АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОҚУЛЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІМӘСЕЛЕСІ

АРНАЙЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОҚУЛЫҚТЫҢ ӨЗЕКТІ
МӘСЕЛЕСІ

Кошжанова Г.А.–магистр оқытушы, Арнайы педагогика кафедрасы, Абай
атындағы ҚазҰПУ

Бұл мақалада арнайы білім беру жүйесінде оқулықтың өзекті мәселесі қарастырылады.
Түйін сөздер: Оқулық, жүйелеу, жинақтау, кіріктіру, дамыту, ақпараттық дәстүрлі әдіс, өзін-өзі бақылау, оқу-әдістемелік кешен, ақпарат.

Әлемдік білім кеңістігінің даму тарихы, оның әр кезеңіндегі айқындалған тенденциялары әр халықтың гүлденіп өркендеуінің, қоғамдағы прогрессивтік өзгерістердің білімге байланыстылығын, жалпы білім саласының маңыздылығын дәлелдейді. Әрбір мемлекеттің интеллектуалдық, экономикалық, парасаттылық және мәдени қарымы білім саласының күйіне және оның прогрессивтік даму мүмкіндіктеріне тікелей байланысты екендігін педагогика ғылымы мен білімінің даму тарихы айқындайды.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2007 жылғы 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында

«Білім берудің сапасын жаңарту мен әлемдік білім стандартына сәйкес ұлттық білім беру жүйесін құру екендігі қажет» – деп атап көрсетті. ХХІғасырда Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жалпы және арнайы білім жүйелерінде оқулық мәселелері қарастырылып отыр.
Қоғамымыздың әлеуметтік-экономикалық және саяси құрылымының түпкілікті жаңаруына байланысты бірінші міндет халықтық білім жүйесін жаңаша тұжырымдама жасап, жаңаша талап қоюды қажет етеді. Мектептердегі нақты міндеттердің бірі білім беру кезеңінде балалардың физиологиялық, психологиялық деңгейінің дамуын, олардың әрі қарай білім алу, күрделі білімді жеткілікті қабылдауын дамыту, әр салада болсын біліктерін жетілдіру негізінде, еліміздің білім беру жүйесінде жаңалық болып табылады.
Еліміздің егемендік алып, қоғамдық өмірдің барлық, соның ішінде арнайы білім беру саласында жүріп жатқан өзгерістер мектепті осы кезге дейінгі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты.
Қазіргі кезде біздің Республикамызда арнайы білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу- тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр: арнайы білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда:
• ақпараттық дәстүрлі әдістері – ауызша және жазбаша, телефон және радиобайланыс – қазіргі заманғы компьютерлік құралдарға ығысып орын беруде;
• баланың жеке басын тәрбиелеуде, оның жандүниесінің рухани баюын а, азамат, тұлға ретінде қалыптасуына көңіл бөлінуде;
• мектеп, отбасы мен қоршаған әлеуметтік ортаның бала тәрбиесіндегі бірлігіне ұмтылыс жасалуда;
қоғамдық біліммен бара-бар педагогикалық технологияның кеңінен қолданылуына және ғылымның рөліне мән берілуде.
Арнайы білім беру жүйесіндегі оқулық сапасын жетілдірудің психологиялық, педагогикалық бағыттағы негізгі ой-тұжырымдары төмендегіше сипатталады:
• есте сақтауға негізделген оқып білім алудан, бұрынғы меңгергендерді пайдалана отырып, ақыл-ойды дамытатын оқуға көшу;
• білімнің статистикалық үлгісінен ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылым жүйесіне көшу;
• оқушыға орташа деңгейде білім беретін бағдарламадан жекелеп, саралап оқыту бағдарламасына өту.
Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнұсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта арнайы білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқулықтың оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор.
Қазіргі арнайы білім беру саласындағы оқулықтың жаңа мазмұны оқушылардың , кәсіптік, адамгершілік, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қоғамның білім беру жүйесіне қойып отырған әлеуметтік тапсырыстың жүзеге асырылуы, өз кезегінде, Республикада жаңа буындағы оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін (ОӘК) әзірлеу мен оларды өмірге енгізуді қажет етеді.

Отандық оқулықтардың сапасы жөнінде жағымсыз қоғамдық пікір қалыптасып отыр. Бұл ахуал еліміз егемен болған жиырма жылдың ішінде төл оқулық өндірісінің белгілі бір деңгейге көтеріле алмағандығының көрінісі. Осы күнге арнайы білім беру жүйесіне арналған оқулықтар мен оқу-әдістемелік құралдар толық зерттелмеген. Біздің ойымызша, оқулық сапасын көтеру үшін жазылған оқулықтарды сараптау мен талдау жеткіліксіз шара. Мемлекеттік тілдегі сапалы оқулық шығару үшін оған деген нақты талап пен критерийлер, авторлардың алдына мақсат пен міндет барынша айқын да нақты қойылуы керек және соған сәйкес мерзім мен жағдай жасалғанда ғана белгілі бір нәтижеге жетеміз. Елдегі арнайы білім беру саласында жалпы алғанда, қазақ тілді оқулықтармен қамту жүйелі түрде қолға алынбаған. Аталмыш мәселе жоғарғы білімге де, орта және арнаулы білім беру деңгейіне де, бастауыш білім беру сатысына да тән болып отыр. Қазіргі кезде оқулық сапасын зерттеу бүгінгі таңда өзекеті мәселеге айналып отыр.
Бүгінде сын пікірлердің толастамауының басты себебі оқулық жазудың қиынды- ғынан болар. Себебі оқулық жазу бір күннің немесе екі-үш айдың жұмысы емес. Оқу- лық жазуды басынан өткерген академик А. Колмогоров оның қиындығын жаңа бір реактивті ұшақ жасап шығарумен теңеген екен. Ендеше, оқулық жазу – ол үнемі үз- діксіз жетілдіруді, дамытуды қажет ететін процесс. Алғашқы төл оқулықтарымызды оқу процесіне енгізу барысында көптеген кемшіліктер кездесіп, оларға аса мін берген жоқ, оқулықта кездесетін материалдардың тақырыпқа сай келмеуі, көрнекі құралдардың дұрыс бейнеленбеуі, ақпараттармен жұмыс істеуге арналған материалдардың жеткіліксіздігі оқулық сапасын төмендетті.
Оқулық, бір жағынан, білім мазмұнының материалданған таратушысы, ал, екніші жағынан, оқущылардың осы мазмұнды меңгеру процесінің ұйымдастырушысы болғандықтан, оқулық ОӘК-нің өзегі және оқыту құралы ретінде басым мақсаттарды, оқу бағдарламасының мазмұны мен негізгі дидактикалық-әдістемелік міндеттерді жүзеге асыруда шешуші мәнге ие болады. Оқулық дегеніміз – бағдарлама мен дидактиканың талаптарына сай ғылыми-теориялық жағынан ұстамды құрылған, оқу пәнінің мазмұнын бірізді баяндайтын кітап.
Оқулық:
— оқыту кезінде іс-әрекет жүйесінің және оқу – тәрбие процесін ұйымдастыру құралдары жүйесінің құрамды бөлігі ретінде;
— нормативтік ауқымның құрамды бөлігі ретінде;
— оқытудың түпкі нысанасы болып табылатын курстың құрамды бөлігі(оқу материалдарында, оқыту ережелерінде көрініс тапқан және оқу бағдарламалары мен жалпы әдістемелік нұсқауларда ескерілген) ретінде қарастырылады.
ОӘК-нің(оқу әдістемелік кешен) жетекші бөлігі ретінде оқулық үйлестіруші және жүйелеуші қызметтерді атқарады. Үйлестірушілік қызметі оқулық айналысына басқа оқу құралдары топталатын, оқыту құралдары жүйесінде ОӘК-нің өзегі болып табылады. Оқулықтың бұл қызметі мұғалімнің саралап оқытуды жүзеге асыруына, оқушылардың ақпараттар ағымында бағдарлана алу біліктілігін қалыптастыруға, алынған білімді тереңдетуге және бұл білімді практикалық іс-әрекетте қолдана білу біліктілігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Оқулықты ғылыми тұрғыдан зерттеген ғалымдар С.Г.Шаповаленко, В.П.Беспалько, Л.В.Занков, М.И.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В. Краевский, Н.Ф.Талызина және К.Д.Ушинский еңбектерінде көрініс тапқан.

Қазақ тілінде алғаш оқу құралдары Ы.Алтынсариннің өзі екі оқу құралын «Қазақ хрестоматиясын» (1889) және «Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастуыш құралын» (1889) жазып, бұларды қазақ-орыс мектептеріне төлтума оқулық ретінде ұсынды. Мәселен, «Хрестоматияға» ол қазақ халқының ауыз әдебиетінің асыл үлгілерін, балаларға арналған нақыл әңгімелер мен өлеңдерді, орыс жазушылары Крылов, Толстой, т.б. әңгімелері мен мысал өлеңдерін аударып енгізді. Алтынсарин өз хрестоматиясының екінші бөлімінде жаратылыстану, жағрапия, тарих, физика, сондай-ақ техника саласынан түсінік беруді көздейтінін айтқан еді. Бірақ ол кітабы осы кезге дейін табылмай келеді.
М. Жұмабаевтың 1922 жылы « Педагогика» атты ғылыми еңбек жазды. М.Дулатов «Есеп құралы» мен «Оқу құралы» (1922) атты оқулықтар, Ахмет
Байтұрсынов «Оқу құралы» (1912), «Тіл құралы» (1914), «Жаңа әліпби»(1928)
«Әліпби», «Тіл құралы», атты кітаптарды жарыққа шығарды.
Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары білім беру саласындағы басты мәселе- лердің бірі – отандық төл оқулықтар дайындау мәселесі күн тәртібіне қойылып, 1996 жылғы қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін дайындаудың және басып шығарудың мақсатты бағдарламасын әзірленді. Аталған бағдарлама басқару органдарының, ғылыми- зерттеушілік, педагогикалық және авторлық ұжымдардың, баспалардың рес- публикадағы мектептерге жаңа буын оқулықтарын әзірлеу, басып шығару және енді- рудегі үйлестіру қызметі мен стратегиясын анықтайтын басты құжат болып табыл- ады. Осы бағдарламаға сәйкес, кезең-кезеңімен оқулықтар оқу процесіне енгізілді.
Оқулық — адам баласы ақыл — ойыннан туған рухани байлықты сақтап, оны ұрпақтан — ұрпаққа жеткізіп отыратын, білім мен тәрбие беретін құрал. Ол — адамзат жасаған ең ұлы кереметтердің бірі. Оқулықтың өзіне тән қызметтері бар:
— оқулықтың жүйелеушілік қызметі оқу курсының мазмұнын құрайтын ақпараттың қатаң тәртіппен баяндалуын қамтамасыз етеді. Оқулық оқушыны ғылыми жүйелеу әдістері мен тәсілдеріне үйретуі тиіс, оқушыларды тиянақты біліммен қаруландыра отырып, оларға әлемнің біртұтастығы туралы түсінік беруі керек.
— ақпараттық – білім берудің пәндік мазмұны мен пәнді зерделеу кезінде оқушыларды қалыптасуы тиіс іс-әрекет түрлерін ақпараттың қажетті мөлшерін анықтай отырып берілуімен сипатталады. Кітаптың бұл қызметі оқушылардың дамуы мен тәрбиелілігінде оңтайлы өзгерістер болуы тиіс оқыту процесінің нәтижелі болуын ескереді;
— жинақтау – дидактикалық ұстанымдар мен ережелер негізінде, түсініктілік ұстанымын ескере отырып, оқулықта берілетін ғылыми-теориялық, дүниетанымдық, көркем құндылықты, техника-технологиялық және т.б. білімдердің оқу материалы ретінде (есептер жүйесі, жаттығулар т.б.) түрленуіне байланысты және мұнда оқушылардың нақты танымдық іс- әрекетінің танымдық – түрлендіруші іс-әрекетке айналуындағы тиімділік қамтамасыз етіледі. Оқушылардың дайын білімді қайталап айтып беруімен қатар, эвристикалық (жартылай ізденімпаздық), шығармашылық (зерттеущілік, құрастырушылық) сияқты іс-әрекеттері пайда болады, яғни оқушылардың белсенділіктері дамиды;
— алған білімін бекітіп өзін-өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру қызметі – мұғалімнің басшылығымен оқушылардың іс-әрекет түрлерін қалыптастыруды, олардың міндеті оқу материалын берік меңгеруіне қол

жеткізуді, практикалық қызметте сол материалды бағдар тұтып, оған сүйене алатындай болуларын көздейді;
— кіріктіру – оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттер барысында, әр түрлі білім көздерінен жинақталған білімдердің тұтастай қарастыра отырып сұрыптауға және меңгеруге әсер етеді;
— дамытып-тәрбиелеу – жан-жақты дамыған жеке тұлғаның негізгі қасиеттерін белсенді түрде қалыптастырады.
Оқулықтың басты мақсаты — өзіне тән педагогикалық тәсілдер арқылы жеткіншек ұрпақты адам баласының өзінің ұзақ тарихында жинақтаған білім, тәжірибесімен қаруландыра отырып, сол қоғамның мұрат-мақсаттарына сәйкес тәрбиелеу, жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Оқулықтардың өзіндік ерекшеліктері төмендегідей сипатталады:
1. Оқу материалының ғылыми таным заңдылықтарын айқындайтын логикаға сәйкес құрылуы;
2. Оқыту мазмұнында зерделенетін пән ғылыми логикасының және оның ерекшелігінің көрініс табуы;
3. Философиялық білімнің көрініс табуы мақсатымен ұғымдық аппараттың реттелуі;
4. Ғылыми категорияларының, оның ең маңызды теориялық қағидаларының жеткілікті дәрежеде және сенімді сипатталуы;
5. Пән мазмұнының үлгісін құруда жүйелілік тәсілдің қолданылуы;
6. Шектес пәндердің теориялық түсініктерінің келтірілуі;
7. Білім мазмұнының әр түрлі деңгейлерінің қамтамасыз етілуі (фактілер, ұғымдар, заңдар, жеке теориялар, әлемнің ғылыми бейнесі туралы біртұтас түсініктің берілуі, ғылыми білімнің типологиялық түзілуінің қарастырылуы, білім түрлерін сипаттаудың құрылымдық – логикалық сипатының болуы, білім жүйесіне әдіснамалық білімдер, құрылымдық – функционалдық байланыстар сияқты түсіну мен меңгерудің арнайы құралдарының енгізілуі).
Қортындылай келе, арнайы білім беру жүйесіндегі оқулық сипаты төмендегіше анықталды:
— жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі;
— жаңа материалды меңгеруге даярлық барысында оқушылардың танымдық белсенділігін айқындайтын, өзбетінше орындалатын жаттығулардың бар болуы;
— жаңа ереже, ұғым, заңдармен танысу барысында оқушының қызығушылығын, белсенділігін арттыратын, тапсырмалардың болуы;
— оқушылардың алған білім, білік және дағдыларын жаңа материалды меңгеруге байланысты үнемі қайталап отыруын талап ететін тапсырмалардың бар болуы және ол оқушыларды өзбетінше ізденуіне бағыт бағдар беру;
— оқушылардың өз ойын жазбаша жаза алудың күрделі біліктігін қалыптастыратын, өзіндік қызметтің, шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың болуы.
күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы;
Яғни, оқулық оқушылардың бойында қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру болып табылады.

1. Қараев. Ж.А., Нуракметов. Н.Н. Оқулықтар, оқу-әдістемелік кешеннің құрамы мен оқу бағдарламаларын әзірлеуге және сараптауға қойылатын дидактикалық талаптар. – Алматы 2003ж
2. Құсайынов А.К. Білім болашақ негізі. – Алматы 2010
3. Гуткина Н.И. Психологическая готовность к школе. – М.: Академия, 2003. – 166 с.
4. Боданов Ж., Бөлеев К. Қазақтың халық педагогикасы. Жамбыл: 1992
5. Қоянбаев Б.Ж. Педагогика.Оқу құралы.-А лматы, «Рауан»,1992.

Резюме
В статье рассматриваются вопросы структура и содержании в системе специального образования.

Summary
The article examines the structure and content in special education.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *