Әлеуметтік жұмыстың жүйесі

Әлеуметтік жұмыстың жүйесі

 

Әлеуметтік жұмыс қызметтің көп түрлерінің біріне жатады. Қызметтің экономикалық, құқықтық, мәдени, саяси, техникалық, ғылыми және басқа да түрлері бар.

Әлеуметтік жұмыс – қызметтің өзгеше бір түрі. Не үшін әлеуметтік жұмыс өзгеше түр болып саналады? Алдымен қызмет дегеніміз – бұл белгілі бір затты өз қалауына орай өзгертуге бағытталған іс-әрекеттер жиынтығы. Мысалы: ағаш өқдеуші бұйым-жиһаз жасайды, радиоаппаратура жөндеуші шебер радиоаппаратура кемшіліктерін тауып оны іске қосады, т.с.с. Ал әлеуметтік қызметкер өз клиентімен (тұтынушы) сұхбат жүргізіп, ондағы психологиялық стресстерді алып тастауға, нормал өмір сүру қалпына түсуге, науқас адамдарға түрлі жәрдем көрсетуге, т.б. әрекет жасайды.

Әрбір қызметкер өзі қызмет көрсетуші объектінің жағдайына орай, мақсатына жету үшін әрекет жасайды. Әлеуметтік қызметкер — өздігінен өз проблемаларын шеше алмаған және жәрдем немесе қолдауға мұтаж болған адамдарға көмек көрсетеді.

Объектіге өзі қалаған бағытта ықпал ету әрекеттерінің жиынтығы, соған сәйкес қызметті келтіріп шығарады.

Әрбір қызмет түрінің өзгеше сипаты, объектінің өзгешелігіне байланысты.

Әлеуметтік жұмыс деп, өз проблемаларын сырттай жәрдемсіз шеше алмаған, өмір сүру жағдайы жәрдемге мұқтаж адамдар үшін жасалатын, солардың ауырын жеқіл қылатын қызмет түрін атаймыз. Әрбір қызмет сияқты, әлеуметтік жұмыс та өз құрылымдарына ие болады, ондағы әрбір элемент қажет болып, басқаларымен өзара байланысып, ерекше функцияларды орындайды.

Бұл құрылымдар біртұтас жүйелер деп аталады. Әлеуметтік жұмыс та біртұтас жүйе.

Бұл тұжырымды әлеуметтік жұмыс құрылымын талдау жолымен дәлелдеуге әрекет жасайық.

Құрылым бернеше өз алдына жеке, бірақ сонымен қатар салыстырмалы түрде бір-біріне тәуелді элементтерден немесе компоненттер тұрады. Оларға субъект, мазмұн, басқару, объект және олардың бәрін бір тұтас байланыстырушы құралдар функциялар мен мақсаттар жатады. Схема түріндегі көрінісі:

Кез-келген схема зерттеліп жатқан заттық мәнін жеқілдетеді, сондықтан схемаға  абеонот мақыз беруге де болмайды. Бірақ схема зат туралы көрнекті ұғым бере алады. Схеманың танымдық мағынасы да осында жатыр.

Компоненттердің орын алуы да кездейсоқ емес. Кез-келген әрекет субъекттен объектке қарай қозғалады, ал объект қызметтің (әрекеттің) мәні мен сипатын аныңтаушы фактор  болып табылады. Сондықтан әлеуметтік жұмыс сипаттамасын объектіден бастаған жөн сияқты.

Әлеуметтік жұмыс объектісіне сырттай жәрдемге мұқтаж адамдар жатады, яғни зейнеткерлер, науқастар, мүгедектер, қиын жағдайға душар болған адамдар, теріс ықпал ауына түскен балалар мен жастар және т.б.

Мұқтаж адамдарға жәрдем беру функцияларын әлеуметтік жұмыс субъектілері орындайды. Субъект дегеніміз – бұл әлеуметтік жұмысты жүргізуші және басқарушы барлық адамдар мен ұйымдар. Бұған әлеуметтік саясатты жүргізуші мемлекетте жатады. Түрлі қайырымдылық және қоғамдық ұйымдар да субъектілер деп саналады.

Бірақ, негізгі субъект ұйымдар емес, ол кәсіби және қоғамдық түрде әлеуметтік жұмыс атқарушы адамдар. Кәсіби қызметкерлер көп емес. Әлем бойынша олардың саны 500 мықдай ғана екен. Бұл қызметкерлер “әлеуметтік қызметкер” деген мамандыққа ие болып, олардың ресми дипломдары да бар.

Сондықтан да негізгі ауыртпашылық белгілі бір себептермен әлеуметтік жұмысты атқарушы, кәсіби емес қызметкерлерге түсіп отыр. Мысалы, Швецияның Стокгольм, Гетеборг және Мальме деген үш қаласында 1990 жылы кәсіби мамандар 3,5 мық адам болса, кәсіби емес әлеуметтік  қызметкерлердің саны 46,5 мық адам болған. Ауыл жердегі пошта қызметкерлерінің 2600-і өз істерінен тыс әлеуметтік жұмыспен айналысып, 1 миллион адамға жәрдем көрсеткен.

Бізде, қоғамдық бастамамен әлеуметтік жұмыс істеушілердің саны белгісіз, өйткені біздіқ ұлттық менталитетіміз, әдет-ғұрыптарымыз әрбір адамды жанындағы белгілі бір көмекке мұқтаж адамға өз бауыры ретінде қарап, қолынан келгенше жәрдем беруге шақырады. Әлемдік статистика (есептеу)  бойынша әрбір әлеуметтік қызметкерге 10-15 адамнан тура келеді екен. Бірақ бұл сандар да нақты емес.

Әлеуметтік салада қоғамдық бастамамен, өз еркімен, жүрек қалауымен қызмет жасаушылар саны біздіқ елімізде, әсіресе ауылдық жерлерде әлемдік санаққа қарағанда әлдеқайда көп болуы әбден мүмкін, себебі ауылдық жерлерде  адамдар көбісі бір-бірін таниды, бір-біріне жақын не туыс болып келгендіктен, ауыл ақсақалдары жәрдемге мұқтаж отбасылар мен жеке адамдарға қолдан келгенше көмек берілуіне атсалысып отырады. Айта кету де орынды болар, басқа елдерге қарағанда біздіқ тұрмыстыңсалт-дәстүрлеріміздіқ, өмір сүру тәрізіміздіқ артықшылығы осы орайда көрініс тапса керек. Бізде мемлекеттік әлеуметтік қызметпен қатар, қоғамдық әлеуметтік қызметпен қатар, қоғамдық әлеуметтік жұмыстар да кеқінен ел арасында тараған. Бұл жағдайға ата-бабалар өсиеті, этикалық-эстетикалық нормалар, халықтық кеқ пейілдегі сияқты қасиеттері, т.б. себептер өз септігін тигізсе керек.

Әлеуметтік жұмыс субъектісі туралы айтқанда, олардың да бөлінуін атап өту де жөн болар. Олар әлеуметтік жұмысты ұйымдастырушылар мен басқарушылар және сол әлеуметтік жәрдем қызметін тікелей орындаушылар. Алдықғыларын шартты түрде басқарушылар немесе ұйымдастырушылар десек, екіншілерін практикалық әлеуметтік қызметкерлер деп атауға болады.

Жүйе ретіндегі әлеуметтік жұмыстыңміндетті түрдегі компоненті – жұмыстыңмазмұны. Ол тікелей жұмыс функциясынан келіп шығады. Жалпы алғанда оның функциялары: информатикалық (ақпараттық), диагностикалық, болжамдық, ұйымдастырушылық, психолого-педагогикалық, басқарушылық, практикалық болып бөлінеді. Өз жұмысын әлеуметтік қызметкер объект туралы информация (ақпарат) жинаудан бастайды. Объектінің тұрмыс жағдайы, жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, өмір үшін қажетті заттармен өзін-өзі қамтамасыз ете алу қабілеті, материалдық жеткіліктілігі, отбасылық жағдайы, психикасының ерекшеліктері, мінез-құлқы т.б. мағлұматтар аныңталады, бір сөзбен айтқанда ақпараттық жұмыс жүргізіледі.

Сол ақпараттар негізінде әлеуметтік қызметкер өзінің болашақ объектілеріне “диагноз” қояды яғни жұмыстыңкөлемі мен түрін, қызмет режимін, қиындықтарды, формаларды, әдістерді бағалайды, жұмыс күні тәртібін түзеді, материалдық және физикалық шығыстарды және т.б. жобалайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *