Әлеуметтік әділет

Ең басты сипаттамалардың (белгілердің) бірі — әлеуметтік әділетті талдап көрейік.

Әлеуметтік әділет – диалектикалық түсінік (ұғым) болып, бір жағынан негізделген теқдіктіқ  деқгейін көрсетсе, екінші жағынан қоғамның даму деқгейіне, өндіріс күштерінің даму деқгейіне, сол күштердің қоғамдағы адам қажеттіліктерін МИНИМАЛ, негізделген түрде қамтамасыз етуде белгіленетін көрсеткішіне байланысты болған әлеуметтік теңсіздікті аныңтап отырады. Әрбір өркениетті елде үкімет әрбір адам және отбасыға физиологиялық өмір сүре алуы үшін, ең мақызды материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыра алуы үшін, минимал түрдегі табыс мөлшерімен қамтамасыз етіп отырады. Бұл “тұтынушылық корзинасын” толтыру деп аталады, яғни бұл сол әлеуметтік әділеттің бір көрінісі десек те болады. Бұл бағдарлама немесе іс-шара жүзеге аспаса, онда халық санының кемейіп, өлім дәрежесінің туу дәрежесінен үстем болуына алып келетін әлеуметтік катаклизмдерге (апатты жағдай) жол ашылды. Бұл нәтиже тек объективті болмыс жағдайы болып қана емес, біліксіз немесе әдейі жасалған әлеуметтік саясат салдары болса, онда ол үкімет саясаты өз халқына немесе өзге халыққа жасалған геноцид (тұқымымен  құрту) деп аталады.

Әлеуметтік теңсіздік мәселесіне байланысты екі өткір жандасуды қарастырайық.

1.    Теңсіздікке келтіруші саясатты қолдау және оны ақтау. “Теңсіздік — өндіріс күштерінің дамуының мықты құралы. Кедейшілік пен жоқшылыққа теқестіру өндіріс күштерінің дамуын тоқтатады. Теңсіздік – бұл өндіріске барынша жарамды болған түрлі шығармашылық процесстіқ, түрлі әлеуметтік белсенділіктіқ, түрлі элементтерді тақдай алу жағдайы”. (Н.А. Бердяев).

2.    Бұл философия мен әлеуметтанудағы  марксистік концепцияларға негізделген жандасу. Бұл әлеуметтік теңсіздікті қазір немесе болашақта жоққа шығару.

Бұл екі жандасу екі ең шеткі, бір-біріне қарама-қарсы көзқарастар. Екеуінде де оқ жағдайлар да, теріс жағдайлар да бар. Сол үшін де ақиқат ортада деп есептеген де жөн шығар. Әлемде барлық нәрсенің керекті мөлшерде болғаны да дұрыс болар.

Әлеуметтік теңсіздіктіқ шектен тыс дұрыс болар деқгейі қоғамдағы тұрақтылықтық шайқалуына, әлеуметтік жаратылыстарға, өндіріс күштердің (құралдарымен қоса) талқандалуына, адамдар шығынына келтіреді. Сондықтан да өркениетті елдерде саяси құрылымдар әлеуметтік теңсіздікті жұмсартуға, еш болмаса сол бір минимал материалдық және рухани қажеттіліктерді қанағаттандыруға жағдай жасауға ұмтылады. Бұл жағдайға ең әлсіз топтарды қорғау бойынша әлеуметтік жұмыстыңкеқейтірілуі мен тереқдетілуі, салық саясатының жеқілдетілуі және т.б. іс-шаралар арқылы қол жеткізіледі.

Әлі экономикасы өркендей қоймаған елдерде қоғамдағы шектен тыс кетушіліктерге, яғни қоғамдағы тұрақсыздық пен әлеуметтік жарылыстардың алдын алу үшін, түрлі топтар мен таптардың кеқ ауқымды попяризациясына (қарама-қайшылығы) жол берілмеуі керек. Әлеуметтік құрылымда маргиналдық топтардың (босқындар, жұмыссыздар, қайыршылар), материалдық тұрғыдан қарағанда тым бай адамдар мен тым кедей адамдардың арасындағы айырмашылықтық өте үлкен болуының өсуі нормал жағдай емес.

Бұл жағдай түрлі мемлекеттерде түрлі деқгейде болып отыр. Бірақ шет елдердегі әлеуметтік саладағы тәжірибелерді қабылдағанда, әр ел өз ерекшеліктерін есепке алуы қажет. Әлсіз қорғалған топтарға жәрдем көрсетуде АҚШ-та жекеменшік сектор алда болса, көптеген Европа елдерінде бұндай жұмыстарды мемлекет атқарып келеді.

Салыстырмалы түрде айтатын болса, ТМД елдері арасында ең тәуір деген жағдай экономикада болсын, әлеуметтік салада болсын Қазақстанда болып тұр. Көрші елдермен салыстырғанда біздегі жұмыссыздар мен өте кедейлердің саны едәуір аз, ал зейнетақылар мен түрлі жәрдемақылардың мөлшері әлдеқайда жоғары.

Мемлекет пен түрлі қоғамдық ұйымдардың әлеуметтік салада атқарып жатқан жұмыстары қоғамдағы тұрақтылықты, түрлі топтар мен таптар арасындағы қарама-қайшылықты болдырмауды қамтамасыз етіп отыр. Экономика деқгейінің өсуі, әлеуметтік жұмыстыңда белсенділігін арттыратынын ескерсек онда жақын болашақта біздегі жағдай ең өркениетті деген елдердегі жағдайға жетіп алуы да мүмкін.

Әлеуметтік жұмысты тек қана жәрдем және қолдауға бағытталған қызмет деп қарастыру қателік. Әлеуметтік жұмыс әлсіз қорғалған топтарға жәрдем және қолдау көрсетіп қоймай, басқа да функцияларды іске асырады.

Әлеуметтік жұмыс адам немесе белгілі бір топтардың өмір сүру жағдайы мен мінез-құлықтарындағы теріс нәтижелерге алып келетін  жәйттердің алдын алу мен ескерту ретіндегі қызметтерді қоса атқарады. Әлеуметтік жұмыста профилактикалық қызмет үлкен орында тұрады.

Әлеуметтік саясат “әлеуметтік дерттерді” емдеп қана қоймай, олардың алдын алуға да бағытталуы қажет.

Бұл жерде айта кету орынды болар біздіқ халқымызда “аш адамға балық берудің орнына, балық аулауды үйреткен жөн болар” деген асыл да нақыл сөз бар. Демек біздіқ ата-бабаларымыз әлеуметтік жұмыстыңеқ негізгі, әрі тиімді қағидаларының бірін жете түсіне білген.

Сонымен, әлеуметтік жұмыс алдын алушы, ескертуші сипатта болып, жеке адамдар немесе топтардың күнделікті ең мақызды қажеттіліктері мен мүдделерін қорғау, қолдау және жәрдем беру қызметін атқарады. Әлеуметтік саясаттық басқа барлық саясат түрлерінің шоғырланған көрінісі ретіндегі мәні мен мағынасы да міне осында жатыр. Әлеуметтік жұмыс пен әлеуметтік саясат бір-бірімен өзара тығыз байланысқан. Екеуі де бір-бірін толықтырушы алғы шарттармен белгіленген, яғни ғылыми-танымды және практикалық-ұйымдастырушылық.

Әлеуметтік жұмыс – бұл әлеуметтік саясатты жүзеге асырушы өзіндік ерекше форма мен әдіс. Ал әлеуметтік саясат — әлеуметтік жұмыстыңөзегі және бағыты болып табылады.

Олардың бірлігі мен айырмашылығы да осында. Айырмашылығына келетін болсақ, әлеуметтік саясат кеқ ұғым болып, әлеуметтік жұмыстыңбелгілеуші жағы. Әлеуметтік саясат тек әлеуметтік жұмыс үшін бағыт болып қана қоймай, жалпы әлеуметтік сфера дамуының да бағыты. Әлеуметтік саясат әлеуметтік жұмыспен салыстырғанда біршама тұрақты түрде болып келеді, ал әлеуметтік жұмыс әлеуметтік саясатқа қарағанда динамикалық тәрізде дамып, жылдам және мазмұны да бай болады. Бірақ осы айырмашылықтарға қарамастан олардың екеуніқ бірлігін үзу мүмкін емес.

Әлеуметтік саясат қандай болса әлеуметтік жұмыс та негізінен сондай болады. Әлеуметтік жұмыстыңмазмұнын, формасын және әдісін толығымен әлеуметтік саясат аныңтап береді. Өз кезегінде әлеуметтік жұмыстыңқызметі де (жәрдем беру, қорғау мен қолдау, т.б.) әлеуметтік саясаттық бағыты, мақсаты мен мәселелеріне өз әсерін тигізіп отырады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *