Эратосфен

Сот билері бұл мені тек қана ақтап қана қоймайды, сондай-ақ осы берілген жазаны орындауға шақырады, ал енді осы заңның күшінде қалуы немесе оның мәні жоғалуы сіздерге байланысты.  Мен ойлаймын, мемлекет заңдары даулы жағдайларды шешу үшін және қандай жағдайда қолдану үшін. Менің жағдайымда заң кінәлілерді жәбір көргендер дәл осылай жазалау керек деп ойлаймын. Сіздер менімен келіседі деп ойлаймын, өйткені әйелді азғырғандарды жазалау қажет; немесе ұрылар да өздерін ешкім де жазаламайтынын біліп, ашынасымен кездесуге бөтен үйге кіретін болады; олар сіздің үкіміңізден қорқу қажет, өйткені ол осы мемлекеттегі барлық нәрсені шешеді. 

Афиндықтар, мені қызметшіме Эратосфенді алдын-ала шақыртқаным үшін айыптап отыр. Сот билері, мен әйелімді азғырушыны қандай амалмен ұстасам да құқықтымын деп ойлаймын. Егер ол менің әйелімді енді азғыра бастаса, онда мен кінәлі болар едім. Ол өзінің дегеніне жетіп, менің үйіме жиі-жиі келіп жүргенде оны қылмыс үстінде ұстау үшін кез-келген амалды қолданар едім. Байқасаңыздар, олар осы жерде де алдап отыр. Өздеріңіз ойланыңыздар: мен айтқандай, Досым Состратты күн батқаннан кейін кездестіріп, менің үйімде кеш қалып тамақтандық.  Енді айтыңыздар, егер мен сол күні Эратосфенге қастандық ойласам, мен қайсысын таңдар едім: қонаққа барып тамақтануыма, әлде үйге қонақты алып келуді ме? 

Бұл Эратосфенді менің үйіме кіруге сескендірер еді. Мен сонда қонағымды  жіберер ме едім, бір өзім қалу үшін бе, көмексіз? Мен одан да оның қалуын сұрап, азғырушыны жазалауға көмек сұрар едім.  Мен егер алдын-ала ұйымдастырсам, онда достарымды күндізден жинап, бір жерде болуларын сұрар едім. Ал мен болсам Гармодияға және басқаларына жүгіріп, оларды іздедім. Мен үйлерінде барларын ғана жинадым. Егер алдын-ала болғанда, мен қызметшілерімнің, достарымның барлығын жинап отырар едім, өйткені ол қаруланған болуы да мүмкін еді немесе оны көптеген куәлермен ұстар едім.   Мен қайталап айтамын, мен оның осы түнде болатынын білгенім жоқ, мен тек қана тапқан адамдарымды шақырдым. Куәгерлерді осында шығуын өтінемін. (Куәгерлердің жауаптары оқылды). 

Сонымен, сот билері, куәгерлерді тыңдадыңыздар. Енді мынаған көңіл аударыңыздар: Эратосфенмен менің қастасуға басқадай себебім болды ма? Ешқандай себебі жоқ. Ол мені қаралауға тырысқан да жоқ, мемлекетке қарсы қылмыспен айыптаған жоқ және отанымнан кетуге мәжбүрлеген жоқ. Жеке іс бойынша соттасқан жоқ. Ол менің ешқандай қылмысқа қатысым жоқ екенін, әшкереленуден қашу үшін оны өлтірудің қажет емес екенін білмеді. Мен оны ақша үшін өлтірген жоқпын; біздің арамызда ешқандай ұрыс-керіс, тартыс болған емес, мен оны осы түнгі оқиға дейін көрген емеспін. Егер ол мені осылай қорламағанда мен бұған бармас та едім. Және де мен бұл қылмысты куәгерлер алдында емес жасырын жасар едім ғой. 

Сот билері, мен оны өзім үшін ғана емес, мемлекет үшін де жазаладым. Енді осы сияқты адамдар өзінің жақындарына жаманшылық жасаудан қорқатын болады, өйткені оның жазасы ауыр болады. Егер сіздер менімен келіспесеңіздер, онда қолданыстағы заңдардың күшін жойыңыздар және жаңасын қабылдаңыздар, олар әйелдерін қатал ұстайтындарды жазалайтын, ал азғырушыларды ақтайтын болады. Сол кезде ол шындыққа жанасатын болады,  қазіргіден басқа, заң  әйелдерін азғырғандарды емес, жәбірленушіні үкімімен қорқытады. Мен тура осы жағдайда қалып отырмын: мен заңға бағынғаным үшін, өмірім мен мал-мүлкіме қауіп төніп тұр.

 

Тақырып 4. Ежелгі Рим сот шешендік өнердің тарихынан

 

4.1. Ежелгі Римдегі сот шешендік өнері

 

Рим мемлекеттік (б.э. III ғ. – б.э. II ғ.) өмірінде заңгерлер белгілі рөл атқарған. Сот форумда өткізілді, төраға трибуналда жайғасты. Әр түрлі жақтан айыпталушы қорғаушысымен және айыптаушы отырған. Айыптаушы (ол кез-келген рим азаматы болған) сотқа дәлелдерді өзі жинайтын болған және де куәлердің келуін өз мойнына алған. Классикалық рим құқығына жалпы нормаға сәйкес айту техникасының жоғары дәрежесін, айту дәлділіктерін, шешімдердің негізділігін қамтитын, дамыған шешендік өнер сәйкес келген. Ежелгі Римнің көптеген құқықтық нормалары афоризмдерге айналды: «Құқық ұқыптыларға арнап жазылған»; «Заңдарды білу – олардың сөздерін ұстап тұру емес, бірақ олардың күші мен мағынасын түсіне білу керек».

Ежелгі Грециядағыдай шешендік өнер тәрбие жүйесінен бастау алған: бірінші кезеңде әдебиет мұғалімі негізгі фигура болған, екінші – грамматика мұғалімі, одан кейін риторикаға оқытқан. Оқытудың өзі шешендік өнердің теориясынан және тарихтан, мифологиядан, әдебиеттен, қоғамдық өмірден берілген тақырыптарға сөз құрауды қамтитын практикалық жаттығулардан құралған. Бұл жаттығулардың бірнеше түрлері болған: декламация – ойдан құрастырылған тақырыптарға сөз құрау, контроверсия – ойдан құралған сот казустары жайлы сөздер және свазория – ақпарат сөздері, ол қиын жағдайдағы мінезді таңдау кезіндегі ойланып тұрған адамға арналған. Сондай ақ сөз ділмарлығы өнері рим аристократтарына лайықты деп саналған.   

Ежелгі Рим шешендік өнер теориясы көбінесе ежелгі грек салт-дәстүрлеріне сүйенген.  Одан әрі дамуын классикалық риториканың бес бөлімі қамтыған (материал табу, оның орналасуы, ауызша жеткізу, есте сақтау және айту). Табуды оқыту  сот контроверсиясының (жағдайларды) барлық варианттарын бір жүйеге келтірді, оларды жалпы типке жинақтайды. Орналасуды оқыту сөз композициясына жатады.  Ауызша жеткізуді оқыту рим риторикасының орталық бөлімі болып табылған және риторикалық фигуралар мен тәсілдердің теориясын құрастырған.   Есте сақтауды оқыту шешеннің кәсіптік есте сақтау қабілетін дамытқан.    Айтуды оқыту, көбіне актерлік өнерге және шеберлікке сүйенген, сөз мағынасына және сөз жеңісіне әсер етуге сәйкес келетін дауыс интонациясын, бет-әлпетіне, шешен денесінің қозғалысын қараған.   Римдегі сөз ділмарлығы теориясының елеулі жинағы бұл 12 кітаптан тұратын атақты рим шешені Марк Фабия Квинтилианның «Риторикалық ақыл-кеңестер». (35–б.э. 100 ж. шамасында).   Сот сөзінің классикалық схемасында берілген Квинтилианның ескертпелері көңіл аударарлықтай: «Шешен мен айтқан бөлімдерді (кіріспе сөз, айту, жеткізу, дәлелдер, жоққа шығару, қорытынды) сол тәртіппен беруді ойламау керек, ол істің қай түрге жататынын, ол неден тұратынын, оған не көмектесетінін немесе не зиян келтіретінін, одан кейін нені жақтау немесе айыптау керек екенін, кейін қалай жеткізу керек екенін, соттарды өздеріне қалай қарату жақтарын іздестіруді ойлауы қажет. Барлық бөлімдерді, істің негізін қарамай оның бізге қандай көмегі бар екенін білмейміз».   Квинтилиан жұмыстарының ең негізгісі – сот сөз ділмарлығына қатысы бар статустар туралы білім.  «Адамға айып тағылды деп алайық: «Сен адам өлтірдің – сен жазаға тартыласың». Айыпталушының міндеті – «Мен жазалауға жатпаймын» дегенді дәлелдеу. Ол өз орнында отырып «Мен адам өлтірген жоқпын» деп жоққа шығаруы мүмкін». Бұл жағдайда соттағы негізгі мәселе мынадай болады: «Қылмыс жасалған ба еді?» Бұл ақиқатты белгілеу мәртебесі. Айыпталушы бір қадам артқа жылжып, былай айтуы мүмкін: «Мен кісі өлтірдім, бірақ ол ойламаған жерден кездейсоқ болды». Бұл жағдайда сот алдында «қылмыстың себебі неде?» деген сұрақ туады. Бұл – анықтау мәртебесі. Айыпталушы тағы бір қадам артқа жылжып «Мен адам өлтірдім, ол Отанымыздың жауы еді?» деп айтуы мүмкін. Бұл жағдайда сот алдында «қылмыс әрекеті неден көрінеді?» деген сұрақ пайда болады. Бұл – бағалау мәртебесі. Сөйтіп айыпталушы бағалау құралы ретінде былай деп айтуы мүмкін: «Мен кісі өлтірдім, әдейі өлтірген жоқпын, тіпті оны ақтаудың қажеті де жоқ. Бірақ айыптаушы мені айыптауға құқы жоқ. Өйткені ол менің сыбайласым болды». Бұл жағдайда сот алдында келесі сұрақ туындайды: «Айыптау заңды ма?» Бұл – аластату мәртебесі (Антикалық поэтика).  

Сот сөзінің шеберлігі Тацита, Квинтилиан, Цецилия, Цицерон сөз орындауларында анық көрсетілген. Ежелгі Рим сот сөз ділмарлығы тарихының көптеген бөлігі Марк Туллий Цицеронмен (106 — б.э.43 ж. дейін) анықталған. Цицерон жас кезінен бастап, атақты заңтанушы Квинт Сцеволлдың шәкірті және тыңдаушысы бола жүріп өзінің шешендік өнерге қызығушылығы және қабілеті бар екенін білген. Цицерон рим сөз ділмарлығының теоретигі деп саналады. Шешендік өнер туралы үш трактат жазған: «Шешен туралы», «Брут», «Шешен». Бұл жұмыстарында Цицерон шешен қызметі мен қолбасшы қызметін салыстырды. Цицерон ойынша, шешен пәлсапалық білімі бар адам болуы керек, заңтану мен тарихтан білімі, такт, сезу қабілеттері және техникалық тәсілдердің белгілі бір жинағын білуі қажет.

 «Шешен туралы» трактатында Цицерон сөз ділмарлығын алғаш рет үш типке бөледі:

1. Жоғары дәрежеде, әрі салтанатты мәндегі ой беретін шешендер;

2. Ұстамды, бәрін түсіндіріп беретін дерек шешендер;

3. Орташа тип – шамасын білетін шешен.

Цицерон бойынша нағыз шешен – бұл мардымсыз нәрселер туралы жай ғана сөйлейтін, құнды нәрселер туралы ерекше екпінмен сөйлейтін, осы екі аралықтағы нәрселер туралы тиісті шамада сөйлейтін адам.  Сот сөзінің композициясы Цицеронның өз сөздері мен трактаттарында анықталады және толықтырылады. Ол келесі құрылыстан тұрады: 1) кіріспе – ол үш жақты мақсатты қарайды: тыңдаушының көңілін өзіне аудару, алдын-ала түсінушілік және алдын-ала жаны ашу, есіркеу; 2) баяндау – айтушы жақтан қаралып жатқан іс туралы жүйелі әңгімелеу. Баяндауға қойылған негізгі талаптардың бірі бұл жүйелілік, саралық (барлық толықтырылуларды қамту), қысқа және шындыққа жанасқан; 3) айыптаудың немесе қорғаудың орталық пунктын қарау, ол өзіне затты көрсететін және орталық пункті қамтитын, шешен көзқарасының дұрыстығын көрсететін дәлелдемелерді, және қарсыластың көзқарасы мен ой-пікірлерін жоққа шығару. Бір нәрсені дәлелдеу үшін ой-пікірлер мен қарсы ой-пікірлер топтарын қарастыру ұсынылатын: сүбелі, ықпалды ой-пікірлер басында және соңында, өте нашарлары – ортасында; баяндаудың пропорционалдылығы және оның ішіндегі ең керектілерін «әдемілеу», «қобалжыту» тәсілдері арқылы үшін; 4) қорытынды, ол екі мақсатты көздеді: тыңдаушылардың санасына айтылған нәрсенің барлығын жинақтау және айтушыға керекті жақтарын қозғау. Соңғысы соттардың ақыл-есіне, түсінуіне және де сезімдеріне есептелген ой-пікірлердің арқасында қол жеткізілді.   

Сот процесінде Цицерон айыптау сөзімен де (Верлес ісі), сондай-ақ қорғау сөзімен де (Росция ісі) шыға білген. Біздің байқағанымыздай, Цицерон өзінің көптеген сот сөздерінде көбінесе сот шешені емес мемлекеттік қорғаушы ретінде шыға білген. Цицеронның шешендік тәжірибесінде «Каталинарии» негізгі орын алады – 4 сөзден (речи) тұрады, Цицеронның саяси қарсыласы Луция Катилинді әшкерелейтін. Катилинның астыртын әрекеттерін басуды Цицерон өз өміріндегі басты ерлік деп санаған. «Каталинге қарсы» атты бірінші сөзі б.э. 63 ж. айтылды. Осы жерде Цицеронның сөз стилдерінің барлығын бақылауға болады: жоғары (қатты) дыбысталуы, айтылуы, жоғары буын, барлық шешендік тәсілдердің шекті араласуы.   

Цицерон өз замандастарының естеліктерінде қарама-қарсы бейнеде берілген: бір жағынан оның таланты, кең білімі, өткір ақыл-ойы туралы, басқа жағынан атаққұмарлығы, екіжүзділігі, мақтаншақтығы туралы.  Жаңғырту гуманистері Цицеронның негізгі философиялық тезисін тапты – адам мен қоғамның қарама-қарсы және айрылмас бірлігі идеясы.   Сот сөз ділмарлығының тарихын цицерондық шешендік бейнесіз елестету мүмкін емес – адам-азамат, сөз және іс қорғаушысы ретінде, білімнің философиялық тереңділігін және іс-қимылдың  практикалық машықтарын біріктіре отырып.  

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *