Өткеннің оқиғаларының тарих ғылымының зерттеу объектісіне айналуы

 Өткеннің оқиғаларының тарих ғылымының зерттеу объектісіне айналуы

 

Көпшіліктік немесе сыншыл емес тарих. Өткенге ретроспективалық қатынас жасауды бүгінгі күн өмірінің әлеуметтік қырын негіздеуге ғана қажет ету. Ойдан шығару мен қайта жаңғыртуды өткеннің панорамалық суретін толық қалпына келтіру үшін еркін қолдану. Тарих жекелеген ерекше оқиғалар туралы ғылым ретінде. Тарих қарастыратын оқиғалар мен құбылыстардың түрлері мен сипаты: экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, саяси және құқықтық, мәдени фактілер. Ағартушы ғасырының философтары өз еңбектерінде тарих, қоғам, табиғат тәртібі туралы жаңа түсініктерді қалыптастыруы 1770 ж. бастап әр түрлі елдерде  әлеуметтік және саяси тәртіпті құруға ұмтылғандарға ұнады. Бұл реттегі ең үздік мысал Франция болып табылады. 1789 ж. ұлы француз революциясы басталып, 1792 ж монархия құлатылып, республика жарияланды. Келесі жыл корольді жазалау және якобин террорымен тұспа-тұс келді. Революция арқасында билікке Наполеон келіп, империя жарияланды. Франция буржуазия революциясы жақтаушылары мен қарсыластары арасында келіспеушілік туындады. Басқа елдердің феодализмінің де іргетасы шайқалды. Патшалықтың еркіндігі, сомасының тез орнауы туралы теориясы шындыққа сай болмады. Бұл кезеңнің маңызды құбылысының бірі – өндірістегі революция болатын, ол сол кезеңдегі капитализмнің материалдық базасын толық жасады. Сондықтан, сол кезеңдегі феодализмнің уақытша жеңісіне қарамастан, барлық жерлерде капиталистік қарым-қатынас кең қанат жая бастады. Осы жағдайларда Еуропада ХVIII-ХІХ ғ. аралығында идеялық көркем қозғалыс болып, романтизм пайда болды. ХІХ ғасырдың ортасынан бастап басты бағытқа айналған романтизм әдебиетте Гете, Шиллер, Гофман, (Герман) (Англия), Гюго, Мериме (Франция), Байрон, Скотт (Англия), Жуковский, Пушкин шығармалары арқылы көрініс тапты. Романтизм көп жағдайда ғылымдағы өзгерістерге, қоғамдық пікір мен философияға да ықпал етті.

Өз түсінігін романтизм тарихи білімде де иемделеді. Бұл кезде тарих бірте-бірте дербес пән ретінде қалыптасты. ХVIII тарихи шығармалардың авторлары көбінесе философ, антиквар – коллекцияшылар, әдебиетшілер болды. Еуропа және әлемде кең көлемді әйгілі Терри, Гизо, Минеле, Ранке, Нибур, Карамзин сияқты раихшылардың еңбегінде көрініс тапты.

Романтик – авторлар өз көзқарастарын ағартушылар теориясына қарсы қойды. Бірақ романтизм көп жағдайда Ағартушылықтың интеллектуалдылығына тірек артты. 2 бағыттың жақтаушылары адам мүмкіндіктерін жоғары бағалап, табиғи бастауға жауап іздеуге көп көңіл бөлді. Әр түрлі деңгейде ағартушылар да, романтиктер де адамзат қоғамының өзгерісі мен жай қозғалысының концепциясын ұстамды.

Романтикалық және консервативтік позициядан қатаң философ құрылымдардың алғашқы критиктері кейінгі ағартушылықтың өкілдері болды. Өз идеяларын қарастырудағы бұл ағым мүмкіндігі оның ұзақ өмір сүруіне ықпал етті, сондықтан ХІХ ғ ғылым мен қоғамдық пікірде Ағартушылық әсері күшті болды.

Романтизм идеялары әр елде әр түрлі түсіндірілді. Алғашқы романтикалық қозғалыс ХVIII соңғы ширегінде Франциядағы революцияға қарсы қоғамдық реакциямен байланысты қалыптасты. ХІХ ғ. алғашқы ширегінде романтизмнің эстетикалық, философиялық түрлері  кең тарады. 1830 ж. қоғамдық пікірде романтикалық көзқарастар арта түсті. ХІХ ғ. І жартысы Францияның дамуының негізгі мағынасы Франциядағы буржуазиялық қоғамды онан әрі қарай нығайта дамыту болатын. Францияға тән дәстүрлі-экономикалық құрылымдардың «шағын шаруалық және қолөнер кәсібі, мануфактураның әртүрлі формалары) салыстырмалы түрдегі тұрақтылығына қарамастан, олардың өзара қым-қиғаш қарым-қатынастарының негізінде өндірістік революция және соған байланысты әлеуметтік өзгерістер жүзеге асты. Бұл үдерістің нәтижелері әсіресе, 30-40 жж. неғұрлым айқын білінді.

Француз романтизмінің негізін қалаушы Франсуа Рене де Шатобриан (1768-1848). Ол 1814 ж. Хартияның бәсең конституциясының жақтаушысы болды. Алауда, ол Ағартушылраға қарағанда діннің роліне көп мойынсұнды.

Июль монархиясы жылдарында тарихшы Алексис де Токвильдің көзқарасы (1805-1859) кең тарады. Ол «Америкадағы демократия туралы» деген еңбегін 1835-1840 жж. басып шығарды. Токвильді ойландырған мәселе – демократия жағдайында бостандықты қамтамасыз ету болды.

Француз тарихнамасында ақын-романтик Альфонс Ламартин де өз орнын тапқан (1790-1869) өз орнын тапқан. Ол 1847 ж. «Жирондистер тарихы кітабын жазып, барлық адамдардың достастығы мен бауырластығы туралы идея көтерді.

Реставрация кезінде қойылған негізгі мәселені граф Ф.Д. Монлозье (1755-1838) өзінің «Пайда болуынан беріқарайғы француз монархиясы туралы» деген еңбегінде анық қойды.

Сонымен, тарихи қалыптасқан жағдайды ағартушылық идеясы толық қамтамасыз ете алмағандықтан,романтикалық бағыт қалыптасып, ХІХ ғасырдың ортасынан бастап басты бағытқа айналғанын байқадық.

Романтикалық тарихнаманың басты жағымды белгісі – тарихшылдық және онымен тығыз байланыстағы тарихи үдерістің жекелеген адамдар санасына  тәуелсіз түрде дамитындығы туралы «органикалық» түсінігі болды. Тарихшылдық принципі қоғамдық құбылыстарды генетикалық талдауды, яғни, құбылыстың тарихи алғышарттарын, себебін, түрткісін, басталуын, барысын, дамуының шырқау шегін, бәсеңдеуін, аяқталуын, тарихи сабақтары мен нәтижелерін қарастыруды қажет етеді. «Органикалық» түсініктің ерекшелігі – тарихты бүкіладамзаттық ғаламдық даму емес, жекелеген халықтар мен елдердің нақты дамуында деп қарастыруында да болды. Осыған байланысты, романтикалық тарихнама «халықтық рух» деген түсінікті негіздеді. Романтикалық бағыт «халықтық рухқа» байланысты ұлттық мәдениеттер дамиды, ұлттық мемлекеттер пайда болады деген пікірді туындатты. «Халықтық рух» идеясын негізінен ағартушылар Монтескье, Вольтер ұсынған болатын, алайда ол рационалдық әдіснама шеңберінде кең дами алмады.

Тарихи абстрактылық-рационалдық (ұтымдылық) қатынас жасауды жеңуге ұмтылған романтикалық тарихнама әрбір тарихи дәуірдің, оның ұлттары мен географиялық шоғырлануын сипаттауға үлкен мән берді. Романтик тарихшылар өткен уақыт адамдарының тұлғалық ерекшеліктерін, олардың тұрмысының, киім-кешектерінің және т.б. қайталанбас ерекшеліктерін қайта жаңғыртуға тырысты. Осыдан келіп, кейбір тарихшылар зерттеліп отырған дәуірге «ену», оны сезіну сияқты принциптерді енгізуге ұмтылды; романтикалық тарихи әдебиеттердің тілі көркем, кей кезде тарихи дәлдікке нұқсан келтіретін боямашылдыққа да ұшырап отырды.

Қоғамдық ой-пікірдегі тарихшылдықтың үстемдігі ХІХ ғ. І жартысында «ғасыр ғылымына» айналған тарих ғылымының қоғамдық ролі мен ықпалының өсуіне алып келді. 

«Нақ тарих, – деп жазды О. Тьери 1823 жылы, – ХІХ ғасырға өз ізін қалдыратын ғылым… философия ғылымының ХҮІІІ ғасырға өз атын бергендей тәріздес тарих ғылымы да ХІХ ғасырға өз атын береді». Осыған байланысты тарихшылардың еңбектері біртіндеп кәсібилене берді, тарихнама ғылымы білімнің жеке саласына айнала бастады.

Осы кезеңде Европада (ішінара АҚШ-та) тарихи қоғамдар, журналдар, мұражайлар ашылып, архив құжаттарын сақтау ісі жеңілдетіле түсті.

Көптеген елдерде тарихи деректердің көптомдық іргелі басылымдары жарық көре бастады. Мысалы, Германияда 1826 жылдан бастап күні бүгінге дейін «Германия тарихының ескерткіштері», Францияда 1835 ж. «Франция тарихының басылым көрмеген құжаттары (400 томнан аса), Италияның Турин қаласында 1836 жылдан бастап «Отан тарихының ескерткіштері», АҚШ-та 1832-1861 жж. «Американың мемлекеттік құжаттары» деректік басылым сериялары баспадан шығарылды.

ХІХ ғасырдың І жартысындағы Европаның бірқатар елдерінде және АҚШ-тағы құжаттардың көптеп баспадан шығарылуы ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. эрудиттердің баспагершілік қызметтерінен кейінгі жаңа тарихи жағдайларға және қоғамдық қажеттіліктерге орай пайда болған «екінші толқын» болатын.

Тарихи құжаттарға қайтадан бет бұру олармен жұмыс жасаудың әдістемесі туралы мәселені күн тәртібіне қайтадан қойды. Осы қажеттілікке орай, ХІХ ғасырда тарихы Л. Ранке тарихи деректерді талдауға қажетті тарихи   деректерді   талдауға   қажетті   бірқатар   талаптарды   сақтаған тарихи-сыншыл әдісті жасап шықты.

Тарихқа қызығушылық, оған ден қоюшылық қоғамның сауатты бөлігінің біразын өзіне тартты. Тарихшылардың шығармалары баспа беттерінде қызу талқыға түсіп отырды. Көрнекі тарихшылардың лекцияларына (мысалы, Ф. Гизо, Ф. Шлоцер, Т.Н. Грановский) үлкен аудиториялар жиналатын. Әдебиетте жаңа жанр – тарихи роман жанры  пайда болды. Тек әдебиетке ғана емес, тарихнамаға да ықпал еткен В. Скоттың романдарына қызығушылық – қоғамдық құбылысқа айналды. ХІХ ғ.  бас кезінде тарих дербес кәсіби пән болса да әдебиетпен қатар дамып отырды. Жаңа әдеби жанр – тарихи роман пайда болды. Білімді қоғам арасында ол атақ – даңққа ие болды. Скотт, Гюго, Бальзак, Пушкин, Купер өз еңбектерінде сөз етті. Тарихи роман көркем шығарма мен поэзияға ғана емес, сонымен қатар ұлттық тарих жазуының әдістеріне де көп көңіл бөлді.

Оған тән мысал шотланд жазушысы Скотт шығармаларында («Айвенго», «Роб Рой», «Пурижале») сюжет ортағасыр және жаңа кезеңнің еуропалық және ағылшын, шотланд тарихи оқиғалар негізінде көрініс тапты. Ойдан шығарылған батырлар өткеннің әйгілі қайраткерлерімен қатар жүрді.  Сөйтіп әдеби сюжет тарихи реконструкция элементтерімен бірге түсті.

Ұлттық тарих жазушыларына көңіл бөлген Скотт шотландықтардың халық күресі, ағылшындықтардың тәуелсіздік үшін күресі айналасында роман құрды.

Жазушы Шотланд тарихи қоғамының белсенді мүшесі болды. Романдардан басқа  қоғам «Шотландия тарихы» , «Наполеон Бонапарт өмірі» атты тарихи еңбектер жатады.

Вальтер Скотт романдарында бұрынғы кезеңдегі нақты оқиғаларды суреттеуге ұмтылу байқалады. Шотландтық жазушы мәдениетте романтикалық ортағасыр образының қалыптасуына елеулі үлес қосқан әйгілі автор.

Романтизмнің классикалық Отаны – Германия. Бұл жерде романтикалық дүниетанымның бастапқы негізі қаланды. Консервативтік-романтикалық бағыт Франциядағы буржуазиялық революция мен Ағартудың идеялық мұраларына сыншылдық тұрғыдан шабуылдар жасай бастады. Олар ағартушылардың адам ақыл-ойының шексіз мүмкінідігі туралы тезисіне тарихты мистикалық, провиденициялық тұрғыдан түсінуді қарама-ақарсы қойды. Консервативтік романтиктер орта ғасырды бағалауда да идеалистік тұрғыдан қатынас жасап, орта ғасырларды «рыцарьлар мен әулиелер» ғасыры деп, ол дәуірді тәртіпті қоғам, рыцарьлық асыл тектілік және патриархалдық салт-дәстүр, жоғарғы рухани құндылық – яғни, біртұтас христиандық дәуір деп атады.

Орта ғасырдардың идеалдандырылған образы жаңа дәуірдің руханисыздық, эгоизм, майда есепкершілдік, әлеуметтік қарама-қайшылық пен антагонизм жайлаған буржуазиялық шындыққа қарама-қарсы қойылды.

Ағартушылар жасаған адам тұлғасының образы және адам құқығы концепциялары мен қоғамдық келісім және халық егемендігі идеялары қатаң сынға алынды.

Романтикалық сын қоғаммен оның тарихы туралы ағартушылардың рационалистік түсінігінің шынайы әлсіз тұстарын айқындап берді: «қоғаамды механикалық тұрғыдан түсіну», «табиғи құқық» сияқты кемшіліктер ағартушыларға шынымен тән болатын. 

Германияда дәстүршілдік идеясын неғұрлым толық жүзеге асырған бағыт «құқықтың тарихи мектебі» деп аталды (оның өкілдері – К.Ф. Савиньи, К.Х. Эйхгорн).

Тарихты діни-консервативтік тұрғыдан түсіндірген дербес мектебі бар Леопольд Ранке де осы бағытқа жақын тұрды.

Англияда консервативтік-романтикалық бағытты 1790 ж. «Франция революциясы туралы памфлет» еңбегін жариялаған және ХІХ ғ. І жартысында консервативтік ой-пікірдің қоғамда кең дамуына ықпал еткен виг бағытының тарихшысы Э. Берк негізін қалады.

Э. Берктен соң романтизмнің осы бағытына тори тарихшысы а. Алисон жақын келді. Негізінен алғанда ағылшын тарихнамасы романтикалық бағытқа айта қаларлық үлес қоса алған жоқ.

Францияда тарихнамаға Ж. де Местр, Л. Де Бональд тәріздес көрнекі романтикалық идеологтардың ықпалы күшті болды. Орта ғасырлардың тарихын граф Ф. де Монлозье консервативтік-романтикалық тұрғыдан зерттеді.

Либералдық тарихнамада романтизм идеясы басқаша қырынан көрінді. Ол өзінің дамуының шырқау шегіне Европада революциялық және ұлт-азаттық қозғалыстары басталған ХІХ ғасырдың 20-шы жылдарына сәйкес келді. Бұл бағыт дворяндық-клерикалдық реакцияның уақытша үстемдігіне қарсы болды.  Сөйтіп, либералдық тарихнама Батыс Европа және АҚШ-та ХІХ ғасырдың 20-40 жж. негізгі бағытқа айнала бастады.

Теориялық тұрғыдан алып қарағанда либералдық тарихнамаға ағартушылардың идеясын романтизмнің неғұрлым жемісті идеяларымен ұштастыру тән болатын. Олар Ағарту дәуірінің саяси принциптерін өздерінің көзқарастарының негізі етіп алды. Олардың арасынан тек О. Тьерри ғана «сезіну» ұстанымына үлкен мән берді. Либералдық тарихшылар ағартушылардың «прогресс» идеясын қабылдады, алайда, либералдық тарихшылар бұл идеяның көкжиегін әлдеқайда кішірейтіп жіберді. Мысалы, ағартушылар прогессті адамзаттың шексіз жетілуі деп есептесе, либералдар адамзат дамуын оның саяси дамуымен ғана шектеді.

Сонымен қоса, либералдық тарихшылар ағартушыларға тән тарихқа либералдық-рационалдық қатынас жасаудың сыңаржақтылығынан арыла алды, бұл бағыттағы олардың ой-пікірі романтизм арнасында дамыды. Олардың «қоғамның реттілікпен даму» идеясы буржуазиялық жолмен даму үшін реформалардың, тіпті революциялардың қажеттілігін мойындау болатын. Либералдар оның өзіндереволюция либералдық өзгерістердің шегінен шықпауы керек деп есептеді.

Осы тарихи-саяси ой-пікірдің шеңберінде Реставрация дәуірінің француз тарихшылары дамытқан таптық күрестің буржуазиялық теориясы қалыптасты.

Революция кезінде бірқатар нашарлаған тарихқа ХІХ ғасырдың алғашқы онжылдығында (әсіресе Реставрация дәуірінде) қоғамдық қызығушылық бірқатар қайта жанданды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *