«Этнопсихология және оның ғылыми жүйесіндегі орны»

«Этнопсихология және оның ғылыми жүйесіндегі орны»

 

Этнопсихология — әрбір халықтың рухани әрекетінің ( миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет-ғұрып, дін, т.б. ) жемісін сол халықтың психологиясын, сана-сезімін көрсететін негізгі өлшемдерін, әртүрлі этникалық қауымдастыққа жататын адамдардың психологиялық өзіндік бейнеленуі туралы ғылым. Этнопсихология жеке ғылым ретінде XIX ғасырдың орта шенінде Ресейде, кейінрек Батыс Еуропа елдерінде ( Лацариус, Штейнталь, Вундт т.б.) пайда болды.

«Этнос» гректің – etnos – тайпа, халық деген сөзінен шыққан. Ғылымда «халық» терминінің орнына «этнос» термині орынды қолданыла бастады. Бұл термин этностың негізгі тарихи түрі – «тайпа», «ұлыс» (народность), «ұлт» ұғымын түгел қамтиды.

Этнопсихологияның объектісі этностық бірлік, сонымен бірге қоғамдық сананың бір формасы ретіндегі қоғамдық психологияны зерттеу болып табылады. Қоғамдық психология психикалық процестер, психикалық қасиеттер және психикалық күйлерді анықтайтын этностық бірліктің реттелген жиынтығын көрсетеді.

Этнопсихологияның зерттеу әдістері: этнопсихологиялық және психологиялық әдебиеттерді талдау; тұлғаның жекелік-этностық  бітістерін зерттеуге бағытталған әдістер; халықтар өмір бейнесі мен мәдениеттерінің объективті элементтерін зерттеуге бағытталған әдістер; ұжымдық мінез-құлық пен қарым-қатынасын зерттеуге бағытталған әдістер.

Этнопсихология ғылым ретінде «ұзақ өткен тарихы мен өте қысқа тарихы бар». Ол өзінің даму жолын ежелгі өркениеттегі жазу ескерткіштерінен, антикалық ойшылдардың пікірлерінен, 17, 18, 19 ғ. басындағы ағартушылардың географиялық детерминизм теориясы, ұлттық мінез-құлықты зерттеуден бастады.

19 ғ. екінші жартысында этнопсихологиялық ойлардың дамуында ұлттық этнопсихология мәселелерінің тарихы мен әдіснамасының жаңа өңделуіне байланысты жаңа өзгерісті кезең басталды. Осы кезеңнен бастап, этнопсихология өзінің объектісін, зерттеу пәнін, міндеттерін, әдіснамасын анықтайтын дербес ғылыми пән статусын алды.

19 ғасырдың 90 жылдары этнопсихологияда сол заманғы шетел этнопсихологиясының негізіндегі «Боасаның тарихи мектебі» және «Мәдениет және тұлға» жаңа бағыттары қалыптасты.

Қазіргі уақыттағы шетел этнопсихологиясы – дербес ғылым, ол үш тармақтың дамуына детерминацияланған – психологиялық антропология, кросс-мәдени психология және этносаралық қатынас психологиясы.

Ресей этнопсихологиясы өзінің дамуын 1848 ж. «психикалық этнографияның» құрылуынан бастайды. Оның дамуындағы өзгерісті кезеңі соңғы славиянофильдер мен орыс философтарының зерттеулері болып табылады. Этнопсихология дамуының кеңестік кезеңі «типтік ұжымдық әсерлену» мен мәдени-тарихи теориялық түсініктерімен анықталады.

Қазіргі кездегі даму кезеңінде «қоғамдық ұлттық мәселелерге қызығушылықтар туған кезде», ресейлік этнопсихология – алдына міндет қойған бірден бір ғылым болып табылады. Қазіргі уақытта Ресейде күрделі этносаралық қатынастар өзінің дамуын «Этносаралық қатынастар психологиясынан» алады.

Қазақ этнопсихологиясының ғылым ретінде дамуы алғашқы қазақ ғалымдары мен ағартушыларының есімімен байланысты. Ұлттық психология мәселелері ХХ ғасырдың басындағы қазақ ойшылдары мен қайраткерлерінің шығармаларында қарастырылған. Қазіргі кездегі қазақ этнопсихологиясының дамуы ұлттық психология, этнопсихология дамуының тарихи-этностық аспектілерінің зерттеуімен байланысты.

Этнопсихологияның мақсаты мен міндеттері

Қазіргі кезде этнопсихологиялық құбылыстарды ұғынуда тұтастық жақ және терминалогиялық жағынан шатасулар бар. Дегенмен мұндай жайттарға қарамастан, этнопсихологияның дербес бағыттарын бөліп көрсетуге болады.

  1. Психофизиологиялық процестердің этникалық ерекшеліктерін салыстырмалы зерттеу.Атап айтсақ (ойлау, ес, эмоция, сөйлеу т.б.). Бұл бағыт     жалпы және әлеуметтік психологияға    сүйену.
  2. Түрлі этникалық қауымдастықтың мәдени ерекшеліктерін зерттеуге бағытталған мәдени зерттеу (культурологические исл). Бұл бағыт мәдениеттану мен этнологияның мәліметтерін негізге алады.
  3. Этносаралық, топаралық қатынастардың этникалық сана мен өзіндік сана сезімін зерттеу. Бұл бағыт әлеуметтік психология мен әлеуметтік философияны тірек етіп алады.
  4. Отбасы-некелесу мен бала тәрбиесі мәселелерінің этнопсихологиялық аспектілерін зерттеу. Бұл бағыт педагогика ғылымы мен байланысты.

Негізгі көңіл бөліп, ден қоятын басты мәселе – этникалық дау-дамайдың психологиялық себеп-салдарлары мен оның пайда болуы оны болдырмаудың, алдын-алудың тиімді жолдарын іздестіру және шешу. Сонымен қатар ұлттың өзіндік сана-сезімінің даму мәселесінде назардан тыс қалдырмайды.

Этнопсихологияның негізгі мақсаты ғылым ретінде белгілі бір этнос өкілдерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу және нақты этностық топқа, жеке тұлғаға қатысты мәселелерді қалыптастырады. Зерттеу мақсаты мәселелерді талдаудың екі аспектісін: теориялық және қолданбалы жағын қарастырады. Қазіргі кезеңде этнопсихологияның дамуының теориялық міндеттерін:

  1. Этнопсихологияның негізгі және нақты түсініктерін таңдау. Олар оның негізгі қасиеттері мен қарым-қатынастарын кескіндеуге бейімделеген.
  2. Халықтың этнопсихологиялық ерекшеліктерін құру көздерін негізгі факторларын теориялық танып білу және меңгеру.
  3. Индивидуалды – тұлғалық және топтық дәрежеде ұлттық сана-сезімнің проблемалар өзектілігі.
  4. Этностың идентификациясының мен жеке тұлғалық топтық дәрежеде құрылу және даму ерекшеліктерін танып білу.
  5. Этностар арасындағы қабылдау, этностар арасындағы ынталарды этностар арасындағы келісім дамуының әлеуметтік – психологиялық мәселелерін теориялық танып білу.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *