Цицерон Марк Туллий.  Марк Целий Руфты қорғау

Цицерон Марк Туллий.  Марк Целий Руфты қорғау

 

Осы жерде біздің заңдарымыз, соттарымыз, әдет-ғұрыптарымыздан хабардар емес адам қатысып отырған болса, ол сұрар еді, соншалықты бұл қандай қылмыс осындай мереке күндері, қоғамдық ойындар жүріп жатқанда, сот істері тоқтатылған кезде соттарды жинайтын; егер де бұл қылмыскермен тез арада айналыспаса, онда мемлекет құрдымға кететіндей ол сенімді болар еді… 

Егер бұл істі мұқият қарап және бағалайтын болса: егер де таңдау еркі болса, онда бірде-бір адам өзіне бұндай айыптауды алмас еді, егер алған жағдайда ешқандай да жеңіске үміттенбес еді.   

Марк Целийді айыптайтындар, оның ең негізгі жаулары (қастастары) емес: оған қанжар сұғатындар – көрсетіп,  көлеңкеде көрсетпей оны алып келетіндер.    Мен сіздерді куәлерден алыс алып кетпекшімін, соттың әділ де соңғы шешімі жауаптарға байланысты болмасын, оларды ойлап табу оңай және оларды басқаша жеткізу де қиын емес. Ал бізде бұл айыптауларға қарсы ашық күн секілді дәләлдер мен ой-пікірлер бар, айғаққа айғақ, түсінікке түсінік, тұжырымға тұжырым.

Міне,  сол себепті де осы жерде Марк Красе айтқан сөздер негізді, дәлелді – Неапольдегі тәртіпсіздіктер, Путеоладағы александрлықтырды ұрып-соғу, Паллдың мүлкі туралы бір шетке жеңіл тастай саламын. Бір өкініштісі ол Дион туралы ештеңе де айтқан жоқ. Ол туралы не айтуға болады? Дионды кім өлтірді, ол айыптаудан қорықпайды және өз мойнына алуға дайын, немесе ол – патша, ал оның қасында бірге болған, Публий Асиций, сотта ақталған. Айыптау деген осындай! Қылмыскер жоққа шығарып отырған жоқ, жоққа шығарушы ақталған, ал қорқынышты болу қажет, кімде кім істе күдектелінсе, ол туралы өзі де күдіктенбесе де!  

Оны екі қылмыста да айыптауда: біреуі алтынмен байланысты, басқасы у мен байланысты, екеуі де – сол бір адаммен байланысты.  Алтынды да Клодийдан алған секілді, және де уды да  Клодийға қарсы алған сияқты. Одан қалғанының барлығы – айыптау емес, ол соттағы сөз айтуға емес  ұрыс-керіс, төбелеске келетін сияқты. «Қаңғыбас, ұятсыз, алаяқ» — бұл айыптау емес,  олардың сүйенетін, ұстанатын ештеңесі жоқ, бұл тек құтырған айыптаушының алған ұрыс сөздері.   Ал негізгі екі айыптау – олардың қайдан екенін білемін; оның кім құрастырғанын да білемін – түрін де, атын да білемін. Алтын керек болды – Клодийдан алды, куәлерсіз алды және қанша қажет болса сонша ұстады – ең кезіктірмес қысқаша байланыстың белгісі емес пе?  Клодийді өлтіргісі келді – уды тапты, қолдан келгенін қатыстырды, барлығын дайындады, орнын белгіледі, улағыш затты әкелді – бұл қатал айырылысу мен дұшпандықтың белгісі емес пе? Бұл жерде сот билері барлық іс Клодийдің өзінде, ол өзі – атақты ғана емес, әрі таныс емес, белгісіз.  Мен ол туралы ештеңе де айтпаймын, тек қана Целийді қорғауға қажетті нәрселерден басқа…

Ал сен,әйел, — мен өзім сенімен сөйлесіп тұрмын, басқа біреудің атынан емес! – егер сен өзіңнің істеріңе, сөздеріңе, қорқытуларыңа, дәлелдеріңе сенімділік сұрасаң, онда бізге сендердің жақындықтарыңды, байланыстарыңды, одақтарыңды түсіндірші… Сен жоқ нәрседен үлкен  жанжал шығарып отырсың?  Сен жас көршіңді көз астына алдың, сені оның аппақ терісі, түзулігі, беті және көздері ұнады, сен оны жиі көргің келді, сөйтіп сен атақты әйел ол қыдыратын бауға жиі бардың; сен ол баланы байлықпен қызықтыра алмадың: ол сеннен қашты, сенің бергендеріңді де есептемеді. Сен онда басқа біреумен айналысуың керек еді! Тибрда сенің бау-бақшаң бар ғой – сен барлық жастар шомылуға келетін жерді әдейі таңдағансың; осы жерден әр күні қалағаныңды таңдай бер. Ал егер саған кімде-кім қарағысы келмесе, онда жабысудың қажеті қанша?

Марк Целий туралы айту мен үшін енді жеңіл – оның жақсы жақтарын айтамын, мен оның кейбір әлсіздікті мойындадым, —  Марк Целийдің бүлдірген ештеңесі де жоқ екенін, қарыздары жоқ, тойлар мен қаңғыруларға жоқ екенін айта кетемін. Сіздер бұдан да бұрын оны тыңдадыңыздар, ол айыптаушы ретінде сөзге шыққан кезде, тәжірибесі мол сіздер, оның сөз ділмарлығын, қабілетін, сөзі мен ой байлығын бағалай алмайсыздар дегенге сенбеймін.  Сіздер көргендей: оның сөздерінде тек қана табиғи қабілет жарқыраған жоқ, оның сөздерінде ұйықтамай және дем алмай оқудың арқасында жеткен шеберлік бар.   

Клодия, мен саған деген өкпелерімді кешіремін. Бірақ мен сенен сұрймын: айыптаушыларға сенетін болсақ, қылмыс туралы сен айтқансың, сен оған куә  болдың; енді сұрайтыным, егер де мен айтқан әйел, саған мүлдем ұқсамайтын, бірақ өміріне және әдеттеріне байланысты қыдырғыш бола жас жігітпен жүрсе, сен оны үлкен ұят, масқара деп ойлайсыз ба?  Егер де сен, ондай болмаса, онда Целийді не үшін кінәлі деп ойлайсың? Егер де сен сондай болсаң, сені олар ойлағандай түріңде, онда біз не үшін айыптаудан қорқуымыз қажет, егер сен оны елемесең? Сен жауап бер, біз қалай қорғанатынымызды білейік: егер де сенде ұят болса, онда ол Марк Целияны барлық өсектерден қорғайды, егер де ол жоқ болса, онда оған және басқалардың қорғануы жеңіл.  

Алдымызда екі айыптау тұр, екеуінде де сол бір қылмыскер әйел жайлы; алтынды да Клодийдан алған тәрізді, улағыш затты да сол Клодийға қарсы жасаған секілді.

Алтын, сіздер айтқандай, Луция Лукцеяның құлдары үшін алынған, өйткені олар Лукцеяның үйінде тұратын александрлық Дионды өлтірулері қажет еді. Өте қорқынышты қылмыс – елшінің өміріне қауіп төндіру және құлдарды егесінің қонағын өлтіруге жұмсау. Бірақ мен осы қылмыс жайлы сұрауға рұқсат сұраймын: ол Клодийға алтынның не үшін қажет екенін айтты ма әлде жоқ па? Егер де айтпаса, онда не үшін берді?  Егер де айтса, қылмыс екенін біле тұра, ол оның сыбайласы. Сен дүкеннен алтынды алуға, өзіңнің Венераңның әшекейін алып, тонауға шешім қабылдар ма едің?   Егер де сен алтынның қандай қылмыс үшін қажет екенін білгенде – елшіні өлтіру үшін, таза, тура Луция Лукцеяның абыройына өмір бойы дақ түсіру үшін, — онда саған сыбайлас болудың қажеті жоқ еді,    Бальб бұны жібермейді, ол айтты, Клодия ештеңе де білмеді, Целий  бұл істі алтын қоғамдық ойындарды әшекейлеу үшін қажет деді. Бірақ сен айтқандай ол Клодиймен аралары соншалықты жақын болса, онда ол алтынның не үшін қажет екенін айтар еді. Егер де ол оған соншалықты жақын болмаса, онда алтынды бермес еді. Сондықтан да, сен әйел біліп ал: егер Целий саған шындықты айтса, онда сен алтынды қасақана бердің, егер де айтпаса, онда сен де алтынды бермес едің.

Осыдан кейін маған бұл айыптауға дәлелдер қажет пе? Оларға сан жоқ. Мен айта аламын, бұндай қылмыс Марк Целийге жат нәрсе; сондай байқағыш, әрі ақылды адамның басына бұндай істі танымайтын, жат құлдарға тапсыруға сенуге болмайтыны туралы келмейді дегенге сенбеймін. Мен де басқа қорғаушылар секілді, Целий қай жерде Лукцеяның құлдарымен кездесті, қалай, кімдер арқылы және т.с. – бұл не үшін? 

Ешқандай себепсіз, орынсыз, мүмкіндіксіз, сыбайлассыз, жазасыз қалуға деген үмітсіз, ешқандай есепсіз, ешқандай да ізсіз сондай ұлы қылмыстың! … Одан да сіздер ант астындағы куәлердің жауабын тыңдаңыздар, — әрбір сөзіне назар аударыңыздар! Оқы. (Лукцеяның жауаптары оқылады). Бұдан артық не керек? Міне кінәсыздықтың қорғануы, міне істің сөзі, міне шындықтың дауысы! Айыптау негізсіз, дәлелсіз, іс дәлелденбеді: қылмыс ұйымдастырылған деп айтады, бірақ ештеңе де ұйымдасуға, орны мен уақытына көрсетпейді, куәгерлердің де, сыбайластардың да аттары аталмайды. Антпен берілген жауаптардан ол үйден сіздердің естігендеріңіз, енді барлығына да түсінікті шығар: бір жағынан – ерке, ұятсыз, есірген әйел өтірік айыптауды ойлайды, басқа жағынан – ақылды, ұстамды және лайықты күйеуі ар-ұятымен үміт күттірер куә жауаптарын беруде. 

Енді улау туралы іс қалды. Бірақ мен оның не басына бара алмаймын немесе соңын шеше алмаймын. Целийға бұл әйелді улау не үшін қажет болды? Алтынды қайтармас үшін ба? Ол оны сұрады ма? Айыптаудан қашу үшін ба? Бірақ оны кім кінәлады? Басқа бір істі қарамағанда бұл туралы кім айтарБұндай қасақаналық себепсіз істелінбейтін шығар? Көрініп тұрғандай, бұл жерде бір қылмыс ойдан шығарылған, оны басқа қылмыстың себебіне шығару үшін? 

Сонымен Целий бұл жұмысты кімге тапсырды, кім оның көмекшісі, сыбайласы, кімге ол соншалықты осы істі, өзін, өз өмірін сеніп тапсырды? Осы әйелдің құлдарына ма? Айыптау осыған келіп тіреледі. Бірақ Целий соншалықты ақымақ емес шығар, өзініңтағдырын жат құлдарға тапсыруға? Және қандай? Онда ол өзінің қожайын әйелінің қасында құлдар сияқты емес, еркін, азат өмір сүретіндіктерін білгендіктен тапсырған шығар. 

Улаудың өзін бізге қалай суреттейді? У қайдан алынған? Қалай дайындалған? Кіммен келіскен, кімге және қай жерде берілді? Айтуларынша, Целий уды өзінде ұзақ уақыт сақтаған, сөйтіп оны сынақ ретінде әдейі сатып алынған құлға береді; құл сол жарде қайтыс болады, сөйтіп удың күшін байқайды. Онда неге аспаннан бұндай қорқынышты әрекеттер жіберіп, ертеңіне жазаны дайындап қояды?… 

Бұл жерде ешқандай да тура айғақ жоқ, күдікке негіз жоқ, айыптауға қорытынды жоқ. Бұл істе айыптаушылар дәлелдер келтіре алмайды, жағдайды салыстырмайды, белгілерін көрсетпейді, шындықты шешудегі, тек қана куәлерді шығарады.  Мен бұл куәлерден қорықпаймын. Олар осында шығатын болса, мен олардан барлық осы әзілдерін, керістерін суырып алар едім! Егер олар мені тыңдаса, мен оларға басқа жұмыспен айналыссын, өздерін басқа жақтан көрсетсін дер едім; осы әйелдің үйінде жүре берсін, оның ақшасын шаша берсін, жабыса берсін, оған қызмет етсін, бірақ кінәсіз адамның өміріне қауіп төндірмесін. 

Іске қатысты барлық нәрсені айттым, осымен сөзімді аяқтаймын.  Сіздер өздеріңіздің шешімдеріңіздің, сіздерге тапсырылған істің қаншалықты жауапты екенін білесіздер. Сіздер зорлық-зомбылыққа қарсы заңдардың білгірісіздер, ал сол заңмен билік, отанның ұлылығы, жақсылығы байланысты… 

Бірақ Марк Целий бұл сотқа не үшін шақырылды? Оның ісі сотқа тікелей қатысы жоқ, оның артында анау айтқан нәрсе жоқ, заң араласатын, бірақ сіздердің қаталдықтарыңыз бар. Жас шағында Марк Целий өзін сондай ғылымдарға арнады, соттарда орындалатын еңбектерге, мемлекетті басқаруға, даңққа, аттаққа алып келетін жолдарға. Ол өзінен үлкендермен, кімдерге талпынса болатындармен достаса білді, осыдан анық білуге болады: ол атақты да, лайықты қорғаушылардың соңынан даңқ жолымен жүрді.  Үлкен болған кезде  ол Африкаға консул жанындағы өте таза адам Квинт Помпейге барды.  Ол жақтан Квинт Помпейдің мақтау пікірімен оралды, оны оның өзі растай алады. Іскер, қайтпас адамдар жеткен жеңістерге, ол өзінің күші және тырысу арқылы жетті. Дәл осы кезде жас жігіттің даңқ жолы  бұзылды (мен сіздерден ештеңе жасырмаймын, немесе сіздердің адамгершіліктеріңіз бен ақылдарыңызға сенемін): осы жерде осы әйелмен таныстығы, қырсыққан онымен көршілестігі, ләззат пен сезімнің жаңалығы, жас кезіндегі басылып және ұстай білген, барлық уакқытта болатындай, бірден өз еркіне шықты.  Ол сол өмірден, барлық болған нәрседен кетті, босады, құтылды; осы әйелмен болған ұятсыз жақындыққа тіптен жат, оның қастастығынан және жек көрушілігінен қорғануы қажет. Егер де, біреулер үшін, Целий қатал болса, соққыны өзіне қабылдап немесе біреулерге беріп, тіптен тік, қасарысқан болса, ол оның барлығын жеңеді.  

Сол себепті, сот билері, мемлекет үшін қажетті, жақсы істер мен адамдар үшін тырысатын азаматты сақтаңыздар. Сіздерге және мемлектктке уәде етемін, егер мен сенімге лайық болсам: Целий менің ойымдағы адам бейнесін өзгертпейді. Сол себепті, сот билері, сіздерден өтінемін, бұл мемлекетте Секст әйел арқасында босатылмасын, ал Марк Целий сол үшін жауапқа тартылмасын, сол бір әйел өзінің күйеуі-ағасымен қылмыскерді босатып және лайықты жас жігіттің өмірін құртпасын.  

Осы жерде сіздер Марк Целийдің жастық шағын көре отырып, көз алдарыңызға байғұс қартты елестетіңіздер, оның жалғыз сүйеніші – жалғыз ұлы, барлық үміті – оның жеңісіне, барлық құтқарулары – оның тағдырына. Ол сіздердің мейірімдеріңізге жүгінеді, ол сіздердің аяқ астарыңызда ғана емес, сіздердің жүректеріңіз бен жандарыңызда – сіздер өздеріңіздің ата-аналарыңыздың және балаларыңыздың құрметіне оған көмек беріңіздер, жандарыңыз үлкен кісіге ашысын және жастарға жеңілдік жасаңыздар.  Сіздер тағы да бір өмір сіздер салған жарадан құлағанына жол бермейсіздер деп ойлаймын. 

Әкесіне баласын және баласына әкесін сақтаңыздар, қарттың өкінішін елемегендей, жас жігіттің өмірін жоқ қылғандай болмасын.  Оны өзі, жақындары, отаны үшін сақтаңыздар, ол сіздерге, балаларыңызға жауапты, берілген болады, ал оның еңбектері мен талпыныстарының жылдан жылға жемісін көресіздер.   

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *