тыныс алу мен дауысты дамытуға, дикция мен артикуляцияны дамытуға, қимылдар мен сөйлеу тілдің статикалық және динамикалық координациясын, ұсақ және мимикалық моторикалық қимылдардың ауыспалығын, ырғақ сезімін дамытуға бағытталған.
Логопедиялық ырғақты қолдануда сөйлеу тіл мен моториканы толыққанды дамыту үшін жұмысты жүйелі өткізу өте маңызды, ол үшін тақырыптық жоспар құрастырылады, ол барлық мамандырдың: логопед, тәрбиеші, музыкалық жұмыскердің жұмыстарын бағыттап отыруға мүмкіндік береді.
Түзету қызметінің жүйесін жеке, топтық сабақтарда қолданады. Логопедиялық ырғақтың элементтері сөйлеу тілді дамыту, мүсіндеу, конструкциялау, музыкалық сабақтарда да қолданылады. [4]
Сонымен дизартрияны түзету бойынша жұмыстың жүйесін құрайтын әр-түрлі әдістемелер қатарында, логопедиялық ырғақ белгілі бір орынға ие. Өйткені қимыл- қозғалыс пен сөйлеу тіл арасында тығыз байланыс байқалады. Логопедиялық ырғақтың теориялық негізі Н.Ф.Бернштейннің қимыл-қозғалысты ұйымдастырудың деңгейлік теориясы болып табылатындықтан, соған сай логопедиялық ырғақ сөзсіз және сөйлеу тілді үрдістерге әсер ете алады. Сонымен қатар дизартрия кезінде логопедиялық жаттығуларды қолдана отырып жұмыс істеген мамандардың өзара әсер етулерінің маңыздылығы ашылды. Ол бойынша барлық мамандар логопедтің

басшылығымен жұмыс атқарады, ол ұйымдастырушы және барлық түзету-дамыту жұмысының координаторы болып табылады. Дизартриясы бар балаларға арналған логопедиялық ырғақ сабақтарында қолданылатын жаттығулардың негізгі түрлері, бұлшық ет тонусын реттеуге, сөйлеу тілді тыныс алу мен дауысты дамытуға, дикция мен артикуляцияны дамытуға, қимылдар мен сөйлеу тілдің статикалық және динамикалық координациясын, ұсақ және мимикалық моторикалық қимылдардың ауыспалығын, ырғақ сезімін дамытуға бағытталған.

1. Архипова Е.Ф. «Стертая дизартрия у детей», М.: АСТ: АСТРЕЛЬ, 2008Г.
2. Архипова Е.Ф «Коррекционно-логопедическая работа по преодолению стертой дизартрии». М.: АСТ: АСТРЕЛЬ, 2010г.
3. «Логопедия» под ред. Волковой Л.С.- М., Просвещение, 1995.
4. Лопухина И.С. «Логопедия- речь, ритм, движение: Пособие для логопедов и родителей».- СПб., Дельта, 2008.90с.,ил.

Резюме
В статье рассматривается логопедическая ритмика как средство коррекции моторики и речи у детей с дизартрией.

Summary
The article deals with rhythmic speech therapy as a means of correction of speech and motor skills in children with dysarthria.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *