ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТА- АНАЛАРЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ АТА- АНАЛАРЫМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Жақыпбекова Н.Қ. — Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Арнайы педагогика кафедрасының оқытушысы,
Рахимова А.Т. — Қазмемқызпу-нің Арнайы және әлеуметтік педагогика кафедрасының оқытушысы

Мақалада зияты зақымдалған балалардың және олардың ата-аналарымен қарым- қатынас ерекшеліктері қарастырылады.
Түйін сөздер: отбасы, қоғамдық институт, үйлесімділік, қарым-қатынас, адамгершілік тәрбие, әлеуметтік көмек, психологиялық көмек, отбасы категориясы.

Отбасы – туыстық қатынаста негізделген аз топ, оның мүшелері тұрмыстық қатынастармен, әрекеттес адами жауапкершілік пен өзара көмек көрсетумен байланысты, онда ерлі-зайыптылар арасында, ата-аналар мен балалар арасында, балалардың өзара әрекеттестігін реттейтін қалыпты жағдайлар, тыйымдар және тәртіп үлгілері орын алады (А.В. Мудрик).
Баланың әлеуметтенуіне бірден-бір себеп болатын қоғамдық институттардың бірі
– отбасы. Дәл отбасында бала қоршаған орта туралы түсініктерді меңгереді, адамгершілік нормалары мен жүріс-тұрыс мәдениеттілігін игереді. Әрбір баланың, әсіресе, зияты зақымдалған баланың жалпы даму процесінде отбасы маңызды рөл атқарады. Қазіргі таңда арнайы (түзету) педагогика мен арнайы психологияның даму жолында дене және психикалық бұзылыстары бар балаларды әлеуметтік бейімдеудің жаңа жолдарын іздестіруде. Бұл процеске аталмыш балалардың ата-аналарын қоспасақ, әлеуметтік бейімдеу жұмысы жүзеге асуы мүмкін болмайтыны анық. Ата-

аналардың психологиялық-педагогикалық дайындығының болмауынан балаларды толыққанды әлеуметтендіру жұмысы өз мақсатына жетпей жатады.
Арнайы әдебиеттерді талдай келе, бұл мәселенің толық зерттелмегені анықталды, әсіресе, зияты зақымдалған балалардың ата-аналарына арналған тәжірибелік ұсыныстардың жетіспеушілігі. Бұл мәселемен зерттеушілер бұрындары да айналысып келгендерін айта кеткен жөн, яғни зерттеу өзектілігі төмендегі ғалымдардың зерттеу жұмыстары мен мақалаларында көрсетілген (И.С. Багдасарьян, Н.В. Мазурова, Е.М. Мастюкова, Г.А. Мишина, В.В. Сабурова, В.В. Ткачева және т.б.).
Қазіргі таңда В.В. Ткачева (Ресей) сынды ғалым осы мәселемен белсенді айналысуда (1999, 2006, 2007, 2008). Автор арнайы түзете-дамыту ортасы ретінде отбасы ішіндегі қатынастарды қарастырады, яғни ата-ана мен бала арасындағы оң қарым-қатынастың нәтижесінде бала бойында жағымды қасиеттердің пайда болуын бақылайды. «Маңызды мәселенің бірі жақын адамдардың балаға жағымды әсер етуі тек арнайы мекемеде оның білім алуына жағдай жасап қана қоймай, отбасында да қажетінше көңіл аударған дұрыс» — деп санайды автор. Аталмыш ғалымның теориялық материалдарына, пікірлеріне сүйене отырып, төмендегідей зерттеу жүргіздік. Біздің зерттеу зияты зақымдалған балалардың оқу-тәрбие процесіне ата- аналардың қажетінше көңіл бөлмеу мәселесіне арналады.
Берілген мәселе аумағында біз зерттеудің мақсатын анықтадық: зияты зақымдалған балалары бар отбасына әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық көмек ретінде кешенді бағдарлама өңдеу.
Қойылған мақсатқа байланысты келесідей міндеттер анықталды:
 зияты зақымдалған баланың дамуына жағымды және жағымсыз әсер ететін отбасындағы әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық факторларды анықтау;
 ата-аналардың зияты зақымдалған балаларына деген кері қарым-қатынастарын анықтау;
 отбасындағы қатынастарға әсер ететін жағымсыз себептерді анықтау. Зерттеу Алматы қаласындағы арнаулы «Жанұя» кешенінде жүргізілді.
Мектепте барлығы 43 мұғалім бар, оның 29 арнайы білімі бар педагог- дефектологтар, 21 – тәрбиеші, 2 психолог, әлеуметтік педагог, кітапханашы, ұйымдастырушы педагог, 2 логопед, директор, оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары, тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасары, медициналық қызметкерлер (дәрігер және екі медбике), сонымен бірге қызмет көрсету мамандары.
Мектеп-интернаттағы оқушылардың жалпы саны үй жағдайында білім алатын балаларды қосқанда – 200, оның 113 мектеп-интернат жағдайында білім алады.
Медициналық көрсеткіштер бойынша мектеп-интернатындағы 54 бала мүгедек. Балалардың 46% — да дене дамуы нормаға сәйкес, қалған балалардың (54%) анамнездерінде көру қабілетінің бұзылысы, қимыл-қозғалыс дағдыларының ауытқушылықтары, дене аурулары кездеседі.
Мекемеде 24 сынып бар, оның біреуі үй жағдайында білім алатын балаларға арналған. Он сыныпта зиятында ауыр бұзылыстары бар және күрделі кемістіктері бар балалар, он төрт сыныпта зиятында жеңіл бұзылыстары бар балалар оқиды. Сыныптағы балалар саны: күрделі кемістіктері бар балаларға арналған сыныпта – 5 бала, зиятында жеңіл бұзылыстары бар балаларға арналған сыныпта – 10-12 бала қамтылған.

Отбасы категориясының әлеуметтік паспорты: толық – 54 отбасы, толық емес – 98, көп балалы отбасы – 20, оның 12 толық емес және 17 жалғызбасты аналар, 13 отбасы балаларды қамқорлыққа алған ата-аналары бар отбасылар.
Әлеуметтік жағдайы төмен – 44 отбасы, көп балалы әлеуметтік жағдайы төмен – 30 отбасы, кәмелетке толмаған балалардың ісі жөніндегі тіркеуде тұрған – 13 отбасы, мектепте тіркеуде тұрған – 4 отбасы бар.
Зерттеуге 50 отбасы қатысты (100 адам), яғни 5-9 сынып оқушылары (50 адам) мен олардың ата-аналары (50 адам).
Зерттеу әдістері
Балалар мен олардың ата-аналары арасындағы қарым-қатынасты бағалауда келесідей әдістемелер қолданылды: «Фильм-тест» (Р. Жиля), «Екі үй» (И. Вандвик, П. Экблад), «Отбасы суреті» тесті және «Менің анам» тақырыбында шығарма жазу.
Балалар мен ата-аналар арасындағы қарым-қатынасты талдау үшін ең көп кездесетін жанұя мүшелерін және зерттеу барысында балада байқалатын өзгешеліктерді белгілеп, көрсетуді жөн көрдік:
 баланың анасына, әкесіне, отбасына деген көзқарасы;
 ағасына немесе інісіне деген көзқарасы;
 туыстарына деген көзқарасы (апасы, атасы);
 баланың қияңқылығы мен алаңдаушылық ерекшеліктері;
 отбасының басқа да мүшелерінен алшақтығы.
Зерттеу қорытындысы
Зерттеу бойынша балалардың анасына деген көзқарасы келесідей тоқтам жасауға мүмкіндік берді:
 Р. Жиля әдістемесі бойынша қатынас деңгейінің көрсеткіші – орташа (42%);
 «Екі үй» әдістемесі бойынша аналарын «үйлеріне» орналастырған балалар – 91%, аналарын «үйлерінің» жанына орналастырған балалар – 9%;
 5-7 сынып оқушылары қатысқан «Менің отбасым» әдістемесі бойынша басты орында анасы екендігі байқалды (68% балалар ең алдымен аналарын бейнелеген), 14% аналар ірі көлемде бейнеленген;
 8-9 сынып оқушыларының шығармаларында жағымды сөздердің кездескені байқалды (73%) және аналарының мінездерін оң негізде сипаттаған, яғни мінезінің жұмсақтығы, ақкөңілділігі, жайдарлығы (47%), ал аналарының мінезін кері негізде сипаттаған көрсеткіш 31%. 22% балалар аналарының мінезіне деген көзқарасын көрсеткен жоқ.
 Зерттеу қорытындысы бойынша балалардың әкесіне деген көзқарасы келесідей:
 Р. Жиля әдістемесі бойынша қатынастың көрсеткіші орташа – (29%);
 «Екі үй» әдістемесі бойынша әкелерін «үйлеріне» орналастырған балалар – 82%, әкелерін «үйлерінің» жанына орналастырған балалар – 18%;
 «Менің отбасым» әдістемесі бойынша 25% балалар ең алдымен әкелерін бейнелеген, әкесін ірі көлемде бейнелеген тек бір ғана бала (12,5%).
 Зерттеу нәтижесі бойынша толық отбасынан шыққан балалардың отбасына деген көзқарастарының қорытындысы:
 Р. Жилья әдістемесі бойынша математикалық талдау қорытындысы орташа көрсеткішті анықтады – 38,3%;
 «Екі үй» әдістемесі бойынша өздерінің «үйлеріне» екі ата-ананы орналастырған
– 75%;

 «Менің отбасым» әдістемесі бойынша зерттелуші отбасыларында тығыз эмоционалды қарым-қатынас бар екендігі анықталды – 46%, ата-аналарын бір- біріне жақын орналастырғандар – 12,5%.
 Зерттеу нәтижесі бойынша ағасына (інісі) немесе әпкесіне (сіңлісі) деген көзқарастарының қорытындысы:
 Р. Жиля әдістемесі бойынша қатынастың көрсеткіші орташа – (38,3%);
 «Екі үй» әдістемесі бойынша бауырларын өздерінің «үйлеріне» орналастырғандар – 79%, «кішкене үйге» орналастырғандар – 21%;
 «Менің отбасым» әдістемесі бойынша бауырларының арасында бәсекелестік қатынас анықталды — (16%).
 Зерттеу нәтижесі бойынша басқа да туыстарына (апасы және атасы) деген көзқарастарының қорытындысы келесідей:
 Р. Жиля әдістемесі бойынша қатынастың көрсеткіші орташа – (40,6%);
 «Екі үй» әдістемесі бойынша туыстарын (апасы және атасы) отбасы мүшелері ретінде санаған (85%), 5% атасы мен апаларын «үйлерінің» жанына орналастырған, 10% орналастыруға жөн санамаған, яғни оларды отбасы мүшелері ретінде қабылдамаған;
 «Менің отбасым» әдістемесі бойынша отбасы мүшелері ретінде оның негізі мен маңыздылығы 20%-дан болды;
 Апасына деген көзқарасын анықтауда шығармалардың мазмұнында эмоционалды бірегей сөздердің кездескендігі анықталды (басқалардан айқындалмайтын ерекше тағдыр иесі) – 4% және әділділік пен ақкөңілділік сияқты мінезінің оң сапасы анықталды (8%).
 Зерттеу нәтижесі бойынша баланың қияңқылығы мен алаңдаушылығының көрсеткіші төмендегідей:
 Р. Жиля әдістемесі бойынша төмен көрсеткіш берді (23,6%);
 «Екі үй» әдістемесі бойынша балалар өздерінің аталары мен апаларын
«үйлеріне» орналастыруды ұмытып кеткен (10%);
 «Менің отбасым» әдістемесі бойынша 12,5% балада отбасына деген қияңқылық мінез танытқан, анасымен қақтығыс (4,5%), бауырларымен тіл табыса алмау (5%), апасы және атасымен қақтығыс (10%), әкесімен қақтығыс (12,5%).
 Зерттеу нәтижесі бойынша алаңдаушылық деңгейлері келесідей:
 Р. Жиля әдістемесі бойынша деңгейі – орташа (32,4%);
 «Менің отбасым» әдістемесі бойынша ата-аналарымен бірге екі отбасында алаңдаушылық деңгейі эмоционалды түрде байқалған – 8%, ал бауырларымен 5%.
 Балалардың басқа да туыстарынан алшақтығын зерттеу қорытындысы:
 Р. Жиля әдістемесі бойынша орташа деңгейі – төмен (20,5%);
 «Менің отбасым» әдістемесі бойынша аналарын оқшаулау (14%), бауырларын (5%), апасы мен аталарын (10%), басқа да отбасы мүшелерін бір-бірінен оқшаулау – 8%, балалар мен ата-аналар арасындағы эмоционалды байланыстардың әлсіздігі (12,5%).
Алынған эксперименттік көрсеткіштерді талдай келе, зияты зақымдалған балалар және олардың жақын адамдарымен қарым-қатынасындағы өзекті мәселелерді анықтадық:
1. Ата-аналар мен балалар арасындағы өзара үйлесімді қатынастың болмауы;
2. Әкесі тарапынан дұрыс тәрбиенің жеткіліксіздігі;

3. Балалардың ата-аналарымен және басқа да туыстарымен қарым-қатынасының шиеленісуі;
4. Жақын адамдарына деген қатынастарының теріс болуы;
5. Басқа адамдардан оқшаулануға деген ынтасының болуы.
Осы мәселелерді жинақтай келе, отбасында тәрбие арқылы жеке тұлғаға ықпал етудің жетіспеушілігі белгілі бір қиындықтарды туындатады. Сондықтан да, отбасы бала үшін тек қана туылған жері немесе өскен ортасы емес, сонымен бірге оның тұлғасын қалыптастырушы қызметін атқарады. Тек отбасында ғана бала алғашқы қоршаған орта туралы білімдерді игереді, ал ата-аналарының жоғары білімділігі мен мәдениеттілігі және адамгершілігінің болуынан бала қоғамдағы мәдениет ортасына еніп, өмір бойы оның белгілі бір бөлігіне айналады.
Егер отбасында қажетінше қарым-қатынас, үйлесімділік болмаса және бала адамгершілік нормалары төмен отбасында тәрбиеленсе, мұндай жағдайда отбасындағы тәрбие тұлғаны қалыптастырудағы кері фактор болып табылады және зияты зақымдалған баланы болашақта бейімдеуге, қоғамға әлеуметтендіруге кері ықпал жасайды.

1. Мардахаев Л.В., Беркімбаева Ш.К., Таубаева Ш.Т., Иманбаева С.Т., Тастемірова Л.Ө., Майғаранова Ш.М., Абаева Ғ.А., Колумбаева Ш.Ж. Әлеуметтік педагогика. Оқулық. – Алматы., — 2011.
2. Багдасарьян И.С. Межличностные отношения в семье, имеющей умственно отсталого ребенка. Автореф.дис канд.психол.наук. – Н.Новгород, 2000.
3. Венгер А.Л. Психологические рисуночные тесты: Иллюстрированное руководство. – М.: Изд-во ВЛАДОС-ПРЕСС, 2003.
4. Ткачева В.В. О некоторых проблемах семей, воспитывающих детей с отклонениями в развитии // Дефектология, 1998 №4.
5. Шипицына Л.М. Профилактика социального сиротства. Роль и ответственность родителей за воспитание детей: Актуальные проблемы специального образования / Л.И. Шипицына.-Тезисы третьей научно-прак. Конференций.-СПб, ИСПиП.,2009.

Резюме
В этой статье рассматривается особенности детско-родительских отношений в семьях ,воспитывающих умственно отсталых детей.
Summary
This article discusses the features of parent-child relationships in families of mentally retarded children.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *