Қазақстан сот шешендік өнері (CVII- CIC ғғ.)

 Қазақстан сот шешендік өнері (CVII- CIC ғғ.)

 

XVII-XIX ғасырларда Қазақстандағы сот сөз ділмарлығының өзіндік сот түрі – билер сотымен анықталған. Сот билігі кейбір сұрақтарды шешуде халықтық судьяларға: билер мен қазыларға жүгінген. 1871 ж. Торғай облысының әскери губернаторы  Л.Ф. Баллюзектің басып шығарған қазақ құқығы материалдарында сол сот түрінің ерекшіліктерін көрсете отырып, осыны растайды: «Билер соты – ауызша сот, өзіне тән шындықтары мен жарияланымдары бар, сот – бұл жерде әр түрлі іс қаралады, адамды сөзбен ренжіткен кездерінен бастап ең үлкен қылмыс — өлімге дейін, ең төменгі ұрлықтан ең жоғары қылмысқа дейін істер ауызша қаралып және сотталған, ешқандай да қағаз бен жазу құралынсыз».                                                                                                                         

Билер шешімдерінің құқықтық негізі дәстүр бойынша кәдімгі құқық (адат) және ислам шарттарының негізіне (шариат) байланысты.  Соңғысының түпнұсқасы — бұл араб заңгерлері енгізген Құран және оның қосымшасы. Құранның бір сүресінде былай айтылады: «Мұхаммед, біз саған шындық жазылған, адамдарды соттау үшін кітапты жібердік». Шариат құқығы негізі болған облыс — бұл отбасы-неке қатынастары облысы.   Қазақстанда хандық билік кезінде (XV—XIX ғғ.) көптеген сұрақтарды шешуде кәдімгі және шариат құқықтарының тоғысулары әдеттегідей болған.  

Билер соты Қазақстанда «Сібір қырғыздары» (1822 г.) жарлығы шыққанға дейін ешқандай да шектеусіз болған, соған сәйкес сайлау жүйесі енгізіліп және билер сотының құқығы шектелді. XIX ғасыр соңына Қазақстан сот құрылымы «Түркістан және Дала өлкесін басқару туралы ережесіне» (1886 – 1891) сәйкес атқарылды, соған сәйкес империя түріндегі соттар құрылды, сондай-ақ «халықтық соттар» құру да қарастырылды.  

Билер сотын қарай отырып, оның ежелгі халықтық түрін бөлу қажет. Билер соты жекеше сипатта болған, алқалы билер сотына ұқсас.   Мысалы, айыптауға қарсы дәлел болмаса, бірақ қатты, негізді күдік болса, онда олар абыройлы туысқандарын араластырып ант қабылдап сотталушыны айыптаған немесе ақтаған.  Алқалы билердің саны қаралып жатқан істің маңыздылығына байланысты анықталған. Сот жария түрде және тек қана ауызша болған, барлық уақытта  қорғаушы қатыстырылған. Билер формальды қарым-қатынаста ешкіммен ресми түрде сайланбаған және бекітілмеген.  Шешімдердің мағынасы жеке беделді адамның ықпалымен болған, шешім біржақты болуы да мүмкін, егер екі жақта бір биге бағынышты бір жүзден болса және өздері бір судьяны таңдаса.   Л.Ф.Баллюзектың материалдарында былай деп айтылады: «Судьялардың міндеттері осы айтылған билерге жатады. Бұл атақ халық санасы бойынша азғантай адамдарға ғана тән, кімдер табиғи ақылдылығымен, сөз ділмарлығы қабілетімен өздерінде қалыптасқан халықтық салт-дәстүрлердің және тарихи аңыздарды терең білімі  арқылы ұштастыра білгендерге». Би болу құқығына, сонымен қатар, екі жағдай арқылы анықталады: сот дәстүрінде терең білім және жеке шешендік шеберлігі есептелген.     Терең білімі, танымы сот дәстүрінде кәдімгі және шариат құқығы нормалары білімін болжаған, соның ішінде ең бірінші қазақ заңдары жинағының бірі «Жеті жарғы» — хандық дәуірдегі заңнамалық ескерткіш.   Тарихшылардың мағлұматы бойынша, «Жеті жарғыны» құру ойы XVII ғасырдың 70-жылдарына жатады. Әдеттегідей, аңызға сүйеніп бұл заңдар жинағын құрастыру бастамашысы, ұйытқысы ретінде Тәуке ханды атайды. Бір нұсқасы бойынша ол кеңеске үш биді жинаған (Төле би – Ұлы жүз, Қазыбек би — Орта жүз, Әйтеке би – Кіші жүз), сөйтіп солардың көмегімен заң ережелерінің қатары бекітілген. Басқа нұсқасы бойынша Тәуке хан Күл төбенің басына жеті биді жинап, солар Қасым хан мен Есім ханның салт-дәстүрін жаңарған түрде берген. Бұл заңнамалық құжаттың мәтінінде (орыс тілінде А.Левшинның жазуларында) әкімшілік, қылмыстық және азаматтық құқық нормалары қамтылған: «Ол жерде бірінші орында кек алу заңы алады: қанға қан арқылы кек алу, төбелеске сондай төбелес.  Ұрлық, тонау, зорлау үшін өлімге асу. Барлық ережелер бойынша өлген адамның туыстары қылмыскерді өлтіруге құқылы; ал қолын, аяғын, құлағын шапқан болса, дәл сол жерінен айрылатын болған. Сондай-ақ жаза судьялардың шешіміне қарай немесе арызданушылардың келісіміне сәйкес жеңіл де болуы мүмкін, онда қылмыскер әрбір қылмысқа бекітілген құн төлеу арқылы жазаланады…». Осы қатарда «Шар ережесі» де айтылуы қажет, баспадан шыққан қазақ тіліндегі бірінші құқықтық құжат.   Берілген заңнамалық жоба 1855 ж. мамырда Қарамолада өткен Қарқаралы, Павлодар, Семей уездері мен Зайсан приставының билерінің Жедел   шақырылған съезінде талқыланып қабылданған (Съезде төрағалық еткен  Абай Құнанбаев).

Тарихта билер сот сөз ділмарлығымен бірқатар атақты шешендер есімдері есте қалды: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Досбол би, Тіленші би, Келдібек би, Сырым би, Есет би, Байдалы би және көптеген басқалар. 1992 жылы шыққан «Билер сөзі» хрестоматиясы билердің шешендік өнерімен танысуға көптеген қызықты мағлұматтар береді.  Әрбір шешен-би туралы көптеген ауызша аңыздар қалған. Егер Төле би жайлы айтқанда, үнемі заңдар туралы терең білімі көрсетіледі; Қазыбек би «әділ, тура шешуші, ойлаушы» — ол ақылды дипломат және әділ судья ретінде; Әйтеке би туралы айтылғанда, оның сөздерінің қарапайым мазмұндылығы еске түседі; Досбол би әрбір ауызша жарыста тапқырлығымен ерекшеленді; Тіленші би — өзінің ауызша сөзге шыққанда айтыскерлігімен танылды.  

 

5.2.  Билердің шешендік өнердегі  ерекшеліктер   

 

Билер шешендік өнерінің айырмашылық ерекшеліктеріне тек қана соттың ауызша өткізілуі ғана емес, сондай-ақ олардың сөздерінің айтыскерлігі, поэтикалығы, аллегориялылығы; халықтық-поэтикалық шығармашылыққа сүйенуі, даулы мәселелерді шешуде ақылдылық, өткірлік және философиялық шешімдер, кейбір күрделі мәселелерді шешуде Толе би айтқан ескертпелер кейіннен қанатты сөздерге айналды: «Егер де тек мақтаншақ адамдарды жинасаң, халық алдында күлкіге қаласың», «Бай халық үшін емес, би – халық үшін», «Досыңды алдама- сенімділікті жоғалтасың», «Жауыңа шындықты айтпа – ол сені жеңіп кетеді». Даулы мәселелерді шешу мысалына келесі аңызды келтіруге болады. Бала кезінде Төле би әкесіне қой бағуға көмектескен. Бір күні оның жанына екі атты кісі тоқтады. Төле бидің олардың әңгімесінен түсінгені әкесінің шешіміне разы еместігі. Сонда кішкентай Төле оларға жақындап сұрады: «Сіздер менің әкемнің шешіміне разы емес көрінесіздер. Мен Әлібектің атын естідім – ол менің әкемнің аты». Атты кісілер жауап берді: «Біз сол шешім жайлы айтысудамыз. Біз шешімге разы емеспіз». Сонда кішкентай Толе әкесіне барып, болған жайды баяндайды. Әкесі баласын тыңдап, былай деді: «Балам, әділ шешімін өзің бер». Ал анау екеуі не істің мән-жайын айтып берді. Олардың біреуі, жас жігіт айтты, көпес (сатушы) оның ботасын ұрлап алған, өйткені ол өзінің ботасын көпестің керуенінен табады.  Екіншісі, көпес, бота өзінікі екенін дәлелдейді. Сонда Толе ойланып, былай деп сұрайды: «Ботаның шешесі бар ма?». – «Ия», — деп жас жігіт те, көпесте жауап береді. Төле  екі түйені де алып келуін сұрайды. Сөйтіп оларды жіппен байлауды сұрайды. Ботасын көрген кезде түйе, жас жігітке тиесілі, орнында тұра алмай, босағысы келіп, көздерінен жас ағады. Ал көпестің түйесі бір орнынан қимылдамай тұрады.  «Бота жас жігіттікі»- деп шешті Толе. «Көпес, шындықты айтшы»,- деп сұрады Толе. Көпес шынын айтты: «Бұдан бес жыл бұрын мен алыс елдерден өз қалама келе жатып жолда жаңа тұған бота мен түйені көрдім. Сөйтіп мен ботасын алып кеттім. Енді, сіздер өздеріңіз мені не істейтіндеріңізді шешіңіздер». – «Төленің өзі шешсін», — деді қатысып тұрғандар. «Өздеріңіз көріп тұрғандай, бұл жас жігіт өзінің адал еңбегімен табады, ал көпес ботаны ұрлап, елдің алдында масқарасы шықты. Абыройынан айрылып, масқарасы шыққаннан үлкен жаза жоқ», — деп шешті Төле. 

Халық есінде билер даулы мәселелерді шешіп қана қоймай, қанатты сөздерімен де қалған. Бір күні Сырым биден сұраған екен: Дау мұраты неде? Саудагер мұраты неде? Қыз мұраты неде? Жол мұраты неде? Сонда Сырым би тоқтамастан былай деп жауап беріпті: «Дау мұраты – біту. Саудагер мұраты – ұту. Қыз мұраты – кету. Жол мұраты — жету». 

Билердің риторикалық мәдениетінің философиялылығы мен поэтикалылығы Келдібек би мен Шоқан Уәлихановтың әкесінің арасындағы әңгімеден көруге болады. Шоқан Уәлиханов қайтыс болады. Шоқанның әкесіне сүйікті ұлының өлімін сөз шеберлігі арқасында жеткізу үшін адам қажет болды. Сол кезде таңдау Келдібекке түсті. Келдібек би сұрайды: 

— Төре, өмірде не қымбат? 

—  Адам, — деп жауап берді Шоқанның әкесі.

—  Адам үшін не қымбат?

—  Сүйеніш бола білетін бала. 

—  Тастар арасында не асыл?

—  Алмас.

—  Теңіз түбінде жатқан алмастың егесі бар мекен? 

—  Бұл өмірде барлығы да біреуге бағынышты. 

— Жаны бардың, жансыздың да барлық уақытта егесі болады. Егер де олар өмірдегі ең асыл – адам үшін күреске шықса, кім жеңеді? 

— Ең мықтысы, күштісі, — деп жауап береді Шоқанның әкесі және өзінің кімді жоғалтқанын түсінеді. 

XVII – XIX ғасырлардағы атақты билердің ауызша сөз ділмарлығы тарихи-құқықтық және тарихи-филологиялық тұрғыдан ғана қызығушылық тудырмайды, сондай-ақ қазіргі кезеңде алып қарасақ импровизациялық жария сөзге шығудың ең таңдаулы үлгілерін көрсетеді. 

 

Тақырып 6. Ресейдегі сот шешендік өнері (CIC ғ.). Соттық тергеу.  

 

6.1. Куәлерді тергеу

 

Әрбір сот шешені сот сөзінің бұл сот тергеуіне қосымша екенін білуі қажет, керісінше емес; сол себепті барлық мүмкіншіліктер сөзге шыққанға дейін іске асуы қажет. 

Бұл ереже сөз ділмарлығы қағидаларының басында тұруы қажет. Керемет айыптау сөзі – айыптауды қолдаймын; қорғаушының керемет сөздері – ақтауды талап етемін.  Осындай сөздер нені білдіреді? Іс сөзбен емес, фактілермен шешілген, кездейсоқтық әсері шеттетілген – бұл шешендік таланттың судьялардың немесе алқалы соттың шешімі. 

Қылмыстық процесте шешен табысы тек қана сөздеріне ғана емес, сот тергеуін «жүргізуіне» байланысты, судьялар алдында іс жағдайын шешеді, сондай-ақ шешімдердің әділдігін дәлелдейді және растайды.  Сот тергеуіне дейін әрбір куә күдік тудырушы ретінде қаралады.   Ол тергеушіде айтылғандарды растауы да мүмкін, берген жауабын одан да көбірек етуі мүмкін немесе одан бас тартуы да, өтірік айтып ұсталуы да немесе жасырып қалғысы келген фактілерді растауға мәжбүр болуы мүмкін. Тоғыстыра тергеу бұл өнер, сол арқылы адамды білетін барлық нәрсесінен бас тартуға мәжбүрлеу, және де өзін басқа есіммен атау.   Бұл әділ; бірақ бұл таза және епті адамдар үшін онсыз сотта қолға түспейтін нәрселерді ашу әдісі; сондай-ақ бұл әдіс қылмыстық іс жүргізу негізіне қойылған, бізде заң бойынша белгіленген, және де осы күнге дейін одан жақсысы табылған жоқ.   Айыптаушы және қорғаушы сөз ділмарлығы өнерін қалай білсе, сондай дәрежеде сот тергеуінде жүргізе білуі қажет, және де есте сақтай білуі керек, екіншісі біріншісінен де қажеттірек.  Егер сот тергеуінде сотталушыны әшкерелейтін немесе ақтайтын фактілер болса және де сол жақтың өкілі ешқандай да сөз айта алмаса, онда судьялар өздері сол фактілерден логикалық қорытынды жасайды. Оған керісінше, фактілерге негізделмеген сөздер, сол берілген сот тергеуінде, ешкімге дәлелдей алмайды.  

Процестің жанды негізі — куәлердің және сарапшылардың берген жауаптарында; олардың сөздерінде жұмбақ және істің шешілуі. Сол себепті сот тергеуін жүргізуде жақтардың негізгі сіңірген еңбегі — бұл тергеуді жүргізе білуі.   Біріншіден, бізде қылмыстық сотта қойылатын сұрақтардың көпшілігі, сұрақтар негізі оңай; екіншіден, басқасынан азғантай бөлігінің көбі сұраушыларға рахметі жоқ жауаптар беретін сұрақтар; үшіншіден, көбінесе осы соңғысында жақсылығы жоқ жауап алдын-ала сәтсіз сұрақпен шешіліп қояды.  

Біздің айыптаушылар мен қорғаушыларымыздың барлық шеберлігі куәлердің алдын-ала тергеуде берілген жауаптарының көшірмесімен шектеледі, сол бойынша түкке тұрмайтын сұрақтармен және хаттаманы жария ету «қарсымын» талабымен    куәнің немесе тергеушінің кінәсінен кішкентай бір сәйкессіздік немесе қателік арқылы.   

Екінші ережеге: егер сұрақ мағынасы жоқ жауапқа алып келсе, онда көп жағдайда сұраушының пайдасына шешілмейтін жауап болады.  

Гарристің кітабынан кейбір үзінділер келтіреміз: «Өте шебер адвокат болу керек, ұзақ, қиылысы көп тергеуде сұраушының пайдасына шешілмейтін сұрақтардың жауаптарына куәлерді апармау керек, айыптауды растайтын фактілерді көрсетпеу керек». Сот практикасында қорғаушылардың жіберілген қателіктерінің арқасында сотталатыны және де күдіксіз қылмыскерлер айыптаушылардың қате жіберуінен бостандыққа шығуы кездеседі. Сәтсіз және дұрыс емес сұрақтар да болады.  Таныс сұрақты қою қажет пе әлде жоқ па деп шешу үшін байқау қажет. Мемлекетке мемлекеттік айыптаушыларды қамқорлығына алуға қаражат жоқ, қазір жаңадан бастап келе жатқан қорғаушылар бар, осы жас мырзалар куәлерге кейбір жағдайлар бойынша сұрақтар қою мүмкін, ол туралы айыптаушылардың сұрауға құқы жоқ болса да; ол аз болғандай, аййыпталушыны жеке сұрауға да мүмкіндігі бар, одан кейін куәлерге сұрақ қою арқылы  көзбе-көз сөйлесіп білген нәрсесін  барлығын айтқызады. Көптеген кінәсіз адамдар осындай қиылысы көп тергеуден (тоғыспалы жауап алу) кеткен». 

Жоғарыда айтылғандардан бірнеше практикалық көрсетпелер шығаруға болады, көрініп тұрғандай пайдалы және негізге асатындары немесе сот қызметкерлерімен осы уақытқа дейін түсінбегендері: 

1. Куәлерден өздеріне көрініп тұрған немесе даусыз анықталған жағдайлар жайлы сұрамау. Бұл уақытты жоғалту. 

2.  Қажетсіз жағдайлар жайлы сұрамау. Бұл да уақытты жоғалту.   

3. Әрбір сұрақ ойластырылған есеппен негізделуі қажет. 

Осы ережеден келесі үшеуі шығады: 

4. Жағымды жауапқа үміті аз сұрақтарды қоюдың қажеті жоқ.  

5. Таныс емес немесе күдік тудыратын жағдайлар туралы сұраған кезде абай болу қажет. 

Күдік бар кезде, екі жақта өзінің пайдасына қолдану керек; оны жоққа  шығарған кезде, сіз жеңе аласыз, сондай-ақ жеңіліске ұшырауыңыз да мүмкін.. 

6. Балалардың сұрақтарын қоюдың да қажеті жоқ. 

7. Әрбір сұрақтың анық мақсаты болуы қажет. Келесі ереже алдыңғы ережеге қосымша:   

8.  Өз уақытында тоқтау керек. 

9. Өтірікке, жалғандыққа итермелейтін сұрақтар қоймау керек. 

Куәден әсерлі жауап алу үшін, оған сұрақты дұрыс қоя білу керек, одан тек қана жауап беруі және қажетті қана жауапты күтуді  ғана емес, одан да көбірек нәрсені күткендей болу қажет.  

10.Куәнің немқұрайлығы туралы кездейсоқ қорытындыдан сақтану қажет.  

 

6.2. Куәлер жауаптарының нақтылығы

 

Куәлердің жауаптарын бағалау ережелері, басқа да адамгершілік тұрғысынан, әр түрлі болуы мүмкін.  

1. Куәгер ойлап таба алмаған жағдайда, шындықты айтады.  

Куәлердің жауаптарының мазмұнына байланысты айтар болсақ, деп айтады Уэтли, олбір жағынан хабарланған фактілердің мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі, басқа жағынан – Куәландырушылардың түсінікті және түсініксіз ойларын пайымдау ықтимал болады.   Белгілі жағдайдың мүмкіншілігі аз болса, оның есептеліп ойлап табылғаны немесе біреудің ойлағанындай кездейсоқтық мүмкіншілігі де аз.   Куәгер өзіне түсініксіз фактілерді де беру жағдайы да болады, сол себепті де оның өзі оған сенуге қиналады, сондай-ақ олар басқаларға шындық түрінде және мүмкін болып көрінеді.  Ол келесі мысалды көрсетеді.   «Ескі тарихшы хабарлайды, кейбір саяхатшылар алыс елге жетіп, күн көлеңкесі өздері көріп жүргеннен басқа, қарама-қарсы бағытта түскенін көреді; тарихшы бұл әңгімені шындыққа жанаспайды дейді, өйткені ол өзіне жазғанын түсіндіріп бере алмайды; біз, бірақ оңтүстікке тән құбылысты біле отырып, оның өзінің жазғанын ойдан шығармағанын түсіне отырып, оның берген фактілеріне сенімділікпен қараймыз. Бұны адам қолжазбаны өзіне түсініксіз тілде көшіріп алуға теңеуге болады».  Қылмыстық психопатологияда жасырын эпилепсия ахуалында жасалған қылмыс түрлері кездеседі (психологиялық эквивалент деп аталған); қылмыскердің ауру, жан кернеуі қылмыстан кейінгі басталған ұйқымен шешіледі. Бір дәрігер қылмыскердің басқа адамдармен бірге өлтірілген әйелдің қасында ұйықтап жатқан жерінде табылғанын суреттейді. Дәрігер бұны эпилептиктің ауру ұйқысы екенін біледі; психиатриядан хабары жоқ адам үшін бұл құбылыс түсініксіз ғана емес, сондай-ақ мүмкін емес; бірақ осыны көрген куәгерлер шындықты айтқаны анық: олар өздерінің айтқанын ойдан шығара алмайды. 

2. Куәгер әңгімесіндегі азғантай толықтырулар маңызды жағдайлар туралы жауаптарын анықтай түседі. 

3. Егер куәгер маңызы жоқ фактіні куәландырса, іске оның маңызы бар екенін білместен, жауап сенімге ие болады. 

Куәгер куәландырған жағдай факт ретінде маңызы аз болса, ол өзіндік аз белгілі болады, сондай-ақ ол айғақ, дәлел ретінде сенімді болады, немесе оның ойдан шығару  мүмкіндігі аз болады. 

Куәгер естіген әңгімесін баяндау кезінде айтылған фразасы (сөзі), оның  жауаптарының шындық екеніне кепілдік бере алатын кездері де болады; біріншіден, фраза (сөз) өзіндік, екіншіден, күдік тудырмайтын жағдайларға келеді; тыңдармандар оны бірден сезеді, олай айтылмаса болмайтынын, анық сол, анық осы сөздермен айтушы (баяндаушы) жеткізді.   

5.  Фактіге деген қосымша нұсқау көңілге қонымды болады, оны тура  куәландырғаннан көрі; ол хабарланған фактінің әділдігінің дәлелі ғана емес, сондай-ақ жалпы танымалдылығының да.  

6.  Әдейі істелінбеген өтірік болуы мүмкін емес. Сол себепті куәгер айтқысы келгеннен көбірек айтқанын, соныменен өзі білместіктен айтып қойған немесе жасырғысы келген нәрсені айтқанын ұстау керек. Осы кезде екі жағдайды айыра білу қажет: 1) куәгер айтып қою арқылы, фактіге деген өзінің бағасын көрсетіп қояды және 2) фактіні берген кезде; бірінші жағдайда оның сөздері шешеннің бірыңғай ой-пікірлерін толықтырады, екіншіде — өзіндік және өте маңызды қорытындылар негізіне қызмет етуге мүмкіндігі бар.   Өтірікті санасыз деп айтуға болмайды;   кім өтірік айтса, ол өзінің өтірік айтып тұрғанын біледі.  Сондықтан, куәгер байқаусызда, кездейсоқ айтып қалса, онда өтірік болмайды; ол қателік болуы мүмкін, бірақ тек адал ниетті.  

7. Күмәнсізді жіберіп алу, куәгердің жауаптарындағы маңызды жағдайлардағы оның адал ниетті еместігінің белгісі емес.   

Таныс фактіні куәландырушы және мақұлдаушы адам, оны көрген, шындықты айтады, немесе өтірік айтады, немесе адасады, бірақ оның жауаптарындағы кемтіктер басқа себептерге байланысты болуы мүмкін, ол көз алдында болған фактіні байқамауы да мүмкін, байқаса да ол туралы ұмытып кетуі де мүмкін. Бұл өте таныс. 

8. Бірнеше куәгерлердің жауаптарындағы түйісу (сәйкестік), әсіресе олардың арасында сотталушының достары және жаулары болса, фактінің толық адамгершілік нақтылығын құрайды.  

Егер де осы куәгерлердің әрқайсысы жоғары дәрежеде күмәнді болса, біз онда олардың түсініктерінің кездейсоқ түйісулерін (сәйкестік) жібере алмаймыз. Бірақ екі куәгер фактіні куәландырса, ал қалған екеуі, үшеуі, алтауы, жүздеген басқалары бірінші екеуден естігендерін қайталаса, онда анығында қалғандарының барлығы ешқандай жауап бермейді.  

Сонымен куәгерлердің саны маңызға ие болады, егер де басқа жағдайлармен бірдей болғанда. Олардың ішінен біреуін өзгертсе, қорытынды басқаша болып шығады.  

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *