Сөйлеу техникасы

Сөйлеу техникасы

 

Заңгердің шешендік шеберлігінің көптеген құрамдас бөлімдері ішінде (сөйлеу мазмұны, логикасы, композициясы) сөйлеу техникасы ерекше орынға ие, өйткені оған алғашқы кезекте көңіл аударылады.

Сонау Ежелгі Афина мен Римде сөйлеуге ерекше мән берілген. Көне грек шешені Демосфеннен сөйлеу өнерінде не маңызды деп сұрағанда, ол «Біріншіден сөйлеу, екіншіден, сөйлеу; үшіншіден – сөйлеу» деп жауап берген.

Белгілі Римдік сот шешені Марк Туллий Цицерон «Шешен» трактатында былай деп көрсетеді: «Дауыстың жақсы болғаны дұрыс, бірақ ол біздің билігімізде емес. Дауысты меңгеру біздің билігімізде. Сондықтан үлгілі шешен дауысын өзгертіп, түрлендіріп отырады. Дыбыстау дәрежесін жұмсартып әрі қатаң етіп реңк береді».

Шешеннің дауыстық бетпердесі көбіне тыңдаушылардың эмоциялық тұрғыдан қабылдауына арналады да, ал заңгердің көпшілік алдында сөйлеу техникасы екінші дәрежелі сипатқа ие болады, тіпті артық актерлік әрекет деп танылады. Маңыздысы – нені және қалай айту керектігінде. «Нашар сөйлеу ойды шатастырады», — дейді К.С.Станиславский.

Дәстүрлі түрде сөйлеу техникасына мыналар енеді: а) бірқалыпты тыныс алу; ә) мәнерлі дауыс; б) жатық дикция; в) екпінге және сөздің айтылуына көңіл аудару.

Сөйлеу техникасы ішінде тыныс алу мен дауыс таза физиологиялық табиғатқа ие, қажет жағдайда түзетіліп отырады.

Әдетте, кәдімгі және сөйлеу кезіндегі тыныс алу түрлері болады. Егер біріншісінде дем алу – дем шығару – кідіріс кезектесе келсе, екіншісінде терең дем ала отырып, аз ғана кідіріс жасайды. Содан соң баяу дем шығарады. Орташа есепте дем толқыны 8-10 секундты алады, тәжірибелі шешендерде ол 20 секундқа дейін жетеді.

Дауыстың кәсіби қасиеттеріне дыбыстылық, жеңілділік, икемділік, жатықтылық, әуенділік жатады. Сөйлеу мазмұнына сай келетін сөз тиімді болып келеді. Сөйлеу кезінде интонацияны өзгерту арқылы тыңдаушылардың қызығушылығы артады, шешеннің ой жүйріктігі көрінеді.

Өткен ғасырда өмір сүрген ағылшын адвокаты Рихард Гаррис «Адвокатура мектебінде» дауыс модуляциясын «шешендік өнер ішіндегі ең кереметі» деп атаған.

Тыныс алу мен дауыстың ерекшелігі, дикция – дыбыстардың ашық, жатық әрі түсінікті айтылуы – табиғи (физиологиялық) қасиеттерге онша тәуелді емес. Оны арнайы жаттығулар арқылы түзетуге немесе жақсартуға болады: жаңылтпаштар, өлеңдер оқу, фонетикалық тренинг т.б.

Сөйлеушінің дикциясында жиі кездесетін, оңай түзетілетін қателіктерге мыналар жатады: сақаулану, дыбыстарды ауыстырып алу, буындарды дұрыс қоймау. Мәселен, балалар – балдар, керісінше – кесінше т.б.

Екпінді дұрыс қою және сөзді дұрыс айту заңгердің жалпы мәдениетіне жатады. Орфоэпиядағы қателіктен сөз дұрыс қабылданбайды. Бұл туралы П.С.Пороховщиков былай дейді: «Сотта нағыз айыптаушы немесе қорғаушы болу үшін, сөйлей білу керек». Сондықтан «Орфоэпиялық сөздікке» көңіл бөлген дұрыс.

Өз дауысымен, дикциясымен және орфоэпиямен жүйелі жұмыс істегенде ғана, сөйлеу техниекасы тыңдаушыларға әсер ететін шынайы құралға арналады. Сондықтан А.Ф.Конидің кеңесіне құлақ салыңыз: «Дауыстап ашық, жатық, мәнерлеп сөйлеу керек. Дауыс реңкінде сенімділік болуы қажет. Сөйлеу тонын айтылатын ойға қарай қатты әрі баяулатуға болады».

 

9.2. Сөйлеу мәдениеті

 

«Криминология» оқулығының авторлары (М., 1993 ж.) ауызша және жазбаша сөйлеуге талдау жасау арқылы тиісті адамның кәсіби білімі мен мәдениеті туралы білуге болады деп көрсетеді. «Осы мәселе шешілген соң, сөздік қорына, стилистикалық-синтаксистік құрылысына, жаргондық оралымдарына, кәсібилігіне көңіл бөлінеді» деп түйіндейді.

Кейбір прокурорлар мен адвокаттардың сотта сөйлеген сөздеріне «криминологиялық» талдау жасайық:

«Ерекше тұрғыда атап өтер болсам, жалпы оның шешімімен таныспыз».

«Бұзақының қорылы мен киіміндегі дақтарынан оның қанша арақ, сыра ішкендігін білуге болады».

«Тайжұмаев көпшілік тәртіпсіздіктердің ұйымдастырушысы болды. ГАЗ -66 автомашинасына ол үш тас, өрт машинасына бес тас лақтырды».

Мұның өзі заңгердің орашолақ сөйлейтіндігін, әділетті іске асырушылардың кәсіби біліктілігі төмендігін көрсетеді.

Заңгер фонетикалық нормаларды сақтаумен қатар лексикалық нормаларға, яғни сөздерді дұрыс қолдануға да мән беруі қажет.

Өткен ғасырдағы заңгер К.Л.Луцкий өзінің «Сот шешендігі» жұмысында былай дейді: «Сот тілінде дәлме-дәл сөйлеу білу нақтылықты көрсетеді. Мұнда ой өзіне ғана тән сөздермен берілуі қажет. Өкінішке орай, біздің үздік деген сот шешендеріміз нақты сөйлеуге дұрыс көңіл бөлмейді»:

Сөздің нақтылығы, жатықтығы және тазалығы сөздерді өз орнымен пайдаланудан туындайды. Сөздерді дұрыс таңдай алмаған жағдайда, заңгердің тілінде қателік кетеді. Ондай қателіктерге мыналар жатады:

  • рөл ойнайды деудің орнына маңыз ойнауды, әсер ету дегеннің орнына әсер жасау деп айту;
  • омонимдерді дұрыс қолданбау;
  • сөз тіркестерін дұрыс қолданбау;
  • тавталогия-қайталау.

Кез-келген анықтаманың мақсаты – қолданылушы ұғымдардың мазмұнын нақтылау, айтылған сөзге нақты мағына беру.

Кезінде Аристотель былай деп ескерткен: «Дәлелдемелерден қорытынды шығару керек, ал анықтамалардан – айқындылық көрінуі керек».

XIX ғасырдағы заңнамаларда П.С.Пороховщиков «Нағыз қытай сауаты» деп атаған: «Қылмыстық істер менқызметтік айыптаулар арасында маңызды айырмашылық бар. Қызметкерлердің тәртіптік жауапкершіліктері қызметтік міндеттерді бұзудан келіп шығады».

П.С.Пороховщиков мәтінді былай өзгертеді: «Қызметтік кінәлар қызметтік қылмыстардан былай ерекшеленеді. Мұнда қызметтік бағыныстылық міндеті бұзылады немесе биліктің қадір – қасиетін қызметтен тыс жерде сақтамаудан көрінеді. Бұл әрекеттер үшін тәртіптік жауапкершілік белгіленеді».

Заңгер сондай-ақ синоним сөздерді де дұрыс қолдана білуі керек. Синонимдік сөз қатарларын өз орнында қолдану қажет. Өйткені, бір ғана құбылыс, әрекет, заттар бірқатар мағыналық және стилистикалық белгілерге ие болуы мүмкін. Әрбір макғыналық айырмашылық әрбір нақты жағдайда бірден-бір дәлме-дәл сөзді таңдап алуға мүмкіндік береді.

Синонимдер ойды нақтылай түседі. Салыстырып көріңіз: — атты – атып жіберді. Мұнда «атып жіберу» сөзі әрекеттің әдейі істелінгенін көрсетеді.

Синонимдердің көмегімен мағыналық дәлсіздікте жойылады. Мәселен, Р. Және оған қатысушылар. Қатысушылар қылмыстық әрекетте ғана болады. Бұл жерде «Р. Және оның ымыраластары» деп жазылуы керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *