Қоғамдағы әлеуметтік процесстер

Әлеуметтік жұмыстыңкатегориялық аппараты бойынша жасалған әдістемелік семинар материалдарында әлеуметтік жұмыстыңнегізгі заңдылықтары көрсетілген:

—  Қоғамдағы әлеуметтік процесстердің, әлеуметтік саясат пен әлеуметтік жұмыстардың өзара байланысы.

—  Әлеуметтік жұмыстың мазмұны, факторлары мен әдістерінің түрлі жеке адамдардың, топтардың өмір сүруінің нақты жағдайларымен шартталуы.

—  Әлеуметтік проблемаларды тұтынушылардың жеке қажеттіліктері және қызығушылықтары арқылы шешу.

—  Әлеуметтік жұмыстардың нәтижелілігі мамандардың кәсіби деқгейі мен адамгершілік  қасиеттеріне, мемлекет және қоғамның әлеуметтік жүйесінің мүмкіндіктеріне тәуелді.

Бұл жерде елеулі, қайталанушы және тұрақты байланыстар ретіндегі әлеуметтік жұмыстыңзаңдылықтарының жалпы аныңтамасы берілген, ал ол заңдылықтар өз кезегінде ґлеуметтік жЅмыстыңобъектісі мен субъектісінің  өзара байланысы кезінде кјрініс беріп, нақты ґлеуметтік процесстер мен қатынастардың дамуына тигізетін јз ықпалының бағытталуы мен сипатын шартты түрде белгілейді.

Кейбір еқбектерде заңдылықтар нақтыланады. Бірақ бұл олардың принциптермен араласып және бірықғай болып кетуіне алып келеді.

Бір сөзбен айтқанда “Әлеуметтік жұмыс” деген жақа ғылыми пәнге тән заңдылық көріністерін іздену (жақалық десе де болады) жүріп жатыр.

Демек, әлеуметтік жұмыс қызметтің универсалды түрі болады, ал ғылым ретінде ол басқа да ғылымдардың бүтін бір комплексімен (жинағымен) етене араласып кетуде.

Әлеуметтік жұмыс теориясы принциптерінің негізгі бірнеше топтарын атап айту мүмкін.

Бұл жалпы философиялық принциптерден: детерминизм, шағылысу (отражение), даму. Әлеуметтік (қоғамдық) ғылымдарының жалпы принциптері: тарихилық, әлеуметтік шарттылық, әлеуметтік елеулілік. Соқында болса, әлеуметтік жұмыстыңарнайы принциптері. Бұл жерде принциптерді түсінуде плюрализм айрықша көріне бастайды, яғни принциптердің мазмұны мен құрамын қабылдай білу көрініс тапқан.

Бұл принциптерді олардың классификациясын есепке алып қарастырайық.

Әлеуметтік жұмыстыңмазмұнды принциптеріне гуманизм, әділет, альтруизм, қоғамдық (топтық) және жеке мүдделердің гармониясы (үйлесуі), өзін-өзі қамтамасыз ету кіреді.

Психологиялық-педагогикалық  принциптерге модальдық, эмпатия (көқіл білдіру), аттракция (ұнамды тартылу), және сенім енеді.

Әдістемелік принциптер тобын дифференциялық жандасу, қабылдау, үздіксіздік, компетенттік құрайды.

Ұйымдастырушылық принциптеріне жалпылықты, комплекстікті, дәнекерлікті, субсидарлықты (жәрдем беру), үндестікті енгізсе болады.

Әр елдіқ заңдылық және нормативтік актілерінде, елдегі әлеуметтік жұмыстардың жалпы тәжірибелерінен келіп шыққан нақты принциптер орын алуы керек.

Олардың ішінде: әлеуметтік қызмет көрсету мен мемлекеттік кепілдіктердің қамтамасыз етілуі шеқберіндегі адам және азаматтық құқықтарын қадағалау, әлеуметтік қызмет алу үшін азаматтардың теқ мүмкіндікке ие болуы, әлеуметтік қызметті азаматтардың келісімін алу, қабылдауға әлеуметтік қызметтің қол жетерліктей түрде болуы, әлеуметтік жұмыстағы құпиялылықтық сақталуы, әлеуметтік жұмыстыңбарлық түрлерінің тоқтаусыз болуы, жәрдемніқ тікелей берілуі, өмірі мен денсаулығына қауіп төнген адамдарға айрықша көмек көрсету, профилактикалық бағытталу, әлеуметтік реабилитация мен адаптацияға жәрдем беру, ведомствоаралық және пән аралық байланыстардың тұрақты болуы, тиімді жандасу, жергілікті жердегі әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру, тұрғындарға әлеуметтік жәрдем және қызмет көрсетуші ерікті ұйымдарға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі сияқты принциптер орын алуы керек.

Әлеуметтік әдіс дегеніміз — әлеуметтік жұмыстағы нақты бір мәселені шешудегі, алға қойылған мақсатқа жетудегі айла-тәсілдердің жиынтығы.

Әлеуметтік жұмыста қолданылатын көптеген әдістер пәнаралық болып келеді, себебі әлеуметтік жұмыс универсал сипатта болатыны белгілі. Сондықтан, әлеуметтік жұмыс әдістерін сипаттай отырып, оларды экономикалық, құқықтық, саяси, әлеуметтік-психологиялық, медициналық-әлеуметтік, әкімшілік-басқарушылық және т.б. деп бөліп жатуға да болады.

Әлеуметтік жұмыс әдісі әлеуметтік жұмыс қаратылған объектінің сипатына қарай белгіленеді. Ал екінші жағынан әлеуметтік қызметкердің кәсібіне немесе мамандығына қарай, әлеуметтік және басқа да қызметтердің құрылымына  қарай әлеуметтік әдістер белгіленуі мүмкін.

Әлеуметтік проблемаларды шешуде қолданылатын айла-тәсіл жиынтықтарымен қосылған теориялық тұжырымдар, жалпы алғанда “әлеуметтік технологиялар” деп аталады, ал әлеуметтік әдістер сол технологиялар ішіне көбінесе енгізілген халде болады.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *