Салауатты ой шешені

Салауатты ой шешені

Шешендердің бұл түрі сөз ділмарлығының жалтырағынсыз және тыңдаушыларды сілтемесіз-ақ сендіретін, тек қана ойдың туралығына, мағынасына және жалпыға таныс фактілерге сүйеніп. Салауатты ойға және жалпыға танымал фактілерге сүйенен отырып, сөз ділмарлығын көрсетпей-ақ және жұртшылықтың көзін жеткізбей-ақ пайымдай білетін шешен типі.

  1. Дауыстап ойлайтын шешен   (Сократ  типі).

Бұл шешен дайын ақиқаттарды хабарламайды, бір нәрсенің соңынан ілесуге шақырмайды, көпшілікпен бірге барлық дәлелдерді «жақтау» немесе «қарсы болу» ретінде келтіре отырып, мәселені шешуге ұмтылады.

Ерекшеліктері және кемшіліктері: 

  1. Шешен ойын жиі жоғалтады. 
  2. Ең «күшті» сөзі   (адвокаттық).

Шешендік сөзге шығудың ойлау стиліне тәуелділігі. 

Ойлау үш стилге бөлінеді: 

  1. дискурсивті
  2. интуитивті
  3. ассоциативті

Дискурсивті – логика заңдарына негізделген, жүйелі, ешқандай секірусіз және ескерусіз.  Шешен түсінікті, нақты, жүйелі сөйлейді, кейде керексіз нақтылыққа түседі, мезі қылады, зеріктіреді. 

Интуитивті (оймен) – нақыл сөздермен, қысқа, бірақ тыңдаушыға барлық уақытта түсінікті емес, өйткені шешен силлогизмнің қысқа формасын жиі қолданады соның нәтижесінде біржақты түсіндірілмеген, дұрыс қабылданбаған.  

Силлогизм өзіне тезисті, пайымдауды, ой тұжырымын енгізеді.  Орыс философтарына тән.  

Ассоциативті – субъективті, ассоциативті байланыстың заңдары, ой пікірі тек қана сөйлеушіге түсінікті. Суретшілер, ақындарға тән. 

Сөздің коммуникативті дәлділігі. 

Дәлдіктің екі түрі бар: ұғымдылық және пәндік. 

Егер автордың ойы көрсетілген шындыққа тура келсе, онда ол тура, нақты (мәтін-шындық, нақтылық). 

Егер осы ой сөздерде адекват (парапар) болса, онда ұғымдық нақтылық (шындық) сақталған (мәтін-ой). 

Тәжірибеде басқа да түсініктер қолданылады: Нақты (іс жүзіндегі) дәлдік, Коммуникативті дәлдік. 

Дұрыс емес мағынада берілген дәлдікке алып келмейтін сөздер үнемі қолданбайды, бұл тек қана кейде мәтіннің, фразаның мәнерлілігі. 

Сөздің коммуникативті дәлдігін бұзатын қателер түрі.  

Сөздер араласқан кезде: 

  • мағынасы жағынан ұқсас;
  • айтылуы жағынан ұқсас;
  • мағынасы және айтылуы жағынан ұқсас;
  • мағынасы және айтылуы жағынан ұқсас емес, бірақ бір синтаксистік жүйеге, бір пәндік салаға жатады.   

Шешендік қызметтің стратегиялық кезеңі 

Ауызша сөзге шығуды дайындау  

  1. Фактілер мен теориялық мағлұматтармен жұмыс істеу:  
  • фактілерді қалай іріктеп алу керек; 
  • деректермен жұмыс істеу. 
  1. Мәтінді редакциялау. Логика (ойлау), сөздердің композициялық бірлігі, оның бүтіндігі, шолушылық, гармониялығы.   
  2. Сөзге шығудың тәсілдері. Сөзге шығуға дайындық. 

   Фактілер және теориялық мағлұматтармен жұмыс 

 Алдын-ала сөзге шығудың жоспары түзіледі, кейін сөз фактілермен толықтырылады.    

Фактілерді сұрыптаудағы талаптар:

  • олар анық және кесімді, нақты болуы қажет;
  • сөзге шығудың жалпы инеясына бағынышты болуы керек; 
  • негізгі және маңызды фактілерді сұрыптау қажет; 
  • фактілерге әсершіл, жеке қатынас маңызды болуы қажет; 
  • фактілерді сауатты түсіндіру қажет. 

Деректермен жұмыс. Ауызша араласу, теориялық деректермен жұмыс істеу: құжаттармен, монографиялармен: 

  • әдебиетпен алғаш танысқан кезде мәтінді жалған сенімсіз, сынсыз оқу қажет; 
  • әдебиетті бағалай отырып барынша пайдалы түрде оқу қажет; 
  • міндетті түрде жазбаша түрде жүргізу қажет; 
  • көп оқу қажет, осы тақырып бойынша «резервті білім» алу үшін; 
  • Дәйексөздерді (цитата) орынды қолдана білу қажет.  Ашық дәйексөздер сөздің біркелкілігінен және зеріктіруден айырады   Дәйексөздерді қолданғанда оны бұрмалаудан қашу қажет, түсінікті және нақты дәйексөздерді қолдану қажет, дәйексөздердің орындылығын ұмытпау қажет. 
  1. Мәтінді редакциялау. 

Мәтінді жазу тәсілдері: 

  • сөзге шығудың толық мәтіні жазылады;  
  • сөзді толық логикалық жоспар түрінде жазу; 
  • қысқаша жоспар жазылады. 

Мәтінді редакциялау мәтіннің логико-композициялық құрылысымен танысуға алып келеді. Мазмұндық байланыстың белгілерін елемеу ақпаратты мазмұндау логикасының бұзылуына алып келеді.  

Мәтіннің қалыптастыру қасиеттерінің көрсеткіштері:  

  • дискреттік – мәтіннің мазмұндық блоктарға бөлінуі, олардың саны тыңдаушының есте сақтау қабілетінің көлемімен анықталады; 
  • мәтіннің бірізділігі – оның компонентерін уақыт ішінде қарап жүйелі баяндау; 
  • байланыстылығы  – жеке сөздердің жалпы мазмұнға қосылуы. 

Мәтіннің логико-композициялық құрастырудағы кемшіліктері: 

  • композициялық жұмсақтық – төмен ақпарат, төмен мағыналық мазмұнның концентрациясы; 
  • өте үлкен мәселелерді қамтуға ұмтылу, ол мазмұндауды үстірт жүргізуге алып келеді;  
  • берілген уақытты пайдалана алмау; 
  • жағдайды, мақсатты, аудиторияны ескере отырып мағлұматтарды ұйымдастыра алмау; 
  • мазмұндаудың жеткіліксіз жүйеленуі, логикалық көпірлердің болмауы. 
  1. Сөзге шығудың тәсілдері. 
  • сөз мәтінінің оқылымы;  
  • мәтінді есте сақтаған күйде жаңғырту, бірақ жеке фрагментерді оқумен; 
  • жинақтап импровизациялау.

Мәтіннен ауытқуға болмайтын сөздер оқылады: дипломатиялық сөздер, салтанатты құттықтаулар, ресми мазмұндағы баяндамалар. 

Сөзге шығу мәтінін ұмытсаңыз не істеу керек: 

  • соңғы сөйлемнің соңғы сөзін келесі сөйлемнің басына қою керек; 
  • негізгі мағыналық блоктың негізгі сөздерінен тұратын мнемоникалық сөйлем құрастыру керек;  
  • мәтінді есте сақтау үшін есте сақтаудың 3 заңына сүйену қажет: әсер, қайталау,   ассоциация.

Әсер алу – оқыған мәтіннен күшті әсер қалдыру,  қайталау – жаңа мағлұматты (тақырыпты) есте сақтағаннан  8 сағаттан кейін қайталау,  ассоциация – бізге жақын деген ассоциациялармен байланыстыру. 

Сөзге шығудың режиссурасы  

  1. Сөз техникасы: фонациялық тыныс, дауыс, дикция, интонация.
  2. Фонетикалық мәдениет.
  3. Қарым-қатынастың невербалды амалдары: мимика, ым-ишарат, тұрыс, қалып. Шешендік сөзге шығудың стилдері.
  4. Шешеннің психофизикалық дайындығы. Шешен қорқыныштылығы. Стресспен күресудің амалдары және оның сөздегі салдары.  Жария жалғыздықтың түсінігі.  Образды құрастырудағы Станиславский  және  Брехт жүйесі. 
  5. Шешеннің этикалық образы және имиджпен жұмыс істеу: эмоционалды жай-күйі, демалысы, тамақтануы, киім-кешегі. 
  6. Сөзге шығу режиссурасының басқа да ұсыныстары және аудиторияда атмосфераны құрау. 

Ұсынылатын сөзге шығу жылдамдығы минутына 100-200 сөз.  Сол себепті сөз техникасы келесі әдеттерді енгізеді: сөйлеу тынысы, дауыс жүргізу, дикциялар, интонациялар. Осы дағдыларды шебер пайдалана білу сөйлеу аппаратына қысымға алмайды, шаршаудан құтұарады, тыңдаушылармен барынша тығыз байланыс орнатуға және сөз екпінінің жоғары сапалы болуына көмектеседі.  

Сөз техникасы мыналарды қамтиды:  

  • дауысқа күш беретін фонациялық тыныс 
  • қатты шығатын, күші, мәнерлілігі бар дауыс 
  • дикция – әрбір дыбыстың және дыбыс тіркестерінің анық айтылуы 
  • интонация – сөздің ырғақ — әуендік және логикалық мүшеленуі  

Интонация:

  • тон жоғарылығы   
  • дауыс күші
  • сөйлем ішіндегі кідірістер
  • темп
  • тембр – дауыстың эстетикалық реңі.  

Интонацияны  жаттықтыруға енгізіледі: 

  • тыныс белгілерінің интонация бойынша қойылуы  
  • қарқынмен (темп) және сөз стилімен жұмыс істеу работа  
  • кідірістердің түрі: физиологиялық, грамматикалық, мағына ажыратушы,   психолингвистикалық, мәтінге эмоциялық қатынасын білдіретін.  
  • дауыспен жұмыс істеу. 

Фонетикалық мәдениет.   

  • сөздердің дұрыс айтылуы;
  • сөздерге екпіннің дұрыс қойылуы.

Қарым-қатынастың невербалды тәсілдері.

Мәтінге эмоциональды қарым-қатынас невербалды  қатынастың тәсілдерін көрсетеді: мимка, тұрыс, қалып, ым-ишарат.  Бұл көмекші тәсілдер. Бұлар мәтінді жандандырады, сөздерді үнемдейді, айтылмағандарды жеткізеді

Ым-ишарат: мәнді, суреттелген, көрсетуші, еліктеуші, мылқаулардың тілі,  – анықталмаған ым-ишарат.  

Шешен мінез-құлығының екі стратегиясы бар: сығылған жұдырығы және созылған қолы. 

Шешендік сөзге шығудың үш стилі бар: тиімділік — талдау, эмоциялық-экспрессивтік, синтетикалық.

Шешен қорқынышының табиғаты мен себебі: сәтсіздікті сезіну, аудитория жағынан негативті (дұрыс түсінбеу) баға. 

Стресс (есеңгіреу) – бейімделу механизмімен байланысты физиологиялық және психологиялық реакциялардың жиынтығы, құтқаруға арналған барлық қасиеттерді жандандыру және мобилизациялау. 

Есеңгіреу жағдайымен күрес: Қорқынышты айыра білу қажет  – жәбірлілік пен толқуға байланысты негативті эмоциялар – пайдалы, позитивті эмоциялар. 

Қорқыныш не тудырады: сөйлеушінің тәжірибесіздігін, жеке мінез-құлқын, күтпеген жағдайлар, аудитория жағынан негативті қарым-қатынас, жеткіліксіз, нашар дайындық. 

Күрес әдістері:

— өзіндік бақылау;

— аутотренинг;

— бір қалыпты жүру;

— терең тыныс алу және шығару;

— өзіндік дұрыс баға беруді қалыптастыру;

— істен нәтижелі шығу үшін жағдай жасау;

— өз эмоцияларымен шын ниетпен бөлісу тілегі; 

— бұның үлкен қуаныш екеніне өзін сендіру; 

— ойын ситуациясын қалыптастыру. 

Керекті эмоциялық жағдайды жасаудың  екі жүйесі бар: Станиславский жүйесі – образға кіру, Брехт жүйесі — образдан бөлектену.  

Шешеннің этикалық образы: демалыс, тамақтануы, киімі. 

Ұсыныстар:

  1. аудиторияны топтау
  2. аудитория алдында көп отыруға болмайды 
  3. сөзге шығу уақытын есепке алу керек   
  4. алаңдататын кезеңдерді жою. 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *