Ғылыми –жаратылыстанудың құрылысын түсіну

Ғылыми –жаратылыстанудың құрылысын түсіну. Жартылыстану тарихи және оның кәзіргі панорамасы Жаңа ғылыми –эволюция –синергетикалық парадигманың пайда болуы.

       Жаратылыстану –табиғатты жанжақты, әрі біртұтас зерттейтін жаратылыстану ғылымдарының жиынтығы. Оның құрамына физика, химия, биология және психология енеді.  Табиғат туралы ғылымдар, комплексті болғандықтан, ол натур-философиядан туындаған еді., жаратылыстану тек нақты деректер мен білімді тәжрибеге сүйене отырып тексереді және мұны өзінің негізгі принципі деп санайды. Ірі ғылымдар тобын құрайтын және бағалы жетістіктері бар қоғамдық ғылымдармен салыстырсақ жаратылыстану ғылымы объективтік эталоны болып саналады. Техникалық ғылымдар сияқты әлемді өзгертуге кіріспейді, оны тұтас тануды мақсат етеді, математика ғылымы тәрізді белгілер жүйесін зерделемейді, табиғат жүйесін тануды мақсат етеді. Жаратылыстану ғылымның танып білу құрылымы төмендегідей: тәжрибелік дерек –ғылыми дерек бақылау –нақты тәжрибе –модельдік тәжрибе –нақты тәжрибе нәтижелерінің тіркеу –тәжрибе нәтижелерін жинақтап қорыту қалыптасқан теориялық білімдерді тиімді пайдалану –бейне –ғылыми болжам қалыптастыру –оны тәрибеде тексеру –қажет болған кезде қосымша болжамдар енгізу. Ғылыми зерттеу кұрылымы –ғылыми таным тәсілін береді. Қажетті нәтижелерге қол жеткізу үшін әртүрлі әрекетпен қимыл жасап, түрлі әлістерді қолданылады. Табиғатты танып білуге адамзат баласы ертедегі заманнан бастап бүгінге дейін үш кезеңнен өтіп, төртінші кезеңге көшетіндігін ғылым шежіресі дәлелдейді. Бізді қоршаған дүниедегі құбылыстарды қарастыратын синкретикалық (бөлінбейтін) қөзқарасқа негізделген, болмыстың сыртқы көрінісіне ғана мән беретін натурфилософия пайда болды, ХІІІ –ХV  ғасырларды ғылымның іргетасы қаланып аналитикалық кезең басталды. Бұдан кейін жинақталған мәліметтерге сүйене отырып табиғат туралы тұтасталған қөзқарас қалыптастыру, яғни синтездеу кезеңі келді. Қәзіргі уақытта бүкіл жаратылыстың тұтастығын (интегралдығын) негіздеуімен қатар, жеке ғылыми салалардың қалыптасу себептерін түсіндіретін интергралды –дифференциялық кезең басталды. Жаратылыстану табиғат туралы шын мәніндегі тұтас ғылым ретінде тек кәзір ғана қалыртаса бастады деуге болады. Бүгінгі кезеңге ғана табиғатты (өмірді, әлемді және сананы) жаратылыстанудың объектісі деп қарастыру мүмкіндігі туды. Табиғатты зерттеудегі бұл төрт кезең –натурфилософия, табиғатты тануда тәжірбиге негізделмей, тек бақылау тәсілімен шектеледі. Бұл мерзімде әлемнің эволюциялық дамуы туралы қөзқарас қалыптасты. Дегенмен, тәжрибелік әдістің пайдаланбауы дәл мәліметтерді алуға мүмкіндік бермегендіктен, жаратылыстану (астрономия мен геодезияны қоспағанда) ғылымның ХV – ХVІІ ғасырлардағы жетістіктер де осы кезеңге сәйкес келеді. Табиғат құбылыстары мен объектілерін саяхатшылар, дәрігерлер, астрогтар мен астрономдар, алхимиктер мен химиктер, кәсіпкерлер мен өнертапқыштар т.б. зерттеді. Олар назарларын өсімдік пен жануарларға, жер мен аспанға бағыттан тек пассивті бақылаумен шектелмей, жүйелі эжимпиркалық зерттеулер жүргізді. Аналитикалық кезеңде физика, химия, биология, география мен геодезия негізінде жинақы, мол ғылыми деректер алынды. Табиғат объектілерін жан-жақты зерделеу нәтижесінде ғылымдардың дифференциялаудың пайда болды, бұл аналитикалық кезеңінің негізгі бағыты болып саналады.

Аналитикалық кезеңнің тағыда бір ерекшелігі эмпиркалық білімнің теориядан басымдылығында. Бұл кезде көптеген деректер жинақтау қажет болды, табиғаттағы денелерді зерделеп, олардың құрамы мен құрлыстары анықталды, яғни эмпиркалық тәсілдің талабы орындалды. Жаратылыстануға белгіленген шекараны сызуға болмайды. Оларды салаларға бөлгенмен ылғыда тұтастық барын есте сақтау керек. Жүйелі түрде пәнаралық байланыс байқалады, оларда оинетика қалыптасады. Мысалға қәзіргі кезеңде ғылымның физикалық химия, биофизика, биохимия, психофизика т.б. салалары дамуда. Табиғатқа натурофилософиялық жалпы түсініктердің қалыптасқан алғашқы кезеңінің өзінде ол біртұтас, біріккен, немесе бір-бірімен қалайда байланысқан деп қабылданған болатын. Табиғат туралы белгілі бір құбылыстарды немесе заттарды зерттегенде физика, химия, биология және психология жаратылысатнудың бөліктері ретінде қалыптасқан алғашқы кезеңінің өзінде ол біртұтас, біріккен, немесе бір-бірімен қалайда байланысқан деп қабылданған болатын. Табиғат туралы белгілі бір құбылыстарды немес заттарды зерттегенде физика, химия, биология және психология жаратылыстанудың бөліктері ретінде қалыптаса бастады. Қәзіргі жаратылыстану өзіне тек физика, химия, биология және психологияны ғана қоспайды, натурфилософияны, орта ғасырдағы  классикалық жаратылыстануды және «постклассикалық» ғылымдарды да біріктіреді. Ғылымның айтылған бұл салалары бір мезгілде пайда болған жоқ, біртіндеп дамып барып тұтасты. Табиғат туралы біріккен ғылым түзуде олардың формалары үнемі жаңарып, мазмұндары тереңдене түсті. Тарих пен оның даму логикасының арасында өзара күрделі қатынас қалыптасқан. Ғылым тарихы анық көрініп тұрса, оның даму логикасы құпия болады. Оны ашып түсіну үшін белгілі бір жүйелілік қажет болады. Ғылымның даму логикасы оның програссивті заңдылықтарын және даму динамикасының қозғаушы күші мен себептерін білуден шығады. Жаратылыстану ғылымының тарихында үлкен жетістіктерге жеткен тұлғалар баршылық. В. Оствальд (1898-1932): «ұлы жаңалықтардың кездейсоқ жағдайда ашылғандығы мәлім» –дейді. К.А. Тимирязев (1843-1920) «мұндай кездейсоқтыққа жету үшін  мүмкін болған ізденісті жасаған ғалымдар ғана ұшырайды» -дейді. Адамның өзі де табиғаттың саналы объектісі. Ертедегі грек философы К. Протагор (біздің деуірге дейінгі У. ғ.) былай деген: Адам барлық заттың өлшемі –тіршіліктің тіршілігі үшін және тіршілікке жоқтың тіршіліксіздігі үшін». Бұл көргенділік космологияның негізіне ендірілген тұңғыш антороптық принципі болжау еді.   Белгілі философ К. поппер айтқандай «Саналы адамзатты қызықтыратын бір философиялық проблема бар». Ол космология проблемасы және біздің біліміміз, бізді қоса Әлемді түсіну проблемасы. Бұл аумақты проблема жалпыға бірдей, онымен қатар көптеген басқа да комплексті проблемалар бар. Бұл мәселелерді жеке бір ғылым шеңберінде шешу мүмкін емес. Биосфера, ноосфера және сана сферасы туралы ілімді ұсынған атақты ғалым В. И. Вернадский «Кәзіргі кезде ғылыми жұмыс пен оны зерттеушінің ғылыми ой-өрісін тармақталған жеке ғылымдар шеңберімен шектеу мүмкін емес. Зерттеушілер қарастыратын мәселелер көбіне қалыптасқан шеңберден шығып жатады. Қәзір ғалымдар ғылым салалары бойынша емес, проблемалар бойынша маманданады, яғни ғылымның, оның ішінде жаратылыстанудың негізгі құрамдас бөлігі –ғылыми проблема және оны шешу жолы», -деп тұжырымдаған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *