Ғылым және оқулық пән ретіндегі әлеуметтік жұмыс

Ғылым және оқулық пән ретіндегі әлеуметтік жұмыс

  

Елді реформалау жағдайында, нарықты қатынастардың орнығуы жағдайында көптеген адамдар (зейнеткерлер, мүгедектер, жетім балалар, қоныс аударушалр және т.б.) шұғыл түрдегі әлеуметтік жәрдем мен қорғанысқа мұқтаж болуда.

Әлеуметтік шиеленісті назардан тыс алдыруға мүлдем болмайды. Тұтыну өнімдерінің бағаларының либерализациялануы нәтижесінде тұрғындардың материалдық жағдайы қиындай түскен. Елдегі табиғи өсім өлімге қарағанда енді ғана басым бола бастады, атап айтқанда елдіқ негізгі тұрғындары қазаң ұлтының арасында бұл көрсеткіш айқын біліне бастады. Бірақ некесіз туған балалар, ата-анасыз өсіп жатқан балалар да аз емес.

Жас отбасылар ішінде ұрыс-керіс нәтижесінде ажырасулардың көбеюі ойландырмай қоймайды. Аборт (Түсік) істеу де бір мадаға айналғандай. Мүгедек болып туған балалар материалдық, психологиялық және басқа да жәрдемдерге мұқтаж. Кәмелетке толмағандар арасындағы психикалық ауруға шалдыққандар мен қылмысқа көп ұрушылардың саны кемейер емес. Жастардың түсініп-түсінбей өзге мәдениетке әуестігі арта түсуде. Олардың арасында маскүнемдер, наркомандар мен токсикомандардың да кездесуі жиілей көрініс тауып отыр. Қоғам мен отбасындағы әлеуметтік қарама-қайшылықтар адамдардың (әсіресе жастардың) аурушылдығына, қатігез болуына, өзіне-өзі қол жұмсауына, жезөкшелікке баруына басты себептердің бірі болып отыр. Әлемдік практикада осындай топтармен жұмыс істеудің тәжірибесі  едәуір жинақталған. Өзіміздіқ практикамызда да бұндай тәжірибелер жоқ емес. Бірақ әлеуметтік жағдай бірден шиеленісіп бара жатқан кезеқде, әлеуметтік қатынастардың өзгеруінің процесстерін тереқдеу талдау мен түсіне білу қажеттігі туындап отыр. Әлеуметтік жұмыстыңғылыми негізделген концепцияларын жасап шығару, әлеуметтік технологияларды, әлеуметтік жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізудің түсінікті және сендіре алатын әдістерін енгізу керек.

Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, әлеуметтік қызметкерлердің қызметтерін есепке алған жағдайда ғана мемлекеттің әлеуметтік даму бағдарламасы мен әлеуметтік саясаты жасалып отырады.

Әлеуметтік жұмыс саласындағы қызметкерлер заң актілерін дайындауда, жергілікті билік органдары мен қоғамдық ұйымдардың шешім қабылдауында эксперт (сарапшы) ретінде кеқінен тартылады.

Адамдардың не өздері, не отбасы мүшелері, не достары және т.б. шеше алмайтын проблемаларға жиі кездесетінін өмірлік практика көрсетіп отыр.

Ал бұл проблемаларды шешу үшін арнайы мамандар — әлеуметтік қызметкерлер қажет болуда.

Әлеуметтік жұмыс ғылым ретінде адам қайраткерлерінің сферасы болып, оның функциясына (міндетіне) белгілі болмыс (әлеуметтік сфера және арнайы әлеуметтік қызмет) туралы объективті білімдерді теориялық жүйелеу мен жасап шығару кіреді. Арнайы әлеуметтік қызмет дегеніміз бұл – мемлекеттік, қоғамдық және жекеленген ұйымдардың, мамандар мен белсенділердің жеке адамның, отбасының, қоғамдағы топтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге бағытталған кәсіби немесе қоғамдық жұмысы.

Әлеуметтік жұмыс формалары мен әдістерін талдау, берілген объектілердің әлеуметтік проблемаларын шешудің тиімді әдістері мен технологияларын жасау —  ғылыми пән ретіндегі әлеуметтік жұмыстыңеқ басты мәселелерінің бірі болып табылады.

Өз негізінде әлеуметтік (қоғамдық) ғылым болған әлеуметтік жұмыс техникалық және жаратылыстану ғылымдарымен тығыз байланыста. Әлеуметтік жұмыс шеқберінде өткізілген зерттеулер бір жағынан жаратылыстану ғылымдарының (әсіресе медицина) көзқарастарымен өзара байланыста болса, екінші жағынан психология, педагогика, құқықтану және т.б. әлеуметтік (қоғамдық) ғылымдармен байланысқан, яғни бұл зерттеулер пәнаралық сипатқа ие болады. Ғылым ретіндегі әлеуметтік жұмыстар біздіқ елімізде орнығу кезеқін бастан кешуде. Бұл ғылыми пәнніқ сипатты белгілері – кәсіби журналдар мен ұйымдардың, оқу кафедралары мен оқулықтардың бар болуы. Әрбір ғылым теориялық және эмпириктік білімдердің, теориялардың, әдістер мен әдістемелердің қоспасы болуын еске алсақ, ғылым ретіндегі әлеуметтік жұмыстыңөзгешелігі, оның білім мен істей алу әрекеттерінің бірлігінде екеніне көз жеткізуге болады. Бұл бірлік, пәнніқ негізін алаушы принципі. Бұл бірліксіз әлеуметтік жұмыстыңғылыми пән ретінде болуы, әлеуметтік қызметкердің адамдар өміріндегі қажет бұл саладағы маман ретінде қалыптасуы да мүмкін емес.

Әрбір ғылымның бөлінбес бөлшектері болып заңдылықтар, принциптер және әдістер келеді. Әлеуметтік жұмыстыңғылым ретінде орнығуы әлі жалғасып жатыр, сондықтан да ғылымның бөлінбес бөлшектеріне деген көзқарастар пікірталас тудыруы да мүмкін.

Арнайы әдебиетте әлеуметтік жұмыстыңзаңдылықтарын екіге бөліп қарау ұсынылған.

1.    Әлеуметтік жұмыс субъектісінің функциялануы мен дамуының заңдылықтары.

2.    Әлеуметтік қызмет объектісі мен субъектісінің арасындағы айтарлықтай байланысы және олардың диалектикасы.

Әлеуметтік жұмыс заңдылықтарын ашуға екінші ұғым тиімділеу деген көзқарас бар.

Егер де заң (қоғамдық заңдылық) қоғамдық көріністер, процесстер мен жүйелерінің барлық жақтары мен компоненттерінің тұрақты, қажет, қайталанушы байланыстарын көрсете алуын адам өмірінің біртұтастығының барлық формалары мен көріністерін барынша жалпы білдіре алуын ескерсек, онда бұл екінші тұжырыммен келісу мүмкін.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *