Этнопсихологиялық қатынас аспектілері

Этнопсихологиялық қатынас аспектілері

Қазіргі заманда қарым-қатынас әлеуметтік-психологиялық феномен деңгейінде қарастырылады, адамдар арасындағы күрделі детерминизм ( детерминизм – адамның еркі мен мінезінің өзара байланыстылығының себептерін, себептестігінің заңдылығын зерттейтін ілім) және қалыптасудың жан-жақты процесі және адамдар арасындағы байланыстың дамуы, ақпарат алмасуды енгізетін, сондай-ақ қарым-қатынас стратегиясын тудыратын, өзгені қабылдау мен түсінетін процесс.

Қ – қ вербальды және вербальды емес құралдардың, әртүрлі сигналдық белгілерді пайдалану арқылы іске асады.

Вербальды қ-қ тек адамға ғана тән және тілде түрлі белгілер жүйесін қолдану, фонетикалық белгілерді пайдалану ретінде туындайды. Сондықтан вербальды қ-қ тілді үйрену арқылы іске асады. Бұл сөйлеу қ-қ-ның мәдени дамуына, өз оның дәл жеткізуге, ойын түсінікті тілмен жеткізуге, уақытылы әріптестің реакциясына әсер етуге, оның көзін бір нәрсеге жеткізуге әсер етеді.

Мәдени тілдік қ-қ тілдің барлық құралдары мен мүмкіндіктерін тиімді пайдалану болып табылады. Ол лексикалық, грамматикалық, фонетикалық мәдениеттен тұрады. Сондықтан вербальды қ-қ – бұл ойды сөзбен және сөйлеммен жеткізу, барабар сөздерді талдау, олардан сөйлем құрастыру, сөйлесу, әріптесті тыңдау, оның ойын анықтау және т.б.

А.А.Потебня өзінің «Мысль и язык», «Язык и потребность» еңбектерінде тіл әр халықтың өмір сүруін дәлелдейтін құрал деп көрсеткен. Сонымен қатар халық өз тілінде сөйлей білуі қарастырылады. Ол әлемдік тілдердің екі түрлі қасиетін көрсетті : «дыбыстық бөлінуін және барлық тілдер символдық белгілерден тұрады. А.А.Потебня тілді дайын ойды білдіретін құрал ретінде емес, оның алғашқы туындауының элементтері ретінде қарастырады. Сонымен тілді әр халық өзінің ұлттық ерекшеліктеріне қарай қалыптастырады. Потебняның ойынша тілін жоғалтқан халықтың өзі де жойылып кетеді.

Тіл – халықтың тарихи дамуының нәтижесі, оның ұлттық мінезінің қалыптасуы, оның ұлттық ерекшелігі, ойлау деңгейі, логикасы.

Этноп- да тіл мен ауа райының арасындағы тығыз байланыс бар деген көз-қарас қарастырылады. Бұл көзқарасқа сай, күн дауысты дыбыстарды тудырады, ал солтүстік дауыссыз дыбыстарды (мұздар мен мұздықтар сияқты) тудырады делінген. Дауысты дыбыстар мен дауыссыз дыбыстар арасындағы тепе-теңдікті біркелкі климат тудырады.

Үлкен айырмашылықтар әр түрлі халықтарда қ-қ тың ерекшелігіне байланысты болады. Кейбір елдерде көбіне мән ойдың айтылуына беріледі, қалай айтылғанына байланысты. Сондықтан бұл жерде ақпарат алмасудың когнетивтік стилі қолданылған. Ең біріншіден ойдың жүрдектігі, ұғымды дәл қолдану, айтылған ойдың қонымдылығы көрсетіледі. Мұндай мәдениетті төменгі контекст деп айтуға болады. Кейбір елдерде, назар көбіне сөйлесу контекстіне бөлінеді, қандай интонациямен және қ-қты жасырын оймен жеткізуге бөлінеді. Бұл жерде вербальды қ-қ ең алдымен сыпайы сөйлесуге, сөйлеудің нақты оймен жеткізілмеуін қарастырады. Көбіне «мүмкін», «бәлкім» және т.б. сөздер қолданылады. Мұндай елдер жоғары контекстік мәдениетті көрсетеді.

Мысалы, жапондықтарға сыйластықты сақтауға сөйлем соңында етістіктің келуі көмектеседі.

Орыс мәдениетін зерттеуде оның тілінің жоғары контекстін екені айқындалды. Басқа тілдерге қарағанда белгісіздік аймағы бұл тілде көптеп кездеседі. Орыс тілінде белгісіздік есімдіктері көп қолданылады: «что-нибудь, что-то, как-бы, некто және т.б.» Т.Стефаненко қазіргі таңда орыс тілінде арам шөптей «как-бы» сөзі қолданысқа енгенін атап көрсетеді. Бұл сөз лингвистика алаңында бекер қолданысқа енген жоқ, өйткені Ресей қазіргі таңда әлеуметтік тұрақсыздық жағдайын бастан кешіруде. Орыс тіліне тән тағы бір ерекшелік оның жоғарғы эмоционалдығында. А.В.Выпебицкая көрсеткендей эмоционалдық сөздер «көп жағдайда сөйлеушінің минуттық көңіл-күйінен және ерекше қ-қ-нан, яғни сол кезеңдегі көңілін білдіреді.

Қазақ тілінде жоғарғы контексттік мәдениетке жатқызуға болады, бұл жерде ең алдымен назар хабарламаның контекстіне аударылады, не айтылғанына емес, қалай айтылғанына бағаланады. Хабарламаның формасы маңызды болып табылады. Қазақ тілінің ерекшелігі – оның ерекше бейнелілігінде, көп мағыналылығында. Қазақ халқында ертеде сұлу және бейнелі сөйлеу мен ән айтқан, ақын – импровизаторлар тегін құрметпен мақтауға ие болмаған. Үлкен тойларда ақындар айтысқа қатысып өздерінің шешендік өнерлерін көрсетіп, ойлау стилін, өздерінің сезімдерін жеткізген. Айтыс ұлттық әлемді қабылдау және әлемді тану болып табылған.

Вербальды қ-қ-тың ең маңызды мінездемесі тура немесе жанама қатынас стилі, адамның ішкі сезімін білдіреді. Қазақ тілінде қ-қ- тың жанама  стилі көп қолданылады. Мыс, қазақ мақалы «Қызым, саған айтам, келінім сен тыңда» («Доченька, тебя я говорю, а ты, невестка слушай»)

Отбасында үйлесімділікті сақтау үшін, бір-бірінің арасындағы қ-қ-ты қиындатпау үшін, келінің қателіктерін, қызына айту арқылы түзетіп отыруға тырысады. Бұл айтуға үш кезең негіге алынады: келіннің мінез-құлқын сынмен қабылдау, бұл сынды сөзбен жеткізу, іс-әрекет. Олар өз нәтижесі бойынша  парадоксалды болып келеді: келіннің теріс қылықтарын  ойлау, бұл ойларды келіннің көңіліне тигізбей қызына айту. Қазақ әйелдері келінді тәрбиелей отырып қызын да тәрбиелеген.

Н. Лебедеваның айтуынша тікелей емес стиль әлеуметтік қарым-қатынасты ғана емес, әлеуметтік әрекетті сақтайды.

Қазақ тілінде «көк» сөзі екі мағынаны білдіреді – көк және жасыл. Аспан-«көк», ал «көк» — бұл жасыл түсті; көк шөпті де білдіреді. Көк аспан – шексіздіктің символы, жасыл шөп – бұл адамның жасы – шектеудің белгісі. Бұл бір сөздің амбиваленттік мағынасын білдіреді. Ж. Каракузова көрсеткендей «Амбиваленттік тек түр-түспен анықталмайды, көк-жоғарыны, жасыл – төменді ғана көрсетпейді, көшпелі халық бұл түстерді бір-бірімен байланыстырады. Бұл мысал мифологияны еске түсіреді, «аспан» мен «жер» бір-біріне алшақ болған деген ұғымды келтіреді.

Екі жақты немесе амбиваленттік мағынаның психологиялық ойлауымен, психологиялық мінез-құлқын көруге болады.

Сол себептен вербальды қарым-қатынас тек қарым-қатынас функциясын ғана білдірмейді. Бұл қоршаған ортамен қарым-қатынасқа түсудің бір түрі; сонымен бірге сөйлесу арқылы сезімнің барлық эмоциясы білінеді; адамдардың арасындағы халықтың мәдениеті; даму, ойлау сатысын және т.б. білуге болады. Бұл адамның қоршаған ортамен этнопсихологиясын білдіреді.

Вербальды этникалық қарым-қатынас ауызша емес коммуникативтік құралдарға сүйенеді; сондықтан психологияда келесі түрлер мен формаларды бөліп көрсетуге болады.

  • опитика – кинетикалық – бұл басқа адамның қозғалысын көзбен қабылдау (тест, мимика, пантамимика, көзбен қарым-қатынас жасау)
  • паралингвистикалық, ритмика-интоноциялық сөйлеу (дауыс ырғағы, диапазоны, тембрі, екпіннің күші);
  • адамның экстралингвистикалық, физиологиялық қ-қ (үзіліс, күлкі, жылау, сөйлеу темпі, жөтел);
  • кеңістік-уақыттық қ-қ элементтері (дистанция, уақыт);
  • әріптеспен динамикалық қ-қ жасау (қол қысу, қол соғу, құшақтасу, сүйісу т.б.)
  • ольфакторлық, иіспен байланысты.

Сөйлеу каналдары арқылы таза ақпарат берілсе, вербальдық емес жолдармен әріптеске қ-қ-тың қимылдық бағалауы бойынша вербальдық қ-қ жүйесі негізгі массаның басшысы және әріптестің тура бейнесін бере алады. Вербальды емес байланыс құралдары зерттеуші А.Мейерабин 93 % ақпарат вербальдық емес қатынас каналдары арқылы беріледі десе, оның 55 %- мимика, жест арқылы, 38 %- тембр, дауыс ырғағы арқылы беріледі делінген.

Вербальды емес қатынас 700000 мимикалық жетістік, кейіптік қимылдардан тұрады деп көрсеткен.

И.Альтман және М. Говейн вервальды емес коммуникациялық екі стильді бөліп көрсетеді; жеке бағыттың стиль, жеке мәдени және жалпы-бағыттық, ұжымдық мәдениетке тән.

Қарама-қарсы әрекеттерге сай адамдар 4 негізгі вервальды емес қарым-қатынасты қарастырады:

  1. Жеке – ашық стиль, вервальды емес әрекетке тән, жекешелікті көрсетеді. Бұл стильге экспрессивті вервальды емес стиль жатады.
  2. Жеке-тұйық стиль, бұған пассивті тесттер жатады.
  3. Жалпы –ашық стиль топтық  норманы белгілейді.
  4. Жалпы – тұйық стиль топтық норманы қарым-қатынас негізінде жұмсақтық пен ара қашықтықты сақтайды.

Оптика – кинетикалық байланыс құралдарына адамның көзбен көруі, тест арқылы сөйлесуі жатады, мимика – адамның бетінің бұяшық етеді арқылы ішкі жан-дүниесін білдіруі, пантомимика – сөйлеу кезіндегі адамның тұрысындағы кейпі, көзбен жасау-әріптеспен көз арқылы қатынас жасауы. Тілдік қатынас болмаған жағдайда оптика-кинетикалық құралдар негізгі қатынас құралдарына жатады. Сондықтан ақылгөйлердің айтуынша тест дене қозғалысы емес, жан қозғалысы.

Г. Триандис мынадай  тарихи мысал келтіреді, 1991 ж. Ирактың сыртқы істер министрі Азиз бен АҚШ-тың мемлекеттік секретары Бейкердің кезінде олар белгілі бір келісімге келуге тырысады. Бейкер егер Ирак Кувейттен кетпесе АҚШ Иракқа қарсы әскери күшін жұмсайды деп ашық және айқын айтқан. Хусейннің ағасы Бейкердің қимылы емес сөзіне ғана көңіл бөлген. Сондықтан ол ағасын американдықтар шабуыл жасамайды деп тыныштандырған. Олар тек қорқытады деген. Алты күннен кейін «Буря в пустыне» операциясы басталады. Сол себептен бұл қателіктің кесірінен Ирак мыңдаған адамдарын жоғалтты.

Этникалық қарым-қатынас кезінде вервальды ғана емес, вервальды емес әрекеттер де бастапқы болып табылады. Этникалық қарым-қатынас кезінде қандай да бір жест әр елде әр түрлі түсінікке ие. Сол себептен түсініксіз жағдайлар туып жатады.

В. Сухаревтің айтуынша біздің шақыру жестіміз Жапондықтарда қоштасуды білдіреді. Сұқ саусақты сілтеу американдықтарда қайыр сұрауды білдіреді. Сондықтан американдықтар жапон портьелерін түсінбей қонақ үйлерде үнемі шағым түсіреді.

Егер сіз Голандияда саусағыңызды самайыңызға қойып, қандайда бір ақмақтықтың белгісін білдірсеңіз, олар әлде біреудің ақылмен айтқан ойына тәнті болдыңыз деп түсінеді. Африканың кейбір елдерінде күлкі – бұл таңқалудың немесе мидың ауысуының белгісі.

АҚШ-та үлкен бас бармақпен  «нөл» белгісін көрсету барлығы «жақсы», «Керемет», «ОК» дегенді білдіреді.

Америка президенті Никсон Бразилияда болған кезде осы жесті көрсеткенде, оны дұрыс түсінбеген, өйткені Бразилияда бұл жест әдепсіздік белгісі. Ал Жапонияда бұл ақшаның белгісі. Партугалия және де бірқатар басқа елдерде әдепсіздікті білдіреді.

Этникалық халықтар арасындағы дистанцияны зерттеу жұмыстары Қазақстанда да жүргізілген. Этникалық халықтар арасында корей халқы басқа елдерге қарағанда өздерін алшақ ұстайды. Бұған тарихи және әлеуметтік жағдай қатты әсерін тигізген. Қазақ және орыс халқының корей халқын жылы қарсы алып, оларға көмек беруінің арқасында олар осы екі ұлт өкілдерімен жақсы қарым-қатынаста.

Қазақ халқы ашық қ-қ қа түсуге бейім. Олар бір-бірінен 60см ара қашықтықта сөйлесіп, әріптесін әңгімеге тартуға тырысады. Қ-қ танысудың деңгейіне, жағдайға байланысты туындайды. Жағымды жағдайдағы сөйлесулер бір-біріне жақын ара қашықтықта туындайды, ал негативтік жағдайда ара қашықтық алыстайды. Ерлерге қарағанда, әйелдер жақын ара қашықтықта сөйлеседі.

Қазақ тілде сөйлесетін қазақтар бір-бірімен жақын ара қашықтықта әңгімелеседі, ал орыс тілінде сөйлесетін қазақтар өз ортасына тек орыс тілді адаидарды жібереді. Орыс тілді қазақтар қазақ тілді қазақтармен көп қатынасқа түспейді, себебі қазақ тілін таза сөйлей алмағандықтан өз ойларын жеткізе алмайды, сондықтан олар өздерін жайсыз сезінеді.

А.И.Донцова, Т.Г.Стефаненко, Ж.Т.Уталиева жүргізген зерттеулерден мынадай жағдайды көре аламыз. Екі қазақтың қазақша сөйлесуі орыс тілді қазақтың ашуын туғызады. Жартысынан көбін екі тілді жақсы білетіндер ашуландырады. Студенттер арасында қазақ тілінде сөйлесуден гөрі, орыс тілінде сөйлесу басым.

Этникалық халықтар арасында кеңістікті қабылдау түсінігі кездеседі. В.А.Сухарев өте қызықты зерттеу жүргізген, американдықтар мен неміс халқының қабылдау түсінігін тексерген. Мыс, американдықтар үлкен ғимараттарда есікті ашып жұмыс істеуге, әдеттенсе, неміс халқы үшін ашық есік тәртіптің жоқтығының белгісі. Сол үшін әр бөлме жақсы есікпен жабдықталуы тиіс.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *