Сот дауының логикалық формулалары

Сот дауының логикалық формулалары

 

Сотта талқыланған жайттардың барлығы белгілі бір шешім қабылдаумен аяқталады. Егер ақиқатты іздеу жолында ұзақ дебаттар орын алмаса, онда бұл шешімнің мәні де жоқ.

Қазіргі соттардағы сөз сайыстары бұрынғыдай қарсыластардың пікірлер күресі ретінде көрінеді. Егер сотта сөйленетін сөз дауласуға әкелсе, ал дауласа білудің өзі — әрбір сот шешімінің маңызды қасиеттерінің бірі болып келеді.

Сотта дауласа білу мәдениеті мен оған қойылатын талаптар неміс логиктері П. Лоренцон мен К. Лоренц ұсынған диалогтан көрінеді:

  1. диалог барысы оған қатысушылар арасында кезекпен жүргізіледі;
  2. диалог нәтижемен аяқталады, мұның өзі кім жеңді және кім жеңілді деген мәселені шешеді;
  3. дддиалогқа қатысушылар оған шектеу қоя алады;
  4. диалог бір қатысушының келесі қатысушыға әсер етуі жағынан жүргізіледі.

Риториканың арнайы саласы – эристика да сот дауында маңызды рөл атқарады. Эристика айтылған көзқарастардың ақиқаттылығына көз жеткізуге үйретеді, тыңдаушыларды өз жағына үйіре білуге бейімдейді.

Қазіргі таңда аргументтеу теориясын, «риториканың нотасы» деп атайды.Жалпы алғанда, даудағы аргументтеу келесі түрде анықталуы мүмкін: Мұнда дәлелдеуге жататын кейбір тезис беріледі, осы тезиске қарсы пікірлер (аргументтер) қаралады. Негіздеу бағаланады және тезис терістеледі, тезистің ақиқаттылығы және антитезистің жалғандығы терістеледі, тезисті қабылдаудың дұрыстығы негізделеді.

Аристотель өзінің риторикасында былай деп атап өтеді:

«Адамға сенім ұялататын сөз айтылғанда, біз осы сөзді айтушыадамға кәміл сенеміз. Өйткені біздер өмірде жақсы адамдардың сөзін тыңдауға үйреніп қалғанбыз».

Этикалық аргументтеуде шешен тыңдаушылардың тұрақты болуына сүйенеді. Тікелей эмоциялық әсер ету үшін, дайын тұжырымдарды келтіреді. Әрине, этикалық аргументтеу алқалы билер сотында немесе саясатшының сөйлеген сөзінде қажет болады. Оған 60-70 жылдардың үздік адвокаты Я.С.Киселевтің сөзін мысалға келтіруге болады. «Жолдас судьялар! Жолдас прокурор өз сөзінде нақты әрі ұстамды болды. Тіпті қорғаудың өзі қажетке жарамай қалғандай. Бұл жағдайда тіке тұрып иілу керек те, «Әділет орнасын» деген ескі үлгідегіәдісті қолдану қажет сияқты.

Жолдас пркурор бізге Лесина қарт әйел, зейнеткер екендігін ескертіп өтті. Жағдайға қарай заң тарапынан жеңілдік берілетін барлық жайттарды прокурор айыптау сөзінде айтып кетті. Ева Михайловна Лесинаның ісі айқындалған сияқты. Мұның өзі тер төге еңбек етуді талап етпейтін қарапайым іс болмайтындығын растайды». (Лесинаны қорғау сөзінен).

Этикалық және патетикалық аргументтеу сотталушының және оның айналасындағылардың психологиясын түсіндіру үшін, оның себептерін талдау үшін қажет.

Сот тілінің келесі бір логикалық схемасы қолданылушы аргументтер мен логикалық қорытындылардың ақиқаттылығын көрсетеді. Секст Росцийдің қорғаған Цицеронның сөзіндегі басты ереже – сотталушы кісі өлтірмеген. Мұнда мынадай негізгі ережелер орын алған:

  1. оның әкесін өлтіруге ешбір себеп болмаған;
  2. ол мұны өзі немесе басқалар арқылы да жасай алмайды;
  3. Тит Росцийдің кісі өлтіруге уәжі болды — өлтірілген кісінің мүлкін алғысы келді.

Логикалық аргументтеу ішінде дәлелдеу мен терістеу аса маңызды болып келеді. Дәлелдеме логикалық тұрғыдан аргументтерден шығарылған ережелерді көрсетеді. Ал терістеу ой қорытындысынан білдіреді. Осыған орай талқыланушы пайымдаудың жалғандығы көрінеді. Әрине, дәлелдеу мен терістеу өзара байланысты. Егер бір нәрсе дәлелденетін болса, сонымен қатар ол теріске шығарылады. Бұл туралы классикалық мысал келтіретін болсақ: «Дәлелденбеген кінә дәлелденген кінәсіздікпен тең».

Дәлелдеу мен терістеуге қатысты мынадай мысал келтірейік: Протагордың Еватлмен дауласуы.

Белгілі софист Протагордың Еватл атты шәкірті болды. Келісім бойынша Еватл өзінің алғашқы процесінде жеңіп шығатын болса, оқу ақысын төлемейтін болады. Бірақ Еватл бұған асыққан жоқ. Ашуға булыққан Протагор шәкіртін сотқа береді.

Протагордың талап арызы бойынша Еватл сотта жеңілетін болса, оқу ақысын толық төлейді. Жеңіп шықса сот белгілеген мөлшерде ақы төлейді.

Терістеуде қолданылатын логикалық тәсілдер мынадай:

  1. қарсыластың жалпылама пікірлерімен санасу;
  2. қарсыластың пікірін өзіне қарсы қолдану;
  3. терістей алатын нәрсеңді дәлелдеме.

Дауласқан кезде «ия солай, бірақ…» деген формуланы қолдану керек. Шешен оппоненттің пікірімен келіскендей болады да, сол жерде оны жоққа шығарады. Яғни шешен оппоненттің кейбір пікірлерімен келіскендей болады да, сыпайылықты ұстанады. «Шындығын да солай-ақ болсын, бірақ…» деген формуланың өзі ары қарай қарсылық білдіруді көрсетеді.

Дауласуда «интеллектуалдық алааяқтық» жасауға болмайды. Софизмде мынадай мысалдар бар: «Ұры жаман нәрсені қаламайды. Жақсы нәрсе алғысы келеді» немесе «Мен менмін, бірақ сен мен емессің. Мен адаммын, демек сен адам емессің?»

Сот дауында ұсынылған ережені негіздеудің орнына басқа бір тұжырымдаудың пайдасына аргументтер келтіріледі.

Сот дауында шешеннің табысқа жетуі немесе сәтсіздікке ұшырауы мыналарға байланысты: оның сенімділігі (өзіне сендіре білуі), құзіреттілігі мен динамизмі. Белгілі саясаткер У.Черчилл сөзде келесі компоненттер болуы тиіс дейді:

  • сөздің күшті басталуы;
  • 3-4 тармаққа бөлуге болатын бір ғана негізгі тақырып;
  • жатық сөйлеу;
  • эмоциялық немесе драмалық тұрғыдан аяқталуы;
  • шешен алдағы сөйлейтін сөз материалына ие болу;
  • төрт ережені сақтай білу: жеке тәжірибеге сүйену, көрнекі түрде көрсете білу; проблеманың шешімін ұсыну, жағдайды шешуге бағытталған әрекет жасау.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *