Refutatio (терістеу)

Refutatio (терістеу)

 

1. Қарсыластың жалпылама пікірлерімен ой бөлісіңіз. 

 Кейде кері тәсіл – жалпылаудың өзі орынды болып келеді. Квинтилиан былай дейді: айыптаушы сотталушыны қылмысқа итермелейтін кейбір әрекеттерді атап өтеді; мұндай ойларды талдаудың қажеті не? Егер адам белгілі болған әрекетке байланысты негізді себепке ие болса, бұл осы әрекетті жасады деген сөз емес қой. 

2. Қарсыласқа қарсы пікір білдіргенде, ерекше талпынысыңызды көрсетпеңіз әлдебір пікірге табанды қарсылық көрсету тыңдаушылардың түсінігіне жаңа бір маңыз беруі мүмкін, олардың бойында шешенге тиімсіз болып келетін жеке пікірлер пайда болады: егер ол бұл жөнінде көп айтса, демек бұның өзі зор маңызға ие. Керісінше, қарсыластың пікірлеріне онша мән бермей ықылассыз қарсылық көрсететін болса, онда олардың екеуі де көңіл аударуға тұрмайды. Классикалық мынадай бір жағдай кездеседі: айыптаушы екі қорғаушыға қарсы қарсылық көрсетуіне тура келді; Алғашқысы екі сағат, екіншісі – бір сағат сөйледі. Айыптаушы алқалы билерге былай деді: «Алғашқысына қарсылық білдірмеймін, қарсылыққа тұрмайды. Екіншісіне көшейік». Әрине өз ісінің әділеттілігіне сенген адам ғана осылай сөйлейді. Егер бұл риторикалық қақпан болатын болса, қарсыласы оның осындай жеңіл ойларының талқанын шығарады.       

3. Қарсыластың күшті пікірлеріне қарсылық білдіріңіз. Қарсылық білдіре отырып, оның келтірген дәлелдерін қайталай түсіп немесе дамыта көрмеңіз. Өкінішке орай, бізде бұл жағдай көп кездеседі. Бұның өзі түсінікті де, өйткені айтылған жайттарды қайталау оңай, бұл кезде  көрсеткен қарсылығымыз жеңіп шығады деп ойлаймыз. Бәрі де керісінше болады. Қарсыластың ойлары барынша ыңғайлы формада баяндалды, оларды қайталай отырып біздер оны аздап қысқартамыз әрі оңайлатамы; осы ойлардың конспектісін құрған боламыз, оларды қатысушыларға түсіндіреміз, солай ете отырып керемет үлгіде қарсыласымызға өзіміз көмектесеміз. Судьялар қарсыластың пікірін толық түсінбеуі мүмкін, біздер соны жеткізе түсіндіреміз, ұмытып қалса есіне түсіреміз. Осылай ете отырып, қарсыластың жағдайын нығайтамыз. Содан кейін кенеттен қарсыластың пікірлерін терістеуге көшеміз. Біз өз пікірлерімізді соңына дейін дамытуға үлгермей қаламыз. Басымызға алғаш келген ойларға сүйенеміз, ең маңыздыларын жіберіп аламыз, оларды сәтсіз үлгіде баяндай түсеміз. Қарсыластың қысқа әрі нақты ойларынан соң, көпсөзділік пен бұлыңғыр пікірлер айту қарсыластың дәлелдерін айқындай түседі.

4. Терістейтін кезде дәлелдей көрмеңіз. «Егер тұрмыстық немесе заңды презумпция сіздің жағыңызда болса, — дейді Уэтли, — әрі сіз өзіңізге келтірілген дәлелдерді теріске шығарсаңыз, онда сіздің қарсыласыңыз талқандалғаны. Ал егер бұл жолдан түсіп, өзіңізге қолайлы болған презумцияны тыңдаушылардың ұмытуына әкелсеңіз, онда өзіңіз ең үздік дәлелдеріңізден айырыласыз, сәтсіз сөздерге ұрынасыз». Көрнекі мысал келтірейік. Адам айыпталушы ретінде ешбір дәлелсіз қылмыстық іске тартылып отыр. Ол өзін айыпты деп санамайтындығын айтып, айыптаушының кінәсін дәлелдеп беруін талап етуі тиіс. Алайда, ол мұның орнына өзінің кінәлі еместігін өзі дәлелдей бастайды. Бірқатар ойлар айтады. Көпшілік жағдайларда кінәсіздікті дәлелдеу яғни теріс жағдайды орнату мүмкін емес сияқты көрінеді. Күдікті сейілтудің орнына, ол мұны күшейте түседі.     

5.  Сөздерге фактілермен жауап беріңіз. 

6. Қарсыласқа оның жеке дәлелдерімен қарсылық көрсетіңіз. 

Ал. Мерк өлімі туралы іс бойынша айыптаушы мынадай бір ой айтады: егер Никифирова морфий тауып беруді Антоновтан сұраған болса, мұның өзі өзін-өзі өлтіру үшін емес, Меркті уландыру мақсатында ғана жасалған. Егер ол әйел өзін-өзі өлтіргісі келсе, едәуір күшті у табар еді. Қорғаушы қарсылық білдірді: «Прокурор мофийдан улануына сенбейді, прокурор кез-келген газетті ашып қарасын. Әйелдердің күнделікті сірке суынан уланып жатқанынан хабардар болады». Айыптаушы осы қарсылықты пайдаланып кетуіне болар еді. Ол өзін-өзі өлтіру үшін уландырғыш затты табу оңай екендігі қорғаушының сөзінен белгілі екендігін айтар еді. Антонова кез-келген қыз сияқты сірке суын улану үшін таба алар еді. Сондықтан өзінің таныс фельдшеріне бұл үшін өтініш жасауының қажеті де жоқ. Басқа бір адамды сірке суымен улау өте қиын. Ал уланушымен бір пәтерде тұра отырып оны қалай уландырасыз, оны байқамай ішіп қою мүмкін емес. Ал осындай жағдайда морфиймен уландыру өте оңай.    

7. Күдіксіз дәлелдерге және дұрыс ойларға қарсы дау айтпаңыз. Оның пайдасы жоқ, тіптен адамгершілікке жат нәрсе.   

Антоний Цицероннан былай деп келтіреді: «Менің алғашқы ережем мынадай – қарсыластың күшті дәлелдемелеріне және пікірлеріне мүлдем жауап бермеу. Мүмкін бұл күлкілі де шығар. Кім бұлай істей алмайды. Мен өз істегенімді айтамын. Өзгелердің менің орнымда болғанда істей алатындығын айтып тұрған жоқпын. Қарсылас менен күшті болса, шегінерімді мойындаймын. Бірақ қалқанымды тастамаймын және оны қалқаламаймын да. Мен толық реттілікте және жеңімпаз күйімді сақтап қаламын. Демек, менің шегінісім шайқасымның жалғасы болып келеді. Мен бекініс орнына келіп тоқтаймын, яғни қашу үшін емес, қорғаныс орнын иемдену үшін шегінемін». Егер факт анықталған болса, оған қарсы тұрудың қажеті жоқ. Шешеннің негізгі қорытындылары және ережелеріне сәйкес келетін түсініктеме табу қажет.      

8. Сенімсіз нәрсені теріске шығармаңыз. Ол семсермен желге қарсы жүргеніңіз сияқты көрінеді. Сотталушы кісі өлтіруге деген екі қастандықта   айыпталады.  Ол екі адамды жақыннан тұрып мылтықпен атқан. Екеуіне де оқ тиген. Бірде-бір оқ олардың терісіне тереңдеп тимеген. Сарапшы оқ жұмсалған револьверден атылған оқтар киімді тесіп өте алмайтындығын, жай ғана қорқыту үшін қолданылатындығын атап өтеді. Айыптаушы да револьвердің онша зақым келтірмейтіндігін атап өтті. Қорғаушы револьвермен өлтіре алмайтындығын айту керек еді. Сотталушы бала аянышты халде еді, ол туралы жақсы пікірлер бар еді. Шамасы біреудің қожасына айдап салу үшін ересектер ішімдікке тойдырса керек. Сотта ол бұл жөнінде ешнәрсе айтпады, алқалы билерге мұны қорғаушы да түсіндірмеді.   

9. Қарсылас мойындаған фактілерді пайдаланыңыз. 

Эсхин афиндіктерді бұрын қалыптасқан пікірлер бойынша емес, қазіргі жағдайлар бойынша Демосфенді соттауға шақырды. Демосфен былай деп жауап берді: Эсхин сіздерге мен туралы үйлеріңізден ала шыққан пікірлеріңізден бас тартуға кеңес береді. Мұның өзі дұрыс емес. Демек, менің берген кеңестерім мемлекеттің пайдасына, оның кеңестері Филипке жарағаны. Сіздерді айнытудың не қажеті бар? Демосфен өзіңізге пайдалы орынға өтіп, шабуылға шығу керектігін көрсетіп тұр.       

10. Егер қорғаушы сөзсіз дәлелдерге үндемей құтылса айыптаушы судьяға оның жауап бере аламағанын айтуы тиіс. Егер қорғаушы сөзінде қателік кездессе, айыптаушы оны жай ғана түзетуі тиіс. Біздің айыптаушыларымыз мұны біле бермейді. Прокурорлар дөрекі түрде шабуыл жасайды. Мұның өзі қарсы жақтың ашуын тудырады. 

 Айыптаушы қарсылық көрсетпеуі керек. Қарсылық — әлсіздіктің белгісі. Қарсылық көрсетпеу өзінің әділ екендігін дәлелдейді. Егер сотта сөйлеу кезінде әселі пікірлер келтірілсе, айыптаушы оны аздап теріске шығарып, барынша жан-жақты талқылауы керек.  

 

 

7.2. Ұлғайту.  Қайталау.

 

Әрбір практикалық ой қорытуда не айтылғаны ғана емес, қалай айтылғаны да басты болып табылады.  Риторика ойлауды күшейтудің кейбір жасанды тәсілдерін көрсетеді. Сондай нұсқаулардың бірнешеуін келтіреміз.  

Аристотельдің ескертпесі бойынша ұлғайту айыптауды бекіту немесе жоққа шығаруға қызмет етеді. Шешен сотталушының кінәсін дәлелдеу немесе теріске шығарудың орнына қылмыстың зияндылығы туралы айтады. Егер де осыны сотталушының өзі немесе қорғаушы жасаса, тыңдармандарға ол ондай зиянкестікті жасай алмайтындай болып көрінеді немесе керісінше айыптаушы айтқан кезде, ол осы әрекетті жасаған адам болып сипатталады.     Бұл тәсіл немесе қолға түсіру тәсілі күнделікті әрбір қылмыстық сотта қолданылады. Аристотельдің көрсетуі бойынша бұл жерде энтимема жоқ, логикалық ой қорытындысы жоқ: тыңдармандар фактілердің бар немесе жоқ екендігі туралы дұрыс емес, күдікті қорытынды шығарады. Бұл тәсілді ла Ронсьераны қорғауда Ше д’Эст Анж қолданады: ол сотталушыны мүмкін емес зиянкес, тозақтың баласы  ретінде көрсетеді.  

Осы іс бойынша азаматтық арыз беруші Одилон Барро өзінің сөздерін былайша аяқтады: «Бүкіл Франция, бүкіл әлем сіздің жауабыңызды қорқынышпен күтіп отырған болар. Бұл жерде тек қана бір отбасы емес, екі-үш адамның тағдыры шешіліп жатқан жоқ. Бұл жерде жоғары адамгершілік сабағын беру қажет, жалпы отбасы қауіпсіздігін арашалау қажет». Бұл іс, мырзалар, адамгершіліктің бұзылуы сияқты болып көрінеді.   Әрбір заманның өзіне тән сәні болған; Людовик XV, регент, империя кезеңдеріндегі бұзылған адамдарды білеміз; оларды біз білеміз, олардың да және басқалардың да өздеріне тән белгілерін білеміз.  Біреулер өзінің сыртқы көрінісі астында өздерінің қылмыстарын жасырды; кейін басқа уақыт, біздің уақытымыз келді, және табиғатта кездесетін нәрселердің барлығы, мүмкін болатын нәрсенің барлығы тамаша деп ойлайтын адамдар келді, қылмыста қандай да бір поэзия бар сияқты…    Өздерінің іске аспаған жобаларына қарамастан, олар жаңа мүмкіншіліктер іздей бастады. Адамгершілік санасы ауру жұқтырды, және әр күні бұрынғыларына мүлдем ұқсамайтын қылмыстар туралы  естуге болады. Бұл қылмыстар өзінің айуандығына қарамастан, өздеріне қорғаушы табады, өйткені олар адамшылық мүмкіндіктерден асып түседі.  Егер де біз осыған жетсек, онда мемлекеттік құқық, сіздерге ұсынылған, адамшылық құқық қоғамға қатал ескерту беруі керек, осы жалпы құлдырауда оны тоқтату қажет, отбасы қауіпсіздігіне кепіл беру керек.   Бұл бақытсыз отбасы (маған оның жоғары дәрежесі, байлығы, мықтылығы туралы айтудың қажеті жоқ; Моррель отбасындай аяушылық болған, бақытсыз болған отбасы жоқ шығар), оны бұл қорғаннан шығармау керек, ол жерге оны өзінің абыройын қалпына келтіру үшін алып келген, ол жерден сот шешімімен масқарасы шықпауы қажет.  

Бұл не деген естімеген, болмаған қаскүнемдік? Бұл күнделікті жасалатын қылмыс және жиі қатал жазаланады. Бұл аяқталған қылмыс та болмаған, ла Ронсьер қыз абыройына қастандық жасағаны үшін айыпталды. Жарты ғасыр өткен кезде де басқа елде бұл сөздер әсер қалдырар еді. Оларда оған қарсы дәлелдердің көлеңкесі де жоқ болса да, олар сотта сотталушыға қарсы күшті жалған сенімдер келтіргені туралы байқауға болады. Өзіміз көріп тұрғандай, қорғаушы да сондай ойда. Алқа билердің қылмыстық зұлымдығы туралы ұлғайтылған түсінігін қолдап отырды. Сотталушы – хайуан да емес, зұлым да емес, ол бұл қылмысты жасауы мүмкін емес.   

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *