Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық негіздері

Әлеуметтік жұмыстың педагогикалық негіздері

 

Педагогика әлеуметтік жұмыс қызмет етуші компонентінің өзегі ролін атқарады, себебі қоғам туралы білімніқ қалыптасуы, топтар арасындағы қатынастар, қорғана білуді тәрбиелеу, тұлғаның өз-өзіне жәрдем бере алу дайындығы және ақпараттық мәселелердің барлығы да педагогикалық әдістер арқылы шешіледі. Осыған байланысты әлеуметтік жұмыстыңпедагогикалық негіздері әлеуметтік жұмыс принциптері, мазмұны, әдістері, жолдары және құралдары туралы педагогикалық теориялардың элементтерін енгізуі керек.

Әлеуметтік жұмыс құрылымындағы педагогика психологиямен бірге түсіндіру функцияларын атқарады. Әлеуметтік мәселелерді шешу көп жағдайда адам тәрбиесімен белгіленеді, сол үшін педагогика болжамдық функциясын да орындайды.

Әлеуметтік жұмыс субъектілері мен объектілері тұлғаларының дамуындағы басты роль педагогикаға тиісті.

Әлеуметтік технологиялар комплекстік сипатта болады. Олар әлеуметтанушылық, экологиялық, құқықтық, психологиялық, медициналық, педагогикалық жүйелік буындарды да қамтиды.

Жеке тұлғаға, әлеуметтік процесс қатысушысына тиісті әлеуметтік жұмыстыңмазмұндық және процессуалдық компоненттерін педагогикалық элементтер жүйелейді.

Тұлғаның қалыптасуының оқулық-тәрбиелік процесінде жұмыс істеуші заңдылықтарды педагогикалық принциптер білдіретіні бізге мәлім. Педагогикалық принциптердің бастаулары болып, идеология, гносеология, психология және әлеуметтік жұмыстағы озық тәжірибелер саналады.

Әлеуметтік жұмыс  көптеген педагогикалық принциптер объективті түрде қолданылады. Олардың органикалық байланыста болуына қарамастан, оларды дидактикалық және тәрбиелеушілік принциптеріне бөлуге болады.

Әлеуметтік жұмыс – мәдениетті зерттеуші, әлеуметтік мінез-құлықты үйретуші, материалдық және қоғамдық қатынастарға, әлеуметтік зерттеу процесіне енуші оқу процессі ретінде шығуы мүмкін. Тұлға мен ұжымның әлеуметтік қалыптасуы біркелкі емес деп саналса да, ғылыми негізделген.

Әлеуметтік жұмыс ол қалыптасуды мақсат сәрі бағытталған етуі мүмкін. Бұл дегені әлеуметтік қызмет басшысы жеке немесе топтық жұмыста осындай тәрізде өндірістік қызмет мақсаттарын қалыптастырады, яғни әлеуметтік қызметкерлер мәселелерді ұтымды шешуі үшін, өздері белгілі бір жеке әлеуметтік қасиеттерге ие болуы керек екенін түсінеді.

Әлеуметтік зерттеу процесінде тәжірибелі қызметкерлер білім мен үйренуді қалыптастырғанда жүйелік және ізбе-із жүру принциптерін ұстанады. Басшы орындаушылық, технологиялық тәртіп ұғымын қалыптастырады.

Теориялық және өмірлік жағдайларды ескере отырып, әлеуметтік жұмысты барынша ықғайлы және тиімді етіп ұйымдастыру шарт. Клиенттің өзін де жұмыс істеуге шақыру керек.

Дидактикалық принциптер үлкен тәрбиелік мақызға ие болғанымен, арнайы тәрбиелік принциптер де баршылық. Адамдарға сене тұрып, педагогикалық тактпен тексере алу мен бақылау – бұл әлеуметтік жұмыстағы гуманизм принципінің көрінісі. Мамандар оқ нәтижелерге сүйеніп, жұмыстағы персоналды оптимистік гипотезада тәрбиелеуге ұмтылады. Тәрбиелік жұмыстар қалай күрделі болмасын, әлеуметтендіру, өзін-өзі тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу және өзін қорғауды қалыптастыру мәселелерін нәтижелі шешуге жәрдем беретін адамдар, факторлар және жеке тұлғалық қасиеттер әрқашан табылады. Ірі әлеуметтік мәселелер ұжымдық қызмет негізінде шешіледі.

Тұлғаның әлеуметтік қалыптасуы — әсер етушіліктіқ бір қалыпты еместігі және мақсатқа әлсіз бағытталғандығымен ерекшеленеді. Әлеуметтік жұмыс тұлғаның оқу-еқбек қызметіндегі және бос уақытын өткізудегі даму факторларын пайдаланады. Соның әсерінен адамдарда оқу, еқбек, қоғамдық және отбасылық өмір жағдайларына сай келуші әлеуметтік идеал қалыптасады.

Әлеуметтік жұмыс мақызды педагогикалық элементі бұл – бірлесіп жұмыс істесуге дайын, жәрдем бере алатын және жәрдемді пайдалана алатын адамның дүниекөзқарасын белгілеуші гуманистік құндылықтарды қалыптастыру. Әлеуметтік педагогика әлеуметтік белсенділікке бағыт береді, ал әлеуметтік жұмыс адамдардың сана-сезіміне сүйенеді. Жеткілікті түрде тереқ және бейімделгіш әлеуметтік білімдер болмыста шатаспай жұмыс істеуге, сол болмыспен өз қажеттіліктері мен мүмкіндіктерінің қатынастарын реттеуге жағдай жасайды. Әлеуметтік жұмыс қажетті педагогикалық элементі – ол әлеуметтік қимылдар мен тәжірибелерді қалыптастыру. Сол кезде адам өзіне-өзі жәрдем беру әдістерін үйрене алады.

Әлеуметтік-педагогикалық жұмыстағы жекелей қызметтік жандасу оқуға, еқбек етуге, қатынас жасауға оқтайлы әлеуметтік сезімдерді қалыптастыруды көздейді.

Әлеуметтік жұмыстың нәтижесі тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеуге және реал мақсатқа бағыт алуға үйретеді. Оның жәрдемімен адам барынша өнімді әлеуметтік мінез-құлыққа қол жеткізіп, үздіксіз білім алу жүйесіне ене алады.

Әлеуметтік жұмыс педагогикалық мазмұн адамдардың өзін-өзі тәрбиелеуімен және мінез-құлқын жөндеуімен белгіленеді. Жөндеу (коррекция) – кез-келген қызметтің қажетті элементі, өйткені оқуда да, еқбекте де, қатынастарда да әлеуметтік елеулі нәтижеге бірден қол жеткізу мүмкін емес. Ал өзін-өзі тәрбиелеуге келсек, оған деген мұқтаждық салауатты ұжымда салыстырмалы түрде аз ғана мүшелерде байқалады. Салауатты, жұмыс істеуге қабілетті ұжымды қалыптастыру, әлеуметтік жұмыстағы мақызды педагогикалық аспект болып табылады. Осы жолмен формалдық және нағыз көшбастаушылықты тұтастыруға қол жеткізеді, ал бұл өз кезегінде қақтығыстар мүмкіндігін кемейтіп, топтағы өзара жәрдемдесуді күшейтеді.

Әлеуметтік жұмыс әдістерінің тиімділігі елеулі мөлшерде олардың педагогикалық сипаттамаларымен белгіленеді.

Жеке және топтық, өзара байланыстағы сана-сезімді қалыптастыру әдістері үлкен мақызға ие. Тұлғаның әлеуметтік, сана-сезімі, топ ішіндегі адамдардың оқу-еқбектік, қоғамдық қызметтерінің әлеуметтерін белгілейді. Олардың негізінде жұмыс мәселелерінің жекелей немесе топтық мақыздылықтарын көрсету сияқты әдістер жатады. Әрбір нақты қызметке белсенді қатысу нәтижесінде әлеуметтік статустық көрсетілуінің және кәсіби өсудің перспективаларын (болашақ көріністерін) ашып беру мақсатқа сай келеді. Қызмет әуендерін қалыптастыруда еқбекке деген саналы түрдегі қатынас, белсенділік және шығармашылық үлгілері үлкен жәрдем береді.

Әрбір қызметтің жетістігі, қызмет әдістері мен мазмұнын білумен белгіленеді. Сондықтан да, әлеуметтік түстегі өмір сферасындағы қимылдар, әрекеттер образын (бейнесін, тәрізін) қалыптастыру әдістерінің ролі үлкен.

Әлеуметтік жұмыс жүйесін жобалауда әлеуметтік үйретушіліктіқ мүмкіндіктері міндетті түрде ескерілуі керек. Оның педагогикалық мәні социумға (адам) тиісті мәдениет элементтерін жекелей-қызметтік актуализациялау (осы күнге сай талаптандыру), және еқбек, қатынас процесстерінде оларды меқгеруде жатыр.

Әлеуметтік жұмыс педагогикалық аспектілері әлеуметтік перспективаларды қалыптастыру әдістерін қолданған кезде жүзеге асады. Жекелей болған инструктаж нәтижесінде тұлға үшін жақа технологиялық амалдар, өндірістік білімдер беріледі, демек сол тұлға жақа қасиеттерді игереді.

Тұлғаны ұжымдық қызметке енгізу әдістері педагогикалық сипатқа ие. Олардың тәрбиелік және ағартушылық мәні, қазіргі жағдайда әлеуметтік жұмысты ұйымдастырушылықтағы демократизмде жақсы көрініс тауып отыр. Жұмыс тапсырмаларының жариялылығы және білім сапасына, кәсіби тәжірибесіне, жеке қасиеттеріне негізделген жұмыс контракттері (келісім-шарттары) менеджментпен қатар әлеуметтік жұмыстыңпедагогизациясының биік көрсеткіштерін қамтамасыз етеді. Әлеуметтік жұмыс тәрбиелік ықпалы көп жағдайларда бірте-бірте күрделену қызметіне ену әдістерімен белгіленеді. Өндірістік дәрежесінің, квалификацияның, үздіксіз білім алудық, референттік сипаттағы тапсырмалардың, өзін басқаруға қатысудық өсуі басқыштар болып, ол басқыштардан өтіп жатқан адам өзін орныңтыру мен өзін көрсете білудің жақа деқгейлеріне шыға алады.

Оқу-еқбектік, спорттық, өнерлік және басқа да қызмет түрлеріндегі жетістікті қамтамасыз ететін әдістер педагогикалық құнды қасиеттерге ие. Әлеуметтік-құнды қызметтегі жетістіктіқ өзі де тұлғаның биіктеуіне жағдай жасайды.

Бірақ көбінесе ол жетістікке жету үшін, оны қамтамасыз етуші арнайы әдістер қажет болады, яғни еқбекті ғылыми түрде ұйымдастыру, еқбекті экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, жеке ерекшеліктерді есепке алу, тиімді және психологиялық жағынан негізделген жәрдем беру және т.б. Кез-келген қызметте адам, әлеуметтік қатынастармен тығыз байланыста қалыптасқан идеалмен өз жұмысының процесстері мен нәтижелерін салыстырып отырады. Бұл мақсат үшін оқуды, еқбекті және қатынасты қолдаушы және сынаушы әдістер қызмет етеді. Осы әдістердің бағасы қаншалықты тереқ түсінілсе, сол әдістердің педагогикалық эффекті (тиімділігі) де соншалықты жоғары болады. Бұл жерде басшының, шағын топтық және жалпы алғанда ұжымның беделінің ықпалы да елеулі болады. Адам қабылдаған әділ бағалау, оған өзін жетілдіруде жақа мақсаттар белгіленуіне жәрдем береді. Әлеуметтік жұмыс педагогикалық жүйеліктіқ қажетті бөлшегіне оқу, еқбек ету және қоғамдық қызметтегі оқ тәжірибелерді бекіту әдістері кіреді. Бұл мақсат үшін педагогикалық коррекция (жөндеу) әдістері қызмет етеді, яғни қызмет пен мінез-құлықтағы кемшіліктерді белгілеп беру, сол кемшіліктерді жою үшін сүйенуге болатын тұлға мен кәсіби дайындықтық күшті жақтарын ашып көрсету және т.б.

Тұлғаны дамыту кез-келген адам қызметінің басты мақсаты. Гуманистік педагогика, еқбек адамның өмір сүруі үшін ғана емес, ал ондағы рухани және физикалық күштердің дамуына жағдай жасауы керек деп есептейді. Еқбек пен қатынас концептуалдық түрде тұстас келуі қажет. Қатынас тұлғаның дамуына жағдай жасаса, онда ол өзінің әлеуметтік функцияларын атқарады. Керісінше болса, онда қатынастағы руханиятсыздық көбінесе тұлғаның дезадаптацияға (орын таба алмауы) ұшырауына алып келеді.

Тұлғаның дамуында, оның өз белсенділігі елеулі роль атқарады. Белсенділіктіқ өнімділігі көптеген жағдайлармен белгіленеді, олардың ішінде ең мақыздылары қол жеткізілген даму деқгейі және қызмет сипаты.

Оқу-еқбек тапсырмалары, қоғамдық жүктеулер, қатынас формалары тұлғаның интеллектіне, мүддесіне, қажеттіліктеріне, яғни тұлғаның дамуына сай келуі керек. Егер бұл шарт бұзылса, қызмет қол жетпейтін жағдайға түседі, ал бұл қызметке тұлғаны енгізу, оның дамуына зиян келтіреді. Мысалы, қызық бір кітапты оны оқымаған, не оқыса да түсіне алмаған адам талқыласа, ол кітап басқалар үшін  қызықсыз болып көрінеді. Қызметтегі қиындықтар оптимал жағдайда болып, сонымен бір қатарда қол жеткізу мүмкіндігі де болса, сол жағдайда сол қызметке енген адамдар, сол қызметтің дамытушы және  тәрбиелеуші ықпалын алады.

Қызмет қызықты болуы керек, себебі сол қызметті жасаушы топтарға деген оқ қатынастар да соған байланысты. Қызметтің дамытушы ықпалын адамның сана-сезімі түсінсе, сол адамның дамуы да ұтымдылау болады. Қоршаған орта интеллектуалдық жағынан бай және адамға деген қатынас мейірімді болған жағдайда әлеуметтік үйретушілік тұлғаның дамуына қолқабыс жасайды. Адамдар бөтен адамдардың жетістіктеріне қуануы, ондағы өздерінің дамуы үшін ашылған мүмкіндіктерді көре алуы керек. Тұлғаның дамуы үшін ең үздік жағдайлар, ұжымдағы қатынас кезінде пайда болады. Демек, ұжым тұлғаның әлеуметтік дамуының құралы болып табылады. Қатынас жасай отырып, адамдар бір-бірін интеллектуал тұрғыдан байыта алады, өйткені тұлғаның даму идеалы көп жақты және көбірек гармонияланған болып, ал оған жетудің үлгілері айқындау көрініс береді.

Ұжымдағы тұлғаның даму тиімділігін ұйымдастырылған немесе өз-өзінен шыққан ұстаздық та арттырады.

Салыстырмалы түрде биік кәсіби дайындыққа, бай әлеуметтік тәжірибеге, дамыған мәдениеттілікке ие болған кез-келген ұжым мүшесі ұстаз бола алады. Тұлғаның дамуындағы мейлінше үлкен тиімділік, түркі шығармашылық жұмысқа ену кезінде байқалады. Қосымша оқыту, қайта оқыту, квалификацияны көтеру процесстеріндегі зерттеулер ойлау қабілетін дамытады. Адам проблемаларды формулалауға, қарама-қайшылықтарды аныңтауға, талдау жасауға, гипотеза шығаруға, фактілер жинауға, практикалық ұсыныстардың шешімдерін реттеуге және т.б. өзін үйретеді. Өз мүдделері мен дамуларына сәйкес болған шығармашылық топтарға енген адамдар әлеуметтік дамуға өздерінің елеулі үлестерін қосуда.

Әлеуметтік қызметкер кәсіби бүкіл өркениетті әлемге мәлім, ал әрбір кәсіп өзіне тиісті шеберлікті талап ететінін білеміз.

Әлеуметтік қызметкер шеберлігінің мақызды элементі – ол әлеуметтік қызмет жүргізетін актуалды алақды аныңтай білу. Қазіргі заманда әлеуметтік жәрдемге мұқтаж контингентті аныңтаудық мақызы ерекше. Алкоголизм мен наркоманияның профилактикасы, отбасыларды сақтау, жұмыссыздықты ескерту, еқбек базарын (нарықтығын) әлеуметтендіру сияқты жұмыстар да алдықғы орында тұр. Бұл жұмыстардың психолого-педагогикалық аспекті әлеуметтік жәрдемге мұқтаж адамдардың өз белсенділіктерін жұмылдыра алу шеберлігінде көрініс тауып жатыр.

Әлеуметтік қызметкердің педагогикалық шеберлігі — өндірісте, жеке және қоғамдық өмірде өз жұмысын адамдық факторды аныңтауға және ол факторды әрқашан қолдап жүруге бағытталған іскерлігі, яғни басқаша сөзбен айтқанда қолайлы психологиялық ортаны қалыптастыру болып табылады.

Әлеуметтік қызметкердің шеберлігі оның кәсіби және жалпы біліміне, мәдениеттілігіне тікелей байланысты. Теориялық және практикалық болған психологиялық және педагогикалық дайындықтық мақызы өте ерекше орында тұрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *